400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Материал туралы қысқаша түсінік
 Адам генетикасын туралы біледі.  Адамның тұқым қуалау белгілерін зерттеу әдістерімен танысады.  Адамның генетикалық ауруларының алдын алу шараларын сипаттайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы

«Қ.Сәтбаев атындағы №48 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Пәні:

Биология

Бөлім:

Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Педагогтің аты-жөні:

Каныбекова Гулсим Усеновна

Күні:

01.03.2023 ж

Сынып: 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Адам генетикасы және оның зерттеу әдістері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

9.2.4.9- адам генетикасын зерттеудің негізгі әдістерін сипаттау

Сабақтың мақсаты

  • Адам генетикасын туралы біледі.

  • Адамның тұқым қуалау белгілерін зерттеу әдістерімен танысады.

  • Адамның генетикалық ауруларының алдын алу шараларын сипаттайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну,қолдану және жоғары деңгей дағдылары

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақың басы

2 минут






7 минут











2 минут

1.Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу..

2. Сынып тазалығына көңіл аудару.

Оқушыларды топтарға бөлу



Бөлімнің атауымен, сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттарымен таныстыру

«Сұрақты таңда» әдісі

(wordwall бағдарламамен өткенді қайталау арқылы сұрақтарға жауап береді.)

Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары бөлімінің негізгі анықтамаларды сұрау:

1. Генетика

2. Ген

3. Генотип

4. Фенотип

5. Гомозиготалы

6. Гетерозиготалы

Ой қозғау сұрақтары:

Суреттер көрсетіп, оқушылардың пікірлерін тыңдау.



«Топтық жұмыс»Құнанбай ұрпағының шежіресін құрастыру

Оқушылар сәлемдеседі.

Оқушылар топтарға бөлінеді.











Сұрақтарға жауап береді





Пікірлерін айтады.

Құнанбай ұрпағының шежіресін құрастырады.

ҚБ





ҚБ














ҚБ



Слайд №1




Интерактивті тақта

wordwall бағдарлама

ноутбук

Слайд №2



Суреттер

Ескендір, Біржан Хасанғаливтер

Димаш Құдайберген ата-анасымен

Роза Рымбаева ұлдарымен

Слайд №3

Сабақтың ортасы

20 минут

Адам генетикасын зерттеуде гибридологиялық әдісті қолдануға бола ма? Неліктен?

Жаңа сабақ

Есте сақта!

Адам генетикасы –адамның тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік қасиетін зерттейтін генетика ғылымының бір саласы антропогенетика деп атайды. Адамның биологиялық пісіп жетілуі,мінез-құлық қасиеттері тұқым қуалайтын гендердің бақылауында болады.

Видеосабақ: Көбею

Видеосабақ бойынша пікір алмасу

Адам генетикасын зерттеудің әдістері:


  1. Генеологиялық әдіс

Ататегіндегі басқа қандас туыстар туралы деректерді жинақтауға негізделген.Бұл әдіс тек генетикалық ауруларды диогностикалау үшін қолданылады.Ол екі кезеңнен тұрады:

  • Шежіре құру

  • Шежірені талдау

Шежіре құру кезінде анықталған белгілер жүйесі қолданылады.Ұрпақтары бір жолға жазылады, рим цифрларымен белгіленеді.Бір жұптың барлық ұрпағы туу ретімен көрсетіледі де, араб цифрларымен нөмірленеді. Шежіре құрылған соң генетик дәрігер талдау жасайды.

  1. Цитогенетикалық әдіс.

Микроскоп арқылы хромосоманы бояу және зерттеу.

  • 1956 жылы Д.Дио мен А. Леван адамда 46 хромосома болатынын анықтады.

  • 1959 жылы – француз ғалымдары Ж.Лежен,Р.Тюрпен және М.Готье Даун ауруының хромосомалық табиғатын анықтады.

  • 1960 жылы Денверде адам хромосомасын бірінші халықаралық талдау жасады.

Цитогенетикалықәдіс хромосоманың өлшемі, құрылысы, мөлшері мен пішінінің өзгеруіне байланысты анықтауға болады.


  1. Егіздік әдіс

Егіздік әдіс-фенотиптің қалыптасуына, нақты белгінің немесе аурудыың дамуына генетикалық және орта факторларының үлесін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдісте біржұмыртқалы мен әртүрлі жұмыртқалы егіздерді салыстырады. Әр түрлі егіздер тобында олардың ұқсастық дережесін конкорданттылық, айырмашылық дәрежесін дискорданттылық зерттейді.


4.Иммуногенетикалық әдіс- заманауи әдістердің бірі.Ол қан тобы мен резус фактордың тұқымқуалаушылығын зерттейді. Резус конфликт туындаған жағдайда ұрықтың өлімінің алдын алады.


5.Биологиялық әдіс. Биологиялық талдау негізінде зат алмасуда ауытқуларды, генетикалық өзгерістерді анықтайды. Бұл әдіс биохимиялық үдерістерде патологиялық өзгерістерде ферменттер қызметі бұзылған ауруларға қолданылады. Бұл әдістің артықшылығы қандай нәруыз фермент зақымдалғанын анықтауға мүмкіндік береді.


6. Популяциялық статистикалық әдіс. Заманауи генетикадағы маңызды әдістердің бірі. Популяциядағы қандай да бір аллельді тасымалдап жеткізушінің мөлшерін және әр алуан генотиптердің пайыздық арақатынасын айқындауды зерттейді.

Оқушылар өз ойларын айтады.













Видеосабақ бойынша пікір алмасады.

ҚБ














ҚБ

Слайд №4









Интерактивті тақта

Видео «Көбею»


Слайд №5


Слайд №6,7,8,9,10













Слайд №11,12,13,14














Слайд №15,16,17















Слайд №18,19

















Слайд №20,21















Слайд №22,23

10 минут

Топтық жұмыс.Тапсырма

Адам генетикасын зерттеу әдістері туралы ақпараттарды құрастыру (модельдеу)

Критерийлер:

- Әдіс атауы мен анықтамасының болуы

- Әдістің медицина мен адам өміріндегі қолданылуы

-Әдіс артықшылығы мен кемшілігі

-Зерттеу әдісі бойынша туындайтын кем дегенде екі ауру түрін сипаттау

Жаңа тақырыпты толық түсінуге арналған тапсырма


ҚБ

Плакат

Слайд №5


Сабақтың соңы

(Бекіту)

4 минут

«Сен білесің бе?» әдісі

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
15 наурыз
358
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі