400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Түркі тілдес халықтардың миграциясы Еуразия тарихына қаншалықты әсерін тигізді.

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық Тарих пәні мұғалімдеріне көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1A VI – IX ғғ. Қазақстан

Мектеп: №28

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Нысырбаева М.А.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Түркі тілдес халықтардың миграциясы Еуразия тарихына қаншалықты әсерін тигізді?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Әр түрлі тарихи оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы түркі тілдес тайпалардың миграция үдерістеріне ықпалын түсіндіру;

Түркі тілдес тайпаларды атап, олардың территориялық орналасуын картада көрсету.


Сабақ мақсаттары

Қазақстанның саяси картасын, тарихи үрдістерді, этносаяси бірлестіктердің қалыптасуы және миграцияның себептерін талдайды.

Бағалау критерийлері


Қолдану: саяси картада түркі тілдес тайпалардың миграция бағыттарын көрсете алады;

Сыни ойлау: түркі тілдес тайпалардың миграция себептерін төрттен кем емес топқа жіктей алады.

Анализ: Түркі тілдес халықтардың миграциясы Еуразия кеңістігіндегі тарихи оқиғаларға әсерін талдайды.

Тілдік мақсаттары

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Миграция, ассимиляция, саяси өзгерістер, экономикалық құлдырау, әлеуметтік-мәдени мәселелер.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Түркі тайпаларының миграциясының себептері...

...деректің негізінде келесі қорытындыларды шығаруға болады...

Келесі себептер/факторлар әлеуметтік/экономикалық/саяси/мәдени болып табылады.

Келесі себептер/ факторлар қысқа мерзімді/ орта мерзімді/ ұзақ мерзімді болып келеді.

Бірқатар факторлар келесі факторларға әсер етті, мысалы...

Ең басты өзгерістер / жетістіктер болды…

Оған қарағанда маңыздырақ болды, өйткені…

Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені…


Құндылықтарды дарыту




Мәңгілік Ел» идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы» құндылығын түркі тайпалары миграциясының себептерін, бағыттарын, жаңа этносаяси бірлестіктердің қалыптасуын талдау барысында жүзеге асады.

НЗМ құндылықтарынан «Функционалды сауаттылық», «Құрмет пен ашықтық» сабақ бойы іске асады.

Пәнаралық байланыстар

География, дүние жүзі тарихы пәндерінен алған білімдерін картамен жұмыс жасау барысында пайдаланады.

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында интерактивті тақта мен жеке ноутбук қолдануға рұқсат етіледі.

Бастапқы білім

Қазақстан жерінде моңғол экспансиясына дейін түркі тілдес тайпалардың этносаяси бірлестігі қалыптасқанын және олардың әлеуметтік – экономикалық, саяси, мәдени жағдайын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

«Ой қозғау»


Б Ой-шақыру. Мұғалім ой шақыру үшін оқушыларға «Миграция» ұғымын қалай түсінесіздер? деген проблемалық сұрақ қойып, топтық талқылауға ұсынады.

Талқылаудан кейін бүгінгі жаңа сабақпен сабақтастырады.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен оқу мақсаттары таныстырылады.


Сабақтың ортасы







Талдау – 20 минут















Сұрақ – жауап - 15 минут

М Оқушыларға «миграция» ұғымын және оның ерікті әрі мәжбүрлі болатынын, сонымен қатар «этнос», «миграция», «ассимиляция», «консолидация» ұғымдарын түсіндіру.

Миграция - [лат. migratio - көші- қон, қоныс аудару] - адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі.


М Мұғалім бұрын орын алған ғұн тайпаларының Алтай тауларынан Еуразия жеріне қоңыс аударғанын оқушылардың естеріне түсіріп, картадан көрсетеді.


Мәтінмен жұмыс.

Б/Д Оқушыларға түркі тайпаларының миграциясының қандай себептері болуы мүмкін? сұрағын қою.

Оқушылар мәтінмен танысып, миграция себептерін анықтайды. Оларды географиялық, әлеуметтік, саяси, табиғи, экономикалық, кездейсоқ, т.б. жіктейді. Әр топ өздерінің таңдауларын дәлелдейді.

Бағалау. Мұғалімнің кері байланысы.


Миграцияның себептері

Мысалдар

Географиялық


Саяси


Экономикалық






Зерттеу.

Т Төрт топқа зерттеуге белгілі бір тайпаны таңдатыңыз және мәтін таратыңыз. Мәтіндегі деректі қолдана отырып, әр топ өз тайпасының көші-қон бағыттарын стикер қолдана отырып картада белгілейді және олардың территориялық орналасуын картадан көрсетеді.


І топ - түркеш тайпаларының миграциясын,

ІІ топ – қарлұқ тайпаларының миграциясын,

ІІІ топ - оғыз тайпаларының миграциясын,

IV топ - қимақ тайпаларының миграциясын зерттейді.


Бағалау. Әр топ өз жұмысын сынып алдында қорғайды. Қалған оқушылар құрастырылған критерийлер арқылы бағалайды.

Критерийлер:

-тақырыптың ашылуы;

-дәлелдер келтіруі;

-ойын нақты жеткізуі.



Анализ.

Б Түркі тілдес халықтардың миграциясы Еуразия кеңістігіндегі тарихи оқиғаларға қаншалықты әсерін тигізді? деген сұрақ қойыңыз.



Т Мәтіндегі ақпаратты қолданып, түркі халықтарының миграциясы нәтижесіндегі үш маңызды өзгерістерді төмендегі аспектілер бойынша кестеге жіктеп жазыңыз.



Саяси


Экономикалық


Демографиялық


Мәдени



І топтүркі халықтарының миграциясы нәтижесіндегі үш маңызды саяси өзгерістер,

ІІ топ – түркі халықтарының миграциясы нәтижесіндегі үш маңызды экономикалық өзгерістер,

ІІІ топ - түркі халықтарының миграциясы нәтижесіндегі үш маңызды демографиялық өзгерістер,

IV топ - түркі халықтарының миграциясы нәтижесіндегі үш маңызды мәдени өзгерістерді зерттейді.


Әр топ жауаптарын сынып алдында қорғайды. Қалған оқушылар кестелерін толтырады.


Бағалау. Мұғалім оқушылардың жауабын толықтырып, қорытындылайды, кері байланыс береді.


forum-eurasica.ru





Youtube.com «Түркі халықтарының миграциясы»











«Орта ғасырлардағы дүниежүзі» картасы.

http://www.istorik.ru/maps/#middle

«Түркі халықтарының этникалық құрылымы» картасы.















«Түркі халықтарының этникалық құрылымы» картасы





Бимендиев А. Ш. Қазақстан тарихы мен мәдениетінің үлкен атласы. – Алматы: Abdi company, 2008.

Салғараұлы Қойшығара. Ұлы қағанат. – Астана: Фолиант, 2008.

Жайнаков Е. Ұлы дала мемлекеттері. – Алматы: Аруна, 2010.

Аманжолов Қ. Р. Түркі халықтарының тарихы. 1-2 кітаптар. – Алматы: Білім, 2002





http://e-history.kz/kz/contents/list/87(орта ғасырлардағы Қазақстан )











А3 форматты қағаздар, стикер, контурлы карталар.



Сабақтың соңы

Рефлексия



Үйге тапсырма

Б «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша оқушылардан кері байланыс алу.



Үй тапсырмасы: «Түркілер кеше және бүгін» атты тақырыпта эссе жазу









Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Оқушыларды топтарға бөлгенде әр топта қабілеті жоғары оқушылар болғанын қадағалаймын. орыс сыныптарында тілдік қабілеті жоғары оқушылар қалған оқушыларға қолдау көрсетеді.

Оқушылар өзара критерийлер арқылы бағалайды.

Мұғалімнің кері байланысы.

Интерактивті тақтамен мөлшерлі жұмыс жасайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ барысында ОМ толығымен ашылды. Оқушылардың көпшілігі оқу мақсаттарына қол жеткізді. Оны оқушылардың мәтінді талдау барысында, өз пікірлерін дәлелдермен негіздеу барысынан байқауға болады. Кейбір оқушыларға көмек көрсетілді.

Әр топқа басқа оқушыларға қолдау көрсету мақсатында тілдік қабілеті жоғары оқушылар отырғызылды.

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды. Жоспар бойынша барлық тапсырмалар орындалды.

Сабақ жоспарынан үлкен ауытқулар болған жоқ. Тек оқушылар білімдерін мәлімдеу барысында уақытты үнемдемейді. Сабақ уақытын тиімді пайдалануды арттыру керек.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Миграцияның себептерін жіктеу тапсырмасы жақсы нәтиже берді, бұл оқушылардың ауызша сөйлеулерінен байқалды.

2: Әр топ өз тайпасының көші-қон бағыттарын стикер қолдана отырып картада белгілеу тапсырмасы сәтті шықты. Бұл оқушылардың қызығушылықтарынан және орындалуынан байқалды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: уақытты тиімді қолдану

2: қызықты тапсырмалар

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Жұптық және топтық жұмыстар оқушылардың бірлесіп жұмыс жасау (бірін бірі тыңдау, өз пікірін білдіру, дәлелдер келтіру) дағдыларын жетілдіруге әсерін тигізді. Берілген тапсырмаларды орындау барысында топтағы оқушылардың әрекетін бақылауды, қажет болған жағдайда көмек көрсетілу керектігіне көз жеткіздім. Келесі сабақтарға уақытты тиімді қолдануды ескердім.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
4083
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі