400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Түркістан облысы ,Арыс қаласы Сегизбаева Б

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім сапасынының көтерудің негізгі факторларының бірі, негізі , мұғалім құзіреттілігінің қалыптасуына байланысты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сегизбаева Бағила Бердібекқызы

Тарих пәнінің мұғалімі

Түркістан облысы Арыс қаласы

И.Журба атындағы жалпы білім беретін мектеп



Тақырыбы: Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-білім сапасын арттыру кепілі.

Кіріспе.

Білім сапасын көтерудің жолдары.

Негізгі бөлім.

1.Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-білім сапасын арттыру кепілі.

I.Білім сапасындағы мұғалімнің құзіреттілігі.

II.Білім сапасындағы әдістердің тиімділігімен қолданылуы .

Қорытынды

Кіріспе.

Ұлы Абайдың: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», – деген сөздері ұстаздық мамандықтың болмысын ашатын сөздер емес пе?

Қазіргі қоғамда білімді ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздың еңбегі ұшаң теңіз. Өйткені ел болашағын тәрбиелеу , тұлға қалыптастыру ұстаздар қауымына үлкен міндет артып отыр.Қай қоғамда болмасын ел болашағын . жеке тұлғаны қалыптастыру жолында көп еңбектер атқарылып келеді. Қазіргі дамыған мемлекеттердің бәрі осы сүре жолдан өтіп,даму жолына түскенін тарих дәлелдеп отыр.

Қазақ қоғамында да білім саласында , жас ұрпақты тәрбиелеу жолында ұлттық негізде қалыптасқан рухани азық беретін мектептер қазынасы жас ұрпақты дамытуда қолданылып келеді .

«Тәрбиеші болу үшін , тәрбиеленген болу керек» деп Антон Макаренко айтқандай ,қазіргі технологияның дамыған ғасырында заман көшінен қалмай .технологияның бар қыр сырын меңгерген ,заманға сай ұстаз болу заман талабы болып отыр. Сондықтан кәсіби шеберлігі шыңдалған, құзырлығы жоғары, өз ісінің технологы болу ұстаздан нені талап етеді десек, ол мұғалімнің шығармашылық қызметтен, жеке ізденістерден үнемі білім жетілдіріп, оқуды талап етеді. Нәтижеге бағытталған білімдендірудің жаңа жүйесіне көшу мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда да жаңа көзқарасты қалыптастыруды, үнемі дамытуды талап етеді.Жоғары мәдениетті адам ғана осы қажеттіліктерді шешудің жолдарын іздейді, табады.Ойы жүйрік, ақылы терең, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, шығармашылығы биік, кәсіби шеберлігі жетілген, ізденуші, зерттеуші, жасампаз жаңашыл ұстаз – бүгінгі қоғамның тапсырысы. «Ұрпақ тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп,не істейтіні маңызды,бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не істейтіні одан да маңызырақ. Мұғалімдер, міне осысымен бағаланады» деп айтқан ежелгі грек шешені Цицеронның пікірі осы қоғамда да өз құндылығын жоймай келеді.

Білім сапасынының көтерудің негізгі факторларының бірі, негізі , мұғалім құзіреттілігінің қалыптасуына байланысты.

Негізгі бөлім.

Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты екені белгілі құбылыс.Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күман тудырмайды.Жастардың ақыл –ой әлеуметін барынша дамыту үшін білім беру жүйесін тиімді құра білген ұлттың еңсесі биік,абыройы жоғары болмақ. Н .Ә .Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық жолдауында көрсетілгендей:Оқушыларды қазақстандық патиотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу қажет......... ұлттық мінез –құлық ,биік талғампаздық, тәкаппарлық, тектілік, биік талғам , ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек дегені мәлім.

Білім саласындағы үлкен жеңіс «Мұғалім мәртебесі» заңының қабылдануы ұстаздар беделінің қоғамдағы орнын ерекше ойып көрсетті. Ендігі міндет –«ұстаз » ұғымына бүгінгі педогогика саласында еңбек етуші мұғалімдер лайықты болу шарт.Бүгін қоғамның білім беруге қойып отырған талаптары мен білім берудің нақты жағдайы Қазақстан Республикасының жоғарғы білім беруді дамыту стратегиясының негізгі мақсаты жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің жоғарғы  сапасын қамтамасыз ете алатын жоғарғы оқу орнының ұлттық моделін құру, білім беру негізінде кәсіби құзіретті мұғалім қалыптастыру. Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті атаймыз. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ.Жас ұрпаққа жоғары сапалы білім беру ісін тек қана мәдениетті ,шығармашыл,жаңашыл,сөзі көркем шешен ұстаз ғана мүлтіксіз атқара алады. Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады.

Жас өркеннің жақсы азамат, білікті тұлға ретінде қалыптасуы мұғалімдердің білімі мен кәсіби шеберлігіне , мемлекет пен халық алдындағы азаматтық парызына деген жауапкершілігіне тікелей қатысты. «Мектептің жүрегі – жақсы мұғалім» деп ұлы даланың дана педагогы Ыбырай Алтынсарин айтқандай, бүкіл мемлекеттің, тұтас ұлттың болашағы – ұстаздардың қолында. Жеке тұлғаның танымдық үрдістерін дамытуда, сондай-ақ, білім, білік, дағдыны, жалпы дүниетанымын қалыптастыруда оқыту әдістерін, жаңа оқыту технологияларын оқыту үрдісінде тиімді пайдалана білу мұғалім шеберлігіне байланысты. Жаңашыл ұстаз жаңа әдіс –тәсілдерді де орынды қолдана алады.

Білім сапасын көтерудің тағы бір жолы –тиімді әдәс-тәсілдер және оны қолдану жолдарының тиімділігі.Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды.  Осыған орай мұғалім алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды, тілдерді меңгеру, оларды тиімді қолдану міндеті тұр. Білім мазмұнының жаңаруымен қатар критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарды қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Жаңартылған білім мазмұны мұғалімнен әрекеттік технологияларды енгізу, балалармен адамгершілік қатынас қағидасын іске асыруы арқылы сыныптағы әрбір оқушының жеке қабілеттері мен шығармашылық қатынасын дамытуды қамтамасыз ететін іс-әрекеттерін ұйымдастыруды талап етеді. Заманауи мұғалім оқыту стратегиясының барлық мүмкіндіктерін қолдану үшін түрлі педагогикалық тәсілдерді қолдануда шеберлік танытып, жаңашыл болу қажет.

Қорыта келгенде,Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен-тарихтағы ең ұлы істің бірі. Тарих пәнінің мұғалімі ретінде маған үлкен міндет артылып тұрғанын сезінемін.Өйткені, тарихтың өткенін саралау.ол деректерді түрлі әдіс- тәсілдермен білім алушының санасына сіңіру,жеткізу ұстаздыңі шеберлігіне байланысты деп ойлаймын.

«Мұғалімге сөз өз ойын сапырылыстырып айту үшін берілмейді,басқаның ойына қозғау салу үшін беріледі »деп орыстың ұлы тарихшысы айтқан ой менің пікірімен жанасады.«Алты алаштың баласы бас қосқанда қадірлі орын - мұғалімдікі» деп Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаев айтқандай болашақта ұстаздарға көрсетілетін сый-құрмет ерекше болады деп сенемін.







Қолданылған әдебиеттер тізімі:



1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы Алматы 2010ж

2.«Педагог мәртебесі туралы » Заңы 2019.12.31

3.Білім шыңы -Ғылым сыры.№2 2017-№05 2019























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 мамыр
560
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі