400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тұрақты сөз тіркестері, 4 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәні бойынша 4 - сыныпқа арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Қазақ тілі.

Бөлім Мамандықтар әлемі

Күні: 04.12.2019

Сынып: 4

Мектеп: №10

Мұғалімнің аты-жөні: Төлеуғалива Г.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

№51 Тұрақты сөз тіркестері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.2.1 - тұрақты сөз тіркестері мен көп мағыналы сөздерді ажырата білу, мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану;

4.3.7.3 - диалогке тән тыныс белгілерді қою;

4.3.6.1 - каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу техникасын жетілдіру;

4.3.5.1 - стилистикалық қателерді мұғалімінің көмегімен анықтап түзету; жазба жұмысын пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялау;

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

  • тұрақты сөз тіркестерін сөз тіркестерінен ажырата біледі, мағынасын түсінеді, сөйлеу барысында қолдана алады;

  • диалог құрастырып, тыныс белгілерін қоя біледі;

  • каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын жетілдіреді;

  • жазба жұмысын грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялай алады;

Оқушылардың көпшілігі:

  • тұрақты сөз тіркестерін сөз тіркестерінен ажырата біледі, сөйлеу барысында қолданады;

  • диалогке тән тыныс белгілерін қоя біледі;

  • кең жолды дәптерде каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын жетілдіреді;

  • жазба жұмысын грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялай алады;

Оқушылардың кейбірі:

  • тұрақты сөз тіркестерін ажырата біледі, мағынасын түсінеді, сөйлеу барысында қолданады;

  • екі адам арасында диалог құрастырып, тыныс белгісін қоя біледі;

  • кең жолды дәптерде каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын жетілдіреді;

  • жазба жұмысын грамматикалық нормаларға сәйкес өз бетінше редакциялай алады;

Бағалау критерийлері

  • тұрақты сөз тіркестерін ажырата біледі, мағынасын түсінеді, сөйлеу барысында қолдана алады;

  • диалог құрастырып, тыныс белгісін қоя біледі;

  • жазу техникасын жетілдіреді;

  • жазба жұмысын өз бетінше редакциялай алады;

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

тұрақты сөз тіркесі, диалог

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

  • Сәлеметсіз бе, шаштаразшы!

  • Сәлеметсіз бе!

Құндылықтар


Мамандық иелерінің жұмысын құрметтей білу

Пәнаралық байланыстар


Әдебиеттік оқу

Алдыңғы білім

Тұрақты сөз тіркестері

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин






3 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Ынтымақтастық атмосферасын құру.

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз!

ІІ. Өтілген материалды еске түсіру

Сұрақтар ілмегі

  1. Тұрақты сөз тіркесі дегеніміз не?

  2. «Бармағынан бал тамған» қандай мамандық иесіне қатысты айтылған?

  3. «Шапшаң» сөзін тұрақты сөз тіркесімен алмастыр

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлау.

Бағалау критерийлерін белгілеу.







слайд

Сабақтың ортасы

30 мин.


ІІІ. Негізгі бөлім

Көркем жазу

Каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын жетілдіру

Ққ Ққ Ққ Ққ

Қақпашы - футболда, хоккейде ойын қақпасын қорғайтын ойыншысы.

13-жаттығу

  1. Өлеңді жатқа жазып, тұрақты сөз тіркесінің астын сызу.

Тұрақты сөз тіркесі: жаны бір жай таппады

Оқушылар өлеңді жатқа жазады, жұпта өзара тексереді

  1. «Үздік шабуылшы» тақырыбында радиохабарлама дайындау

Мұғалім топта өз хабарламаларын құрастыруды ұсынады.

Ықтимал жауаптар:

Бүгін мектептің футбол алаңында 4-cыныптар арасында футболдан жарыс өтті. «Қайрат» командасының шабуылшысы Арман қарсы команданың қақпасына көзді ашып – жұмғанша қатарынан үш рет доп тепті. Ойын соңында Арман «Үздік шабуылшы» номинациясын жеңіп алды.

Жұптар бір- бірінің хабарламаларын оқып, тексереді, бағалайды. Ең жақсы деген хабарламаны жұптасы ұсынып, оны топта оқиды. Топ бір –бірінің жұмысын бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

  • тұрақты сөз тіркестерінен ажырата алады;

  • тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсінеді;

  • көркем әрі әдемі қатесіз жазады;

15-жаттығу.

Суретке қара. Шаштараз бен бала арасында қандай әңгіме болуы мүмкін? Диалог құрастырып жаз.

Оқушылар өздерінің қалауы бойынша тақырып таңдап,рөлге еніп, жұптасымен диалог құрап, сөйлемдерді жазады, ішінде тұрақты сөз тіркестері болуы мүмкін.

Көрші жұптар бір-бірінің жазған диалогтарымен ауысып, тыныс белгілерін тексереді. Жұптар ортаға шығып, рөлге еніп, диалогтарын драма түрінде көрсетеді.

Ықтимал жауаптар:

Шаштаразда

  • Сәлеметсіз бе, шаштаразшы!

  • Сәлеметсіз бе!

  • Шашыңызды қидырасыз ба?

  • Иә, қидырамын.

  • Шаш қидырудың бағасы қанша тұрады?

  • Балалардың шашын қию бағасы 700 теңге тұрады.

  • Рақымет.

  • Күте тұрыңыз.

Бағалау дескрипторы:

  • сурет арқылы диалог құрастыра алады;

  • диалогке тән тыныс белгілерін қоя біледі;

  • көркем әрі әдемі қатесіз жазады;

Сергіту сәті

Мамандық атауларын тауып көр!

Азат - ( аспазшы ) Зейін – ( зергер )

Дастан – ( дәрігер ) Томирис- (тігінші )

Эльмира – ( электрик ) Хадиша – ( хатшы ) т.б

16- жаттығу.

Сурет бойынша әңгіме құра.

С
уретке қарап,
«екі езуі екі құлағында» дейтін сөз тіркесінің қандай мағына беріп тұрғаны туралы айт. (Әр топтан бір бала құраған әңгімелерін оқиды)

Бағалау дескрипторы:

  • тұрақты сөз тіркесінің мағынасын түсінеді;

  • сурет бойынша әңгіме құрастырады;

  • қатесіз жаза алады;

Шығармашылық тапсырма 1 топ: «Сәйкестендіру» стратегиясы

тұрақты сөз тіркесі

беретін мағынасы

Сөздің майын тамызды

қуану

Бөркін аспанға лақтыру

қорықты

Құлақ аспау

қараңғы

Көзге түртсе көргісіз

тыңдамау

Төбе шашы тік тұрды

момын

Қой аузынан шөп алмас

сөйлегіш

2 топ: Кез-келген мамандық иесіне өлең құрастыру.

3 топ: Жұмбақтар шешу

1)Дабылға тез жететін,
Жалынға сүңгіп кететін.
Қақалса да түтінге,
Тайсалмайтын батыл кім,
Жасқанбайтын батыр кім?
(Өрт сөндіруші)

2)Сауықтырар сырқатты,

Жылы үнмен тіл қатты. (дәрігер)

3)Жалтылдап қалағы,

Салатын кім қаланы? (құрылысшы)

4)Өрнектеп, сәндеп,
Тігістерін бүгетін.
Солпысын жөндеп,
Кім көйлек тігетін? (тігінші)
5)Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл? (ұстаз)







оқулық





















слайд









слайд

















сурет





















Кесте, ватмандар



Сабақтың соңы

3 мин















2 мин

Рефлексия : Оқушыларға сұрақтар қойылады:

- Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

- Сабақтан не үйрендіңдер?

- Саған не ерекше қызықты болды?

Өзін-өзі бағалау кестесін толтыру.

Бағалау критерийлері

Қолым

нан келеді

Көмек

қажет етемін

тұрақты сөз тіркестерін ажырата білемін;



мағынасын түсініп, сөйлеу барысында қолдана аламын;



диалог құрастырып, тыныс белгісін қоя білемін;



көркем әрі әдемі қатесіз жазамын;



Үй тапсырмасы

Тұрақты сөз тіркестері бар үш сөйлем жазу.







кесте





Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
1826
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі