Материалдар / Түрксіб теміржолы 10 кл
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Түрксіб теміржолы 10 кл

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Түрксіб теміржолы.Оқушыларға лексикалық тақырыпқа байланысты сөздерді орынды, дұрыс пайдалануға үйрету және тұрақты сөз тіркестерін дұрыс пайдалануға үйрету.оқушыларды әдепті сөйлеуге, таза жазуға, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қараша 2022
2190
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Түрксіб теміржолы

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: : Оқушыларға лексикалық тақырыпқа байланысты сөздерді орынды, дұрыс пайдалануға үйрету және тұрақты сөз тіркестерін дұрыс пайдалануға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды әдепті сөйлеуге, таза жазуға, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру жеке, жазба жұмысы,постер әдісі

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.—2мин

  • Сәлемдесу.

  • Оқушылардың сабаққа әзірлігін және құрал-жабдықтарының түгел болуын қадағалау.


Сабақ бастамас бұрын,фигуралар арқылы 2-топқа бөліп отырғызамыз,топтан басшы сайлаймыз.( жұлдызша,үшбұрыш)

1-топ-Әбілхан Қастеев

2-топ-Мұхаметжан Тынышпаев


ІІ. Үй жұмысын тексеру. Үй тапсырмасын сұрақ қою арқылы жауап береді-5 мин

Индустрия деген не,қалай түсінесіз:


ІІІ. Жаңа сабақ.

Лексикалық тақырып.(Түрксіб картинасы арқылы жаңа сабақ туралы көрсетеміз)

Картина арқылы сөзге тарту. Енді балалар, тақтаға қарап, суретте не бейнеленгені айтыңызшы. Сын тұрғысынан ойлау.


Оқылым алды тапсырмасы: «Миға шабуыл» арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын білім алушыларға таптыру

Дұрыс. Ә.Қастеев атамыздың туындысы ТҮРКСІБ ТЕМІРЖОЛЫ картинасы

Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

-Балалар, бүгін біз сабақта не істейміз? «Түрксіб теміржолы» деген тақырыппен танысамыз. Сабақта Түрксіб теміржолының тарихымен танысамыз. Тапсырмалар арқылы грамматикалық тақырыптар бойынша жұмыс жүргіземіз.

Ал енді, «Түрксіб теміржолы» туралы бейнероликтер көрейік (2-3мин)

«Түрксіб теміржолы» мәтінімен танысу(.Проектордан оқып жұмыс жасайды.)-сын тұрғысынан ойлау



2. Мәтінді оқып,теміржол индустриясы туралы ойларыңды айтыңдар. Құрылымы мен рәсімделуін, жанрлық ерекшеліктерін талдаңдар.

Кеңес Одағында көлік қатынасының,соның ішінде теміржолдың маңызы айрықша зор еді. Түсті металлургия, көмір және мұнай өнеркәсібін құру көлік қатынасына айтарлықтай тәуелді болды. Түркістан-Сібір теміржолы ХХғасырдың 20–30-жылдары салынған ең ірі құрылыстардың бір іболды.

Түрксіб Орта Азияның мақта өсіретін аудандарын Сібір мен Жетісудың арзан астығы мен Сібірдің ағашымен,ірі қарамен жабдықтауды қамтамасыз етуге,сондай-ақ Қазақстаннан Сібірге азық-түлік тасымалдауға, сол арқылы Сібірдің экономикалық дамуын жақсартуға жол ашты.

Теміржол Қазақстан экономикасының дамуының қуатты факторына айналды, әсіресе мал шаруашылығын және тау- кен ісін ілгері бастырды. Мақта егілетін жер аумағын шұғыл кеңейтуге, шетелден әкелінетін мақта мөлшерін қысқартуға мүмкіндік туғызды.

Т.Рысқұлов пен М.Тынышбаев қазақтарды теміржол жұмысына тартуға, оларды оқыту арқылы теміржол мамандарын дайындауға ерекше көңіл бөлді. Магистраль құрылысының жұмысына Кеңес Одағының ірі қалаларында оқып жатқан қазақ студенттері тартылды. Тек оңтүстік бөлігінің өзінде Орта Азия мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының 100-ден астам студенті жұмыс істеді. Түрксіб жаңа қалыптасып келе жатқан ұлт кадрларының, әсіресе құрылысшылар мен теміржолшылардың ірі ұстаханасына айналды.Олардың арасынан беделді басшылар мен танымал теміржолшылар шықты.

(А.Кадыров, Ж.Байхадамова)

1 – тапсырма.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер

Түркістан-Сібір теміржолы қай жылдары салынды

Т.Рысқұлов пен М.Тынышбаев кімдерді жұмысқа тартты


Оқылым-15 мин

ЖИГО тәсілі. Мәтінді оқып,бөліктерге бөліп оқып түсінгенін топ басшысы ортаға шығып айтады.


Сергіту сәті Көңілді күн(балалар орнынан тұрып билейді)-2.12мин

Жазылым ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР(видео арқылы көрсетемін)-15 мин

Тақтада сөйлемдердің орын тәртібін дұрыстап, орын-орынға қояды,синтаксистік талдау(АҚТ)

2002 жылы елімізде әуе тасымалымен айналысатын «ЭйрАстана» атты ұлттық әуе компаниясы құрылған болатын.

әуе тасымалымен, атты ұлттық, «ЭйрАстана», 2002 жылы, елімізде, әуе компаниясы, болатын, құрылған

«Эйр Астана» АҚ 2002 және 2010 жылдар арасында лизинг операциясы тәртібімен 22 жаңа әуе кемесін сатып алды. 

22 жаңа әуе кемесін, «Эйр Астана» АҚ, сатып алды, 2002 және, тәртібімен, 2010 жылдар арасында, лизинг операциясы.

Еліміздегі әуе тасымалының көлемі бойынша екінші орынды иеленетін ірі компаниялардың қатарында «СКАТ» авиакомпаниясын атауға болады. 

«СКАТ» авиакомпаниясын , Еліміздегі, ірі компаниялардың, әуе тасымалының, атауға болады, көлемі бойынша, қатарында, екінші орынды иеленетін.

2-топқа 2-түрлі тақырыпта жоба жұмысы-10 мин орындайды,5-мин қорғайды-Постер қорғау(ғаламтор арқылы ізденеді)*-топ басшылары бағалап отырады

Индустрия

Теміржол индустриясы


Бекіту.-3 мин(сұрақтар бойынша бекіту)

Билингвалдық компонент-5 мин

Сөзжұмбақ арқылы сөздерді табу және орыс,ағылшын тіліне аудару.

РЕФЛЕКСИЯ-3 мин

Смайликтер арқылы сабаққа баға беру


Ү. Үй жұмысы-3 мин


ҮІ. Бағалау.Топ басшылары өздерінің сабаққа қатысын бағалайды-3 мин







Shape1 3. «Салыстырмалы карта» әдісімен «Кешегі және бүгінгі теміржолторабы»

тақырыбын талқылап, сұхбаттасыңдар. Мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдаңдар.


Кешегі теміржол торабы

Бүгінгі теміржол торабы






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!