400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Түрлі -түсті бояулар әлемі

Материал туралы қысқаша түсінік
логопедтерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы : Түрлі түсті боялар әлемі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік Түрлі түсті бояларды таныстыра отырып, оның түрлерімен түсіндіру.  Балаларға негізгі төрт түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл.

  2. Түзете –дамытушылық. Баланың экспериссивті және импрессивті сөйлеу тілін жетілдіру, саусақтардың қимыл-қозғалысын, белсенді және енжар сөздік қорын дамыту, сөйлеу барысында дұрыс тыныстауды қалыптастыру.

  3. Тәрбиелік. Баланы тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Дидактикалык материалдар: Дидактикалық суреттер, Шарлар, қағаз түстері

Қажетті құралдар:Айна , гигиеналық орамал т,б



Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі.

  • Баламен сәлемдесу .

  • Баланың назарын сабаққа аудару.

II. Артикуляциялық жаттығулар жасау.

  1. «Күрекше» –жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек.

  2. «Инеше»- ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.

  3. «Төбешік » -ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жабыстырып тілдің ұшын астыңғы тіреп ұстау.

  4. « Түтікше » - жалпақ тілді ауыз қуысында шығарып, тілдің бүйір жақтарын көтеріп түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек.

  5. «Ожау »-ауызды кең ашып , жалпақ тілді көтеріп жоғары тістерге созып, бірақ тигізбей ұстап тұру керек.

  6. «Сағат » -тілді жіңішкертіп ұстап оңға-солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталап отыру.

  7. «Саңырауқұлақ » - ауызды кең ашып , тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау

IIІ. Жаңа сабақ.

Балалар қазір біз түрлі - түстерге әлеміне саяхат жасаймыз.

1 - аялдама: «Шарлар» аялдамасы
Ал, қане балалар біз аялдамаларды өтіп шығу үшін автобуспен жүріп барамыз.
Қане балалар біз бірінші аялдамамызға келдік түсіңдер. Біз қандай аялдамаға келдік?
«Шарларды өз себетіне жинаймыз»Дөңгелек шарларды себетке жинап қойып, балаларды шығарып музыкамен сол шарларды, өз түстерімен себетке жинатқызу.

Ал балалар енді, келесі аялдамаға барайық.
2 – аялдама «Үйшік» аялдамасы
«Үйдің терезелерін саламыз» Балаларға геометриялық пішінді үйдің бейнесін беріп, сол үйдің терезелеріне өз - өз пішіндерін дұрыс орын – орына қоямыз. (Музыкамен)
Жарайсыңдар балалар!

Балалар автобусымызға мінейік келесі аялдамаға кеттік.
Балалар бұл қандай аялдама?
3 - аялдама «Пирамида» аялдама
Балалар бірінші біз пирамиданы жинамас, бұрын ең үлкенінен кішісіне қарай жинаймыз. Ал балалар апаймен бірге жинаймыз.
(Музыкамен)

Қызыл, сары, көк түсті.
Міне шарлар көп тіпті.
Қане қайсысын таңдайсың, түсін біліп алғайсың.





«Маса» ойын жаттығу

Қолды алдыға созамыз, алақанды бір- біріне қарама – қарсы қоямыз.Дем алғанда қолды екі жаққа созамыз, дем шығарғанда ақырын ( масаны үркітіп алмау үшін) қолды біріктіріп бір уақытта

« з- з -з» деп айтамызда , кейін алақанмен қатты созамыз.

Ойын: Шеңберге ұқсас заттарды білесіңдер ме?
Шеңберге ұқсас заттарды атаңдар.
Шеңбердің бұрышы барма?
Балалар орнымызға отырып, достарымызға шеңберді қалай сызу керектігін көрсетейік. Бізге шеңберді сызу үшін көмекке қалам келіпті:
Қаламды қайсы қолға ұстау керек?
Ал енді балалар алдарыңдағы қағазды сол қолдарыңмен басып, қағаздың сол жақ бөлігіндегі салынған затты санап, оң жақ бөлігіне сонша шеңбер саламыз. Логопед қиналған балаға жеке көмек көрсетеді.

Саусақты жаттығу.

Тырс-тырыс-тырс жаңбыр жауады.

Тырс-тырс тырыс- терезе қағады.

Тырс-тырс-тырс- жылғалар ағады,

Тырс-тырс- тырс- гүл аузын ашады.

«Дәл осындай пішінді тап»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.
Ойынның құрал - жабдықтары: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады.

Фонетикалық жаттығу.

-Еске түсіріп көрейік, үйрек ашуланғанда қандай дыбыс шығарады?

Ш- ш-ш, Ш- ш-ш, Ш- ш-ш ,Ш- ш –ш

Үйдің есігін жабайық
Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал - жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері.
Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.

Тіл ширату жаттығуы.

Ын-ын-ын-жақын

Ын-ын-ын-аюдың үйі жақын

Ыс-ыс-ыс-алыс

Ыс-ыс-ыс –қасқырдың үйі алыс.

«Вагондарға дөңгелек таңдау»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал - жабдықтары: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен табады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
21 ұстаз жүктеп алған
28 ақпан
2308
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі