Тұрар Рысқұлов тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұрар Рысқұлов тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұрар Рысқұлов тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп


Сабақтың тақырыбы:

Тұрар Рысқұлов

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

 Халқымыздың мақтан тұтар тұлғаларының өмірі мен ерлігін, қайраткерлігін дәріптеп насихаттауға, тарих парақтарынан тағылым алуға үйрету.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Бір түрлі фигур алғандарды

1-топқа «Сұңқар», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «Тұлпар» тобына бөлемін.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуал


Оқушылар

дың пікірі тыңдалады


слайд

Жаңа сабаққа кіріспе




Қазақ халқының тарихи тұлғалары, олардың өнегелі мен ерлігі, адами асқақ бейнелері бүгінгі ұрпақ үшін үлкен тәрбиенің арнасы болмақ. Тұрар Рысқұлов 1894 жылы 26 желтоқсанда қазіргі Алматы облысы,Талғар ауданына қөрасты Бесағаш деген жерде дүниеге келді. Тұрардың жастық шағы патша өкіметінің халықты қанауы мен езгісі келген күшейген кезеңге тұспа – тұс келген еді.



Сабақтың ортасы

26 мин.

Рысқұлұлы Тұрар (1894 – 1938 ) мемлекет және қоғам қайраткері,әулиеата үйезіндегі 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы және басшысы.Әкесі Рысқұл Жылқайдарұлы шаруасы шағын, ауылдың еті тірі, есті жігіті болған. 1904 жылы патша үкіметінің зорлық – зомбылығына қарсы шыққаны үшін он жылға сотталған, итжеккенге жер аударылады.Әкесінің қылмысты болып, түрмеге қамалуы он жасар Тұрардың былайғы өмірінің сол кездегі өзі тұрғылас қазағының ауыл балаларының тірлігіннен бөлек, басқа арнаға ауысуына себепші болады. Паналар басқа жері жоқ жетім Тұрар қашан әкесі сотталып, жер аударылғагнша түрмеде, сенің қасында болып, бас бостандығы жоқтардың бақытсыз күндерін солармен бірге бастап кешіреді

1-оқушы: Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде танымтым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім,күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
2-оқушы: Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен,
Құрсағыма сыйдырам даланы мен.
Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
Дәуірлермен құрдасып, данамын мен.
1-оқушы: Мен – жігітпен,айқасқа, сынға асықпын
Жүрегі бар кеудемде шын халықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам,қыран боп шыңға шықтым.
2-оқушы: Мен – қара көз сұлумын, сайтан қызбын.
Сайрай қалсам, тілімнен бал тамғыздым.
Сүйер болсам,өмірдей өле сүйдім,
Қос батырмен қайрасқам балтам жүзін.



Теңсіздіктің, әділетсіздіктің небір сорақы түрлерін көзімен көреді. Сонша жүріп, бала болса да, оқымай,білім алмай, болмайтынына көз жеткізеді.Бірақ қанша ұмтылғанмен,ол кезде жетімбалаға білім оңай емес еді. Ол тек 1907 жылы ғана әкесін білетін жақсы адамдардың көмегімен, онда да аты – жөнін өзгертіп, Қырғызбаев деген фамиялиямен. Әулиеатадағы арналған орысша бастауыш мектепке оқуға енеді. Бұдан кейін ол Ташкентегі ауыл шаруашылығы мектебін бітіріп, Ташкентегі мұғалімдер институтына түседі. Бірақ онда оқудың мүмкіндігі болмайды. Осы кезде Қазақстанның әр жерінде патшаның «Июнь жарлығына» қарсы бас көтерген халқының нараздылығы ұлт азаттық көтеріліске белсене қатысқан Тұрардың патша үкіметі тұтқынға алады. Ақпан төңкерісінен кейін ол қазақ жастарын революциялық жолға жұмылдырып, Қырғыз (қазақ) жастарының одағын ұйымдастырып, әулиеата Кеңесімен тығыз байланыс жасайды. Кеңес өкіметі орнасымен Әулиеата үйездік Совдеті атқару комитетінің, РК(б) П. Мұсылман бюросының төрағасы қызметін атқарады. Бір жыл Ұлт істері Халық комиссариатының Азербайжан республикасы бойынша өкілі болып, 1921 РСФСР Ұлт істері Комиссариатына қызметке ауысады. Ол әуелі жай қызметтер, алқа мүшесі, кейін халкомның екіншісі орынбасары болады

3-оқушы: Қазақ халқының тарихтағы қайсыбір бұлтарыстарына үңілсек те ХХ ғасырдың 30 – жылдары әкелген зұламатпен теңдесер қасіретті табу қиын.
4-оқушы: 1937 – 1938 жылдары миллиондай адам жаппай қуғын – сүргіннің құрбаны болып, олардың 1 млн. Жуығы атылды. Бүгін біз халқымыздың біртуар азаматы, сталинизм ұстанған саясаттың құрбаны, ірі мемлекет қайраткері, қайталанбас дара тұлға – Тұрар Рысқұловты еске аламыз.
3-оқушы: Т.Рысқұлов 1894 жылы 26 желтоқсанда қазіргі Алматы облысы, Талғар ауданындағы қазіргі Рысқұлов атындағы совхозда дүниеге келді. Әкеден, де шешеден де айырылып,жетімдіктің зардабын көп көрді.
Тұрар: Иә, әкем марқұм Рысқұл айтқанынан қайтпайтын,бірбеткей қайсар еді. 1905 жылы Талғар болыстың билеушісі Соймасайды өлтіріп, түрмеге қамалды.Ол туралы сіздер М.Әуезовтың «Қараш - қараш» оқиғасынан білесіздер. Мен ол кезде 10 – 11 жастарда едім.Әкеме өшіккен Соймасай ұрпақтары мені де құртқылары келді. Менен айырылам – ау деген әкем байғұс түме бастығына өтініп жүріп,мені абақтыға өз қасына алды.
4-оқушы: Сіз ол жерде түрме бастығы Прикодьконның қызы Наташа сіздің хат танып, орыс тілін үйренуіңізге көп көмегін тигізді ғой.



 Сонда ғана қорлық көрген халқына қорғаныш болуға жарарсың, білім алуға ұмтыл! – деген әке сөзі Тұрардың санасында мәңгіге жатталып қалды.
Көрініс: Наташа мен Тұрар

Наташа ( қолында кітаппен оралған нан)
Турарка, орыс тілін оқитынымызды ұмытқан жоқсың ба?
Тұрар Жоқ, Наташа, мен оқуға әрқашанда дайынмын.
Наташа: Турарка, мен саған тамақ әкелдім, мә.
Тұрар: Рақмет (нанды қалтасына салып алады).
Наташа: Жесеңші Тұрар, сенің қарның ашты ғой.
Тұрар: Жоқ, көкеме апарғам.көкеме тамақты аз береді.Оның қарны тіпті аш. Әрі отырған жері суық және қараңғы.
Мұғалім: Әкесін жанындай жақсы көретін Тұрар,өзі аш жүрсе де, оған тамақ тасумен болды.
Прикодько: Ә, Наташа, сабақ қарап отырсың ба?
Наташа: Папа, менің сізге бір өтінішім бар
Прикодько: Айта ғой
Наташа: Тұрардың әкесін босатыңызшы.

Прикодько: Жоқ, қызым. Тұрардың әкесі – қылмыскер адам. Кісі өлтіргенді босатуға болмайды: Ал, сен бұдан кейін оңдай іске араласпа. (Пауза)




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2024
3485
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі