Материалдар / Тұрақты тіркестер 5-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тұрақты тіркестер 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың тұрақты тіркестер туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, практикалық жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту. Тұрақты сөз тіркестерінен алған білімдерін пысықтау;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2017
1259
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мальшубаева Шынаргуль Сагиндыковна

Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы

12 жалпы орта білім беру мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі


Қазақ тілі 5-сынып

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер

Мақсаты:

а) Оқушылардың тұрақты тіркестер туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, практикалық жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту. Тұрақты сөз тіркестерінен алған білімдерін пысықтау;

ә) Өзіндік жұмыстану дағдысын жетілдіру, түрлі шығармашылық тапсырмалар беріп, оқушылардың логикалық ойлауын, дағды-машығын, таным белсенділігін арттыру;

б) Сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге, шапшаңдыққа, іскерлікке тәрбиелеу.

Түрі: танымдық сабақ

Әдісі: талдау, миға шабуыл, сыни тұрғысынан ойлау, ойын, 

Көрнекілігі:проектор, оқулық.

Психологиялық дайындық

Мынау менің жүрегім

Бәрі осыдан басталған

Мынау менің басым

Бәрін осы басқарған

Мынау менің сол қолым, мынау менің оң қолым,

Барлық істі атқарған

Оқушылар тақтаның алдында шеңбер құрып тұрады. Әр оқушының қолына тұрақты тіркестер беріледі. Содан соң оқушылар қолдарындағы тұрақты тіркеске сай сыңарларын іздейді. 
Бес саусақтай білу (жетік білу) 
Су сепкендей басылды (лезде басылды, тына қалды)
Мүйізі қарағайдай (зор, мықты) 
Парақша сыртында топтар аты жазылып тұрады. Сынып оқушылары осылайша үш топқа бөлінеді. Әр топ өздері құраған тұрақты тіркестің мағынасын ашады.

1-топ – Қазақстан

2-топ – Республика

3-топ – Тәуелсіздік

І. «Баламасын табыңдар». Проекторда көрсетіледі.

1. ат ізін салмау 7. кірпігінен қырау тамған

2. қол ұшын беру 8. мұзға отырғызу

3. тіс жармау 9. бес аспап

4. мойны жар бермеу 10. жерге кіріп кете жаздау

5. терісіне сыймау 11. аузын буған өгіздей

6. бармағын тістеді 12. қабырғаңмен кеңесті

ІІ.«Суреттер сөйлейді». Әр топ орнында орындайды. Суреттерге қарап, тұрақты тіркестер табу. (Қас, көз, құлақ, арасында; ит, күшік, сиыр, қиянда; бет, ауыз, мұрын, шықты; ай, жұлдыз, күн, туды.)



  1. Қас пен көздің арасында – лезде, тез.

  2. Ит арқасы қиянда – алыс.

  3. Бетінен оты шықты – ұялу.

  4. Айы оңынан туды – жолы болды.

ІІІ. Кестені толтыру. Үш топқа кесте беріледі.

Тұрақты тіркестер

Мағына

Сұрақтар

Тілі шығу

Сөйлеу

Не істеу?

Ит өлген жер

..............

..............

..............

Қуану

..............

..............

..............

Қандай?

Таяқ тастам

..............

..............

..............

Өкіну

..............

Қоян жүрек

..............

..............

IV.Сергіту сәті. Әр топ өлең жолдарын түрлі жанр түрінде айтады.(опера, рэп, әскери)

Қазақстан – бар қазақтың киелі туған жері,
Қазақстан – қазағымның туған елі.
Кен байтақ Қазақстандай жерде туған
Қазақтың Тәңірі берген несібесі!
Қазақстан - бұл біздің Отанымыз,
Қазақстан – бұл біздің ардағымыз.
Кең байтақ Қазақстандай жерде туған
Біздің сірә, барма екен арманымыз?!
V. «Жалғасын тап». Тұрақты тіркестердің жалғасын табады.
1-топ «Қазақстан»

1. ... ..............нің түгі бар
2. ................ын шүйіру
3. .......тау жұтқан

2-топ «Республика»

1. .........на құм құйылу
2. ... .......соғып қалу
3. тамырына ............. шабу
3-топ «Тәуелсіздік»

1. ........і тоймау
2. құлақ .......ін жеу
3. ............нан шығып кетті

VI. «Адасқан сөздер». Тұрақты тіркестер құрастыру. Сөйлем құрау.

1-топ «Қазақстан»

ТShape1 аяқ

Ағаш

Соқа Шыңқ етер

Шыбы


АShape2 уыз

Көз

Бет Суалу

Жер


БShape3 ет

Аяқ Шаншылу

Мұрын

Бел


ЕShape4 зу

Ауыз Құлағында

Тіс

Ерін

VII. «Жасырынбақ». Берілген тапсырмадағы тұрақты сөз тіркестерінің құрамындағы сөздер жасырынып қалған. Соны табу, мағынасын айқындау.

2-топ «Республика»

  1. Бит қабығынан .... тоқыған. (биялай) – өте шебер

  2. Жұмыртқадан .... қырыққан. (жүн) - қу

  3. Балақтағы .... басқа шапқан. (бит) – болмашы жұрт қорлады

  4. Көз .... салу. (қиығын) – қарау, қарайлау

  5. Жігері .... болу. (құм) – шаршау

  6. Ешкімнің ала .... аттамау. (жібін) – қиянат жасамау

  7. Иттің құлы .... (итақай) – кім көрінген, кез келген

  8. Көк ала .... ету. (қойдай) – сабау, ұру

  9. Қадалған жерінен .... алу. (қан) – дегенін істету

  10. Құрғақ уәдемен .... қуыру. (қуырдақ) – алдау

  11. Маңдай .... (тер) – адал еңбек

  12. Сүтке тиген .... болу. (күшіктей) – сүмірейіп қалу.

  13. .... су көтермеу. (сіркесі) – ештенені көңілі жақтырмайды.

  14. Іші .... (ауыру) – өкіну

  15. Түйенің танитыны .... (жапырақ) – білетіні бір-ақ нәрсе

  16. .... қу шөппен сүрту. (аузын) – сараң

VІII. «Ойнайық та, ойлайық». Берілген тұрақты сөз тіркестерінің синонимдері мен антонимдерін табу.

3-топ «Тәуелсіздік»

Синонимдер                                             Антонимдер  

Білімді              көзі ашық әріпті таяқ деп білмеу

Жас                   он екіде бір гүлі ашылмаған                       асарын асап, жасарын жасаған

Батыр                жүрегінің түгі бар                                        су жүрек

Алыс   ит өлген жер     тиіп тұр

Момын   қой аузынан шөп алмас       иненің көзінен өткендей

Дос   жұлдызы жарасқан       жұлдызы қарсы

Менсінбеу     көзге ілмеу       құрдай жорғалау

Туылу     дүние есігін ашу     дүниеден өту

Ұнату     жаны құмар       жаны қас

Тату    арасынан қыл өтпеу     ала ауыз

Хабарласпау    ат ізін салмау     ат ізін суытпау

Қуану     екі езуі екі құлағына жету       зәресі зәр түбіне кету

Жомарт     қолы ашық       аузын қу шөппен сүрту

Әдемі сөйлеу   сөздің майын тамызу      сөзі түйеден түскендей

IХ. Шығармашылық жұмыс.

1-топ – Қазақстан. Сөзжұмбақ құрастыру «Қазақстан»

2-топ – Республика. Суретке байланысты «Қазақстан табиғаты» шағын

эссе жазады

3-топ – Тәуелсіздік. Тәуелсіздікке арналған өлең шығару

Х. Бекітуге арналған тақырыптық тест сұрақтары.

1. Қай тұрақты тіркес «әділ» деген мағынаны береді?

А.Тонның ішкі бауындай 

Б.Ала жіпті аттамау 

С.Он саусағынан бал тамған   

Д.Қара қылды қақ жарған 

Е.Мұрнынан шаншылу

2. Антонимдес фразеологизмдерді табыңыз.

А. Су жүрек – жүрек жұтқан

Б. Мойнына су кету – ит өлген жер

С. Көз жұмды – жүріп кетті

Д. Көзге түртсе көргісіз – тайға таңба басқандай

Е. Шашбауын көтеру – тақиясына тар келу

3. Қай тұрақты тіркестің мағынасы дұрыс көрсетілген?

А. Мұрнын шүйіру дәмелену

Б. Сөз беру – таң қалу

С. Зығыры қайнау – өлу

Д. Сілесі қату әбден шаршау

Е. Сүттей ұйыды келіспеді

4. Мағынасы синонимдес тұрақты тіркестерді табыңыз.

А. Бауыр басу ақ саусақ

Б. Таяқ тастам жер – сүт қайнатым уақыт

С. Екі езуі құлағында төбесі көкке жету

Д. Ит арқасы қиянда маңдайының соры бар

Е. Көз ілмеу – көз шырымын алу

5. Идиомалық тіркесті тап

А. Жазда Асанбай ауылы осы төңіректің сай – саласын мекендейді

Б. Бұл өңірдің ауылдары алты бақан ала ауыз боп біріккен емес

С. Күз келісімен, бұлар қыстауға көшудің амалына кірісті

Д. Данагүл саумалы малдарды сатуға қарсы шықты.

Е. Шаруаның ісі бітпейтінін ол енді түсінгендей болды.

6. Мақал- мәтелден тұрақты тіркесті тап 

А. Денсаулық – зор байлық

Б. Ештен кеш жақсы

С. Сабыр түбі сары алтын

Д. Оқу инемен құдық қазғандай

Е. Көп түкірсе, көл болады.

7. «Алыс» мағынасындағы идиомалық тіркесті тап

А. Ит жеккен

Б. Ер қашты

С. Асқар тау

Д. Көз аларту

Е. Ат арытып, тоң тоздырып

8. Бастауыш қызметіндегі тұрақты тіркесті тап.

 А. Олар көптен бері қырғи қабақ болып, бір-бірін аңдысып жүр.

Б. Ауызы күйген үрлеп ішер

С. Олар  суықта қалып, тісі-тісіне тимей жаурады

Д. Істің насырға шапқанын сезген Оспан сыртқа шығып кетті

Е. Ұяттан кірерге тесік таппаған бала қып- қызыл болып кетті

9. Тұрақты тіркесті тап.

А. Ырыс алды- ынтымақ

Б. Бойшаң кыз

С. Ат ізін салмау

Д. Туған жер

Е: Түйме тағу

 10. «Маңдай тер» деген қандай мағына береді?

А. Үлгілі, озат

Б. Шаршау

С. Адал еңбек

Д. Қуану

Е. Бірлігі бұзылмау

ХI. Үйге тапсырма. Ребус құрастыру. Ереже қайталау. 115-117-жаттығу

ХII. Өзің-өзі бағалау. «Білім теңізіне қайықты жіберу». Тақырыпты жақсы меңгердім деп есептеген оқушылар өз қайығын Білім теңізіне жібереді, ал оған сенімсіз оқушылар Ереже шығанағында қалады.

Сыныбымыздың айы оңынан тусын 
Бізді көргенде елдің алпыс екі тамыры иісін! 
Арамыздан қыл өтпесін 
Білімді бес саусақтай біліп, 
Ешкімнің ала жібін аттамайық.

Бойымызға шаң жұқпай, 
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болсын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!