жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті
Сабақ жоспары
|
Сабақ: Қазақстан тарихы Мектеп: №25 Г.Титов атындағы жом кмм Күні: 18.01.2018ж Мұғалім аты-жөні: Ф.Ырысбекова Сынып: 7 Қатысқандар: қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақ тақы рыбы: |
Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті |
||||||||||||||||||||||
|
Оқу мақсаттары |
6.2.2.5 көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін білу 6.2.2.2 ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіну 6.2.2.4 түркі кезеңінде қоғамды бейнелеуде М.Қашқари, Ж.Баласағұни, А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылықтарын түсіну |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаты |
Көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін біледі Ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсінеді Түркі кезеңінде қоғамды бейнелеуде М.Қашқари, Ж.Баласағұни, А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылықтарын түсінеді |
||||||||||||||||||||||
|
Ойлау дағдыларының деңгейлері |
Білу,түсіну,қолдану |
||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
X-XIII ғасырлардағы қолөнердің даму ерекшеліктерін айтады Көшпелілердің материалдық мәдениетін атайды Ортағасырлардағы сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіреді М.Қашқари, Ж.Баласағұни, А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылықтарын түсіндіреді |
||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсат |
Оқушылар орындай алады: тақырыптың мазмұнын оқи алады, мағынасын түсінеді, |
||||||||||||||||||||||
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: -кесене -терракота |
|||||||||||||||||||||||
|
Талқылауға арналған сұрақтар : 1.Көшпелі ортада қолөнердің қандай түрлері дамыды? 2. М.Қашқари, Ж.Баласағұни, А.Яссауи еңбектерінің тарихта алар орны? |
|||||||||||||||||||||||
|
Қандай мәліметтер ... деп ойлайсыз ? |
|||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
«Мәңгілік Ел» ұлт жоспары бойынша «Экономикалық өсу» қадамы |
||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыстар |
География |
||||||||||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары, ресурстар |
Оқулық, дәптер , карта, суреттер, қима қағаздар, интербелсенді тақта |
||||||||||||||||||||||
|
Бастапқы білім |
Көшпелілердің материалдық және рухани мәдениетін біледі |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақ кезеңдері, жоспарланған уақыт |
Сабақта жоспарланған Оқыту іс - әрекеттері |
ресурстар |
|
||||||||||||||||||||
|
Басы 10 минут |
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, топқа бөлу Үй тапсырмасын сұрау, бекіту «Тарсия» әдісін пайдаланып, оқушыларды топқа бөліп, үй тапсырмасын пысықтау.
/Б.з.б 3-2 мж Шығ. Түркістаннан Иран, Мысыр, Қытай мен Сирияға лазурит пен нефрит тасудан басталады 2.Император У-дидің батысқа жіберген елшілік керуені қай жылы қай мемлекеттен шықты? /Б.з.б 138 жылы Қытайдан/ 3.Ұлы жібек жолы өзінің атауын қай ғасырда алды? /Өз атауын XIX ғасырда алды/ 4.Сауданың басты түрі не болды? /Жібек матасы/ 5.Жібек матамен қатар тағы қандай заттар тасылды? /Иіссу, тәтті тағамдар, бояу, бағалы тастар, аң терісі, алтын, күміс/ 6.Жібек жолы мен ежелгі мәдениет пен қатар қандай өнер туындылары таратылды? /музыка, би өнері таратылды/ 7.Не себепті көпестер жолға жалғыз шықпады? /Бағалы заттар тасымалдаған соң қауіп-қатер көп болды?/ 8.Ұлы жібек жолы бойында керуенсарайлар мен қатар тағы нелер болды? /демалыс бөлмелері, тауар сақтауға, жүк артылған малға арналған жайлар, қоймалар болды/ 9.Тағы қандай сауданың түрі дамыды? /айырбас сауда дамыды/ 10.Жібек жолы бойында қандай қалалар ірі сауда орталықтары саналды? /Испиджаб, Кедер, Отырар, Тараз, Науакент, Баласағұн/ |
Қағаз қиынды лары |
|
||||||||||||||||||||
|
Ортасы 20 минут |
Сын тұрғысынан ойланатын тапсырма беру әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Оқушыларға интербелсенді тақтадан киіз үй, қару жарақ, тұлғалардың суреттерін көрсету. 1 тапсырма. Мәтінмен жұмыс I топ: X-XIII ғасырлардағы қолөнердің даму ерекшеліктері II топ: Көшпелілердің материалдық мәдениеті III топ: Ортағасырлардағы сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктері Дескриптор: -X-XIII ғасырлардағы қолөнердің даму ерекшеліктерін сипаттайды -Көшпелілердің материалдық мәдениетін анықтайды -Ортағасырлардағы сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін атайды 2 тапсырма. Кесте толтыру I топ: Ортағасырлардағы сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктері
Дескриптор: -X-XIII ғасырларда кеңінен қолданыста болған материал к үйдірілген кірпіш, ағаш, гипс, алебастр екенін жазады - Орта ғасырлардағы қазақ жеріндегі белгілі ескерткіштер Жошы хан мен Алаша ханды табады - Бабаджа-қатын кесенесі X-XI ғасыр, күйдірілген кірпіштен салынғанын жазады II топ: X-XIII ғасырлардағы қолөнердің даму ерекшеліктері
Дескриптор: -X-XII ғ айырбас сауданың ұлғаюынан қолөнер шеберханаларының артуын жазады - Көшпелілер арасында қолөнердің кеңінен дамыған түрі Тері мен жүн өңдеу, металл балқыту, ағаш пен сүйек өңдеу, зергерлік кәсіптерін табады - Көшпелілердің күнделікті өмірі, шаруашылығы, діни наным сенімдерін археологиялық зерттеу жұмысынан білетінін анықтайды III топ: Көшпелілердің материалдық мәдениеті
Дескриптор: - Көшпелілердің баспанасы киіз үй болғанын жазады - Полихромдық үлгіде жасалған бұйымдар үзеңгі, белдік, сырға екенін табады - Рубруктың дерегі бойынша ақ киізбен жапты, сүйек ұнтағын септі, кейде қара киіз пайдаланып жасалғанын жазады 3 тапсырма. «Сиқырлы сандық» сұрақтар әдісі бойынша тұлғаларды тану Әр топ басшысы сандықтан тұлғалар есімін таңдайды. Дескриптор: -әр топ өздері таңдаған тұлғаға сипаттама береді, еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіреді М.Қашқари Ж.Баласағұни А.Яссауи 4 тапсырма. Картамен жұмыс I топ: Көшпелілердің мекен жайын табу II топ: Кесенелер орналасқан жерді табу III топ: Тұлғалардың туып-өскен жерін табу Дескриптор Білім алушы -сақ, сармат, ғұн, қанлы, қимақ тайпаларының территориясын көрсетеді -Жошы хан Кесенесі, Бабаджа-қатын, Қарахан күмбезі кесенесі, Алаша хан, Айша-бибі кесенесінің орналасқан жерін көрсетеді -М.Қашқари, Ж.Баласағұн, А.Яссауидің туып-өскен жерін картадан көрсетеді Қ.Б: бас бармақ |
Интербелсенді тақта суреттер
Оқулық
А4 парағы
«Сандық» суреттер
Карта Кесене, тұлғалар суреті
|
|
||||||||||||||||||||
|
Соңы 10 минут |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі Бағалау: смайликтер арқылы Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып келу. |
|
|
||||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|
||||||||||||||||||||||
|
Саралау – оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? |
Б Бағалау тақтайшасына белгілеу арқылы бағалаймын. |
|
|||||||||||||||||||||
|
|
|
||||||||||||||||||||||
|
Пайымдаулар (Рефлексия) Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті , қай деңгейде өтті? Жоспарлаған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? |
|
|
|||||||||||||||||||||
|
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) 1. 2. Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпал тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1. 2. |
|
||||||||||||||||||||||
Тексерілді______________

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген