400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тұраулы мүшелер

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұраулы мүшелер тақырыбындағы сабақ бастауыш сынып мұғалімдеріне пайдалануға болады. Осы тақырыпты өткен кезде оқушыларға сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді тапқызудың түрлі әдіс тәсілдерді біледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер 
Сабақтың мақсаты:

1.Бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құраудағы негізгі қызметін байқатып,тұрлаулы мүшелерді меңгерту. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері бастауыш пен баяндауыш туралы білімдерін кеңейту. 
2.Оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру, 
сөздік қорларын,тіл байлықтарын дамыту. 
3. Оқушыларды сауатты,таза жазуға,ұқыптылыққа, тәрбиелеу. 
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, талдау, түсіндіру
Сабақтың түрі: жаңа білімді игеру 
Сабақтың көрнекілігі: слайд , интерактивті тақта, суреттер, үлестірмелі қималар.
Сабақтың барысы: 
1. Ұйымдастыру бөлімі.
 
Оқу құралдарын, оқушыларды түгендеу. 
1.Психологиялық дайындық: 
Әрбір адам – досым, сыныптасым, 
Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық. 
Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық, 
Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 
- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз, әрбір ісімізге мұқият болайық.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақты пысықтау

-Сөйлем неден тұрады?

-Сөйлемнің неше түрі бар?

-Сөйлем мүшесі деген не?

-Біздер қандай сөйлем мүшелерімен таныстық?

3.Қызығушылықты ояту.

1-топ. Бастауыш туралы айтады

-Бастауыш дегеніміз не?

-Бастауыш қандай сөз табынан жасалыды?

2-топ.Баяндауыш туралы айтады.

-Баяндауыш дегеніміз не?

-Баяндауыш қандай сөз табынан жасалады?

-Енді,балалар, бастауыш пен баяндауыштың тағы бір ортақ қасиеті бар.Ол екеуі де сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

ІІ.Негізгі бөлім.

Мағынаны тану

-Сонда балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Тұрлаулы мүшелер»

-Кәне, балалар, сөйлемнің тұрлаулы мүшесінің анықтамасын айтып көрейікші.(2-3оқушыға айтқызып, қорытындылау)

-Кім сөйлем құрап, тұрлаулы мүшелер табар екен.

Тақтамен жұмыс

172-жаттығу.Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз.

Балалар Ақлима әжейге көмекке келді.Қыздар үй тазалады, ұлдар отын жарды. Ақлимаәжей балаларға риза болды.

Мәтінмен жұмыс.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыста қандай өзгерістер болады?

Қыс

Қыс түсті.Қар жауды.Қанат пен Алмат қар күреді.Олар қардан аққала жасады.Демалыс көңілді өтті.

Терме диктант.

1-топ:Мәтіндегі бастауышты табу керек.Қыс,қар,Қанат,Алмат,олар,демалыс.

2-топ:Мәтіндегі баяндауышты табу керек.Түсті,жауды,күреді,жасады,өтті.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,
Белге қолды қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Бір, екі, үш,
Бір, екі, үш,
Жоғары қолды созамыз,
Тып - тыныш қана отырамыз

Топтық жұмыс. 

Көп нүктенің орнына бастауыштарды қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз. Тұрлаулы мүшелерді тап.

Жолаушылар, Жанар, жер, сиыр, тапсырма, Дархан

... аттанды

... сауылды

... оқыды

... тегістеді.

... орындалды.

... келді
Жолаушылар аттанды. Сиыр сауылды. Жанар сабақ оқыды. Жер тегістеді. Тапсырма орындалды.Дархан даладан келді 
1) Жолаушылар не істеді? (аттанды – баяндауыш етістіктен жасалып тұр) 
Кімдер аттанды? (жолаушылар – бастауыш зат есімнен жасалып тұр) 
2) Сиыр қайтті? (сауылды – баяндауыш етістіктен жасалып тұр) 
Не сауылды? (сиыр – бастауыш зат есімнен жасалып тұр) 
3) Жанар не істеді? (оқыды – баяндауыш етістіктен жасалып тұр) 
Кім оқыды? (Жанар – бастауыш зат есімнен жасалып тұр) 
Топтық жұмысты орындалып болғаннан кейін, оқушылар ауызша сөйлем мүшелеріне талдап, қорытынды жасайды. 
ІІІ.Қорытынды:

Шығармашылық жұмыс.

Берілген сызба бойынша сөйлем құра.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тап.

1-топ.

1.______ ______ _____ ______.

2.______ ______ _______ ______ ________?

3.______ _______ _______!

2-топ.

1._______ ________ ________ _________ __________ .

2.________ ________ ________ ?

3._________ __________ ____________ __________ !

Ой толғаныс.

-Кестені толтырамыз.

Білетінім

Үйренгенім

Білгім келеді

Бастауыш

Баяндауыш

Тұрлаулы мүше

Басқа да сөйлем мүшелерімен танысқым келеді



8.Үйге тапсырма. 173-жаттығу.
Бағалау: Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалаймын.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1190
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі