400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

«Түрлі - түсті моншақ»

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешіге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
«Әлихан» І кіші тобы
Күні: 18.11.2016ж
Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық», «Коммуникация», «Денсаулық»
Бөлімі: «Сенсорика», «Аппликация», «Көркем әдебиет», «Дене шынықтыру»
Тақырыбы: «Түрлі - түсті моншақ»
Мақсаты: Балаларды негізгі үш түспен тыныстырып, (қызыл, сары, көк)түстерді ажытата білу
қызығушылықтарын арттыру. Көркемдік талғамын қалыптастырып, тіл байлығын дамыту және
өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру .Саусақ моторикасы арқылы ақыл ойын дамыту.
Экологиялық тәрбие арқылы табиғатты қорғауға баулу. Рухани – адамгершілік тәрбиесі
арқылы балаларды сүйіспеншілікке, қайырымдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдер: түсіндіру,сұрақ –жауап, д/ойын, қ/ойын, т/ойын, сергіту сәті, көркем сөз,
сиқырлы қалам, Фребель технологиясы, М Мартено
Алдын – ала жұмыс: Түстерді еске түсіру, қайталау
Сөздік жұмыс: Қызыл, көк, сары
Қажетті көрнекті құралдар: дөңгелек пішін үш түсте, сиқырлы қалам,телефон,сылдырмақ
Билингвалды компонент: Қызыл – красный. Көк – синий. Сары – желтый.

Іс - әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті: Балалардың іс - әрекеті:
Себепті
қызығушылы
ғын ояту
кезеңі
Тілек шеңбері:
Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Құрметпенен бәріне.
Бас иеміз біз!
- жарайсыңдар балалар.


Балалар тілек шеңберінде
бір-біріне жағымды тілек
білдіріп, жарқын көңіп
достық сезімін сыйлайды.
Ұйымдастыру-
ізденіс
кезеңі
- Балалар қане барлығымыз назарымызды
маған аударамыз. Бізге бүгін «Сиқырлы қалам
қонаққа» келіпті. Олай болса есімізге түсірейік, бір
жылда қанша мезгіл бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Дұрыс айтасыңдар, күз мезгілі.
- Ауа райы қандай балалар?
- Ағаштан жапырақтар не істеп жатыр?
- Жапырақтың түстері қандай?
- Балалар бір жылда төрт мезгіл бар. Осы
төрт мезгілді, төрт түспен сәйкестендіріп жатамыз.
Күз мезгілін - сары түске, қыс мезгілін - ақ түске, ал
көктем мезгілін- жасыл түске және жаз мезгілін -
қызыл түске. Ал, қазір бізде күз мезгілі, өте дұрыс
балалар, күн салқындады, жапырақтар сарғайып
ағаштардан түсіп жатыр.
(Тел соғылады).
- № 7 «Айналайы» балабақшасы, «Әлихан»
тобы тыңдап тұр.
- Балалар бізге Айсұлу досымыз қоңырау
шалды, ол өзінің анасының туған күн мерекесіне
сыйлық жасамақшы.
- Айсұлуға көмектесеміз бе? Олай болса
Айсұлу анасына моншақ жасап сыйламақшы. Біздер
ең алдымен моншақты жасамас бұрын, осы моншақ
жасалатын негізгі үш түспен танысып, білісуіміз
керек.
- Олай болса қане барлығымыз «Түстер
- Балалар сиқырлы
қаламға қызығушылық
танытады, тыңдайды.

- 4 мезгіл бар
- Күз мезгілі
- Күн салқын, жел,
жылы киініп жүрміз.
- Сары











- Балалар мұқият
тыңдайды.
- Көмектесеміз




- Ия, саяхат жасаймыз


Page 2

аялдамасына» саяхат жасаймыз ба?
1 – ші аялдамаға жету қимылды ойын ойнаймыз
Қ/О: «Сылдырмақ»
Барысы:
1 – ші аялдамаға жету үшін балалар
отырғышымыздың астында сылдырмақты алып
Әуен ойнағанда сылдырлатып, әуен тоқтаған кезде
тығып қоямыз.
- Міне балалар 1 – ші аялдамаға да келіп
жеттік. Бұл аялдаманың аты «Сары түс»
аялдамасы. Демек бұл аялдама сары түс екен.
Б.К: Сары – желтый.
- Сары түсті не біліміз балалар?Қане атайық.
(жапырақ, күн,балапан )
Бұл аялдамада балалар бізге ойын берілген.
Қ\О: «Жапырақты жина»
Барысы: алдымызда берілген сары жапырақты
тақтадағы сары жапырақты қалташа апарып салу.
- Жарайсыңдар балалар , олай болса 2 – ші
аялдамаға барайық. Ол аялдамаға да жету үшін
«Сылдырмақ» ойнымызды тағы бір мәрте ойнап
жібрелік.
Қ/О: «Сылдырмақ»
Барысы:
2– ші аялдамаға жету үшін балалар
отырғышымыздың астында сылдырмақты алып
Әуен ойнағанда сылдырлатып, әуен тоқтаған кезде
тығып қоямыз.
- Міне балалар 2 – ші аялдамаға да келіп
жеттік. Бұл аялдаманың аты «Қызыл түс»
аялдамасы.
Демек бұл аялдама қызыл түс екен.
Б.К: қызыл – красный
- Ал қызыл түсті не біліміз балалар?Қане
есімізге түсірейік. (гүл, көбелек )
Бұл аялдамада да балалар бізге ойын берілген.
Д\О: «Гүлге қонды көбелек»
Барысы: гүлдерге қызыл түсті көбелекті қондыру.
- Балалар барлығымыз үстелге жақындап
алдымыздағы гүлдерге сәйкестендіріп қызыл түсті
көбелектерді қондырамыз.
- Жарайсыңдар балалар, олай болса 3-ші
аялдамаға да шығатын уақыт болды.
3- ші аялдамаға жету үшін барлығымыз
орнымыздан тұрып сергіп , жаттығумен барайық.
Сергіту сәті:
Бала, бала, балақан,
Қане қайсы алақан.
Саусақтарым ай- бат
Былай - былай ойнат.
Топ- топ- топ- топ басайық
Жалаудан күн жасайық,
Жаса, жаса алтын күн.
Жаса, жаса жарқын күн!
- Жарайсыңдар балалар, ендеше біздер де



Ойынды қызығушылық
танытып ойнайды.






Б.К: Сары – желтый.
- жапырақ, күн, балапан.



Ойынды бар ынта -
жігерлерімен ойнайды,
қызығушылық танытады.













Б.К: қызыл – красный
- гүл, көбелек,шар т.б



Балалар бұл аялдаманың да
ойынын сәтті ойнап шығады.









Сергіту сәтін қимыл -
қозғалыспен барлық балалар
орындайды.




Page 3

3- ші аялдамаға да келдік. Бұл аялдама «Көк түс».
Б.К: көк – синий.
- Ал есімізге түсірейік көк түсте не білеміз? (Шар,
ту, бұлт, аспан)
- Көк түс аялдамасыда бізге ойын дайындап
қойыпты.
Д/О: «Жартысын тап»
Барысы: берілген үш түстегі жарты шеңберді
құрастыру.
- Балалар алдымызда берілген
жарты шеңберді түстеріне қарай дұрыс бағытта
қоямыз.
- Өте жақсы балалар сіздер барлық
аялдамадан жақсы ойнап шықтыңыздар, ендеше
балабақшаға қайтатын уақытта болды, бізді Айсұлу
да күтіп қалған шығар, қане көркем сөзбен
балабақшамызға барайық.
Көркем сөз:
Қызыл түсім - қызғалдақ,
Сары түсім - сарғалдақ,
Көк түстегі – желбіреген туым,
Іздеп келер армандап.




- Балалар біздер қайда саяхат жасадық?
- Қандай түстермен таныстық?
- Олай болса осы танысқан негізгі түстерді
пайдаланып, Айсұлудың анасына моншақ жасап
берелік. Ол үшін сіздерге түрлі- түсті дөңгелектер
үлестіріледі, сол дөңгелектерді ілгекке тағуымыз
қажет.
- Өте тамаша балалар, қане қарайықшы
қандай тамаша моншақ шықты, олай болса
Айсұлуға қоңырау шалып анасының сыйлығын
алып кетуін сұраймыз.

Б.К: көк – синий.
- шар, ту, бұлт, аспан




Балалар бұл аялдамада да
пирамиданы өз
мүмкіндіктерінше
құрастырып, жинап шығады.






Көркем сөз:
Қызыл түсім - қызғалдақ,
Сары түсім - сарғалдақ,
Көк түстегі – желбіреген
туым,
Іздеп келер армандап-
тәрбиешімен бірігіп
қайталайды.

- Түстер аялдамасы
- Қызыл, сары, көк


Балалар бар жігерлерімен
моншақты әдемі жасауға
тырысады.
Іс-әрекетті
бағалау кезеңі
- Балалар бүгінгі іс- әрекет сендерге ұнады
ма?
- Моншақтарды қандай түстерден жасадық?
- Барлығымыз өте жақсы іс - әрекетке
қатыстық, сендерге Айсұлу да өз ризашылығын
білдіріп, сендерге әдемі смайликтер беріп жіберген.
-Әрине, ұнады.Аялдамалар
арқылы ойындар ойнадық.
- Қызыл, сары, көк
түстерді

Балалар қуанады.


Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: негізгі үш түсті білді;
Қандай түсініктерді игереді: қызыл, сары, көк түстердің негізгі ерекшеліктерін игерді;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Моншақ арқылы түстерді, ойын арқылы да
түстерді топтастыруды меңгерді;

Әдіскер: Маманбаева Н. Н. Барлыбаева С.А Тәрбиеші: Төресаева Ұ Б


Page 4



«БҚО Бөрлі ауданы білім беру бөлімі «Бекітілді:» ___________________
Ақсай қаласының № 7 «Айналайын» директоры: Ж. Ж Юнусова
бөбекжайы МКҚК»









№ 2 Педкеңеске арналған АҰОІӘ
«Әлихан» І кіші тобы

Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: «Сенсорика»
Тақырыбы: «Түрлі - түсті моншақ»







Тәрбиеші: Төресаева Ұ Б




Ақсай қаласы
2016-2017о ж


Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 қараша
559
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі