400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұрақты сөз тіркестерінен көрінетін эмоционалдылық пен экспрессивтілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл бағдарламада қазақ тілінен тұрақты сөз тіркестері туралы, эмоционалды және экпресивті сөздер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Омарова Дилбар Шолбаевна

В.Вахидов атындағы жалпы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Қазақстан

Тұрақты сөз тіркестерінен көрінетін эмоционалдылық пен экспрессивтілік.

Эмоционалдылық пен экспрессивтіліктің фразеологиялық бірліктермен байланысы бола отырып, айтылатын ойды образды, әсерлі етіп жеткізуде айрықша стилистикалық құрал ретінде жұмсалатыны белгілі. Академик І.К.Кеңесбаев фразеологиялық единицалардың стилистикалық мүмкіндіктерін айта келіп, былай дейді: « Фразеологизм в любом языке имеет раличное назначение: большая часть фразеолгических единиц выполнает специфические функции, то есть экспрессивные оттенки» /1,29/

Ал Қайдаров: «Эмоционалдылық пен экспрессивтілік лингвистикалық бірліктер мен фразеологизмдерге бирдей тән қасиет және олар бейнені ойлаудың жемісі», - деп атап көрсетеді./ 2,304/

Ойлау мен сөйлеу процесінің тығыз байланысты екендігін ескеретін болсақ, бейнелі ойдың жемісі – бейнелі сөз. Осындай мағынасында эмоцияналды –экспрессивті рең, бояуы тоғыса берілетін фразеологизмдерді Оралхан шығармаларынан көптеп кездестіреміз.

Мысалы :

  • Ол қандай жүр, бұл ит өлген жерде!

  • От оттан, су ішіп отырған жеріңізге «ит өлген» деп тіл тигізбеңі, тәте, - деді ерік...

(Атау кере, 75).

Бұл сөйлемдегі «ит өлген жер» тұрақты сөз тіркесін кейіпкер аузына салу арқылы автор оның адам аяғы баса бермейтін жерге көшіріп әкелген ұлына деген өкпе , назын, келіні мен ұлынан бөтен шүйіркелесіп шәй ішер жан баласын көрмейтін сүренсіз өміріне деген наразылығын байқатқан. Яғни, бұл сөз тіркесі сөйлемге экспрессивті әр үстеп тұр.

Көптеген зертеушілердің айтуына қарағанда экспрессивтілік пен эмоционалдылық, обрадылық кейбір тіркес сыңарларының метафоралануына (ішінен ит өлген , тас бауыр) гиперболалануына (атағы жер жарған, қара қылды қақ жарған) лексика- грамматикалық қайталануына табу мен эвфемизмнің негізінде өзгеріп, қолданылуына байланысты жасалып отыратын тәрізді,

Фразеологизмдердің эмоционадылық-стилистикалық бояуын жасауға себепші болатын аса кең түрде жайылған тәсілдерінің бірі –олардың құрамындағы сөздер мағыналық жағынан әдеттегідей тыс тілдік нормадан тыс тіркесуі арқылы пайда болады. /3,223/

«Тас бауыр» деген сөз тіркесі – тілдік лексикалық – грамматикалық нормасын түгелдей сақтап тұрғанымен, бұл қарапайым сөз тіркесі ретіндегі тілдік бірлік бола алмайды. Өйткені, бұл екі сөздің тіркесі әдеттегіден өзгеше.

Жалпы, мақал-мәтелдер кез-келген жазушының туындыларында жиі ұшырасатыны белгілі. Сондықтан да біз жазушы шығармаларының сирек кездесетін немесе автордың өзінің мақал-мәтелдерге ұқсас етіп берген соны теңеу, метафралары жайында сөз етпекпіз.



Мысалы:

1... Жетесіз ұрпақты желкеме мінгізіп, санамен сарғайып ,қайғы жұтып қартайып жатқаным (қайдасың қасқа құлыным)

2.» құлыны өлген қулықты тай телісе зорлықты , ботасы өлген інгенге нар телісе зорлықты» деген емес пе бұрынғылар...» қайдасың қасқа қүлыным».

Эвфемизм. Эмоционалды-экспрессифті сөздер тудырушы келесі сөздер тобы-эвфемизм. «Эвфемизм метафоралық сөз қолдану тәсіліне жақындайды.Демек бұлардың өзара мағыналық жігін, қолдану аясын ажырату өте қиын» /4,27/

Эвфемизмдер затты тікелей атамай,басқа атқа не құбылысқа тән ортақ қасиеттеріне байланысты бейнелі етіп ауыс мағынада береді.

Мысалы:

Шар еткенге зар қылған тәңірдің тәлкегіне не дауа (Атау кере, 325). Мұнда «шар еткен» - бала, сәби сөздерінің орнына ауыс мағынада жұмсалып тұрған эфемизм.. Бұл сөз тіркесінің орнына «балаға зар қылған» деп алған жағдайда сөйлемнің мағынасы, айтылар ой пәлендей өзгертілмегенмен эмоционалдық бояуын жоғалтып, алдыңғы сөйлемдегідей әсерлі болмасы сөзсіз. Бұл эфемизм баланың «шар етіп» жылау қасиетіне байланысты бейнелі түрде қолданылған.

Ирония, сарказм, юмор. Көркем шығарма тілінде кездесетін аталған сөздер тобы жөнінде: «Ирония мен сорказм өлеңде де, пьесада да бола береді» /4,128/.

Шығармалардағы кездесетін кекесін, мысқыл, әжуа қалжың немесе кісінің қитығына тигендей, жанын жаралағандай уытты жұмсалған шымшыма, әзіл сөздер кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынасты ғана көрсетіп қоймай, сонымен бірге олардың мінез-құлқын, іс-әрекеттерін анықтай түседі.

О.Бөкеев шығармаларында да мұндай эмоционалды- экспрессивті рең әдемі әзіл мен тиген жерін қарып түсердей уытты әлжуаларға негізделген репликаларды жиі кездестіреміз.

Мысалы:

1. –Ау ағайын мен қалай өтем судан?

- Әй, Қара бура, кіндігіңнен де келмейді, кешіп өт!

- Шалбарымды қайтем, ойбай, су болып қалады ғой.

- Суланбай жүрген шалбар ма ...Ештеңе етпес, шешіп қолыңа ұстап ал, ұялатын нең қалып еді ...

( Атау кере, 73).

2. –Көрінген бұтаның түбіне сари салмай, әжетхана іздегеніңе қарағанда, кезінде мәдениетті жігіт болғансың –ау.

- Үлкені келіп қалды, кішісіне дәретхана ідемеймін, шалбарым бар ғой (Атау кере, 58).

Сырт қарағанда мысалдардың екеуі де юморға құрылған және бір-біріне ұқсас, бірақ, алғашқы сөйлемдегі «Суланбай жүрген шалбар ма... ұялатын нең қалып еді ..» сөз тіркестерінің астарында әрі достық әзіл-юмор, әрі ащы мысқыл-сарказм жатыр. Бұл сөдерді Ерік жолдасы Тағаңды шалбарына жіберіп ,ес-түссіз жатқан жерінен тауып алғанын есіне салып,бір жағы қалжыңға сүйеп,бір жағынан жанына тигізіп кекетіп айтып отырғаны байқалады. Ал,келесі мысалдағы «кішісіне дәретхана іздемеймін , шалбарым бар ғой» Тағаннның өз аузымен ,өзіндік сын ретінде айтылып, қарапайым әзіл , зілсіз юмор ретінде қабылданды.

Юмордың эмоциямен тығыз байланысты екені жөнінде психология оқулығында «Юмор –эмоциональное проявление такого отношения к чему либо или кому либо , которое несет в себе сочетание смешного и доброго»- деп көрсетіледі

Сондай-ақ бұл бөлімде О. Бөкеев шығармаларында эмоционалды –экспериссивті сөздер жасауға негіз болатын символ, аллегогрия , эпитет, литота, гипербола және әр түрлі лексика-грамматикаолық, стилистикалық амал-тәсілдерге тоқталдық.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Кеңесбаев І.Қос сөздердің кейбір жасалу жолдары// Учение записки КАзГУ.-Алматы,1946

2. Қайдаров Ә.Қазақ тілінің өзекті мәселелрі.-Алматы:Ана тілі ,1998-304

3. Морховский А .Н:О проироде эмоциональной окрашенности фраеологических единиц английского языка.-самарқанд 1961-c.223

4. Жұмалиев Қ .Стиль –өнер ерекшелігі - Алматы,1998

5. Немов.Р.С Психология (учеб.Пособ.Для студентов»-Москва,Просвещенние.1994-c.825.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
849
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі