400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

"Түрлі-түсті көңіл күй" педагогтарға арналған психологиялық тренингі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тренинг білім мекемесінде жұмыс жасайтын психологтарға қажет. Педагогикалық ұжымның жұмыс уақытындағы психологиялық қысымнан босап, бір сәтке көңіл-күйлерін жақсартуға ықпалын тигізеді. Түрлі психологиялық жаттығуларды жасай отырып, педагогтардың шығармашылықтары мен қоса қиялдары дамиды. Ойларын ашық жеткізе білуге дағдылана түседі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтарға арналған «Түрлі-түсті көңіл-күй» психологиялық тренингі

Күні бойы бір күле алмасаң, онда оны зая кеткен күнім деп есепте

(Виктор Мари Гюго)

Мақсаты: Педагогтардың көңіл-күйлерін жақсарту, шаршағандарын басу. Өз сезімдерін білдіруге дағдыландыру.

Барысы: Сәлеметсіздер ме, құрметті педагогтар! Мен сіздермен кездескеніме қуаныштымын. Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын. (Баяу музыка қосылады. Шеңбер бойына тұрады, психолог шеңберде нұсқау береді.)

Слайд №1

Шаттық шеңбері:

Қайырымды жандар айнала,

Шеңберге келсін жайлана.

Жалықпастан қайта біз,

Махаббат сөзін айтамыз.

Сүйеміз барлық әлемді,

Әлемдегі бар елді.

Бақыттымыз осы біз,

Қасымызда досымыз.

Ең алдымен қазіргі кездегі көңіл-күйіміздің қандай екенің білейік

Слайд №2

«Көңіл-күй түстері» жедел тест

  • Қызыл түс-мәз-мейрам көңіл-күй;

  • Қызыл сары түс-қуанышты;

  • Сары түс-байсалды, бір қалыпты:

  • Жасыл түс-«маған бәрібір» деп отырғандардың түсі;

  • Қара түс-нашар;

  • Күлгін түс-үрейлі, мұңды.

Слайд №3

Арайлап атқан таңмен күліп оянудың денсаулығымызға қаншалықты пайдалы екенің білесіз бе? Таңертең айнадан өз келбетімізді көріп, жай ғана жымиюдың күні бойы көңіл-күйіңізге тигізер ықпалы мол. Күлу-адамдар қатынасының маңызды бөлшегі. Мысалы, езуінен жымию адамның өзіне сенімділігін, еркіндігін, мейірімділігі мен қуанышын білдіреді екен. Ал күлкі иесінің жанына-тыныштық, жылу, деніне саулық сыйлайды. Барлық адам күле алады. Күлкі арсыз дегенімізбен, күлкінің адам денсаулығына пайдасы өте көп. Үндінің бір оқымыстысы 21 жыл бойы осы күлкі туралы зерттеп, күлкінің пайдасын анықтапты. Күлкі бұлшық еттерді босаңсытады, астың қортлуын жылдамдатады, жүйке қызметін жақсартады. Адам күніне ең аз дегенде 17 минут күлу керек екен. Ол денсаулықты сақтап қана қоймайды, сонымен қатар жасты ұзартады. Кейбір елдерде күлкіні ауруды емдеуге қолданады екен.

Осы әдемі күлкіміздің сиқырлылығымен өз-өзімізге «комплимент, қошемет» айта отырайық.

«Комплимент» психологиялық жаттығуы.

Жаттығудың шарты: Қатысушылар қатармен бір-бірлеріне комлимент айтып, мақтау керек.

«Мен кіммін?» жаттығуы.

Қолдарыңызға қалам алып, «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап беріңіздер.

Қорытыңдысы:

  • 8 жауап-өз-өзіңізді бағаламайсыз;

  • 9-10 жауап-орташа бағалау;

  • 10 -20 аралығындағы жауап-өзіңізді жақсы көресіз;

  • 20 жауаптан көп-өзіндік бағалауыңыз шамадан жоғары.

«Рахат» жаттығуы.

Шарты: Қағаз бетіне педагогтарға күнделікті өмірде рахат әкелетін 10 іс-әрекетті жазу ұсынылады. Содан кейін бұл іс-әрекеттерді күшті қалпына келтіретін жедел жәрдем ретінде қолдануға болады.

«Жасырылған хат, ойлан тап!»

Қатысушылар үш топқа бөлінеді.

Психолог: Ерте-ерте-ертеде.... әлі адамдардың әріп танымаған уақытта да, олар бір-біріне хат жазған екен. Қалайша? Олар сурет салуды біліпті біз бүгі оны үйренеміз. Әр топқа тапсырма сөйлемдер беріледі. Сол сөйлемдерден сурет шығару керек.

Тапсырмалар:

  1. Бүгін маған сағат кешкі 18.00-де келші.

  2. Бүгін жұмыстан кейін кино көруге барайық.

  3. Жексенбі күні сағат 15.00 –де менің туған күніме кел.

Қарсылас топтар суретте не жазылғаның анықтайды.

«Менің көңіл-күйім» жаттығуы.

Шарты: Қатысушылар қазіргі кездегі көңіл-күйін суреттеп қағаз бетіне түсіріп, тақтаға іледі.

«Сиқырлы қорапша» ойыны.

Тренингтің соңында қатысушыларға қорапшадан бүгінгі күнде не күтіп тұрғаны немесе жақын уақытта не істеу керектігі туралы жазылған хаттарды алу ұсынылады.

  • Бүгін сенің жолын болады.

  • Тағдыр саған керемет тосын сый дайындауда.

  • Үнемі кейінге қалдырып келе жатқан істерді жүзеге асыратын уақыт келді.

  • Өзіңді осы қалпында жақсы көре біл.

  • Өзіңе сыйлық жаса, сен оған лайықтысын.

  • Бүгін қуаныш сенімен бірге.

  • Сенің армандарын мен тілектерін жақында міндетті түрде орындалады.

Осымен «Түрлі-түсті көңіл-күй» тренингіміз аяқталды. Белсене қатысқандарыңызға рахмет.











Республикалық қашықтық байқауға қатысу өтінімі


I. Байқауға қатысушы туралы ақпарат


Тегі, аты-жөні, (толық)

Толеутаева Арайлым Серикбаевна

Қызметі

Психолог

Білімі

Жоғары

Санаты

Санаты жоқ

Педагогикалық өтілі

9 жыл

Атауы /область, аудан, мектеп/

Тараз қаласы

E-mail

ainelek1@mail.ru

Байланыс телефондары

87075697462

Қатысқалы жатқан конкурс атауы



II. Байқау жұмысы туралы ақпарат

Сабақ тақырыбы

«Түрлі-түсті көңіл- күй» тренингі.

Сынып

Балабақша педагогтарына тренинг






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
27 қаңтар
1697
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі