Түрлі түсті көліктер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Түрлі түсті көліктер

Материал туралы қысқаша түсінік
"Күншуақ" ортаңғы тобы. Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі: Сурет салу Көліктер туралы түсінік беру.Әуе,су,жер, темір жол көліктерін ажырата білуге үйрету.Олардың пайдасы туралы айту.Акварель бояуы арқылы ,мақталы таяқшамен бояй білуге үйрету.Көліктер туралы тақпақтар жаттау.Жол ережесі туралы айту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 29.01.2021жыл

Тәрбиеші: Марат Салтанат Маратқызы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: Түрлі – түсті көліктер

Мақсаты: Көлік түрлері туралы түсініктерін дамыту.Көліктің ерекшеліктерін ажырата білу қабілеттерін арттыру.Қиялдай білуге тәрбиелеу. Салынған әуе шарының пішіндерін мақталы таяқшаларымен бояуға үйрету.

Көрнекіліктері:Слайд,суреттер.

Әдістері: Түсіндіру, сергіту сәті, шығармашылық тапсырма, сұрақ – жауап;

Көрнекілік: Ұшақ түрлері, сурет салу кезеңдері.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: қағаз, қарындаш, түрлі түсті қарындаштар, гуащ.

Қостілділік компонент: Автобус – автобус, Автокөлік – автомобиль, Жүк көлігі – грузовик, мотоцикл – мотоцикл, пойез – пойезд, Әуе шары – воздушный мяч, Ұшақ – сомолет, Тік ұшақ – вертолет, Дирижабль – дирижабль, Зымыран – ракета, Катараман – катараман, Кеме – судно, Қайық – лодка, Желкенді қайық – парусник, Сүңгіру қайық – подводная лодка, Өрт сөндіру көлігі – пожарная машина, Жедел жәрдем – скорая помыщь

Полиция көлігі – полицейская машина

Сәлеметсізбе!

Здравствуйте!

Good morning!

Балалар сендер күннен күнге әдемі,ақылды болып өсіп келесіңдер.Сендер барлық жақсылықты бойларыңа сіңіріп Қазақстанның үлгілі азаматы болып өсулерің керек, солай ма?

Жылулық шеңбері.

-Сәлем,саған алтын күн!

-Сәлем,саған көк аспан!

-Сәлем,саған жер ана!

-Сәлем,саған достарым!

-Сәлеметсіздерме қонақтар!

-Балалар,қазір сендермен көлік деген сөздің төңірегінде әңгіме жүргіземіз,сұрақтарға жауап беріп,жұмбақта шешеміз.

-Ал енді,мен жұмбақ жасырамын.

1.Құс сияқты құс емес,

Жүрседе тым биікте.

Қақпайды бір қанатын

Жүрсе де тым биікте.

2.Қос күрекпен еседі,

Су көлігі деседі.

3.Жүргізуші жүргізеді,

Төрт аяқты батырды.

Слайд арқылы

әңгіме:

«Көліктер»

Адамдар көліктерді алыс жерлерге қатынас жасау үшін пайдаланады.Көліктердің үш түрлері бар

Олар:

1.Әуеде ұшатын көліктер:

2.Суда жүзетін көліктер:

3.Жерде жүретін көліктер:

Ал енді,балалар,осы көліктермен танысайық.

Ертеде адамдар алыс жерлерге жануарлар арқылы және жануарларға жегілген екі дөңгелекті арбамен қатынаған.Кейінірек адамдар машина,автобус сияқты жерде жүретін көліктерді,ойлап тапқан.

-Балалар,сендер құс сияқты ұшқыларың келе ме?

Міне,адамдар түрлі жолдарын ойластырған,ең алдымен әуе шары пайда болды да,кейін маторы бар ұшақтар мен тік ұшақтарды ойлап тапты.

-Балалар,сендер суда жүзіп көрдіңдер ме?

-Адамдар ертеде үлкен өзендерден бөренелер арқылы жүзіп өткен.Қайықтарды, кемелерді уақыт өте ойластырып тапқан.

Ғажайып сәт:

«Бағдаршам»қонаққа келіп түсіндіреді.

Саламатсыңдар ма,балалар.

Көшедегі қимыл- қозғалысты реттеу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

Әрине бағдаршам.

Қызыл,жасыл,сары көздеріне түсінік береді.

-Жолда жүру тәртібі не үшін қажет?

Бағдаршамның түстерін,пішінін сұрайды.

-Бағдаршам туралы кім тақпақ біледі?

Сергіту сәті:Музыкамен орындалады.

Ал енді,балалар,бүгінгі ұйымдастырылған іс- әрекетімізді сурет салу оқу қызметі мен жалғастырайық. Әуеде үшатын әуе шарын мақа арқылы салатын боламыз.

Саусақ жаттығуы жасалды.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ,

Беске –бесті қосайық,

Болып кетті он саусақ.

Дидактикалық ойын:

«Көліктерді орналастыр»

Шарты:Су көлігін суға.

Әуе көлігін әуеге.

Жер көлігін жолға орналастыруы керек.

-Балалар, біз бүгін немен таныстық ?

-Адамға көлік не үшін қажет?

-Жолда жүру тәртібі не үшін қажет?

-Әуеде үшатын қандай көлік түрінің суретін салдық балалар?

Ал енді айтыңдаршы, сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма?

Ендеше оқу қызметін өлең шумағымен аяқтағым келеді.

Көліктер.

Қаламызда көліктің

Алуан түрі табылар

Ұшақ пенен кемелер

Автобустар тағы бар

Велосипед мініп ап,

Жолды кесіп шаппаймын

Жолда жүру тәртібін

Мен осылай сақтаймын.

Сау болыңыз!

До свидания!

Good bye!











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.12.2021
1275
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі