жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Түркі әлемі
Науайы атындағы жалпы орта мектебі
Тақырыбы: Дәстүрлі қазақ қоғамындағы Ислам діні мен мәдениеттің алатын орны
Орындаған: Ижанова Гүлжахан
Жолдасбекқызы
Қызметі: Бастауыш сынып мұғалімі
Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созақ ауылы
"Түркі әлемі"
Бүгінгі ұлы құбылыстардан
кейін қалмау керек. Халықтың өткен тарихын бүгінгі тұрмыс
тіршілігімен, мәдениетімен әдебиетімен байланыстыра жазған жөн.
Неден ұтып, неден ұтылып жатырмыз, соны оқушыға аңғартып отырса
жаман болмас.

![]()


![]()
![]()
Түрік мемлекетімен жасалып жатқан экономикалық және мәдени ғылыми байланыстар осындай игі істің алғашқы қадамы. жалпы біз түбі бір түркі халқымен біріккен үстіне бірігіп кіріккен үстіне кіріге түсуіміз керек.
О бастан -ақ бір бәйтеректің бұтақтары емеспіз бе? "Тырнақты етінен бөлуге болмайды" дегендей біз бір атаның балаларымыз.
Тарихтың да әділетсіз болар кездері бар ғой. Біз түркі тілдес халықтар мың жылдан кейін қайта қабысуға ұмтылып жатырмыз. Осындай кезде құм арасында шөгіп қалған жалғыз түйедей тарихи ескерткіштеріміздің діңі болып Қожа Ахмет Иасауи кесенесі тұр. Олны сақтау, ұрпақтан ұрпаққа дәріптеу арқылы біз бүгін мұсылман халқын елеңдетеміз. Әлем тарихымызды қасиеттесек ештеңеден кем болмаспыз.
Түркістанғ атаяу маңда өз дәуіріндегі адам баласының әдебиетімен мәдениетінің алтын көмбесі ретінде танылған Отырар жатыр. Әттең Шыңғыс ханның шапқыншылығында құрбандыққа шалынбаса шығар биігіміз тек қана асқақтай түсер еді -ау.
Тағы да қайталап айтам, Иасауи арқылы біз бүкіл мұсылман елдерін түркі халықтарын өзімізге тарта аламыз. Данышпан ақынның, қасиетті әулиенің рухын тірілтіп отырсақ ынтымақ пен бірлік жолындағы мақсатымыздың дұрыстығы дер едім. Бірлік бар жерде ғана ел дәулетті мәдениетті бола алады.
XV-XVI ғасырлардағы шығармаларды қарасақ, бұл қала бірде иасы қорғаны екінші бір тұста Түркістан қорщғңаны деп көрсетіледі. Оданда бұрынғы жазбаларға көз салсақ, негізінен Түркістан атауы бір жағы Отырармен екінші жағы Сауранмен шектесетін аймақтың атын білдіргендей.
Монғол дәуірінен кейінгі атқарған айрықша рөлі мен орны жайында Рузбиханның жазбаларында жан- жақты айтылады. "Иасы қаласына түрлі тауарлармен мен қымбат бағалы бұйымдар әкеледі сөйтіп мұнда қызу сауда өрістейді, қала саудагер көпестерінің жүктерін шешіп түсірер жан -жақтағы елдерге керуендер орны болып табылады". [1]
Атақ - дәріпі данышпандық тәлімі талай ұрпақты тамсандырған түркі жұртының заңғайыр ұлы перзентіҚожа Ахмет Иасауи туралы ел аузында да архив қорларында да бізді талай жаңалықтар тосатынын да тағы сеземіз.
Отырар өңірінің бір қатар тарихи орындары асқан ойшыл ақын қалын түркі жұртына сопылық ілімді таратушы Қожа Ахмет Иасауи есімісмен тығыз байланысты осы Отырардың іргесіндегі мазаратта Әзіреті сұлтанның ұстазы Арыстан бабтың және оның сопы данышпанның қабірлері жатыр.Отырардың бір қақпасының "Сопыхана" деп айтылғаны тарихи құжаттардан мәлім. Арыстан бабқа түне Қожахметте тіле- дейтін ата- бабаларымыздың жолын берік ұстанған нағыз шын берілген зират етушілер Отырар жеріне тағзым етпей тұрып, Түркістан шаһарына ат басын бұрмайды.
[1] Жібек жолы журналы 1991 ж. №3 4-5 беттер
Бүкіл түркі әлемінің сопылық бірлестіктері және олардың шайқылары Иасауиді өздріне пір етіп ұстаз деп таныған. Бұл жайлы тарихтан да мәлім. Ағылшын ғалымы Д.С. Примингел Қожа Ахмет Иасауиді түркілер арасында исламды таратушы, сопылық ілімнің түрлерін бағытының негізін қалаушы деп санады( Исламдағы сопылық бірлестіктер) яғни тайқазан мен мөрдегі жазулар осы бірбелгілі ереженің көрінісі, деп түсінген жөн. [2]
Қожа Ахмет Иасауи есімінің мөр бетінде басты орын алуы осы заттың иесі машхур бабаларымыздың өзі емеспе екен деген ойларға да жетелейді. Яғни бұл мұра Қожа Ахметтің жеке өзінің мөрі ме өкінішке орай, оның Қожа Ахмет Иасауидің меншікті мөрі деуге негіз жоқ болып отыр.
Әзіреті сұлтанның үш мөрі атты мақалада біріншіден Қожа Ахмет Иасауидың кесенесінде Әзіреті сұлтанның және шайқылардың аттары жазылған үш мөр болғаны нақты анықталды. Олар кәдімгі мөрлер атқарған міндет үшін жасалмаған.Бұл мөрлер Әзіреті сұлтан ғимаратына келген кейбір қадірлі зиятшыларға басылып беріліп отырған. Сәулетті орында болған үш мөрдің екеуі іс түссіз жоғалып отыр тек олардың қағазға түсірген бейнесі ғана бізге жеткен. Ал үшінші мөрдің өзі Шәуілдірдегі Нарымбет әулетінің көздің қарашығындай сақтап келуінің арқасында ол Қожа Ахмет Иасауи есімін қастерлеуші қауымға енді ғана әйгілі болып отыр.
Түркістандағы жер асты мешіті немесе әулие Құмшық ата хақында.
Жас кезінде Арыстан баб әулиеден тәлім тәрбие алып білімін жетілдірген Қожа Ахмет Иасауи соқыра суфизмді уағыздау жолында жан-жақты дайындығы мол дін қайраткері дәрежесіне жетті. Ол бұл мақсатын іске асыру үшін әлі де дәруіштік білім терең тамыр жая қоймаған Иасы қаласы мен Қаратау аймағын қалап алғалы мәлім. Өз қызметінің алғашқы кезеңінде жергілікті ислам дінінің ортадоксалды бағыты суфизмді жақтаушы дін қайраткерлерінен көп қарсылық кездестіреді. Аңызға сенсек, тіпті диқаншылықпен айналысатын сүйір деген тайпа өкілдері оның жалғыз ұлын да өлтіреді. Әйтсе де өз қөзқарасынан таймаған Ахмет уақыт өте келе суфизмді уағыздаушылар ішінен жарқырап шыққан жұлдыздардың біріне айналып даңқы бүкіл түркі әлеміне жайылды.

![]()


[2] Жібек жолы 1991 ж. № 4-5 10-11 беттер
[3] Түркілер Түркістан жерінің түркі бөліктеріне қауым немесе қауым басшыларының есімдерімен аталған мемлекеттер құрған бірақ олардың бір -бірімен байланыста болған. Ол мемлекеттердің билеушілері ешқашан өздерін "Түркістан сөзінен тыс тіркеспен яғни атаумен көрсетпеген , Түркістанда немесе ол арадан көшіп жетіп , басқа елдерде өмір сүрген түркілер саяси және мәдени өмірлерінде өздерін әрқашан Ұлы Түркі отбасының мүшелері" деп сезінген. Олар тарихта "Біз түркіміз", немесе "Біз түркістандықпыз" деген. Бірақ "Түркістан" аталатын мемлекет құрмаған.
Олар үшін "Түркістан " термині аталатын мемелекет құрмаған. Олар үшін "Түркістан" термині жинақылық ұғымды білдіретін жұрт атауы және шығу тегін білдіретін сөз. Бұл "Түркістан" сөзінен бас тартудың белгісі бола алмауы.
[4] Шет жерліктер Түркістан сөзін жайдан жай қолдана алмаған. Бұл өлкенің халықтары мен ұлыстары өздерінің отанын - ордасын осылайша атаған. Ол үшін тұрмыста , мәдениетте, дінде тілде, дәстүрлерде ортақ элементтер мен ұқсастықтар болуы шарт. Демек тдүркі рулар мен тайпалардан құралған ел осынау ортақтың негізінде өзін бір атауымен тәндестірген. Бұл бірлікті, жалпылықты, тұтастықты бір ғана сөзбен - Түркістан ұғымымен бейнелеген. Кейінірек тарихи дамуының барысында түркістандық өркениет аясынан арнасынан жекелеген мәдениеттердің (өзбек, қазақ, түркімен т.б) өсіп шыққандығы белгілі. Олардың әрқайсысының өзіне тән тарихы, мәдениеті, діні, өмірі, тілі мен әдебиеті , әдет- ғұрыптары , сазы халықтың дастандары, бейнелеу өнері, сәулетшілігі тұрмрысы , тағамдары сияқты , бірқатар өзгешеліктері бар. Сонымен қатар олардың әрбірі Түркістан өркениеті атты бәйтеректің бір бұтағы іспеттес.
Ясауидың рухани- танымдық көзқарасы қазақ ұлттық мәдениетінің ғана емес, бүкіл түркі мемелекеттері мәдениетінің өркендеуіне үлес қосты. Сондықтан да біз Ясауи сопылық ілімін меңгеру арқылы бүкіл шығыс фәлсафасымен таныспыз.
XV ғасырдың орта кезінен бастап түркі және басқа халықтардың азаттық жолындағы күресінің күшеюі ноғай қазақ, татар, қырғыз, өзбек, басқа халықтардың бір- бірімен бөлісуіне әкелді. XV ғасырда түрікмен халқы қалыптасты. 1356 жылы Құлағу мемлекетінің құлауы Әзірбайжан халқының қалыптасуына мүмкіндігін туғызды.
XIV-XV ғасырда Кіші Азиямен Баннан түбегін түркілердің бағындыруына байланысты Осман империясы дүниеге келді. Бұл мемлекет түркі тілінде сөйлейтін халықтардың ең көп сауы түрін халқын қалыптастырды. Түркі тілінде сөйлейтін жекелеген халық топтары дүние жүзінің ондаған мемлекеттерінде қалыптасып жатты.
[3] Жібек жолы 1991 ж. № 4-5 24-25 беттер
[4] Түркістан тарихы мен мәдениеті 2000 ж. 19-20 беттер
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Жібек жолы 1991 жыл №3 4-5 беттер
2. Жібек жолы 1991 жыл №4-5 10-11 беттер
3. Жібек жолы 1991 жыл №4-5 20-25 беттер
4. Түркістан тарихы мен мпәдениті 2000 жыл 19-20 беттер
5. Қазақстан тарихы 10-сынып 47-бет
6. О.Ғ Қазақстан тарихы 7-сынып

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген