Түрлі - түсті шарлар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Түрлі - түсті шарлар

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға сурет салуды үйрету; пішіндерді атап, ажырата білуге, есте сақтау қабілетін дамытып, түстерді атай білуге үйрету; дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерін қолданып шардың сұлбасын салуды жаттықтыру; достыққа, әдемілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиеші: Тілепбергенқызы Айкенже

«Алтын ұя» жеке балабақшасы

Білім беру саласы «Шығармашылық»

ҰОҚ: Сурет салу (дәстүрден тыс сурет салу)

Тақырыбы Түрлі - түсті шарлар

Мақсаты: балаларға сурет салуды үйрету; пішіндерді атап, ажырата білуге, есте сақтау қабілетін дамытып, түстерді атай білуге үйрету;

дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерін қолданып шардың сұлбасын салуды жаттықтыру; достыққа, әдемілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Әдістер мен тәсілдер: көрнекілік (көрсету, және т.б.), дәстүрден тыс сурет салу, сұрақ-жауап, балалар әңгімесі, пікірталас ойыны .

Құралдар: шар, таяқша, қағаз, бояулар.

Билингвалды компонент: шар-шары-  ball

І. Кіріспе бөлім.

Шаттық шеңбері:

Өзім жақсы баламын,

Ана тілін аламын.

Мейлі қайда жұмсасын,

Бәріне барамын.

ІІ:Негізгі бөлім.

Қызықтыру сәті: (Сайқымазақ балаларға қонаққа келді)

Сайқымазақ: - Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Бала: - Сәлеметсізбе, Сайқымазақ!

Сайқымазақ: Мен сендерге сиқыршылар елінен келдім. Өзіммен бірге сандықты алып келдім, бірақ сандық жабық тұр, маған ашуға көмектесіңдерші. Жұмбақтың жауабын тапсаңдар сандық ашылады.

Жұмбақ.

Ұшамын тауда қалықтап

Қолың жетсе алып бақ.

Қызыл-жасыл түсім бар.

Соңымнан кәне, ұшыңдар. (шар)

(Сандықтың ішінен түрлі - түсті шарлар ұшып шығады)

Тәрбиеші: - Балалар, бұл шарлар екен. Шарлардың түстері қандай?

Бала: - Қызыл, жасыл, сары, көк шарлар.

Сайқымазақ: - Балалар, мынау шар.Шар резеңкедан жасалады.

Шарлар үрленеді, созылады, жыртылады, шардың іші толған ауа, суға салсан батпайды, себебі шар жеңіл болады, шарды қатты қыссан қысыммен жарылады.

Мен сендермен бірге ойын ойнағым келеді.

Дидактикалық ойын: «Кім тез шар үрлейді?»

Ойын шарты: өздеріңе ұнайтың шарды алып, үрлейік.

Сайқымазақ: - Дариға, сен қандай түсті шарды үрледің?

Бала: - Сары түсті шар үрледім, оның пішіні сопақша болды.

Тәрбеиші: - Арслан, кім шарды тез үрледі?

Арслан: - Мен тез үрледім.

Сайқымазақ: - Қандай көп шар болды,керемет, мағанөте ұнады!

Ал енді басқа ойынды ойнайық.

Дидактикалық ойын: «Шардың жібін тап»
Ойын шарты: Түсіне қарай шарды іліп түсіне қарай жіпті байлайды. Осылай ойын әрі қарай жалғасады.

Сайқымазақ: - Кім, қандай түсті шардың жібін байлады?

Бала: - Мен жасыл түсті шарға жіп байладым.


Сурет салу әдіс –тәсілі: шарды шағын пішінді етіп үріп алып, бояуға батырып алып қағаз бетіне басып, таңба басып саламыз.

Сайқымазақ: -Сурет салмас бұрын саусақтарымызды дайындап алайық.

Саусақ жаттығуы: «Достық»

Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос ( қолдың саусақтары өзара бірігеді)

Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз ( екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу)

Бір, екі, үш, төрт, бес (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)

Қайтадан санауды бастаймыз.

Shape1 Shape2

Жеке жұмыс.

ІІІ. Қорытынды бөлімі – рефлексия:

Сайқымазақ: Сендерге ұнады ма?

Бала: - Иә, ұнады.

Сайқымазақ: - Маған сендердің жұмыстарын ұнады, рахмет сендерге!

Тәрбиеші: Балалар бізде қызықты шарлар пайды болды. Мадақтау.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2021
946
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі