жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Түрлі - түсті иірімдер
Аты-жөні: Оспан Ғалия Кәкімқызы
Қызмет орнының мекен-жайы: №68 «Балауса» бөбекжай бақшасы
Лауазымы: Тәрбиеші
Телефон номері: 87775599039
1
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі.
Білім саласы : Қатынас
Білім бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Түрлі – түсті иірім»
Мақсаты:
Тілдегі дыбыстарды ,дауысты , дауыссыз дыбыстарды айта алады.
Үй жануарлары, үй құстары , олардың төлдерін, салыстырмалы түрде жабайы аңдар мен дала құстарын тани алады, ажыратады.
Заттарды жалпы және ерекше белгілері бойынша топтай алады,
Кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағын мәнерлей алады.
Пішіндерді , заттардың көлемін ,түсін тани , атай алады.
Тұтас қағаз парағына бейнелерді орналастырады,ұжымда жұмыс істей алады.
Көрнекілігі: Бейнежазба, текше, фетрдан жасалған бұйымдар, қораптар, ширма, ертегі кейіпкерлері,жұмыртқа иллюстрациясы.
Әдіс – тәсілдер: Бөлшек суреттерді құрастыру, «Кубизм» әдісі, ертегі терапиясы , АҚТ технологиясы, т.б.
Билингвализм: балапан –цыпленок, тауық- курица, сиыр –корова, үйрек –утка, ешкі- коза, т.б
Тәрбиеші: -Балалар бүгін бізде өздерің байкап отырғандай ерекше оқу қызметі болмақ. сендердің білімдерің мен тапқырлықтарыңды көру үшін көп қонақтар жиналыпты. Ал бізді ғажайып сәттер мен қызықты оқиғалар күтуде. Қане бәріңді Шаттық шеңберіне шақырамын.
Шаттық шеңбері

«Сәлем, сәлем» ( Білім кидс платформасынан алынды)
-Балалар ал сендердің көңіл – күйлерің қалай?
-Халдарың қалай?
-Балалар мұнда қараңдаршы, біз сендермен осында жиналып отырғанда жақын маңдағы аулада мынадай оқиға орын алған сияқты.Экранға назар аударайықшы.
Проектормен «Ақылды балапан»ертегісінен үзінді көрсетіледі.
(балалар бейнежазбаны мұқият тамашалайды)
-Ой балалар кішкентай ақылды балапан осы жаққа бет алған сияқты, оған біздің көмегіміз керек болып қалуы да мүмкін.
Музыка әуенімен балапан топқа келеді:
Балапан : -Сәлеметсіңдер ме , балалар.
Балалар :-Сәлеметсің бе балапан.
Тәрбиеші: -Балапан біз сенің басыңнан өткен оқиғаға қанықпыз.Саған көмектесуге әрқашан дайынбыз.Қане , қараңдаршы мына жерде түрлі –түсті иірімдер кездесуде.Осы иірімдермен жүріп өтсе мүмкін балапанның анасына жолығармыз.Бірақ жолымызда кездескен тапсырмаларды орындап, ойындарды дұрыс ойнап жүрелік, жол қысқарсын.
1-иірім. «Адасқан мезгілдер»

Балалар 4 қораптағы жыл мезгілдерінің суреттерін тиісті орындары бойынша құрастырады, дұрыс құрастырса ағаш төрт жыл мезгілін бейнелейді.
-Қане ,балалар ағаштарды дұрыс құрастыра алдық па, ненің бейнесі пайда болды?
-Төрт мезгілді білдіретін ағаш бейнесі.
-Ендеше осы жыл мезгілдерінде болатын табиғат құбылыстары туралы кім әңгімелейді?
-Мынау қыс мезгілі . Қыс мезгілінде аппақ қар жауады, күн суытады, мұз қатады, боран соғады.Ағаш бұтақтары аппақ қар жамылыпты.
-Мынау көктем мезгілі. Көктем мезгілінде ағаштар бүршік жарады, гүлдер өседі,әдемі көбелектер ұшады , табиғат жасыл желекке оранады. Күн жарқырай түседі,
-Мынау жаз мезгілі. Жаз мезгілінде күн ысиды ,жазғы жемістер піседі, гүлдер өседі,күн ұзарып, түн қысқарады.
-Мынау күз мезгілі. Күз мезгілінде ,салқын жаңбыр жауады, жел тұрады, жапырақтар сарғаяды, қурайды.Айнала сап сары түске боялады.Тиін жаңғақ жақсы көреді.
-енді балапан анасын іздеу үшін түрлі түсті иірімдермен саяхатын жалғастырсын.
2-иірім. «Текше кереметі»

Тәрбиеші: -Балалар мұнда өте әдемі текше бар екен, ол жәй текше емес ,әр қабырғасында ғы тиісті суреттері қалташаларда орналасыпты.Оларды да өз орнына қоялық.
1-Қабырғасында «Кім қайда тұрады» Жабайы аңдар мен жануарларды өз жайларына орналастырады.

-Мынау жылқы.Жылқы үй жануарына жатады.Ол өте жүйрік, ақылды жануар.Жылқының сүтінен саумал, қымыз жасайды.
-Менің қолымдағы қой, ол да үй жануарына жатады. Төрт түлік малдың бірі. Қой бізге жүн, ет береді.Оларға біз жем, су, шөп береміз.Қойды да қораға жайғастыру қажет.
Басқа да жануарларды атап көрсетеді.
-Мынау аю.Аю жабайы аңға жатады.Ол орманда өмір сүреді.Аюдың баласы қонжық.Аю қыс бойы ұйықтайды.Балды жақсы көреді.
-Мынау Барыс .Барыс Қазақстанда кездеседі.Қызыл кітапқа енген өте сирек кездесетін аңдардың бірі.
Басқа да аңдарды атайды.
2-қабырғасында: «Кім қалай дыбыстайды» Үй құстары мен дала құстары жапсырылған .Қолына біреуін алып құстың атын және қалай дыбыстайтынын айтады және ағашқа , сарайға отырғызады.
-Мынау тауық.Ол үй құсы.тауық бізге жұмыртқа , жүн, ет береді.Әтеш ку ка ре ку деп дыбыстайды, ал тауық қыт қыт деп дыбыстайды.
-Мынау қаз.Ол да үй құсына жатады.Қаз суды жақсы көреді.Қаздың жұмыртқасын , етін пайдаланамыз.Қаздың майының емдік қасиеті өте күшті деп айтылады.
-мынау қарлығаш.Ол дала құсы.Адамдардың досы.Ол шиқ –шиқ деп дыбыстайды.
-Мынау торғай.Ол да дала құсы.Торғай қыстап қалатын құсқа жатады.Ол өте еңбекқор , батыл құс.
Осы орайда балалар балапанымызға өз анасын еске түсіруіне көмектесе отырайықшы.Сөздік ойын «Өз анаңды тап»
Түйе- бота, жылқы- құлыншақ, сиыр-бұзау,ешкі- лақ, қой- қошақан, ит –күшік, мысық- марғау, қоян- көжек, аю – қонжық, қасқыр – бөлтірік, тауық – балапан.
Балапан :- мен қатты шаршадым, - деп айтады.
-Олай болса балалар көңілді биге шақырайық кішкентай досымызды.
3-қабырғасында: «Хокки – поки » биі(Білім кидс платформасынан алынды)

«Ақылды балапан» ертегісі.

Балапан жылай бастайды.
-ой ой ой енді не істеймін түрлі- түсті иірімнен де шықтым, бірақ менің анам көрінер емес. Мен анамды қалай табамын.
Тәрбиеші: -балалар оқиғаның әрі қарай қалай өрбігенін көрелік.Отырып қарай қойыңдар.
Ширма бетінен жануарлар мен құстардың бейнесі көрінеді.
Автор: Аяқтарын енді ғана басып үйренген балапан жасыл шөп жеп тұрған сиырды көреді.Сиырға көз алмай ұзақ қарайды.
Сиыр:- Сен неге маған таңдана қарайсың?
Балапан :- Сен менің анамсың ба ?- деп сұрайды.Балапанның жазықсыз бейнесін көрген сиыр былай дейді:
-Му ,му менің қандай үлкен, әрі биік екеніме қара, сенің анаң менен әлдеқайда кіші.Мен сенің анаң емеспін.
Балапан : Ой,менің анам сізден кіші ме, : дейді де әрі қарай жол тартады.
Балапан жолда келе жатып , жапырақ жеп тұрған ешкіге кездеседі.Кішкентай балапан ешкінің жанына келіп :- Сіз сиырдан кіші сияқтысыз, сіз менің анамсыз ба?
Ешкі: -Ия мен сиырдан кішімін, бірақ менің төрт аяғым бар, алайда сенің анаңның екі аяғы бар, екі қанаты бар.
Автор : Ешкінің айтқанына одан әрі көңілі түскен балапан , саяхатын жалғастырады.сәл жүрген соң балапан қарқ –қарқ еткен дауысты естиді.Ешкінің айтқанын есіне түсіріп, мүмкін менің анам осы шығар деп ойлады.
-Сіздің екі аяғыңыз бен екі қанатыңыз бар екен .сіз менің анам болдыңыз ғой?
Қарға: - Ия менің екі аяғым және екі қанатым бар.бірақ мен сенің анаңна биік ұша аламын, ол мен сияқты қарқылдамайды, бірақ сен қайғырма сен анаңды міндетті түрде табасың.
Автор : Мұны естіген балапан әрі қарай жол тартады.Қарғаның айтқанынан күдігін сейілткен балапан кішкентай аяқтарымен тоғанға да жетіп, балапандарымен жүрген үйректі көреді.Қарғаның айтқан ұқсастықтарын көріп, қуанып кетеді де,
Балапан : -Анашым, анашым ,-деп үйрекке қарай жүгіреді.
Кішкентай балапанды көрген үйрек таңданып қалады.
Балапан :- Неге сонша таңданып қалдыңыз анашым, мен сіздің балаңызбын ,-дейді.
Үйрек: -Жоқ , қымбаттым ,мен сенің анаң емеспін.
Мұны естіген балапан жылап жібереді.
Балапан: -Енді анамды ешқашан таба алмайтын шығармын.,- деп ойлай бастайды.
Үйрек :- сен неге жылайсың қымбаттым.Сенің анаң мен сияқты кря кря демейді. Сенің анаң қыт қыт дейді.Тоғанның соңына барсаң анаңды табасың
Автор: Балапан әрі қарай жүріп кетті.Анадайдан екі аяғы бар, қарғанынкінен үлкен қанаты бар құс көрінді.қыт қыт деп дауыстады.
Балапан :-Анамды ақыры таптым ау деп , анашым анашым деп айқайлай жөнелді.
Балапаның даусын естіген тауық балапанын құшақтап , махаббатқа бөледі.
Тауық: -Сен неге үйде қалмадың?, мен саған азық әкелу үшін сыртқа шығып едім, саған қайта оралатын едім.- деді.
Тауық ана өзін қалай тапқанын сұрайды. Балапан анасына басынан өткен қиындықтарының бәрін айтып береді.Тауық ана болса балапанның қандай батыл екендігін естіп , өзін бақытты сезінді.
Міне осылай балапан басынан өткен қиындықтарының бәрін жеңіп, анасын тапқан екен.
Міне , өздері де осында. Қош келдіңіздер.

Тауық ана : Сәлеметсіңдер ме балалар.сендерге көп рақмет.мені іздеймін деп жолға шыққан балапаныма түрлі – түсті иірімнен шығуға көмектестіңдер.
Тәрбиеші:- Балалар ,тауық ана келіңізер мына тамаша өнер орталығында еңбектеніп көрелік.Жігітке жеті өнер де аз деген, балапан да үйреніп алсын.
Жеке жұмыс:



-
Қағаздан орама жасап, ішіне таяқшамен гүл сабақтары мен күлтелерін салу.
-
Жұмыртқа бейнесіне пішіндер орналастыру.
-
Кімнен кейін не? Ойынын құрастыру
Рефлексия: «Кім екен?»ойыны.

Балалар келісетін сөздерге «мен» деп ,келіспейтін сөздерге үндемейді.
-Балалар мен айтқан сөздермен келіссеңдер «мен» деп, жоқ болса үндемей , тыныш отырасыңдар.
-Кім балапанға көмектесуге дайын болды?
-Кім мезгілдерді жақсы біледі?
-Кім текшенің тапсырмаларын қиындықсыз орындай алды?
-Кім хокк покки биін шаттана биледі?
-Кім балапанға гүл шоғын сыйлап қуанта алды?
-Кім келген қонақпен амандасты?
-Кім тауық анаға жұмыртқаны әшекейлеуге көмектесті?
-Кім шулады?
-Кім «сыйлықты мен де алам» деп жылайды?
-Кім достарын ренжітуге дайын?
- Ең ақылды ұл мен қыз кім екен?
Тауық ана Мадақтап, мақтап сыйлық тапсырады, қоштасып шығып кетеді.
Тәрбиеші: Балалар өмір жолдарыңда кездесер түрлі иірімдерден адаспай , адамгершіліктен таймай , шығуларыңа тілектеспін деген тілекпен оқу қызметімізді аяқтағым келеді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген