400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Түркістан облысы.Қазығұрт ауданы.Өнер Жамалов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану сабағының жоспары Мектеп Түркістан облысы.Қазығұрт ауданы.Өнер Жамалов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп.

Мұғалімі:Бекенбаева Базаркуль Абжаппаровна.

Күні: 10.09.20ж № 1 сабақ

Тақырып Ақиқатты іздеу жолында Құндылық : Ақиқат Қасиеттер: ойдың, сөздің және істің бірлігі, өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білу, қайырымдылық. Пән мұғалімі: Сейденова А.Т. Сыныбы: 6 «а»

Сабақтың мақсаты: Өмір шындықтан қаланғанда ғана нағыз өмір екндігін түсіндіру.

Міндеттері: Білімділік: - ойдың, сөздің және істің бірлігі парасаттылықтың негізі екендігін ұғындыру;

Дамытушылық: - өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білуге баулу; Тәрбиелік: - қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: дәйексөз,

стикер қағазы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

(5 «Т» -ны сақтау) Тәртіп,Тыныштық, Тазалық, Татулықты сақтауға шақыру, Талап.

Жағымды көңіл-күйге ену «Орманға саяхатқа» шығамыз.


2.Үй тапсырмасы:

- Жазғы демалысты қалай өткіздіңдер? Әңгімелеп беру.





3.Дәйексөз

Шоқан Уалиханов

«Тек ақиқат, білім ғана күдік туғызбайды,

ол өмірді бағалауға үйретеді»

  • Ақиқат дегенді қалай түсінесің?

  • Күдік деген не?

  • Сен үшін Өмірің қаншалықты қымбат?


4. Әңгімелеу. Бек Тоғысбаев; Нұғыман Баяндин.

Адам адамгершілігінің негізі жөнінде

  • Ертедегі философтар неліктен ақиқат пен бақытты адамның рухани өзін-өзі жетілдіруінің негізі деп санаған?

  • Шоқан ақиқатты ең жақсы игілік ретінде қарастыру арқылы не айтқысы келді деп ойлайсыңдар?

  • Шоқанның өмір жолын адамзатқа қызмет ету жолы деп айтуға болама? Неліктен?

  • Шоқанның «кез-келген жағдайда да адам болып қалу» деген ұстанымын қалай түсінесіңдер?

  • Шоқанның ақиқат «ізгі ниет, ізгі сөз және ізгі іспен өмір сүруде» деген пайымдауының мағынасын қалай түсінесіңдер? Мысал келтір.

  • Ақиқатты қалай танып білуге болады? Өз пікіріңді білдір.

  • Жалпы ақиқат дегенді қалай түсінесің? Өзің ақиқатты қайдан іздейсің? Сеніңше ақиқатқа жетудің жолдары қандай?


5. Шығармашылық жұмыс; топпен жұмыс:

1 – топ: Кестеде берілген ұғымдарға сәйкес мағыналарын табу.

Ұғым

Анықтамалары

1.Адамгершілік


2.Адамзат


3.Ақиқат


4.Ізгілік


5.Игілік

А) Адамдарға деген адагершілік , сүйіспен- шілік қатынас, бұл өзге адамға жақсылық жасаудың негізі;

Ә) Ырыс, несібені, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым; адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, оның мүддесіне, мақсаты мен ниетіне сәйкес келетін нәрселер.

Б) Бүкіл адам баласы.

В) Адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. «Кісілік», «Изгілік», «Имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес.

Г) Таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестігі.


2 – топ: Төмендегі сөз тіркестерін пайдаланып, «ізгі ниет, ізгі сөз және ізгі іспен өмір сүретін» адамға мінездеме беріп, оның портретін жасаңдар.

Тиісті сөздер мен сөз тіркестері: ізгілік, беделді, зеректі, адам тағдыры, адамзатты сүю, болашақ, рухани, игілік, адамзат бақыты, өзін-өзі жетілдіру, мәнді өмір, адам болып қалу.

3 – топ: Қазақтың ұлы ақыны Абайдың 32 – қарасөзінен берілген үзінділер бойынша ойларын ортаға салу. Бұл сөздердің қазіргі таңда қаншалықты өзіңе қатысы бар деп ойлайсың?

  • ....ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.

  • Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!


4 – топ: Қазақтың ақыны, ойшылы Шәкәрімнің «Бар ғылым- ның түп атасы – таза ақыл мен ойлау» деген ойын талқылау.

Ақиқатпен қарулансаңыз , кім болса мейлі сол айтсын, әркімге бір жалтақтап, көзсіз ере бермейсіз, таразы да, қазы да өз бойыңызда, барлығы да әшкере болып тұрмай ма! Хош әуелі кез- келген істің басы – оның ақиқатын, ретін білмектікте екені даусыз. Олай болғанда ше, адам емдеудің ретін біліп алмай, дәрігер ем жасамақ па, болмаса кез келген адам ретін білместен ұшақ айдай ма, немесе зәулім үй тұрғызама, немесе қандайда бір техниканы жөндемек пе. Жоқ әлде жалаң ойыңа ғана сүйеніп, қиынның-қиыны адамдардың сан қилы қатынастарын реттемек пе?! Әрине жоқ. Мың жерден ақылды болсаң да, қандай да бір зат немесе құбылыстың ақиқатын танытар хақ білім алмасаң , оған тіпті маңайлауға да болмайды! Аса қауіпті! Міндетті түрде бүлдіресің! Бұл баз біреудің жеке қалауы емес – бұлжымас жаратылыс заңдылығының талабы.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 желтоқсан
1045
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі