жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тұрақты электр тогы. Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жылулық әсері. Джоуль-Ленц заңы.
Қысқа мерзімді жоспар
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Тұрақты электр тогы |
Мектеп: « Алғабас орта мектебі» КММ |
||||||||||||||||||||||||
|
Күні: 26.02.2018 ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Калиева Луиза Накипбековна |
||||||||||||||||||||||||
|
Сынып: 8 |
Қатысқандар саны: 12 |
қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Электр тогының жылулық әсері. Джоуль-Ленц заңы. |
||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
8.4.2.13.Джоуль-Ленц заңын есеп шығару үшін қолдану |
||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаты: |
Барлығы: Токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль-Ленц заңы формулаларын қолданады. Көпшілігі: Токтың жұмысы мен қуаты және Джоуль-Ленц заңы формулаларын қолданып, есептер шығарады. Кейбіреуі: Күрделі тапсырмаларды шешудің әр түрлі жолдарын өздері меңгереді. |
||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі: |
Оқушылар: 1. Жұмыстың,қуаттың, жылу мөлшерінің формулаларды есеп шығаруда қолданады. 2. Жылу мөлшерінің ток күшіне, кедергіге тәуелді екендігін анықтайды. 3. Физикалық шамалардың мәндерін формулаға қойып, есептейді. |
||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Пәндік лексика және терминология Тоқтың жұмысы, қуаты. Джоуль-Ленц заңы, токтың жылулык әсері Сөз тіркестері: Жылу мөлшерін табу үшін .......... Жұмысты табу үшін....... Жылу мөлшері ............ шамаларға тәуелді болады. Жазылым бойынша ұсыныстар: Тоқтың жұмысының формуласы, өлшем бірлігі. Токтың қуатының формуласы, өлшем бірлігі Джоуль-Ленц заңы формуласы, өлшем бірлігі |
||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының « Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы бойынша оқушыларды топтық жұмыста ұжымшылдыққа, ортақ істің нәтижесіне жетуде жауапкершілікке, жеке жұмыста өмір бойы білім алуға тәрбиелеу. |
||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Математика – есеп шығару дағдылары |
||||||||||||||||||||||||
|
Алдыңғы оқу |
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы. |
||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
|
||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы (10 минут) |
І. Ұйымдастыру кезеңі . Сәлемдесу. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу «Шаттық шеңбері» әдісі
Топқа бөлу. «Мозайка» суреттерді жинау.
Оқушылар сурет қиындыларын құрастырып қандай өлшеуіш құралы екенін және осы құралмен нені өлшейді, жалпы өлшеуіш құралына байланыстының барлығын түсіндіріп береді.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. «Допты лақтыру» әдісі Мұғалім доп лақтыру арқылы оқушылардың өткен сабақ бойынша білімдерін тексереді.
1.Тұрақты ток деген не? 2.Электр тогының қандай әсерлері болады? 3.Электр тогын сипаттайтын физикалық параметрлерді атаңдар 4.Ток күші дегеніміз не, анықтамасын бер. 5.Электр кернеуі деген не? 6.Электр тогының жұмысы деген не? 7. Электр тогының қуаты дегеніміз не? 8.Джоуль-Ленц заңының формуласы қандай? 9.Электр тогының жылулық әсері қайда қолданылады? 10.Жылу жөлшерінің өлшем бірлігі не?
|
Интерактивті тақта Қима қағаздар
|
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы (20 минут) |
ІІІ. Жаңа сабақ тақырыбы мен оқу мақсаты презентация арқылы таныстырылады: Джоуль- Ленц заңы туралы білімімізді есеп шығару арқылы толықтырамыз. Топтық жұмыс. «Конверттегі сұрақ» әдісі Деңгейлік есептер шығару
1. Егер қалта фонары шамының кернеуі 3,5В, ал ток күші 0,28 А болса, ондағы электр тогы 5 минутта қандай жұмыс істейді. 2. Кернеуі 400В электр двигателіндегі токтың күші 92А.Электр двигателінің орамындағы токтың қуатын анықтаңдар. 3. Кернеуі 220В болатын дәнекелегіштегі ток күші 0,9А. Дәнекерлегіштегі токтың қуатын табыңдар.
1. Егер резистордағы ток күші10мА,ал кедергісі 1кОм болса, онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады. 2. Кедергісі 1кОм резисторды кернеуі 100В тізбекке қоссақ,онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады. 3. Тізбектегі деректерді пайдаланып шамның қуатын есепте. Кернеуі 25 вольт, ток күші 0,25 ампер, токтың қуатын табу керек.
1. Тізбектегі деректерді пайдаланып, токтың жылу мөлшерін есепте. Вольтметрдің көрсетуі 5,2 В, амперметрдің көрсетуі 2 А, кедергісі 2 Ом, уақыт 5 минут. 2. Кедергілері 5Ом және 9Ом екі резистор тізбекке тізбектей қосылған. Егер екінші өткізгіштегі кернеу 15В болса, 3мин уақыт ішінде әр резисторда бөлініп шығатын жылу қандай?
A R2 R1
V1 V2 3. Тізбектегі деректерді пайдаланып токтың жұмысын есепте. Вольтметр – 100В, резистор -30 Ом, уақыт – 3 сек.
Сергіту сәті: «Орныңды тап» әдісі арқылы мына формулаларды құрайды.
|
Интерактивті тақта, слайд көрсету
Деңгейлік есептер Стикерлер Қима қағаздар |
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы (10 минут) |
«Сәйкестендіру» тапсырмасы: 1-топ: Әр анықтамаға сәйкес формула мен өлшем бірлікті қаламмен сызып көрсетеді.
3-топ: Өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері қандай шамаларға тәуелді болады? Тәжірибе көрсетеді. Өткізгіштердің қызуы кедергіге тәуелді екенін анықтау.Тәжірибеге әртүрлі үш сым (никель, темір, мыс) беріледі. Тәжірибе қорытындысы бойынша өткізгіштердің қызуы олардың кедергілеріне тәуелді болуы керек.Өткізгіш кедергісі неғұрлым үлкен болса, ол соғұрлым қатты қызады.
Үйге тепсырма: Бәріне: § 45 оқу. Кейбіреуіне : № 6 үйде орындалатын эксперименттік тапсырма
Кері байланыс:
Оқушыларға үш түсті шар таратылады Сабақты (жасыл-өте жақсы, сары-жақсы,қызыл-нашар) осы үш түрлі шарды үру арқылы бағалайды.
Рефлексия:«Менің көңіл күйімнің баспалдағы» Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып, тақтада ілінген баспалдақтардың біреуіне жапсырады. Баспалдақтарда «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы!», «Жаман!», «Маған көмек керек!», «Білмеймін!», «Нашар!» деп жазылған. |
Үлестірме қағаздары
Үлестірме қағаздары
Құралдар: никель, темір, мыс сымдары, кілт, ток көзі, жалғағыш сымдар, амперметр, реостат
Физика және астрономия, 2016 ж., .8-сынып, Б.М.Дүйсенбаев және т.б
Жасыл, сары, қызыл шарлар
стикерлер
|
|||||||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|
|
|||||||||||||||||||||||
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||||||||||||||||||||
|
Оқушыларды оқуға тартуға бағытталған белсенді оқыту әдіс тәсілдерінің тиімдісін таңдадым. «Конверттегі сұрақ» әдісінде А, В, С деңгейлік тапсырмалар беру арқылы барлық оқушылар қамтылады.. Тапсырмалар оқушылардың қажеттіліктерін есепке алып сараланып беріледі. Саралау әдістері әрбір оқушыға мақсаттарға жетуге ықпал жасайды. |
«Үш шапалақ», «Бас бармақ»,«Бағдаршам», «Смайлик»,«Баспалдақ» әдістері қолданылады. Оқушылардың танымдық және білімділік қабілеттері, белсенділігін ескере отырып бағалау іске асады. Әр топқа сабақ барысында білімдері мен белсенділігі үшін берілген мақтау сөздермен бағаланады. |
Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері туралы айтылады, тазалық-гигиеналық талаптарды сақтайды; Сергіту жаттығулары арқылы оқушылардың ойлау қабілеті мен бірге дене мүшелерін шынықтырады, сергітеді. Дұрыс отырулары қадағалады. |
|||||||||||||||||||||||
Қосымша
Физика __8__сынып
|
Бөлім |
Тұрақты электр тогы |
|
Тақырып |
Электр тогының жылулық әсері. Джоуль-Ленц заңы. |
|
Оқу мақсаты |
8.4.2.13.Джоуль-Ленц заңын есеп шығару үшін қолдану |
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері |
Білу,түсіну, талдау, зерттеу, жинақтау |
|
Бағалау критерилері |
1. Жұмыстың,қуаттың, жылу мөлшерінің формулаларды есеп шығаруда қолданады. 2. Жылу мөлшерінің ток күшіне, кедергіге тәуелді екендігін анықтайды. 3. Физикалық шамалардың мәндерін формулаға қойып, есептейді. |
|
Тапсырма |
|
1. Егер қалта фонары шамының кернеуі 3,5В, ал ток күші 0,28 А болса, ондағы электр тогы 5 минутта қандай жұмыс істейді. 2. Кернеуі 400В электр двигателіндегі токтың күші 92А.Электр двигателінің орамындағы токтың қуатын анықтаңдар. 3. Кернеуі 220В болатын дәнекелегіштегі ток күші 0,9А. Дәнекерлегіштегі токтың қуатын табыңдар.
1. Егер резистордағы ток күші10мА,ал кедергісі 1кОм болса, онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады. 2. Кедергісі 1кОм резисторды кернеуі 100В тізбекке қоссақ,онда 10 минут ішінде қанша жылу мөлшері бөлініп шығады. 3. Тізбектегі деректерді пайдаланып шамның қуатын есепте. Кернеуі 25 вольт, ток күші 0,25 ампер, токтың қуатын табу керек.
1. Тізбектегі деректерді пайдаланып, токтың жылу мөлшерін есепте. Вольтметрдің көрсетуі 5,2 В, амперметрдің көрсетуі 2 А, кедергісі 2 Ом, уақыт 5 минут. 2. Кедергілері 5Ом және 9Ом екі резистор тізбекке тізбектей қосылған. Егер екінші өткізгіштегі кернеу 15В болса, 3мин уақыт ішінде әр резисторда бөлініп шығатын жылу қандай?
A R2 R1
V2 V1 3. Тізбектегі деректерді пайдаланып токтың жұмысын есепте. Вольтметр – 100В, резистор -30 Ом, уақыт – 3 сек. |
|
|
Бағалау критерийі |
Дескриптор |
|
1. Жұмыстың,қуаттың, жылу мөлшерінің формулаларды есеп шығаруда қолданады. 2. Жылу мөлшерінің ток күшіне, кедергіге тәуелді екендігін анықтайды. 3. Физикалық шамалардың мәндерін формулаға қойып, есептейді. |
1.Жұмыстың, қуаттың, жылу мөлшерінің формулаларын, өлшем бірліктерін біледі. 2.Жылу мөлшерінің ток күшіне, кедергіге тәуелді екенін біледі. 3. Физикалық шамалардың мәндерін формулаға қойып, жылу мөлшерін есептей алады. |










Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген