Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұрлаусыз мүшелер. "Тіл маржаны" факультатив 3- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге сабақта қолдануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер.

Сабақтың мақсаты:

1. Танымдылық тапсырмалар , сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту.Өздігінен қорытынды шығара білуге үйрету.

2. Танымдылық тапсырмалар , сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту.Өздігінен қорытынды шығара білуге үйрету.

3.Оқушылардың ана тілін сүюге адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, сөздерді түсініп, үлгі өнеге алу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: үлестірмелі карточкалар. тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Шырылдайды қоңырау.

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Табыс тілеп көзбенен.

Алға қадам бастаймыз.

ІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру.

Сөйлемде кездесетін қандай мүшелерді білесіңдер? Тұрлаулы мүшелерге нелер жатады?

Жадыра келді.

Қоңырау соғылды.

Мал өседі.

Жадыра қалаға келді.

Қоңырау қайта- қайта соғылды.

Мал төлден өседі.

Сөйлем мүшелеріне назар аударайық. Бағанның сол жағындағы сөйлемдер – тұрлаулы мүшелерден құралған. Бағанның оң жағында сөйлемдерге сөздер қосылған, ол сөздер сөйлем жасауға көмектесіп тұр. Бұл сөздер өздігінен сөйлемдер жасай алмайды.

ІІІ. Жаңа материалмен жұмыс:

  1. Жасырылған сөздер арқылы жаңа тақырыпты ашу.

  1. Топтастыру.

  1. Керекті сөздер арқылы сөйлем құрастыру, оларға сұрақ қою.

Жолаушылар аттанды. Әсем сабақ оқыды. Жер тегістелді. Тапсырма орындалды.

а) дәптермен жұмыс. жазу, қарамен жазылған сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? Ережемен жұмыс.

Қонақтар төрге отырды. Мөлдір шай жасады. Дастарқанды дәмді тағамға толтырды. Шайды әжесі құйды.

ІҮ. Сергіту сәті

Мақалдарды көшіріп жаз. Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің астын сыз.


Кең киім оңай тозбайды,

Кеңесті ел азбайды.


Соңғы екі сөйлемді сөйлем мүшелеріне

талда.

Лебі мұздай ызғарлы,

Алып келді қыс қарды.

Қысқа түндер ұзарды,

Ұзақ күндер қысқарды.

Ү. Ой қозғау кезеңі:

  1. Венн диаграммасы-тұрлаулы мүшелер мен тұрлаусыз мүшелерді салыстыру.

  1. Стикер. Тұрлаусыз мүшелермен сөйлем құрастыру.

ҮІ. Бекіту:

  1. Суретте не бейнеленген? Бес жол өлең құрастыру.

ҮІІ. Қорытындылау: Балалардың сабақтан алған әсерлерін, бағдаршамның 3 түсі арқылы көрсетуі.

  • Балалар, бүгін біз не үйрендік?

  • Сөйлемнің қандай мүшесімен таныстық?

  • Оларды неліктен тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер деп атаймыз?

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау:

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтама смайлигі арқылы бағалау.



























Шарбақты жалпы орта білім беретін мектеп









Shape1





Өткізген: Ағыбай М.Е.

Сынып: 3 қазақ











2015-2016 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
577
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11