400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Түрік қағанаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Түрік қағанаты туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы



Жоспар:


1.Кіріспе

Жылқы шаруашылығының ерекшелігі

2.Негізгі бөлім

1.Жылқы шаруашылығының маңызы

2.Жылқы түрлері

3.Жылқы тұқымдарын шығару әдістері

Қорытынды бөлім

Пайдаланған әдебиеттер тізімі






















Кіріспе

Жылқы шаруашылығы ауыл шаруашылығының бір қатар ерекшелігімен сипатталатын саласы. Осы ерекшеліктердің ішінде маңыздысы болып оның өннімділігі – адамға пайдалы механикалық еңбек көрсетуі болып табылады. Екінші маңызды сипаты – оның асыл тұқымды өсіру, немесе ат зауыты деп аталады, және жылқы шаруашылығы, ол жұмыстық және өнімділік деп екі бағытқа бөлінеді.

Осындай бөліну жылқыны ет–сүт дегендей өнім алуда, пайдалы жұмыс істеуде және спорттық мақсаттарда бір мезгілді пайдаланғанда асыл тұқымды пайдалану мүмкін еместігінен.

Адамзат тарихы жылқыны пайдаланумен өте тығыз байланысты. Тіпті жылқысыз адам өмірін елестетіп көруге де болмайды. Көптеген ғасырлар бойы жылқы адамның көмекшісі және адал досы, серігі болып келеді.

Ал бүгінгі таңда адам өмірінде бірталай салада жылқының көмегін әр түрлі машиналар алмастырған, бірақ жылқы адам үшін бәрібір де керекті әрі жақын үй жануары болып табылады.

Жылқыны пайдалану сферасы кемімей тіпті өсіп келеді деуге де болады. Бүгінгі таңда жылқы тек тарту күші емес, сонымен қатар көлік те болып табылады. Спорт саласында да жылқыны пайдалану өте кең тарлып келеді. Ипподромдардағы әртүрлі кәсіби спорт түрлері, бәйгелер, ат шабыстар көптеген әуесқойларды, жанкүйерлерді және қызығушыларды еліктіріп тартып тұрады.

Ұлттық ат спорт түрлері қауымның кең тарапына тиімді әрі қазіргі кезде тамалдылығы артып ккеледі






Қазақ халқы үшін маңызы

Қазақ халқы арасында әлі күнге дейін сақталған ат тұлдау, яғни, қайтыс болған адамның мінген атын тұлдап жіберіп, бір жылдан соң асында сою ғұрпын сақ заманынан сақталған дәстүрдің жалғасы деп есептеуге болады. Айбынды атты әскерінің көмегімен қаһарлы елге айналып,Еуразия құрлығында үстемдікке қол жеткізген, сөйтіп адамзат өркениеті тарихында өшпес із қалдырған кейінгі ғұндар, Түркі қағанаты, Шыңғыс хан империясында да жылқы малы қатты қадірленген. Осы мемлекеттерді құраған тайпалардың негізінде ұйысқан қазақ халқының дүниетанымында, ділі мен тілінде жылқыға қатысты өзгеше философиялық және мәдени жүйе қалыптасқан. “Адам – жылқы мінезді” дейді қазақ халқы. Бұған “жылқы – малдың патшасы”, “жігіттің сорлысын аттың жолдысы теңейді”, “ат – ердің қанаты” т.б. жүздеген мақал-мәтелдерді қоссаңыз, қазақ халқының адам мен оның жан серігі атына біртұтас әлем ретінде қарағанына көз жеткізуге болады. Адамның азамат қатарына қосылуының өзін “ат жалын тартып мінді” деп бейнелейді қазақ халқы. Жас баланың алғаш атқа отырғанын атап өту рәсімі – тоқым қағартойынан бастап, адамның бұл өмірден өткенінің белгісі ат тұлдауға дейінгі бүкіл пәнилік тіршілікті жылқымен байланыстырған қазақтар біреумен жауласса “ат құйрығын кесіскен”, біреудің алдында кінәлі болып қалса “ат-шапан айыбын төлеген”. Сыйлы қонаққа ат мінгізу, күйеу жігіттің қалыңдық алуына алғаш барғанда ат байлауы, ұрыс кезінде жау қоршауында қалған қолбасшыға ат сүйек беріп құтқару, т.б. дәстүрлер, атқамінер, атқосшы, атшабар, т.б. лауазымдар жылқының қазақ халқының шаруашылығында ғана емес, әлеуметтік өмірінде де үлкен мәнге ие болғанын білдіреді.

Танымал жылқылар

Дәстүрлі қазақ қоғамында жүйрік жылқы тек иесінің ғана емес, бүкіл рудың, аймақтың мәртебесін өсірген. Олар туралы әндер мен күйлер шығарылып, есімдері халық жадында ұзақ сақталған. Мысалы, бүкіл Қазақстанға танымал Құлагер, Жетісуға мәлім болған Көкбайтал, Оңтүстік Қазақстан мен Қырғызстанның біраз жеріне даңқы жеткен Қараат, 20 ғасырдың 60-жылдарындағы Б. Кітапбаевтың Құланқарасы, Бұланқарасы, Желмаясы, т.б.

Жылқы түрлері

Қазақ халқы жылқы малын 3 топқа бөлген. Белгілі этнограф М.Бабажановтың  1871 ж. Ресейдің “Журнал охота” (ғ6, 7, 11, 12) және “Журнал коневодство и коннозаводство” (ғ4, 5, 6) басылымдарында жарық көрген мақалаларында қазақ халқы өсіретін жылқыларды үш топқа бөледі:

  1. күшті, еті тығыз аттар. Ауыр жұмыстарға, жүк тартуға, көші-қоңға пайдаланылған;

  2. жүрдек аттар. Күші мығым ат пен бәйге атының арасындағы, салт жүріске жарамды жылқылар;

  3. жүйрік аттар. Осы соңғы топтың өзін автор қарғыншыл ат (2, 4, 8 верст қашықтыққа ғана шабатын ұшқыр ат), қашағаншыл (бұл да аз қашықтыққа, асауды қайыруға пайдаланылады), шын жүйрік ат деп бөледі.

Зерттеушінің бұл пікірі қазақ халқының жылқы шаруашылығындағы белгілі бір жүйе болғандығын қуаттайды. Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік

жылқыларды тұлпар, арғымақ, сәйгүлікдеп әлпештеп, ерекше күтімге алған. Ал ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді жылқыны қазанат деп атап, оны да ерекше бағалаған. Ал еті мен сүті үшін өсіретін қалған жылқылар жабыдеп аталған. Қазақтың жабы жылқысы жайылымда жақсы семіреді. Семіртіп сойған жабы жылқыдан 53 – 57%, кейде 60% ет алынған (230 – 250 кг). Қазақ халқы жылқы етінен қазы,қарта, жал, жая, т.б. дәмді тағамдар әзірлеп, терісі мен қылын да шаруашылыққа пайдаланған (қ. Тулақ, Жүн). Ал жабы жылқының биелерінен тәулігіне 18 – 20 л сүт сауылған (қ.Қымыз). Сүті мол бие мама бие деп аталған. Бие желінінің сүтке толып, сауылатын мезгілін сауым дейді. Ол бас сауым (күні бойы сауылатын биенің ең алғашқы сауымы), жебей сауым(бас сауымнан жарты сағат өткеннен кейін биені қайта сауу), кенже сауым (биені өріске ағытар алдындағы соңғы сауым), т.б. болып бөлінеді. Ал құлындамай қалған биелерді қысырақдеп атайды.

Жылқы атаулары

Жалпы қазақ тілінде жылқы өсіруге, оның мінез-құлқына, жасына, жүрісіне, т.б. байланысты ұғымдар мен атаулар өте көп. Мысалы, жылқы төлдерін:

  • құлын (биенің жас төлі),

  • жабағы (6 айдан асқан құлын),

  • тай (1 жастан асқаны) деп атайды.

Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны яғни байталды:

  • құнажын байтал (2 жастан асқаны),

  • дөнежін шығар (3 жастағы байтал),

  • дөнежін байтал (3 жастан асқаны),

  • бесті бие (4 жастан асқаны),

  • қасабалы бие (7 – 8 жастағы бие),

  • кәртамыс бие (11 – 14 жастағы бие),

  • жасаған бие (20 жастан асқан бие), т.б. атайды.

Піштірілмеген еркек жылқының яғни айғырдың атаулары:

  • құнан айғыр (2 жастан асқаны),

  • дөнен айғыр (3 жастағысы),

  • сәурік айғыр (3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны),

  • бесті айғыр (5 жастағысы),

  • сақа айғыр (11 – 12 жастағысы), т.б.

Қазақ халқы салт мінуге немесе союға арналған еркек жылқыларды жас кезінен піштіріп (тарттырып деп атайды) жібереді. Қазақ тіліндегі ат ұғымы, көбінесе, осындай жас кезінен піштірілген, салт мінуге арналған жылқыға қатысты айтылады. Піштірілген жылқылар үйірге қосылмай, бөлек



жайылады. Сондықтан оларды саяқ жылқылар деп атайды. Саяқ жылқылар атаулары:

  • ат (піштірілген еркек жылқы),

  • сақа ат (11 – 12 жастағысы),

  • шобыр (жүк артуға, ұзақ жолға төзімді ат),

  • тұғыр (салт мінуге қолайлысы),

  • мәстек (аш-тоқтығын білдірмейтін жуас ат),

  • азбан (кеш піштіріліп, айғырлық мінезін қоймайтыны), т.б.



Жылқы жүрісі табиғи және жасанды болып екіге бөлінеді.

Табиғи жүріс – жылқыға адамның үйретуінсіз біткен жүріс (аяң, желіс, шабыс, жорға).

Аяң жүріс – жылқының ең жай жүрісі. Мұнда ол алдыңғы оң аяғы мен артқы сол аяғын кезек басады. Өгіз аяңда – алдыңғы аяқтың ізіне артқы аяқ жетпейді. Аяңшыл жылқыға кәдімгі ат бүкіл желіспен әрең ілеседі, аяңшыл жылқының артқы аяғы алдыңғы аяқтың ізінен асып түсіп отырады (сағатына 5 – 7 км жүреді).

Желіс – аяңнан гөрі өнімдірек жүріс. Бұл бүлкіл, бөкен желіс, сар желіс болып бөлінеді.

1.бүлкіл – желістің ең жай түрі (сағатына 13 – 15 км);

2.бөкен желіс ұзақ жолға қолайлы (сағатына 20 км) - жолаушыға да, жылқыға да бөкен желіс тиімді.3.

3.сар желіс – желістің ең шапшаң түрі (сағатына 50 км-ге дейін). Мұңдай желіс желгіш жылқы тұқымдарына ғана тән. Бірақ жылқы сар желіске ұзақ төзе алмайды.

4.Шабыс – жылқының желістен де тез жүрісі. Мұның жай түрін майшоқырақ деп атайды, өйткені адамға тыныш келеді. Мұнан қарқындысын жай шабыс, ал жылқының бар мүмкіншілігінше шабуын ағынды шабыс (мысалы, ағынды жылқы) деп атайды, яғни мұндай жылқы қысқа қашықтықты өте тез алады. Бұл – әсіресе ақалтеке жылқысына тән қасиет.

5.Жылқының өзге жүрісінің бірі жорғалау жарыс және қарғу. Қарғуға жылқыны жаттықтырады. Жаттыққан

жылқы 2,47 м биіктіктен, ұзындығы 8,3 м ордан қарғи алады.

Дәстүрлі қазақ қоғамында жылқы өсіруге оларды салт мінуге арнап ер-тұрман жасауға, тіпті жылқыға тіл қатуға қатысты ұғымдар мен атаулар да көп болған.

Жылқы аурулары

Қазақ халқы жылқының маңқа, қара өкпе, шойырылма, қарақапталкиеңкі,жамандат,мандам,боғымалы,қыршаңқы, өлі, желін құрт, сары ауру, жалақ, жауыр, шилі қара, лоңқа, өлі ет, қара дақ, т.б. ауруларын дәл ажыратып, олардан емдеудің өзіндік тәсілдерін жақсы білген.

Жылқы шағылысуға 1,5 жаста жетіледі, бірақ көбеюге шаруашылық‑тиімді мерзім 3-3,5 жас болып табылады; өсімі 5-6 жаста тоқтайды. Буаздық мерзімі шамамен 11 ай. Бие әдетте бір құлын туады. Суалмайтын кезеңі 6-8 ай. Биенің сүттілік өнімділігі тәулігіне  11-15 л сүт (ерекше сүттілері — 25 л-ге дейін). Бұл құлынды өсірумен қатар, сүттің едәуір бөлігін қышқыл сүт өнімдеріне жататын қымызды жасауға мүмкіндік береді.

Жұмысшы тұқымдарының құлындарын жұмысқа 2 жасынан үйретеді. Буаз биелерді күн сайын аулаға, ал ауа райы жақсы болғанда далаға 2-3 сағатқа серуендеуге жібереді. Жылқыны ет үшін 1,5-2-жасқа дейін өсіреді, бұл кезеңде жылқының жас еті ең жоғары сапалы болады. Жылқының өмір сүру жасы – 25-30 жыл, шаруашылықта пайдалану мерзімі – 14-15 жыл, асыл тұқымдысы – 20-25 жыл.

Жылқы тұқымдары . Жалпы жылқы малы адам бұйрығының бәрін дерлік орындауға бейім.



Қазірде әлемде екі жүз елуге жуық жылқы тұқымы бар. Соның ішінде тоқталып өтуге тұрарлық тұқымдар.

Ахалтеке тұқымы. Әр дәуірдің әр кезеңінде, кез келген ұлттың  өз алдына сүйікті жылқы тұқымдары болған. Бірақ олардың бәрі бірдей уақыт сының көтере алмады. Көбісі жер бетінен мүлде жоғалып кетті. Алайда, Ахалтеке тұқымына өзгеше тағдыр бұйырыпты. Бұл жылқы тұқымы түркмен халқының қазынасына жатады. Тіпті, ең ежелгі жылқы тұқымдастараның санатында. Шамамен алатын болсақ, б.ғ.д. III-IY ғасырларда пайда болған.

Ахалтеке жылқылары шапшаңдық жағынан дес бермейді.  1935 жыдары түрікмен  салт аттылары Ашхабат пен Мәскеу арасындағы 4 мың 300 км-ді еңсеріп өткен. Бар-жоғы 84 күнде желіп отырып, ең қиын өткел болып саналған Қарақұмды 3 күнде басып өткен.

Жәуміт тұқымы. Түркіменстанның оңтүстік бөлігінде пайда болған, ең ежелгі тұқым. Ахалтеке тұқымына қарағанда жәуміт тұқымы қайырымды. Бастары дәу, мойындары төмен, аяқ қолы мығым келеді. Жүрісі аса жайлы. Қиындықты талғамай-ақ,  кез келген ауа райына төтеп береді.  Олар Ашхабад-Мәскеу аралығындағы жарыста 800 шақырым жерді 7 күнде тәмәмдап отырған.

Қарабайыр тұқымы. Орталық Азиядағы  ежелгі тұқым. Отаны - Өзбекстан. Әдебиет зертеушілерінің айтуынша, Өзбекстан бір кездері «даван арғымақтарымен» алыс шалғайларға танымал болған. «Қарабайыр» сөзінің мағынасы «қолда туып өскен» дегенді білдіреді.  Екіншілердің пікірінше - "жүк артылатын көлік", үшіншілер - "қарабайыр" -  "араб жылқыларының буданы" дейді. 

Қарабайыр жылқыларының болмыс бітімі бөлекше. Бас бөлігі төмен, қысқа мойынды, өнегелі жылқылар қатарынан.  Арбаға жегуде таптырмас көлік ретінде саналады.

Араб тұқымы. Бұл тұқым үлкен атақтарға ие. Жаратылу табиғатының өзі мифтермен араласып жатады. Кезінде еуропалықтар бір араб жылқысының құнының өзін өте жоғары бағалаған. Жер шарының кез келген елі жылқы шаруашылығында араб жылқысын қажет қылған. Ол таза қанды ағылшын, американ, венгер жылқыларының пайда болуында біршама үлес атқарған.

Араб жылқыларын біздің елде де жоғары бағалайды. Париж көрмелерінде  араб жылқылары ең таңдаулылар қатарында есептелген.

"Таза қанды" салт атты тұқымы. Бұл тұқымның жылқылары жүйріктік тұрғысында ешкімге дес бермейді. Сол үшін де бұл тұқымның жылқылары алтыннан да қымбат келеді.

Аталған тұқым XYII ғасырда Англияда  пайда болған.  Басқа да тұқымдардың пайда болуына үлкен ықпал жасады: Германияда - тракенен, мекленбург, ганновер, Венгрияда - фуриозо, нордстрад, нониус, АҚШ-та - салт атты, Польшада - поляк, КСРО да - қостанай тұқымдары.

Салт атты тұқымның бойлары ұзын болады.  Қозғауыш күштері аса жоғары. Өте қуатты, сезімтал саналады. Кей кезде еркеліктері шектен шығады екен. КСРО- ның, Қазақстанның, Грузияның, Өзбекстанның ат зауыттарынан табылады.

Дон тұқымы. Дон өзенінің жанындағы аудан орталығында пайда болған. Бастау тарихы осы маңға XV-XVI ғасырларда казактардың қоныс аударуынан басталады.  Казак шаруалары  Россияның оңтүстік бөлігін қорғайтын болғандықтан, салт атты тұқымға зәру болатын. Соғыс алаңындағы шешуші жеңіске аттың да қатысы барын казактар жақсы білетін. Сол себепті де олар бар жігерлерімен жақсы тұқымдар шығаруға талпынды.

Дон тұқымы өте қатаң ережелерге де құлақ асады. Олар жаздың аптабында да, қыстың суығында да  төзімділік көрсете алады. Тамақтану  жағынан қолайсыздық алып келмейді.

Буденный тұқымы. Кеңестік мамандардың арқасында 1921-1948 жылы Ростов облысындағы дүниеге келді. Сол кездерде жетекшілік еткен КСРО-ның  маршалы С. М. Буденный болатын. Дон жылқысы мен салт жүрісті жылқыларымен будандасуының арқасында, бұл тұқым бірден көзге түсті. Осы еңбегі үшін Буденный бастаған ең бірінші  Атты әскерлерлер құрмет ордендерімен марапатталды.

Аталған тұқым кез келген қашықтықта жақсы көрсеткіштерге жеткен. Олар - ұзын денелі, омыраулы, сүйекті, шапшаң болып келеді. Және төзімділіктерінде шек жоқ. 1946 жылы Сальск-Ростовтан Донға дейінгі қашықтықты 18 сағат 25 минутта басып өткен

Украинаның ұлттық тұқымы. Соғысқа дейінгі жылдар орыстың салт атты тұқымдары жақсы тасымалданған. Біраз бөлігі фашистер құртып жіберген. Сол үшін де салт атты тұқымның жаңа үлгісі жасалуға тиісті еді. Және ол ұзақ күттірмеді. Украина,  Александрвск зауыттары  осы тұқымды ойлап тапты.
Бұл жылқылардың бойлары, мығым денелері, әдемі де еркін жүрістері, түр-түстері адам қызығушылығын тудырары сөзсіз.

Қазақ тұқымы.  Жазиралы даланың бойындағы қазақ жылқылары аласа болып жайлып жүргенмен, шабыс жағынан келгенде ешкімнен кем түспейтін. Олар күніне үзіліссіз 70 шақырымды емін-еркін еңсеріп отырады.  Ашық аспан астында, кез келген температурада көнбістік көрсетеді. Әрі шөп талғау дегенді білмейді де. Бұған қоса, жергілікті тұрғындар  арасында  ұлттық ат жарыстарында табандары қызады. Қазақ жылқылары сүт өнімін көп береді.

Қазақ жылқысы бірнеше түрге бөлінеді. Соның бірі - Адай жылқысы. Адай жылқысы түрікменнің текежәуміт арғымағымен будандасқан делінеді. Ертеде түрікменнің «теке» руы «жәуміт» руына қарсы соғысқанда, өздеріне болысқаны үшін текелер адайларға бір сұлу қыз бен жүйрік ат берсе керек. «Қыз жақсысы мен ат жақсысы теке түрікменде» деген сөз сонан қалса керек-ті.

Қостанай тұқымы. Жергілікті қазақ жылқыларының  дон, орлов, т.б. тұқымдарымен будандасу арқылы, Челябин мен Қостанай облыстарында дүниеге келген.Қостанай жылқылары қандай жағдай болмасын алғыр, еңбекте төзімді болып келеді. Қазақтың ұлттық спорт ойындарында жарысқа жиі түседі: теңге алу, көкпар, бәйге, т.б.с.с.



Алтай тұқымы. Осы өлкенің ең атақты тумасы болып саналады. Олар аласа болғанмен, ат үсті жүрісінде, таулы өлкелерді саяхаттауда  ерекше көзге түседі.  Тұрқылары мығым, салмақты, ширақ болып келеді. Сол үшін де үйірге жиі қосылып тұрады.





























Қорытынды


Қазақстанның кең байтақ жерінде жылқының жоғарғы өнімді 17 тұқымы өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінілетін-жегілетін қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы көшім және жаңадан шығарылған мұғалжар жылқы тұқымдары бүкіл елемізге мәлім.
Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл шаруашылығы және тасмалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері қойылуда. Шаруашылықта құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік сатып алу тәртібі белгіленеді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз өндіретін фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсіру мен айналысатын кісілерді материалдық ұйымдастыруды күшейту шаралары да қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық із бен аналық ұяларды одан әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсаты мен жылқы шаруашылығында селекцичлық тұқымды асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген шаралар белгіленуі қажет.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Петухова Г.А., Емелина Н.Т., Крылова B.C., Мартяиов И.М., Антонова О.А. Ауыл шаруашылық, малдарын азықтандыру практикумы. - М: ВО. Агропромиздат,1990.

2. Богданов Г.А. Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру. -М: Колос, 1981.

3. Дмитриченко А.П., Пшеничный Г.Д. Ауыл шаруашылық малын азықтандыру /оқулық/. - М: Колос, 1975.

4. Петухова Е.А., Бессербова Р.Ф., Халенова Л.Д., Антонова О.А. Азықтарды зоотехникалық талдау. — М: ВО. Агропромиздат, 1989.

5.Исахан Кайрат Жәлелұлы Жылқы шаруашылығы «Нур-принт»баспа орталығы,Алматы,2003жыл


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
587
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі