Материалдар / Тұрар Рысқұлов Ұлы тұлға
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тұрар Рысқұлов Ұлы тұлға

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұрар Рысқұлов туралы қосымша ақпарат. Ұлы тұлға ретінде тану жолдары. Туылған жері, қызметі жайында танымал қоғам қайраткерелінің ой пікірі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қазан 2021
413
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тұрар Рысқұлов-тарихи тұлға

Халқымыздың аяулы перзенті,көрнекті мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұлов қазіргі Алматы облысы,Талғар ауданында 1894 жылы 26 желтоқсанда дүниеге келген.Тұрар Рысқұловтың жеке басы туралы айта кетсек,оның кедей шаруада дүниеге келгенін,ерте жасынан анасынан айырылғанын,кіші кезінде ата-ана мұқтаждығын сезінгенін айтып кете аламын.Ол кіші кезінде ''түрме баласы" атанған болатын.Бұл ат бала Тұрарға әкесінің ісінен кейін берілген еді.Әкесі Тұрардың бала кезінде жеккөрінішті волост билеушісін өлтіргені үшін түрмеге қамалады.Бұл жала жабылып,Тұрар да әкесімен түрмеге аттанады.Түрмеде Тұрар приходканың бар жұмысын жасайды.Көптеген жыл өткеннен кейін,Тұрар өзінің досы ұлы Мұхтар Әуезовқа осы оқиғаны айтқан болатын.Ұлы тұлға бұл әңгімені    ''Қараш-Қараш"  фильмінде баяндайды.Әкесін Сібірге алып кетер кезінде Тұрар да бірге барғысы келеді,дегенмен,рұқсат берілмейді.Тұрар нағашыларына жіберледі.Әкесінің  аты Тұрарға кері әсер тигізеді деп ойлап,оның тегін Қырғызбаев  деп өзгертеді.Оқу шағында ол басқалардан ерекшеленеді,қазақ-орыс тілдерін жетік біледі.Бір уақытта ол Ташкентке 20 жасар уақытында оқуға бара жатады.Қаражат таба алмай жатқанын білген оның ағайындылары М. Тынышбаевқа Тұрардың жағдайын баяндайды.М. Тынышбаев Тұрарға үлкен көмек көрсетеді.Ол жалпы Тұрардың жетілген біліміне таңғаларлықпен қарайды.Кім оқысын ,оқымасын ,әйтеуір сен оқуың қажет деп жалпылама Тұрарға оқуға мүмкіндік береді.Оқуда озат болады,тек әлеуметтік жағдайы нашар болады.Солай ол инстутит директорына өз жағдайы туралы жазып,стипендия алуға мүмкіндік беріледі.Айта кетсек,ол кезде мемлекеттік стипендия алу өте ірі нәрсе еді.Ол 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс басталған кезде,оқуын тастап,елге эконмикалық және әлеуметтік жақтан көмек көрсетеді.Әрі ақпан және қазан төңкерістері кезінде ол тәжірибелі революционер болды.1917 жылы Қырғыз жастарының Революциялық одағын құрды.1918 жылы қазанда Тұрар Рысқұлов Түркістан денсаулық сақтау комиссары болып сайланады.Дегенмен,бұл қызметінен тез арада өзі бас тартады.Бар күшін сол кезде Қазақстанда жайлаған ашаршылықпен күресуге салады.Бар күшін ел көмегіне салу барысында Тұрар Рысқұловтың жеке өмірі керісінше нашар жүреді.Ол екі рет үйленеді.Бірінші әйелі Надежда Рыскулова болады.Ал екінші әйелі – Әзиза Рыскулова(Түбекқызы) болады.Тұрардың қыздары мен бір ұлы болады.Ұлы-Ескендір Тұрарұлы 1937 жылы Тұрармен бірге тұтқынға алынады.Ол жерде туберкулез ауруына шалдығып,үйленбей қаза табады.Тұрардың балаларының өмірінде ол үлкен рөл атқарды.Қуғын-сүргінге ұшыраушылардың қатарына кіргені Тұрардың өзіне де кері әсерін тигізді.Қазіргі уақыттағы көп адамның ойы да осы.Кейбір деректер бойынша адамдардың ойы:''Тұрар Рысқұлов 1944 жылы қайтыс болған.Оны Сталин атқызбай құпияда ұстаған болатын.Тұрарды өз пайдасы ретінде қолданып,алтын басты адам санаған'' дейді.Тұрар Рысқұлов шыныменде әр қырлы адам болған.Оның Қазақстанда қалдырған рөлі өте үлкен.Ол ашаршылықпен қатар ауылшаруашылығы мен егіншілікті өз жауапкершілігіне алған болатын.Оның қызы-Сәуле Рысқұлова да Қазақстанның өмірімен айналысты.Ол тек қана әкесінің тегімен танымал болмады.Сәуле Рысқұлова радиоэкология саласына өз үлесін қосты.Өзінің соңғы жылдарын әкесінің шығармашылығын және өмірін зерттеумен айналысты.Сәуле Рысқұлованың ұлы Заур  Рысқұлов анасы бойынша былай деген еді:''Ол өте қиын өмір сүрді.Әкесі Тұрар Рысқұлов секілді өз өмірін күресумен өткізеді,әкесінің лайықты қызы болды''.Айта кетсек,Сәуле Рысқұлова Семей ядролық полигонын зерттеуде өзін көрсеткен. Тұрар Рысқұлов Қазақстан тарихында үлкен орын қалдырған тұлға.Оның саяси өмірбаянын зерттеуші, белгілі орыс ғалымы В.М. Устинов былай деп жазады: «Рысқұлов жоғары білікті нағыз революционер болды. Бұл сымбатты емес, резонанстық интеллект емес, бірақ сөз бен істің толық үйлесімділігі бар әрекет адамы. Ол әрі теориялық ғалым, әрі прагматикалық практик: ол саяси көшбасшы болуға, бұқараның қозғалысын басқаруға арналған барлық деректерге ие »Тұрар Рысқұлов туралы деректер қалдырған ірі тұлғалар өте көп.Тіптен Сталинның өзі Тұрар Рысқұлов туралы өз ойында оның басқа тұлғалардан артықшылықтарын айтқан болатын.Тұрар Рысқұловтың өмірі мен шығармашылығы басқаларды терең ойға беттейді.Оның өмірі көпті қызықтырады.Қазіргі уақыттың өзінде Тұрар Рысқұлов туралы деректер толық емес.Дегенмен,қалай болса да,ең соңында өзгермес факт-Тұрар Рысқұлов тарихи және Қазақстанға жақсы жағынан үлкен үлес қосқан тұлға болып табылады.Әр адам өз елінің осындай тұлғаларын ешқашан ұмытпауы қажет.Мен Қазақстанның осындай тұлғаларын мақтан етемін!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!