Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұрақтылықтың басты кепілі татулықпен келісім

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жерде ашық сабақта тақырып толық ашылып көрсетілген. Әдіс тәсілдер дискрипторлары құрылған. Слайдымен қоса
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:

Қазақ тілі

Бөлім:

Қазақстандағы ұлттар достастығы

Педагогтің аты-жөні:

Күні:


Сынып:

7-сынып


Сабақтың тақырыбы:

Тұрақтылықтың басты кепілі –татулық пен келісім

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

7.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу. 7.4.4.2 Еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсіну.

Сабақтың мақсаты

Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысады. Еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсінеді.

Бағалау критерийі



-көркем бейнелеуіш , эмоционалды экспрессивті сөздерді қолданады.

-мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысады.

-еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсінеді

Құндылықтар

Ұлттық құндылық,тарихи құндылықтарды оқушы бойына сіңіру

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы.


7 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа қатысымын тексеремін.


Жағымды ахуал орнату.

«Шаңырақ асты – құт мекен» атты шаттық шеңберіне шақырамын. Шаңырақтың бір-бір уықтан ұстау арқылы хормен бәрі бірдей Шеңбер болып тұрамыз жылы жүзбен, Бізге келсін қуаныш нұр іздеген. Шуақ толған жанымыз жүрегіміз, Үлгі алсын көрген жан мына бізден деп татулық, ынтымақ, бірлікке байланысты нақыл сөздерді айту.

Топқа бөлу. Кеспе қағаздары арқылы


Қызығушылықты ояту. «Ой шақыру» әдісі. Оқушылар, бұл суреттер сендерге қандай ой салады?

Мына суреттерге қарап, нақыл сөзді тауып, мағынасын ауызша баяндау және бүгінгі сабақтың тақырыбымен байланыстыру.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Оқушылар бір шаңырақ астына жиылып, татулық, ынтымақ, бірлікке байланысты нақыл сөздерді айтады.




Оқушылар кеспе қағаздары арқылы үш топқа бөлінеді.

«Татулық» «Ынтымақ» «Бірлік»


Тақтадағы суретке қарап, нақыл сөздің мағынасын ауызша баяндап, жаңа сабақтың тақырыбын байланыстырады.



Жауабы:

Алтау ала болса ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса төбедегі келеді.


ҚБ «Жарайсың» «Керемет» «Бәрекелді» деген сөздермен ынталан дырып отырамын




Қазақ тілі оқулығы АРМАН ПВ баспасы.



Интербел сенді тақта, ноутбук. Кеспе қағаздары,


А 4 форматтағы қағаздар.

Сабақтың ортасы



15 минут



Мағынаны тану. Жаңа сабаққа түсінік беріп өтемін 1-тапсырма. Топтық жұмыс «Рөлдік ойын» әдісі. Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалог құрады.

Үш топтың оқушыларына татулық пен келісімнің мәнін көрсету үшін рөлдік ойындар ұйымдастырамын. Оқушыларға күнделікті өмірде кездесетін бірнеше жағдай (дос арасындағы дау,отбасындағы түсінбеушілік, мектептегі конфликт) жағдаятын ұсыну. Ойын шарты түсіндіріледі.

Дескриптор:

-көркем бейнелеуіш, эмоционалды экспрессивті сөздерді қолданады.

-мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысады

Топ мүшелері әр жағдайға шешім табуға тырысады,рөлдерді бөліп, өз пікірлерін қорғайды. Эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке түседі.


1-топ: Дос арасындағы дау.

2-топ: Отбасындағы түсінбеушілік.

3-топ: Мектептегі конфликт жағдаяты.


Топаралық бағалау жүргізіледі. «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі арқылы





Ресурс көздерінен алынған материалдар

15 минут

Жазылым. Жұптық жұмыс

« Комикс» әдісін ұсынамын. Бұл әдіс оқушыларға шығармашылықпен жұмыс істеуге және еліктеу сөздердің мағынасын көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Еліктеу сөздерді көрнекі және қызықты түрде түсіндіру арқылы оқушылардың жазылым қабілеттерін артады. Тапсырма: Оқушыларға белгілі бір тақырып ( табиғат құбылыстары немесе жануарлардың қимылдары) беріледі. Оқушылар сол тақырып бойынша комикс құрастырады.

Дескриптор

-еліктеу сөздерді дұрыс тауып, комикстің мазмұнында шығармашылықпен қоланады. -еліктеу сөздерден дыбыстық немесе бейнелік түрлеріне қарай қысқаша сөйлемдер құрастырады.

Оқушылар қабілетіне қарай жұптасады. Әр оқушы еліктеу сөздерді пайдалана отырып, суреттер салады немесе дайын суреттерді қолдана алады. Еліктеу сөздерді (мысалы, дыбысты немесе қимылды сипаттайтын сөздер) қосып, қысқаша сөйлемдер құрастырады.



Жұптар бір-бірінің жұмысын дескриптор қадамдары бойынша бағалайды



(www.inform.kz/kz/anet-baba-kishikuly_a2187471

Сабақтың соңы


8 минут


Сабақты бекіту.

«Құмсағат» әдісі арқылы



Кері байланыс.

Оқушыларға кері байланыс жазуға стикерлер таратамын.

«3-2-1 әдісі арқылы кері байланыс береді.


Үйге тапсырма. 5-тапсырма


Сабақтың қорытынды кезеңінде «Құмсағат» әдісі арқылы берілген сұрақтарға жылдам жауап береді.





Оқушылар жаңа сабақтан алған 3 ақпарат , 2 сұрақ, 1 ұсыныс жазады.


Тұрақтылықтың басты кепілі –татулық пен келісім тақырыбына эссе жазып келу .



«Өзін өзі бағалау» әдісі










































1-әдіс: Берілген суретке қарап мақал құрастыруға арналған тиімді әдіс ретінде «Ой шақыру» әдісін ұсынамын. Бұл әдіс оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, суретке қатысты ойларын ашық түрде білдіруге мүмкіндік береді.

Мақсаты: Суретке қарап оқушылардың қиялын дамыту, мақал-мәтел құрастыру арқылы олардың тілдік қорын байыту.

Оқушылар суреттегі негізгі элементтерді сипаттап, оларды қалай түсінетіндерін айтады.


2-әдіс: Рөлдік ойындардың тиімділігі - бұл әдіс білім беру мен тәрбиелеу процесінде кеңінен қолданылады, өйткені ол оқушыларға практикалық тәжірибе алуына тереңірек білім алуына көмектеседі.

Оқушылар рөлге енген кезде, олар өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, тың ойлар мен идеяларды іздеуге ынталанады.

Рөлдік ойындар арқылы оқушылардың қарым-қатынас дағдыларын арттырады. Олар өзара әрекеттесу, пікір алмасу, аргументтерді ұсыну сияқты дағдыларды үйренеді.

Бұл дағдылар оларды шынайы өмірде қиындықтарды жеңуге дайын етеді.



3-әдіс. Жазылым тапсырмасына арналған креативті әдіс ретінде «Комикс» әдісін ұсынамын. Бұл әдіс оқушыларға шығармашылықпен жұмыс істеуге және еліктеу сөздердің мағынасын көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.

« Комикс» әдісі:

Мақсаты: Еліктеу сөздерді көрнекі және қызықты түрде түсіндіру арқылы оқушылардың жазылым қабілеттерін дамыту.

Тапсырма: Оқушыларға белгілі бір тақырып (мысалы, табиғат құбылыстары немесе жануарлардың қимылдары) беріледі. Оқушылар сол тақырып бойынша комикс құрастырады.

Оқушылар еліктеу сөздерді пайдалана отырып, суреттер салады немесе дайын суреттерді қолдана алады.

Әр оқушы еліктеу сөздерді (мысалы, дыбысты немесе қимылды сипаттайтын сөздер) қосып, қысқаша сөйлемдер құрастырады.



4-әдіс «Құмсағат» әдісі сабақтың бекіту кезеңінде оқушылар үшін өте тиімді әдіс.

«Құмсағат» әдісінің мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін орнатып және тақырыпты тереңірек түсінуге ықпал етеді. Бұл әдіс арқылы оқушылар жаңа сабақты қорытындылап, өз білімі мен түсінігін ойларын еркін білдіреді


Кері байланыс: Оқушылардан 3 нәрсе, 2 сұрақ, 1 ұсыныс жазуды сұрау.. Бұл әдіс оқушылардың сабақтың мазмұнын қаншалықты түсінгенін көрсетеді және оларға сабақтан алған білімдерін бекітуге көмектеседі.

































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2025
128
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12