400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тұрлаусыз мүшелер 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
тұрлаусыз мүшлермен таныстырады; тұрлаусыз мүшелерге сұрақ қоя біледі; олардың сөйлем ішіндегі байланысын анықтай алуды үйренеді; сөйлем мүшелері туралы білімін пысықтайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сынып мұғалімі:

Аязбай Күмісбек Нөптуллаұлы





Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер

Сабақтың мақсаты: тұрлаусыз мүшлермен таныстырады; тұрлаусыз мүшелерге сұрақ қоя біледі; олардың сөйлем ішіндегі байланысын анықтай алуды үйренеді; сөйлем мүшелері туралы білімін пысықтайды.

Сабақтың әдісі: «Ой түрткі», «Ұқсастық пен даралық», «Дөңгелек үстел» стратегиясы.

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту

«Тұрлаусыз» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Топтағы оқушылар осы сөздерді қалай түсінетінін тез арада жазып шығады. Олардың пікірін тыңдағаннан кейін, тақтаға мынадай сөйлемдер жазылады:

Балалар келді.

Балалар ерте келді.

Балалар бүгін ерте келді.

Балалар мектепке бүгін ерте келді.

Бастауыш пен баяндауыштың астын сызып, олардың тұрлаулы мүшелер екенін естеріне түсіреді. Қалған сөйлем мүшелерінің қандай қызмет атқаратынын айтады. Олар не себепті тұрлаусыз аталатынын өздері қорытындылап айтады.

Мағынаны тану кезеңі

Кесте бойынша асты сызылған сөздерге сұрақтар қойылады.

Мысалдар

Сұрақтар

Машинаны Қасым жүргізді.


Аспанда құстар ұшып барады.


Аспаннан жұлдыздар көрінеді.



Кестені толықтырғаннан кейін, «Ұқсастық пен даралық» стратегиясы бойынша тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді салыстырады.

  1. Тұрлаусыз мүшелер жеке тұрғанда сөйлем жасай алмайды, тек сөйлем жасауға көмектеседі.

  2. Тұрлаусыз мүшелердің сұрақтары: кімнің?ненің?кімге?неге?нені?қандай?қанша?қашан?қайда? және т.б.

Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

.............

.............

Сөйлем мүшелері

....





Тұрлаулы мүшелер Тұрлаусыз мүшелер




Оқулықтағы жаттығу жұмыстарын орындау барысында оқушылардың тұрлаусыз мүшелер туралы біліиін кеңейту.


Ой толғаныс

«Дөңгелек үстел» стратегиясын қолдануға болады.

Әр топқа тек қана бастауыш пен баяндауыштан, демек, тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемдер беріледі. Осы сөйлемдерге топ мүшелерінің әрқайсысы бір сөзден қосып отырады.Қосылған сөздердің бір-бірімен байланысуын қадағалау керек. Сосын жұмыс топтары өздері құраған сөйлемдерді оқиды.

Бағалау.

Үйге тапсырма беру


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 қаңтар
657
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі