Сурет салу: Түрлі-түсті доғалар.
Оқу қызметінің мақсаты
Балаларға дымқыл параққа сурет салу тәсілін таныстыру (дәстүрден тыс тәсіл);
акварель бояуын қолдану дағдыларын бекіту; өз түсінгендерін, әдемі
құбылыстарды түрлі бейнелеу құралдарымен, шығармашылық таныта отырып
суреттеу біліктіліктерін дамыту; сурет салуға қызығушылықтарын арттыру,
ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс
Дымқыл параққа сурет салу, қуаныш, кемпірқосақ, ақпарат.
Әдіс-тәсілдер
Ойын жаттығуы, түсініктемелік көрініс, демонстрация, сұрақтар, проблемалық
жағдай, талқылау, іс-тәжірибе, көркемсөз, мақтау, динамикалық үзіліс, саусақ
жаттығуы, жеке сүйемелдеу.
Құрал-жабдықтар
1. КӨРНЕКІЛІК МАТЕРИАЛДАР
«Кемпірқосақ» иллюстрациялық презентациясы, бейнелеу үлгісі.
2. ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР
Сурет салуға арналған альбомның тығыз парақтары (жұқа ақ картон),
қылқаламдар, қылқаламға арналған тұғыр, акварель бояулары, майлықтар,
үстелге арналған дастархан (клеёнка), су, поролон ысқыш (губка), ысқыштарға
арналған пластик тәрелкелер.
1. КІРІСПЕ БӨЛІМ
1.1. Тәрбиеші оқу қызметі үшін қолайлы атмосфера орнатады.
«Кемпірқосақ» дидактикалық ойыны.
Балаларға түрлі түсті қалпақтар таратылады.
Тәрбиеші балаларға аптаның әр күні кемпірқосақтың түсіне сәйкес келетінін
1
түсіндіреді. Ойында балалар апта күндеріне айналады. Балалар апта күндерінің
реті мен кемпірқосақтың түстері бойынша қатарласып тұрады.
Тәрбиеші немесе бастаушы бала:
- Сен неге бірінші болып тұрдың?
- Себебі - дүйсенбі аптаның бірінші күні.
- Кемпірқосақтың бірінші түсі қызыл (балаға қызыл қалпақ кигізеді).
- Аптаның екінші күні қалай аталады?
- Аптаның екінші күні - сейсенбі, ал кемпірқосақтың екінші түсі - тоқсары.
- 3 нөмірлі аптаның қай күні?
- Сәрсенбі, ал кемпірқосақтың үшінші түсі - сары.
- Кемпірқосақтың төртінші түсі қандай?
- Жасыл.
- Ал апта күні?
- Бейсенбі.
- Аптаның бесінші күні қандай және кемпірқосақтың бесінші түсі қандай?
- Аптаның бесінші күні - жұма, ал кемпірқосақтың бесінші түсі - көгілдір.
- Аптаның алтыншы күні қандай және кемпірқосақтың алтыншы түсі қандай?
- Аптаның алтыншы күні - сенбі, ал кемпірқосақтың алтыншы түсі - көк.
- Аптаның соңғы күні қандай, ал кемпірқосақтың соңғы түсі қандай?
- Аптаның соңғы күні - жексенбі, ал кемпірқосақтың соңғы түсі - күлгін.
Тәрбиеші әр ойыншыдан апта күні мен түсі жайлы сұрайды.
- Міне күн де ұясына кірді, кемпірқосақ та жоғалды (балалар жан-жаққа тарап
кетеді).
«Күн шықты» белгісі берілгенде балалар түстер бойынша қатарға тұрады.
Тәрбиеші балаларға өлеңді тыңдап, оқу қызметінің тақырыбын анықтауды
ұсынады. Балалар өз ойларын айтады.
С. Мәуленов «Кемпірқосақ».
Жердің жүзі дірілдеп
Жел дауылды сапырса.
Төсін бұлттың тілімдеп,
Көк жалындар атылса.
Көкте жасақ құрғандай
Кемпірқосақ тартылар.
Жақсылық күн туғандай,
Жайнап аспан жарқырар.
- Дұрыс, бүгін кемпірқосақ жайлы айтамыз.
Экранда кемпірқосақ бейнесі көрсетіледі.
Қандай ғажап кемпірқосақ!
2
Көз тоймайды қарасақ.
Киімдерің түсті ғой,
Аспанымның сәні ғой.
- Егер айналамыздағы заттар бір түсті ғана болса, қызықсыз болар еді.
Сендер ұнамас еді. Одан да айналамыздағы заттар түрлі түстерге боялып,
көтеріңкі көңіл-күй сыйласыншы!
Кемпірқосақ туралы мәлімет.
- Биік-биік аспанда, үлкен, әдемі бұлтта Кемпірқосақ өмір сүреді. Кемпірқосақ
үйде отырғанды ұнатады, оны бұлттың арасынан шығару оңай емес екен. Ол
өзінің үлпілдек, жұмсақ үйінен тек қана жаңбырдан кейін ғана шығады. Күннің
көзі көрінсе болғаны, соңғы жаңбыр тамшыларымен бірге үйінен шығып, өз
бейнесіне қарап риза болып қуанады екен. Ол сондай жайдары! Бүкіл аспанға
өзінің түрлі түсті жолақшаларын жаяды. Ал барлығы жеті жолақша. Кемпірқосақ
кішкентай болғанда оларға қарап, тіпті санап үйреніпті. Бірінші жолақша -
қызыл, екінші - тоқсары, үшінші - сары, төртінші - жасыл, бесінші - көгілдір,
алтыншысы - көк, жетіншісі - күлгін. Барлығы жеті жолақша. Оның әрдайым
жүзінен күлкі кетпей, қуанып жүреді екен.
- Балалар, қуаныш дегеніміз не?
Балалардың еркін жауаптары.
- Кемпірқосақ неге ұқсайды?
Балалардың еркін жауаптары.
- Кемпірқосақты неден кейін байқауға болады?
- Жаңбырдан кейін.
- Ал жаңбырдан кейін тағы нені көруге болады?
- Күнді.
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Проблемалық жағдаят.
Тәрбиеші балаларды шығармашылық бұрышқа өтуге шақырады.
Балалар дайындалған құрал-жабдықтарды қарастырады. Үш түс қана
дайындалғанын анықтайды. Кемпірқосақты қалай салу керек?
- Біз көріп тұрған түстердің барлығы, мөлдір жаңбыр тамшыларынан пайда
болады.
Кемпірқосақты жаз жыл мезгілінде ұсақ, жиі, жылы жаңбырдан кейін аспаннан
байқауға болады. Бұлттардың арасынан күннің көзі көрінген сәтте, күн
сәулелері жаңбыр тамшыларының арасынан өтіп, кемпірқосақ пайда болады.
3
Кемпірқосақтың түстері қатаң тізбек бойынша орналасады: қызыл, тоқсары,
сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін.
- Алуан түстердің арасынан негізгі үш түс дараланады. Балалар, оларды
атаңдаршы. (Қызыл, сары, көк.)
- Қане, балалар, бізде қандай түстер барын көрейік. (Қызыл, сары, көк.)
- Бізде үш түс бар, ал қандай түстер жетіспейді? (Тоқсары, жасыл, көгілдір және
күлгін.)
Іс-тәжірибе.
- Айтыңдаршы, балалар, көгілдір түсті қалай алуға болады?
Тәрбиеші балаларға түстерді араластыруды ұсынады.
Талқылау мен қорытынды шығару.
Балалар екі негізгі түсті қосып араластырғанда, үшінші түс шығатыны
туралы қорытынды жасайды.
Тәрбиеші балаларға негізгі үш түсті қолданып кемпірқосақты салуды ұсынады.
2.2. Сурет салудың әдіс-тәсілдерін көрсету.
- Балалар, бүгін кемпірқосақты ерекше тәсілмен саламыз. Сендердің алдарыңда
ақ парақ жатыр.
- Ысқышты суға малып, парақты сулау. Сурет салудың бұл техникасы -
дымқыл бетте сурет салу деп аталады.
- Саусақтарымызды сурет салуға дайындайық.
Саусақ жаттығу «Кемпірқосақ».
Көк аспанға қарашы,
Кемпірқосақ доғасы (қолды біріктіру, жоғары көтеру).
Қызыл, жасыл тоқсары (қол шапалақтау),
Күлгін сары арасы ...
Бұталарға үйлерге (екі қолды біріктіріп, шатыр жасау),
Толқындарға, теңізге (қолмен толқын жасау).
Сәлем беріп бізге де (қолды екі жаққа жаю).
Әсемдігі ерекше!
- Денені түзу ұстаймыз,
Сурет сала бастаймыз!
Сурет салудағы жұмыс ережелерін еске түсіру.
- Егер су жеткіліксіз болса, қағаздың құрғақ беті бояудың әдемі жайылуына
мүмкіндік бермейді, ал керісінше су көп болған жағдайда бояу бүкіл бетке
4
жайылып, сурет ойдағыдай шықпайды, сол үшін ысқышты қатты суламауға
тырысу керек.
Тәрбиеші балаларға бірге (параллельді) сурет салуды ұсынады.
- Барлықтарың суладыңдар ма?
Балалардың еркін жауаптары.
Тәрбиеші балалардың әрекеттерін бақылайды.
- Балалар, біз кемпірқосақты немен саламыз?
- Ысқышпен.
- Бізге қандай түстерді салу керек?
Балалардың еркін жауаптары.
- Тоқсары түс шығу үшін қандай түстерді қосу керек? Кім есіне сақтады?
- Қызыл мен сары түсті.
- Ал егер көк және сары түсті біріктірсе, қандай түс шығады?
- Жасыл.
- Дұрыс. Қолымызды былғап алмау үшін, ысқышты ұқыптап ұстап, оған бояу
жолақтарын жағайық. Кейін өз парақ қағаздарымызға доға пішінінде
бастырайық. Не шықты?
- Кемпірқосақ.
2.3. Жеке сүйемелдеумен дербес әрекет.
Жұмыс барысында педагог сурет салу кезіндегі тәртіп ережелерін сақтауға,
денені түзу, тік ұстауға, құрдастарымен дұрыс қарым-қатынас жасау
керектігіне балалардың назарын аударады.
Балаларға ысқышқа бояуды дер уақытында жағуға, доғаны ысқышпен салуға
көмек көрсету.
Жұмыс барысында динамикалық үзіліс өткізу ұсынылады.
Аспанда жай шатырлап. (Қолды жоғары көтеру.)
Тамшы жерде секірді! (Көзді қолмен жабу.)
Сулы шөптер жылтырап. (Қолды екі жаққа жаю.)
Кемпірқосақ көрінді. (Қолдарымен төбелеріне доға жасайды.)
- Сурет салып болғаннан кейін, өз жұмыс орындарын жинап, ретке келтіру.
Жұмыс барысында сурет салуға қиналған балаларды жеке сүйемелдеу.
3. ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылау, рефлексия.
- Қараңдаршы, балалар, қандай керемет түстер шықты!
Балалардың кемпірқосақ түстері жайлы жауаптары.
- Бүгінгі оқу қызметінде не ұнады?
5
Балалардың еркін жауаптары.
- Жарайсыңдар! Сендердің бүгінгі оқу қызметіндегі жұмыстарың маған өте
ұнады. Қарандаршы,балалар, сендердің кемпірқосақтарың қандай әдемі, түрлі
түсті болып шықты.
Қараңдаршы аспанға,
Кемпірқосақ басқанба?
Түрлі түсті бояулар
Отшашулар шашқандай!
Тұңғиықтан естіліп,
Жеті нота әуені.
Күннің алтын шуағы,
Таңғажайып әдемі!
Табиғатым тамаша!
Тұнып тұрған орманым.
Шайдай ашық аспаным,
Бар әлемнің қорғаны!
- Балалар, бүгін табиғаттың қандай құбылысы жайлы айттық? Еске түсірейік.
Балалардың еркін жауаптары.
- Қане, балалар, кемпірқосақтың түстерін тағы бір рет қайталайық.
Балаларды әдемі суреттері үшін, еңбекқорлықтары үшін мақтау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Түрлі түсті доғалар

шағым қалдыра аласыз