400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Түрлі түсті әлемге саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәстүрлі емес тәсілдерді пайдалану арқылы тіл байлықтарын дамуту.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ конспекті -----------------------------

Сала – «Таным»

Бөлімі – ҚМҰҚ

Тақырыбы – «Тікбұрыш» «Үшбұрыш»

Мақсаты – Геометриялық пішіндерді тану, білу: тікбұрыш, үшбұрыш

Міндеттер –– Оқыту: Геометриялық пішіндерді тану, білу: тікбұрыш, үшбұрыш. Бір пішіндер түрлі көлемі мен түрлі түсті болады екенін болатын елестерін беру.

Дамыту: зейінін дамыту;

Тәрбиелік: мұқият тапсырмаларды орындауды тәрбиелеу.

Сөздік – алдында, артында, жоғары, төмен.

Билингвалді құрауыш – екі - два, жоғары - наверху

Көрнекілік – қарындаштар, көрнекілік құралдар, жұмыс дәптер


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Мотивациялық қозғаушы кезең



1. - Д/ойын «Есіне сақта, кім қайда тұрады?» М: Есіне 5 -6 бала сақтау (4-5) М: Есіне 4-5 бала сақтау (3- 4)

Шарты: 5-6 бала қатарға тұрады. Санамақ бойынша жүргізуші таңдалады. Жүргізуші 15-20 сек ойыншыларға қарап тұрады. Сосын балалардан кері бұрылып кім кімнің артынан тұрады айтады.

2. Ойын: «Топтастыру» М: геометриялық пішіндер (дөңгелек, шаршы, сопақ, үшбұрыш) туралы білімдерін кеңейту (4-5) М: геометриялық пішіндер (дөңгелек, шаршы) туралы білімдерін кеңейту (3- 4) . Ойынның шарты: Балаларға геометриялық пішіндер үлестіріледі. Пішіндердің тақтадағы берілген пішіндермен салыстырып, топтастыру қажет.




Д/ ойындарды ойнайды


Ізденіс ұйымдастыру кезең



3. Жаңа тақырып: Тікбұрыш пен үшбұрышты қарап көру, салыстыру. Оң қолымыздың астына сары үшбұрышты қоямыз, ал сол қолымыздың астына қызыл төртбұрышты қоямыз. Бұл пішіндердің айырмашылығы неде? Үшбұрыштың үш бұрышы бар, ал төртбұрыштың төрт бұрышы бар.

4. Жұмбақтарды шешу

- Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, менің атым (дөңгелек)

- Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме, бірден білер құлақ асқан сөзіме. (үшбұрыш)

- Теледидар таныс екен баршаға, ал пішінім ұқсайды ғой (шаршыға)

5. Әр баланың аллдында 8 бірдей үшбұрыштар беріледі. Тапсырма: барлық үшбұрыштардан құрастыру керек:

  • 4 үшбұрыш;

  • 2 үлкен үшбұрыш.

6. Ойын: «Аз ба, көп пе»

Ойынның шарты: Алма ағаштары суреттері тақтада ілулі. Оң жақ, сол жақ, астында, үстінде деген ұғымдарды қолдана балалар бұтақтағы алмаларды санайды. Бұтақтағы алмаларды салыстырады: аз ба, көп пе айтады.

7. Сергіту сәті
8. 3 - тапсырма - дәптерде тапсырманы орындайды: тікбұрыштарды – қызыл түске, үшбұрыштарды – сары түске бояймыз.





Қарап көріп әңгімені тыңдайды, жаңа тақырыпппен танысады

Жұмбақты шешеді

«Аз ба, көп пе» ойын ойнайды.

Дәптерлерде тапсырмалар

ды орындайды

Рефлексия


9. - Бүгін сабаққа қандай қонақ келді?

- Қандай тапсырмалар орындадық?

Балалардың жауаптарын бағалау.

Сұрақтарға жауап беру арқылы, білімдерін қорытындылау




Сұрақтарға жауап береді.





Есеп

Не, қалай және кіммен сабақ материалы меңгерілген

Не, қалай және кіммен сабақ материалы меңгерілмеген














Көркем сөз

Сергіту сәті

Бойды сергек тік ұста
Емін - еркін тыныста
Оң қолыңды соз алға
Қол ұшына қарада
Үшбұрыш сыз ауада
Сол қол босқа тұрмасын
Шеңбер жасап тынбасын.


























Сабақ конспекті ________________________________

Сала – «Таным»

Бөлімі – ҚМҰҚ

Тақырыбы – «1 саны мен цифры» «Көп және аз»

Мақсаты – 1 санды білу.

Міндеттер –– Оқыту: Заттардың қай топта көп, аз екендігін тәжірбие түрде анықтай білуді қалыптастыру, 1 санымен, цифрмен таныстыру. Бір затты анықтай алуға үйрету, заттардың белгілерін тауып, оларды сол белгілеріне қарай жіктеу қабілетін қалыптастыруды жалғастыру.

Дамыту: зейінін, ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: тиянақтылыққа  тәрбиелеу.

Сөздік – көп, аз

Билингвалді құрауыш – бір - один, көп - много

Көрнекілік – қарындаштар, көрнекілік құралдар, жұмыс дәптер


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті


Мотивациялық қозғаушы кезең



1. Өлең оқу.
2. Айналамызға қарайықшы, сендерді қоршаған заттардың ішінде бір заттар бар ма? Топта бір сағат, бір магнит тақтай.

Біздің топта тәрбиеші біреу. Еркенур біреу, Ансар біреу, Айым біреу, Әлиасқар біреу, Данель біреу. Біздің мұрнымыз біреу, басымыз біреу.

- Жақсы, балалар.



Өлеңді тыңдайды

Әңгімеде қатысады

Ізденіс ұйымдастыру кезең



3. Жаңа тақырып:
- Адамда неше жүрек бар? - 1
- Жүрек жақсы жұмыс істеп, деніміз сау болуы үшін не істеуіміз керек?
- Спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану
- Дұрыс тамақтану үшін дастарханға ең бірінші нені қоямыз?
- Нан

Бір затты 1 санымен белгілейміз.1 сандардың басында тұрады.

1 санын ауада жаздыру.

1 санын таяқшамен құрастыру.

4. « Цифрды тап» дидактикалық жаттығуы.

Үстел үстіне 1-ден 10-ға дейінгі цифрларды қою. Балалар 1 цифрды тауып, ортаға тәрелкеге жинау

5. Балаларға тақырыпқа байланысты карточкалар таратылады. Әр бала жекелей жұмыс жасайды.

- Балалар, суретте не бейнеленген?

- Қайсысы көп? Қайсы зат біреу?

Карточкаларды алады, суреттерін қарайды.

- Суретте балалар бейнеленген.

- Мында бір бала, мында көп бала т.б

6. Ойын «Ертегі кейіпкерлеріне көмектес»

Ойын шарты:

1) Қоянға 1 сәбіз бер.

2) Аюға 1 бөшке бал бер.

3) Мысыққа 1 жіп бер.

4) Қарғаға 1 ірімшік бер.

5) Ата мен әжеге 1 шалқан бер.

7. Сергіту сәті
8. Дәптерде тапсырманы орындайды: нүктелерді қосу арқылы 1 цифрын жазу.




Қарап көріп әңгімені тыңдайды



Ойындарды ойнады.

Қойылған сұрақтарға жауап берді.

Дәптерлерде тапсырманы орындайды

Рефлексия


9. - Бүгін сабаққа қандай цифрмен таныстық?

- Қандай тапсырмалар орындадық?

Балалардың жауаптарын бағалау.

Сұрақтарға жауап беру арқылы, білімдерін қорытындылау




Сұрақтарға жауап береді.





Есеп

Не, қалай және кіммен сабақ материалы меңгерілген

Не, қалай және кіммен сабақ материалы меңгерілмеген














Көркем сөз

«Бірлік» жазған едім мен, 
Ұқсастығын кім білген!
Аумай қалды айға ұшқан, 
Зымыранның өзінен.
Жебедей көкте қалқыдып, 
Қуаныштан балқыдым.
Еш бала мендей бірінші, 
Болған жоқ – ау алтыным.

Сергіту сәті

Бәріміз біргеміз,

Оңға бір қадам, солға бір қадам.

Шапалақ ұрамыз.

Алға бір қадам, артқа бір қадам.

Шапалақ ұрамыз

Өлең.

Бір дегенім бірінші

Тұрды ол қатарда

Көтеріп ап танауды

Бастайды ол санауды.














Сабақ конспекті ________________________



Сала – «Таным»

Бөлімі – ҚМҰҚ

Тақырыбы – «Сопақша» «Кең - тар»

Мақсаты – Сопақшаны айыру, заттарды ені бойынша салыстыруды білу.

Міндеттер –– Оқыту: Дағдыларды қалыптастыру: геометриялық пішіндерді тану жəне атау, пішіндерді зерттеу, ені бойынша бірдей жəне екі түрлі заттарды салыстыру дағдыларын қалыптастыру. Шаманы салыстыруда беттестіру жəне тұстастыру тəсілдерін қолдану.

Дамыту: зейінін дамыту;

Тәрбиелік: мұқият тапсырмаларды орындауды тәрбиелеу.

Сөздік – сопақша, кең, тар

Билингвалді құрауыш – кең - широкий, тар - узкий

Көрнекілік – қарындаштар, көрнекілік құралдар, жұмыс дәптер, қуыршақ Дара, екі таспа


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең



1. - Қызықты сәт. Дара кіреді.

Тәрбиеші: Дара, сәлеметсің бе, қайдан жүрсің?

Дара: Мен сендерге бірнеше заттардың суреттерді алып келдім. Олар бәрі әр түрлі, бірақ ұқсас. Немен, ұқпадым өзім.

Тәрбиеші: Балалар, Дараға көмек берейік.

2. Дидактикалық ойын: «Не неге ұқсас» М: геометриялық пішіндер (дөңгелек, шаршы, сопақ, үшбұрыш) туралы білімдерін кеңейту (4-5) М: геометриялық пішіндер (дөңгелек, шаршы) туралы білімдерін кеңейту (3- 4) Шарты: Балалар стол жанына жақындап түрлі заттардың суреттерін сәйкес геометриялық пішіндермен қосады.



Қонақты қарсы алады

Ойын ойнайды

Ізденіс ұйымдастыру кезең



3. Жаңа тақырып:
Дара: Ой, рахмет! Енді сопақшы деген не білем.

Сопақшаны ауада саусақпен салады.

Дара: Мен сендермен ойындарды ойнағым келеді.

4. Ойын - тапсырма: «Кең - тар жолдар»

Дараға кең жолдарды бояп береміз.

Дара екі таспа алып келді. Қайсы кең, қайсы – тар? Оларды ені бойынша салыстыру. Балаларды беттестіру жəне тұстастыру тəсілдерін қолдануды үйрету.

5. «Көңілді математика» ойыны. (4-5)
1) Қандай зат дөңгелек тәрізді болады?
2) Екі тышқанда неше құйрық?
3) Сендердің жастарың нешеде? (Балалар қуана ойнайды).

6. Сандар туралы тақпақтарды тыңдау, бірге қайталау

7. Сергіту сәті
8. Дәптерде тапсырманы орындайды: барлық сопақтарды тауып бояйды.



Жаңа тақырыпппен танысады


«Көңілді математика» ойындарды ойнады. Сандар туралы тақпақтарды тыңдайды

Дәптерде тапсырманы орындайды

Рефлексия


9. Қорытындылау

- Бүгін сабаққа қандай қонақ келді?

- Қандай тапсырмалар орындадық?

Балалардың жауаптарын бағалау. Дарамен қоштасу.

Сұрақтарға жауап беру арқылы, білімдерін қорытындылау




Сұрақтарға жауап береді.







Есеп

Не, қалай және кіммен сабақ материалы меңгерілген

Не, қалай және кіммен сабақ материалы меңгерілмеген














Көркем сөз

Сергіту сәті

Сыңгыр - сыңғыр сырғалар,
Құлағымда ырғалар.
Оң қолымда білезік.
Сол қолымда білезік,
Қолдарымда сақина.
Санап көрші, кәнекей?
1 2 3 4 5

1 саны:

Мен - 1саны,

Бір дегенім - бала,

Санды дұрыс сана.

Сенің қанша атаң бар?

Сенің қанша апаң бар?
2 саны:

Мен 2 санымын,

сен қызыға қараған.

Екі дегенім – ешкі,

Таудан келер кешке.

Лағы оның қанша?

Ізде келмей қалса.
3 саны:

Мен 3 санымын, құралған екі ілмектен.

Үш дегенім - үйім,

Үйде жақсы күйің,

Бақшадан да қалма,

Тап - таза боп киін.
4 саны:

Мен 4 санымын, иілген үшкір шығанағым.

Төрт дегенім - түлік,

Жүрген мұны біліп,

Жылқы, сиыр, түйе, қой,

Санаңа мұны түйіп қой.









Сабақ конспекті ____________________


Сала – «Таным»

Бөлімі – ҚМҰҚ

Тақырыбы – «2 санымен таныстыру» «Кеңістікті бағдарлау»

Мақсаты – 2 санды білу. Кеңістікті бағдарлау туралы елестерін беру.

Міндеттер –– Оқыту: 2 көлемінде санау, заттарды үлгісі бойынша жəне аталған саны бойынша санау дағдысын қалыптастыру. Өз өзінінен бағытты анықтау: алдында, артында, жоғары, төмен.

Дамыту: зейінін дамыту;

Тәрбиелік: мұқият тапсырмаларды орындауды тәрбиелеу.

Сөздік – алдында, артында, жоғары, төмен.

Билингвалді құрауыш – екі - два, жоғары - наверху

Көрнекілік – қарындаштар, көрнекілік құралдар, ойын құралдар, жұмыс дәптер, қуыршақ Дара


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең



1. - Қызықты сәт. Ренжіп Дара кіреді.

Тәрбиеші: Дара, сәлеметсің бе, қайдан жүрсің?

Дара: Кеше мен Ботимен ренжісіп үйден шығып кетіп едім, енді жаңбырға әбден жаурап қалдым, оның үстіне қолшатырымда тесіліп қалды. Тәрбиеші: Балалар, Дараның қолшатырын жөндеп, әдемілеп берейік.

2. Дидактикалық ойын: «Тесік қолшатыр» М: геометриялық пішіндер (үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш) туралы білімдерін кеңейту (4-5) М: геометриялық пішіндер (дөңгелек, үшбұрыш) туралы білімдерін кеңейту (3- 4) Шарты: Балалар стол жанына жақындап түрлі - түсті қағаздардан жасалған «қолшатырға» үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш пішінді қағаз қиындыларын жапсырады.

Тәрбиеші: Балалар қандай пішіндер жапсырдыңдар?

Балалар: Үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш.



Қонақты қарсы алады

Ойын ойнайды

Ізденіс ұйымдастыру кезең



3. Жаңа тақырып:
Дара: Ой, рахмет! Қолшатырым бүтінделіп, әдеміленіп қалыпты.

Дара: Ой балалар мен жолда келе жатып мына бір қорапша тауып алдым ішінде не бар екенін білмеймін.

Тәрбиеші: Қорапшада не бар, көрейік. Балалар, бұл қорапшасының ішінде бізге тапсырма берілген екен.

4. 1 - тапсырма: «Математикалық жұмбақ»
2 санымен танысамыз. Бейнетаспадан 2 санымен танысу.

5. 2 - тапсырма - үлестірмелі құралдармен жұмыс.

Балаларға түрлі-түсті таяқшалар үлестіріледі. Таяқшалаар түсінің қандай екенін сұрау. Әрқайсысынан әр түрлі геометриялық пішіндер жасауды тапсыру. Тапсырманы орындап болған соң, балалар таяқшаларды санап шығады. Әр пішінге неше таяқша кеткені анықталады.

6. Ойын «Мен қайдамын?» Мақсаты: «алдында, артында, жоғары, төмен» түсініктерді ажырату. Шарты: Дара балалармен ойнайды. Ол тәрбиешінің алдында, артында, жоғары, төмен тұрады және балалардан сұрайды - «Мен қайдамын?»

7. Сергіту сәті
8. 3 - тапсырма - дәптерде тапсырманы орындайды: заттарды сәйкес цифрмен қосады.





Қарап көріп әңгімені тыңдайды



Ойынды түгел ойнады. Дәптерде тапсырманы орындайды

Рефлексия


8. Қорытындылау

- Бүгін сабаққа қандай қонақ келді?

- Қандай тапсырмалар орындадық?

Балалардың жауаптарын бағалау. Дарамен қоштасу.

Сұрақтарға жауап беру арқылы, білімдерін қорытындылау




Сұрақтарға жауап береді.







Есеп

Не, қалай және кіммен сабақ материалы меңгерілген

Не, қалай және кіммен сабақ материалы меңгерілмеген














Көркем сөз

Сергіту сәті

Бойды сергек тік ұста
Емін - еркін тыныста
Оң қолыңды соз алға
Қол ұшына қарада
Үшбұрыш сыз ауада
Сол қол босқа тұрмасын
Шеңбер жасап тынбасын.

Жұмбақ.

Бірден кейін тұрамын,

Сандар іші тұрағын,

Бірге бірді қосқанда,

Иіліп мен шығамын. (2)

















Сабақ конспекті __________________


Сала – «Таным»

Бөлімі – ҚМҰҚ

Тақырыбы – «Сан мен санау: 1 мен 2 цифрлар» «Көп және аз»

Мақсаты – 2 көлемінде тура және кері санауды білу.

Міндеттер –– Оқыту: 1 және 2 сандар туралы білімдерін бекіту. 2 көлемін-де тура және кері санауды жаттықтыру. Теңдік жəне теңсіздік туралы ұғымдарды қалыптастыру. Салыстырылатын топтар: бір көп, бір жəне екі.

Дамыту: зейінін дамыту;

Тәрбиелік: мұқият тапсырмаларды орындауды тәрбиелеу.

Сөздік – көп, аз

Билингвалді құрауыш – көп - много, қоян - заяц

Көрнекілік – қарындаштар, көрнекілік құралдар, карточкалар, екі жолды алаңдар, тарату материал

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең


1. Қызықты сәт. Жүгіріп қоян кіреді. Қолында сыйлығы бар.
Қоян: Сәлеметсіңдер ме!

Тәрбиеші: Сәлеметсің бе, қоян, қайдан келесің, көңілдісің ғой өзің?
Қоян: Ия, балалар бүгін менің туған күнім, менің достарым туған күніммен құттықтап жатыр. Ал, қасқыр сыйлық берді. 
Тәрбиеші: Сыйлығыңды бізге көрсетесің бе? Қасқыр саған не сыйлады екен? 
Қоян: Білмедім? Сыйлықты сендерге ашып көрсетейін бе? ( сыйлықты ашады) 
Қоян: Ой, балалар, мына қораптың ішінде дым жоқ қой! Сонда мені қасқыр  алдағаны ма? (- деп жылайды)

2. Дидактикалық ойын: «Не неге ұқсас» М: геометриялық пішіндер (үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш) туралы білімдерін кеңейту (4-5) М: геометриялық пішіндер (дөңгелек, үшбұрыш) туралы білімдерін кеңейту (3- 4) Шарты: Балалар стол жанына жақындап түрлі заттардың суреттерін сәйкес геометриялық пішіндермен қосады.

Тәрбиеші: Қоян тоқта ренжіме қораптың ішінде хат жатыр. Хатты ашып көрейік.
Қоян, қасқыр саған тапсырмалар беріпті сол тапсырманы орындасаң, сыйлығыңды табасың депті. 
Қоян: Қандай тапсырма?
- Тапсырма математика сабағына байланысты екен.
Қоян: Ооооой, балалар, тапсырманы орындауға маған көмектесесіңдер ме?
- Балалар қоянға көмектесеміз бе? - Ия
Ал, қоянжан, сен жайғасып отыр, біздің балалар саған көмектесуге дайын.

(қоян отырады)


Қонақты Қоянды қарсы алады, әңгімелеседі

Ойын ойнайды



Қоянмен әңгімелейді

Ізденіс ұйымдастыру кезең



3. 1 - тапсырма: 
-Балалар енді тақтаға назар аударайық.
-Мына суретте не отыр? ( Мысық )
-Ал мына жерде нелер тұр? ( Күшіктер )
-Мысық мында нешеу екен? Қане санайық. ( 1 ) яғни біреу
-Ал күшіктер ше? 
Санайық қәне мен сендерге көмектесейін. (1,2 ) яғни екеу
-Ал сонда қайсысы көп мысық па әлде күшік па? ( Күшік )
Дұрыс айтасыңдар күшіктер көп екен. 
Менің оң қолымда қалам, ал сол қолымда қарындаштар. 
-Қайсысы көп? ( Қарындаштар )
4. Тарату материалмен жұмыс

- жоғарғы қатарға 1 жидек, ал төменғі – екі қызанақ. Не көп, не аз? Жоғарғы қатарда қанша зат? Төменгі қатарда қанша зат?

- жоғарғы қатарға 1 қызанақ, ал төменғі – көп жидек. Не көп, не аз? Жоғарғы қатарда қанша зат? Төменгі қатарда қанша зат?



Тапсырмаларды орындайды


Тарату материалмен жұмыс істейді



2 - тапсырма: «Қай пішінге ұқсас?» 
Тәрбиеші: Балалар, мынау қандай бұрыш? – деп жеке- жеке фигураларды көрсетеді, балалар жауап береді. Дидактикалық ойын:

Жеке карточкаларда заттардың суреттері беріледі. Балалар тақтадағы үлгідегі бос төркөзге қай пішінге ұқсас екенін салып көрсетеді.
5. Карточкамен жұмыс – көп зат топтарды қоршау.

6. Сандар туралы тақпақтарды тыңдау, бірге қайталау

7. Сергіту сәті
8. Дауыс естіледі: о-оу- оу деп қасқыр кіреді.
Қасқыр: Сәламатсыңдар ма, балалар! Менің жіберген тапсырмамды орындадыңдар. Көп нәрсе білетіндеріңді мен мына « сиқырлы таяқшам » арқылы біліп отырмын.
- Жарайсыңдар балалар, бәрің де тапсырманы орындап, тамаша жауап  бердіңдер.
- Ал, енді қоянның сыйлығын берейін. ( сыйлығы беріледі )





Ойынды түгел ойнады. Дәптерде тапсырманы орындайды

Рефлексия

8. Қорытындылау

- Бүгін сабаққа қандай қонақ келді?

- Балалар бүгін біз не үйрендік? Заттардың аз көп болатынын
- Балалар бүгін біз неше сан өттік? 1,2,3
- Қандай пішіндер білеміз? Үшбұрыш, шаршы, төртбұрыш, дөңгелек.
Балалардың жауаптарын бағалау. Қонақтармен мен қоштасу.

Сұрақтарға жауап беру арқылы, білімдерін қорытындылау



Сұрақтарға жауап береді.



Есеп

Не, қалай және кіммен сабақ материалы меңгерілген

Не, қалай және кіммен сабақ материалы меңгерілмеген














Көркем сөз

Сергіту сәті

Ұзын құлақ, сүр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы қырлы жерлермен,
Ытқып ытқып секірді
1 саны:

Мен - 1саны,

Бір дегенім - бала,

Санды дұрыс сана.

Сенің қанша атаң бар?

Сенің қанша апаң бар?
2 саны:

Мен 2 санымын,

сен қызыға қараған.

Екі дегенім – ешкі,

Таудан келер кешке.

Лағы оның қанша?

Ізде келмей қалса.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
500
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі