400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұрақты магниттер

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұрақты магниттер 8 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: физика

Мектеп: С. Датұлы ЖОМ

Күні:23.02.2017 ж

Мұғалімнің есімі: Қалилаева Замира

Сынып: 8 сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты магниттер, тұрақты магниттердің магнит өрісі. Жердің магнит өрісі, аспан денелерінің магнит өрісі

Сабақ негізделген

оқу мақсаты (мақсаттары):

Тұрақты магниттер. Тұрақты магниттердің магнит өрісі.

Жердің магнит өрісі. Аспан денелерінің магнит өрісі жайлы білім

дағдыларын қалыптастыру және бекіту.


Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: тұрақты магниттер және магнит өрісі туралы ақпарат алады.

Оқушылардың басым бөлігі: магнит өрісінің түрлерімен оның ерекшеліктерін, жердің магнит өрісімен аспан денелерінің магнит өрістерін ажырата алады

Кейбір оқушылар: қосымша ақпараттар таныстырып, магнит өрісі жайлы қызықты ақпараттар алады

Тілдік мақсат:

Оқушылар... (істей) алады:

Оқушылар ережені формуламен байланыстыра алады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Магнит, өріс, аспан, жер,

Сыныптағы диалог (жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер):

Талқылауға арналған тармақтар:

1.Тұрақты магниттер дегеніміз не?
2. Магниттің қанша полюсі бар?
3. Аспан денелерінде магнит өрісі бола ма?
4. Аномалия ұғымына түсінік
5. Оңтүстік полюс қалай белгіленеді?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?








Жазылым бойынша ұсыныстар: тақырып бойынша есептер шығарып дәптерлеріне жаздыру келесі сабаққа есеп шығарып келуге тапсырмалар беріп дәптерлерін тексеру

Алдыңғы тақырып

Шалаөткізгіштер және олардың электрлік қасиеттері

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз).

Ресурстар

Басталуы.



  1. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқытушының оқушылармен сәлемдесуі
2.Оқушылардың сабаққа қатысуын түгелдеу
Топтастыру «Қима қағаздар» арқылы үш топқа топтастыру

«Ток», «Кернеу», «Заряд»


Кеспедегі сөздер


Ортасы.






























Бой сергіту. Үй тапсырмасын сұрау

2.1. «Бақытты сәт» теледидар ойыны Сұрақтар жауабымен беріледі. Оқушылар жауаптың дұрыс немесе бұрыс екенін дәлелдеуі керек.

+1. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы электр тогы деп аталады

-2. Халықаралық бірліктер жүйесінде заттардың меншікті кедергісінің өлшем бірлігі ретінде Ом∙м² болып белгіленеді.

+3. Адам үшін 2-3мА ток күші қауіпсіз және сезілмейтн болып саналады.

-4. Электр тогы болуының негізгі шарты зарядталған бөлшектер белгілі бір жылдамдықта болуы қажет

+5. Ағаш кесекті жібекке үйкегенде ағашта теріс заряд пайда болады

+6. Электр тізбегі ішкі және сыртқы деп аталатын екі бөліктен тұрады.

-7. Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда кернеулері бірдей болады

+8. Тізбектің бөлігіндегі ток күші – осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал.

- 9. Егерде кедергісі 12 Ом вольтметр 120 В кернеуді көрсетіп тұрса, онда ол арқылы өтетін токтың күші 0,1 А тең

+10. Реостат дегеніміз айнымалы және реттелген кедергісі бар резистор

    • Суретке қарап кестені толтыру



Құрылғы атауы

Нені өлшейді

Өлшем бірлігі

Вольтметр

кернеуді

В

Амперметр

Ток күшін

А

Резистор

кедергіні

Ом

Реостат



Ваттметр

қуатты

Вт

    • Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін талдап, олардың кемшілігі мен жетістіктерін атап өту

    • Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен және қаралатын сұрақтармен таныстыру

Жаңа сабақтың тақырыбын әріптерді орналастыру арқылы талдау

Әріптерді орналастырып көрейік...

    • Бұл сөздің бірінші әрпі –кедергі өлшем бірлігі атауының екінші әрпі (М) Ом

    • Екінші әрпі –ток көзінің оң полюсіне жалғанатын электрод атауының бірінші әрпі (А) анод

    • Үшінші әрпі- 10 болатын шама атауыныңүшінші әрпі (Г) мега

    • Төртінші әрпі – вольтметр құрылғысымен өлшенетін шаманың төртінші әріпі (Н) кернеу

    • Бесінші әрпі – кедергіні өлшейтін құрылғы атауының төртінші әріпі (И) резистор

    • Алтыншы әрпі – кернеуді өлшеуге арналған прибор атауының бесінші әрпі (Т) вольтметр

Жаңа тақырып

Тұрақты магниттер. Магнит өрісі

Қаралатын сұрақтар:

1. “Магнит” атауының тарихы

2. Магниттің магниттік қасиеттері

3. Жер шары да магнит. Аспан денелерінің магнит өрісі

4. Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі

1.“Магнит” атауын көне грек драматургі Еврипид (б.д.д. V ғасырда) тауып, өзінің бір шығармаларында оның қасиеттерін сипаттаған. Мұндай атау бұл минерал Магнессия қаласының маңында табылғанымен байланысты. Магнит – “Магнессия тасы” деген мағынаны білдіреді.

Қазіргі кезде табиғи магнит Fe O (31%) және

(61%) тұратын магнитік темір (магниттен) кесектері екендігі белгілі. Бұл тығыздығы шамамен 5000кг/м3 болатын морт қара минерал.Магниттер жасау үшін құрамында темір, никель, кобальт және металдар бар құйма қолданылады.

Рисунок 5

2. Магниттің магниттік қасиеттері

Кез келген магнит айналасында магнит өрісі болады.

Магнит өрісі – материяның ерекше түрі, ол заттардан ерекше және магниттелген денелер айналасында болады. Магниттің магниттік әсері күшті, демек магнит өрісі күшті бөліктерін магниттік полюстер деп атайды.

Рисунок 6

Магнитің бір - біріне ұқсамайтын екі полюсі бар

Солтүстік полюсін N деп, ал оңтүстік полюсін S белгілейді

Бір ғана полюсі бар магнитті жасау мүмкін емес. Жоғарыда суретте таға тәрізді және жолақ магниттер көрсетілген.
Магниттердің түрлері көп таға тәрізді, жолақ магниттер болып табылады.Магнит сызықтары магнитің солтүстік полюсінен шығып, оңтүстік полюсіне енеді.Жерде де магнит өрісі бар екені белгілі. Магнит темір рудасының орасан зор кені бар жер қойнауында жергілікті магнит өрістері пайда болады. Мұндай жергілікті өрістер магниттік аномалиялар деп аталады.
Ең бір үлкен магниттік аномалия - Ресейдегі Курск магниттік аномалиясы болып табылады.Аномалия-ауытқулық деген мағынаны білдіреді Жер астында көп магнит кені жатқандықтан, сол жерде жер бетіндегі магнитизмнің әдеттегіден ауытқуы.
Магниттік қасиеттер тек Жерге ғана емес, басқа аспан денелеріне де тән.Күнді зерттеу онда магнит өрісінің бар екендігін көрсетеді.Күндегі дақтар ,факельдер ондағы болып жатқан құбылыстар барлығы күннің белсенділік аймағы деп аталады.Күннің айналу бағытымен бірінші орналасқан дақ басы, соңғылары құйрығы деп аталады.Бұл дақтардың қарама-қарсы полюстері бар,мысалы, біріншілері солтүстік, соңғылары оңтүстік магниттік полюске ие.Осылайша дақтар тобы зор магнитті құрайды.Айда,Марста магнит өрісі жоқ. Ал Марста Жердегіге қарағанда 500 есе әлсіз магнит өрісі бар.

1820 жылы дат ғалымы Эрстед магнит тілшесін алып, оның үстіне параллель мыс өткізгішті орналастырды.Өткізгіш арқылы ток жіберген кезде магнит тілшесі өзінің бастапқы қалпынан ауытқиды. Тізбекті ажыратқан кезде магнит тілшесі өзінің бастапқы қалпына келеді.Бұл электр және магниттік құбылыстардың арасында өзара байланыс бар екенін дәлелдейді. Себебі , тогы бар өткізгіштердің немесе магниттің маңында әрқашан да магниттік өріс болады.

IV . Жаңа тақырыптың материалдарын талқылау. Талқылау үшін «Акция кімге бұйырады» ойынын қолданамын. Мұнда әр оқушы ұяшықты таңдап берілген сұраққа жауап беріп, акцияларға ие болып отырады. Талдап болғаннан кейін, жаңа сабағымды Д.И. Менделеевтің айтқан сөзімен қорытындылаймын. Қайсы дөңгелектен бастап оқу керектігін тауып, шифрланған сөздерін оқып шығу керек



Shape1


Жауабы: магниттік бақылау – Жер қойнауын жарық ететін - фонарь


Қима қағаздар





Маркерлер

Ақ парақтар


Сабақты қорытындылау:

«Сый табақ» әдісі арқылы әр топ бір-бір есептен шығарады


Аяқталуы

Кері байланыс.

«БББ» әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс алу

Сабақтан білгенін, білмегенін, білетіні арқылы өз ойларын айталады

Бағалау парағы

Кері байланыс кестесі

Бағалау парағы

Қосымша ақпарат




Дифференциация.(Саралау)- Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тасырманы күрделендіруді қалай жосарлайсыз?

Бағалау-оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс.Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс Құндылықтардағы байланыс


  • Өзін-өзі бағалау

  • Өзара бағалау

  • Бағдаршам әдісі арқылы бағалау

Математика, тарих пәндерімен басланыс орнатылған

Рефлексия .

Сабақ/оқу мақсаттары

шынайы ма? Бүгін оқушылар

не білді? Сыныптағы ахуал

қандай болды? Мен жоспарлаған

саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім

бе? Мен өз жоспарыма қандай

түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.













Қорытынды бағамдау.

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?



Сабақ барысында мен сынып немесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін не білдім?







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1055
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі