"Түрлі түсті асықтар"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Түрлі түсті асықтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық қимылды ойындарды ойнату
Материалдың қысқаша нұсқасы

КМҚК «Шағала» бөбекжай-бақшасы



















«Түрлі түсті асықтар»

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекет







Мектепалды даярлық: «Гүлдер» тобы

Дене шынықтыру нұсқаушысы: Алмасқызы Н

.

















2024-2025 оқу жылы

Тексерілді:

Күні:

Тақырыбы: «Біз шыныққан баламыз»

Міндеті: Қимылдардың ырғағын музыкалық сүйемелдеумен үйлестіру. Түрлі түсті асықтарды қолдану арқылы түрлі жаттығулар жасау. Дене шынықтыру мен спортқа қызығушылықты ояту және дене шынықтырумен, спортпен айналысуға баулу. Түзу бағытта адымдап жүру. Ұлттық қимылды ойындарды ойнату. Балаларды эстафеталық ойындарға қатысуға баулу.

Құрал жабдықтар: Фердан жасалған асықтар, құрсау, орамал, асықтар, кедергілер.

Балалар күйдің ырғағымен ішке кіреді. Қатарға тұрады.

  • Солға!

  • Түзел, тік тұр.

  • Саламатсыздар ма балалар!

  • Саламатсызба Нұрлы Алмасқызы

  • Көңіл күйлерің калай?

  • Жақсы!

  • Балалар бүгін бізде қонақтар келіп отыр екен. Ендеше балалар апайлармен амандасып алайық.

  • Сәлеметсіздерме, Қайырлы күн.

  • Жарайсындар балалар! Ендеше дене шынықтыру ұйымдастырылған ашық іс-әрекетімізді бастайық.

  • Оңға бұрыл, жай жүріспен жүреміз.

  • Жалпы дамыту жаттығуы:

  • Қолымызды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру;

  • Қолымызды желкемізгі қойып, өкшемен жүреміз;

  • Қолымызды белге қойып, аяқтың қырымен немесе жанымен жүреміз;

  • Қолды белге қойып, оң жақ иықпен жүреміз;

  • Қолды белге қойып, сол жақ иықпен жүреміз;

  • Отырып жүру;

  • Тыныс алу жаттығуы.

Қатарға тұрып, үш қатарға бөлініп, кезекпен кезек тұру керек. (Кезекпен кезек асықты алады.)

  • Қолымызды алға созып, аяқты иық деңгейінеде ашып, басымызды оңға, солға құлатамыз;

  • Қолымызды жоғары көтеріп, белімізді оңға, солға құлатамыз;

  • Қолымыздағы асықты жоғары, төмен түсіреміз;

  • Қолымызды жоғары көтеріп, оңға, солға бұрыламыз;

  • Орнымыздан тұрып адымдаймыз;

  • Қолымыздағы асықты жерге қойып, қолды белге қойып, қос аяқпен секіреміз;

  • Алтылық жаттығу жасау;

  • Қолымызды алға созып, отырып, тұру;

  • Тыныс алу жаттығуы.

Нұсқаушы: -Жаттығу аяқталды, бастапқы орынға тұр! (сап бойынша қатарға тұру.)

Негізгі қимыл жаттығуы:

  1. Қолымызға асықты ұстап, аяқты қосып, қос аяқпен кедергілер арасымен секіру;

  2. Кедергілерден аттап өту;

  3. Кедергілер арасымен өту; (Асықты орнына қою.)

Қимылдық ойындар:

  1. «Соқыртеке»

Шарты: Балалар қолдарынан ұстап, шеңбер жасап тұрады. Соқыртеке болатын баланы санамақ арқылы табады. Сол бала ортаға шығып, онын көзін байлайды. Көзі байланған бала былай деп өлеңдетеді:

Қараңғыда көзім жоқ

Тиіп кетсем сөзім жоқ

Маған қарай келіндер,

Бір қыз тауып беріңдер!

Барлық бала шеңбер бойымен жүре отыра:

Соқыр теке – соқырақ,

Оң көзіңе топырақ.

Топырақты алайын.

Тотияйын салайын

Ал, қанекей батырым,

Менде келе жатырмын.

Нұсқаушы балаларды ымдап, жаймендеп екі, үш баланы ортаға шығарады. Балалар көзі байлаулы баланы түртіп – түртіп қашады. Ұстаған баланы басынан, шашынан, қолынан ұстап кім екенін табу керек. Ойын солай жалғаса береді.

  1. «Сандарды қатармен қой»

Шарты: Кедергілер арасымен жүгіре отырып, сандарды ретімен тізбектеп қою.

Сергіту жаттығуы. (Асықпен)

Қорытынды

  • Балалар, бүгінгі ашық ұйымдастырлған іс – әрекетіміз сіздерге ұнадыма?

  • Жаттығуымызға қандай құрал пайдаландық?

  • Сіздерге қай жаттығу ұнады?

  • Балалар біз қандай ойын ойнадық?

  • Сіздерге қай ойын ұнады?

  • Ұйымдастырылған іс – әрекеттен қандай әсер алдыңыздар?

Жарайсындар балалар! Ендеше, балалар сендерге көп рахмет. Сендерді мен «түрлі тұсті асықтармен» марапаттаймын. Осымен балалар «Біз шыныққан баламыз» атты ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Сапқа тұрамыз. Оңға! Сау болыңыздар! (Әуен ырғағымен адымдап, залдан шығады.)

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.12.2024
194
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі