400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Түрлі- түсті доптар

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі білім беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жазира Садиканова

Шығыс Қазақстан облысы

Жарма ауданы

Шуақ ауылы

КМҚК «Бастау» балабақшасы



ТҮРЛІ- ТҮСТІ ДОПТАР


Мақсаты: Балаларға негізгі төрт түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл.

Білімділік міндеті: Түстерді ажырата білуге баулу. Түстер туралы білімдерін кеңейту. Түрлі көлемдегі геометриялық пішіндерді негізгі түсі бойынша салыстыру және топтастыруға үйрету.

Дамытушылық міндеті: Сенсорлық ойлау қабілетін дамыту. Есте сақтау қабілетін, зейінділікті, қол моторикасы мен қимыл үйлесімділігін дамыту.

Тәрбиелік міндеті: Балаларды ұқыптылыққа, байқампаздыққа, жұмысын аяғына дейін орындауға тәрбиелеу.

Билингвальды компонент: қызыл – красный, сары – желтый, көк – голубой, жасыл – зеленый

Әдіс-тәсілі: Диалог құру, көрсету, түсіндіру, сұрақ –жауап

Көрнекіліктері:­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­ Күн мен бұлттың суреті, түрлі түсті жолақтар, түрлі түсті пішіндер, доптар.


Барысы:

Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық!

Жаса, жаса алтын күн!

Жаса, жаса жарқын күн!


Тәрбиеші тақтаға күн мен бұлттың суретін іледі.

-Балалар қараңдаршы бұл не? Күн мен бұлттың түсі қандай? Иә, балалар дұрыс айтасыңдар, күннің түсі сары, бұлттың түсі көк. Ендеше балалар, бүгін біз сендермен түстер әлеміне саяхат жасаймыз.

Негізгі бөлім

-Балалар қараңдаршы, бүгін бізге Айжан атты қуыршақ қонаққа келіп отыр екен. Ол сендерге қызықты ойындар алып келіпті.

Бірінші ойын: Айжан қуыршағымыз шеңбердің ішіндегі доптарға жету үшін қызыл және көк түсті жолақтардан жол салып беруді сұрайды.

Балалар тапсырманы орындайды. Айжан жолдан жүріп өтіп, доптардың жанына барады. Бірақ доптардың барлық түстері араласып кетіпті.

Екінші ойын: Доптарды түстері бойынша ажыратып, топтастыру керек. Көк түсті шеңбердің ішіне көк түсті доптарды, қызыл түсті шеңбердің ішіне қызыл түсті доптарды саламыз. Балалар тапсырманы орындайды.


Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды соғамыз.

Жоғары – төмен қараймыз

Топылдатып басамыз.


ДИДАҚТИКАЛЫҚ ОЙЫН: «ПІШІНДЕРДІ ОРНАЛАСТЫР»
Шарты: Қызыл, жасыл, сары, көк түстерді атап, пішіндерді сәйкестендіру керек.

Үшінші ойын: Балалар Айжан қуыршағымызға барлығы ұнап жатыр. Сонымен қатар ол сендерге түрлі түсті пішіндер алып келіпті, үй құрастырып беруін сұрап жатыр. Балалар тапсырманы орындайды, үй құрастырады.


Қорытынды

Айжан балаларға өз ризашылығын білдіріп, ғажайып пішіндерді сыйлайды. Тапсырмаларды өте жақсы орындағандарын айтып, көп нәрсені үйренгендерін айтып береді. Балалармен қоштасады.

Бүгінгі ашық оқу қызметін қорытындылау. Балалардан не істегендерін, қандай тапсырма орындағандарын сұрау. Мақтау, мадақтау. Оқу қызметінде белсенділік танытқан балаларды атау.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Пішіндерді, түстерді

Меңгереді: Үй жасауды

Игереді: Қимыл қозғалысты


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25 қаңтар
623
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі