400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Түркістан - тарихи қала

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани астанамыз Түркістан қаласы туралы, сол кездегі ежелгі қалалрымыз, ғалымдарымыз бен олардың еңбектері туралы мәлімет беріледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

ПШО Шымкент филиалы Баймусаева Айжан Туребековна

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Бөлім:

Қазақстан және «Ұлы Жібек жолы» Д.Досжан «Жібек жолы»

Педагогтің аты-жөні:

Баймусаева Айжан Туребековна

Күні:


Сынып: 6

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Түркістан – тарихи қала


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

6.1.1.1- тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілген мәселені болжау;

6.4.4.1- мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер, сызба-кестелер жасау;

Сабақтың мақсаты:

-тірек сөздер арқылы мәтіннің тақырыбын анықтау;

-бастапқы бөлігі арқылы көтерілген мәселені болжау;

-мәліметтерді жинақтап, кестелерді толықтыру;


ЕБҚ үшін (Зейін тапшылығы сирндромы, ЗТС)

-тірек сөздерді табу;

-мәтін мазмұнын өз сөзімен баяндау;

-тақырып бойынша кестені толықтыру;


Бағалау критерийі:

- тірек сөздер арқылы мәтіннің тақырыбын анықтайды;

- бастапқы бөлігі арқылы мәтіндегі көтерілген мәселені болжайды;

- алған мәліметтерді жинақтап, кестені толтырады;


ЕБҚ үшін: (Зейін тапшылығы сирндромы, ЗТС)

-мәтіннен тірек сөздерді табады;

-мәтін мазмұны бойынша өз ойын баяндайды;

-мәтінге байланысты кестені толықтырады;


Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу, түсіну, қолдану


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин







5 мин



Сәлемдесу

Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпта психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру

«Сәтті өтсін сабағымыз, Ашық болсын қабағымыз»

-Балалар, бір-бірімізге қарап, сәттілік тілейміз!


Үй жұмысын тексеру

«Сұрақ-жауап» әдісі арқылы тексереді

  1. Қандай әртістерді білесің?

  2. Саған қандай әртіс ұнайды?

  3. Қай әртіспен кездесіп, сұхбаттасқың келеді?

  4. Болашақта әртіс болғың келе ме?

Балалар бір-біріне қарап, жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді, бір-біріне жүрекшелер сыйлайды







Оқушылар мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді




Мұғалім тарапынан қолдау

«Жарайсың»

«Керемет»




«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады

Слайд

Интербелсенді тақта





Түрлі-түсті жүрекшелер

Сабақтың ортасы

5 мин





















7 мин















7 мин













10 мин













































7 мин

Тыңдалым алды жұмыс

Топтық жұмыс. «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбын болжау



ЕБҚ үшін:

«Пазл» әдісі. Сурет салынған қиындыларды құрастыру арқылы сабақтың тақырыбын болжау.





1-тапсырма. Топтық жұмыс. Бейнежазбаны көріп, тыңдалым бойынша сұрақтарға жауап бер.

https://yandex.kz/video/preview/11307332846736128540











Сөздікпен жұмыс. «Прожектор моделі» әдісі. Жаңа сөздермен таныстырады, оқушылар тыңдайды, қайталайды, сөз тіркестерін құрайды.

Көне - древний

Кесене – мавзолей

Күмбез - купол

Тарих – история

Саяси – политический

Мекке- священное место мусульман

Қасиетті – священное

Сәулет өнері - архитектура


Тыңдалым кезіндегі жұмыс.

2-тапсырма. Мәтінді тыңдап, мәтінге тақырып қойып, мағынасын түсін.

«Даналық ағашы» әдісі. Топтық жұмыс.

Түркістан-Қазақстан Республикасындағы тарихи қала. Ол бұрын «Ясы» деп аталған. Түркістан Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болған. Осы кезден бастап қала «Түркістан» деп атала бастаған. 1903 жылы Түркістанда теміржол вокзалы салынды. Қазір де Түркістанды дүниежүзі біледі. Ол «қасиетті жер» саналады. Себебі, Түркістанда XIV ғасырдың соңында тұрғызылған тарихи ғимарат- Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан. Кесене 1978 жылдан бастап мұражай ретінде жұмыс істей бастады. Ахмет Ясауи Оңтүстік Қазақстанда «Сайрам» деген жерде туған. Оның «Диуан Хикмет» («Даналық жайындағы кітап»)атты діни өлеңдер жинағы көне түркі тілінде жазылып, бірнеше рет басылған. Ахмет Ясауи өлеңдерінде жақсылыққа, әділдікке шақырады. Халықты басқа діндегілермен жауласудан сақтандырады. Түркістанды «Екінші Мекке» деп те атайды. Түркістанға келуші туристер саны жыл санап артуда.

ЕБҚ үшін: 1-тапсырма: Түркістан туралы мәтіннен тірек сөздерді тап және мәтінді өз сөзіңмен қысқаша баянда. « Болжау» әдісі







Тыңдалым соңы жұмыс.

3-тапсырма

Мәтінді тыңдап, негізгі және қосымша ақпараттарды табыңдар. «Т кестесі» әдісі

Түркістан-Қазақстан Республикасындағы тарихи қала. Ол бұрын «Ясы» деп аталған. Түркістан Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болған. Осы кезден бастап қала «Түркістан» деп атала бастаған. 1903 жылы Түркістанда теміржол вокзалы салынды. Қазір де Түркістанды дүниежүзі біледі. Ол «қасиетті жер» саналады. Себебі, Түркістанда XIV ғасырдың соңында тұрғызылған тарихи ғимарат- Қожа Ахмет Ясауи кесенесі орналасқан. Кесене 1978 жылдан бастап мұражай ретінде жұмыс істей бастады. Ахмет Ясауи Оңтүстік Қазақстанда «Сайрам» деген жерде туған. Оның «Диуан Хикмет» («Даналық жайындағы кітап»)атты діни өлеңдер жинағы көне түркі тілінде жазылып, бірнеше рет басылған. Ахмет Ясауи өлеңдерінде жақсылыққа, әділдікке шақырады. Халықты басқа діндегілермен жауласудан сақтандырады. Түркістанды «Екінші Мекке» деп те атайды. Түркістанға келуші туристер саны жыл санап артуда.

ЕБҚ үшін: 2-тапсырма. Мәтін бойынша «Сәйкестендіру кестесін» толықтыр

Оқушылар суреттер бойынша өз ойларын ортаға салады, сабақтың тақырыбын болжайды

Дескриптор:

-суреттер бойынша өз ойларын ортаға салады;

-сабақтың тақырыбын болжайды;







Оқушы сурет салынған қиындыларды құрастыру арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.

Дескриптор:

-қиындыларды құрастырады;

-сабақ тақырыбын болжайды;




Түркістан туралы бейнежазба көреді «Еркін микрофон» әдісі арқылы жетекші сұрақтарға жауап береді.

1.Қандай ежелгі қалаларды білесіңдер?

2.Түркістан туралы қандай мәлімет алдың?

3.Қазіргі Түркістан қаласы туралы не білесің?

Дескриптор:

-ақпаратты тыңдайды ;

-сұрақтарға жауап береді;



Тыңдалым, айтылым.

Жаңа сөздерді қайталайды, сөз тіркестерін құрастырады, жаңа сөздерді аудармасымен сөздік дәптерлеріне жазып алады.

Оқушылардың ықтимал жауаптары: көне қала, қасиетті жер, сәулет өнері дамыған, т.б.

Декриптор:

-жаңа сөздерді қайталайды;

-сөз тіркестерін құрайды;


Оқушылар мәтіндерді тыңдап, тақырып қояды, мәтін бойынша сұрақтар құрастырады, кеспеге жазылған сұрақтар қорапшаға салынады, сол қорапшадан барлық оқушылар бір-бір сұрақ алып, жауап береді.

Дескриптор:

-мәтінді тыңдайды;

-сұрақтар құрастырады;

-сұрақтарға жауап береді;










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18.11.2023
489
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі