400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тұран- мүмкіндіктер мекені»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сіз мақаламер таныса отырып, жаңа мүмкіндіктер туралы толығырақ ақпарат аласыз. Ең бастысы жастарға деген үлкен мүмкіндіктермен танысасыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тұран- мүмкіндіктер мекені»



2022 жыл жай ғана уақыт емес, бұл жыл өте қызықты әрі қиын жыл болды. Басты сынақ- ҰБТ болатын. Алланың қалауымен, сынақтан сүрінбей өтіп, журналистика мамандығына өту үшін шығармашылық емтихан тапсырдым. Нәтижесінде 90/90 алдым. Әрине бұл таңба мені қуантты. Мен сынақты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тапсырған болатынмын. Бірақ, 2022 жылдың грант нәтижесі бойынша 1-2 балл жалпы грантқа жетпей қалған болатын. Осы уақыт менің ең қиын шақтарымның бірі болды. Бірақ, бір мезетте Тұран университеті ішкі гранттар ойнатып жатқанын біліп, “Алматыға қайта келіп осы бір универге құжаттарымды өткізіп көрейінші, мүмкін өтіп кетер” - деген оймен келіп, өткіздім. Жанымда қолдаушы анам болды.

Сонымен, менің құжаттарымның барлығы ережеге сай келіп, мен журналисика мамандығына ішкі грантты ұтып алдым. Мен шарасыз күйде не істерімді білмей, миымдағы небір шектеулерден құтыла алмағанда, үлкен мүмкіндігімен, жаңа ортасымен қарсы алған- Тұран университеті.

Тұран университетіне журналистика факультетіне түсіп, оқу басталғалы жаңа таныстықтар, жаңа орталар көбейе бастады. Мұндағы мүмкіндіктер шектеусіз. Басында Тұранды жай ғана универ, аса қатты қызықты болады деп ойламаған едім. Алайда осыншама жақын достар мен ерекше орта сыйлайды деп ойламадым. Тұранда тек қана сапалы білім емес, керемет қызықты студенттік өмір күтеді. Мүмкін осы универге түскенім мен үшін өте тиімді болғаны шығар. Өйткені, басқа универде мен дәл осы Тұранның беретін қолдауын, өмірлік тәжірибелерін ала-алмас па едім?!

Тұрандағы әртүрлі ұйымдар, сенің қабілетіңді толық ашып қана қоймай, өзіңді көрсетуге үлкен мүмкіндіктер береді. Әр ұйымның сыйлайтын атмосферасы бөлек. Ең қуантатыны адамдардағы жанашырлық пен мейірімділік. Ортаның беретін қолдауы үлкен рөл ойнайды.

2024 жылғы түлектерге тек қана сәттілік. Сендерді де Тұрандай үлкен отбасы грантымен қарсы алсын ?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
325
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі