400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Түрлі-түсті мұздар.Балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
-Балалар бізге ғажайып қонақ - Африкада тіршілік ететін керік келді. Ол өмірінде қар ұшқындары мен түрлі түсті сүңгі мұздарды көрмепті. Кәне, біз оған түрлі-түсті сүңгі мұзды қалай жасауға болатындығын көрсетейік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Г. Альменова.

«Балауса» балабақшасының тәрбиешісі. Шу ауданы.

Түрлі - түсті мұздар.

Білім беру саласы: Таным, Әлеуметтік.

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Мақсаты:1. Судың сұйық және қатты болатындығын түсіндіру.

2. Тәжірибе жасау арқылы түрлі-түсті судың түрлі-түсті мұзға қалай айналатындығын көрсету арқылы зейіндерін дамыту.

3. Жансыз табиғат туралы ұғымдарын қалыптастыру.

Билингвальды компонент: Су-вода, сүнгі-сосулька, қар ұшқындары-снежинки.

Көрнекіліктер: 3 банкі су, қызып, көк және сары түсті гуаш, қалыптар.

Тәрбиеші: Шаттық шеңбері:

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз!

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз!

Білімді өзектендіру.

-Балалар бізге ғажайып қонақ - Африкада тіршілік ететін керік келді. Ол өмірінде қар ұшқындары мен түрлі түсті сүңгі мұздарды көрмепті. Кәне, біз оған түрлі-түсті сүңгі мұзды қалай жасауға болатындығын көрсетейік.

Тәрбиеші : суы бар банкілерді көрсетеді.

-Балалар, банкілерге не құйылған?

Балалар:-су.

-Су қандай?

-Мөлдір таза.

-Мөлдірлігі соншалық, оның іші жақсы көрінеді. Кім мөлдір суды жақсы көреді? Оны қайда қолданамыз?

-Тамақ дайындаймыз, таза суды ішеміз, таза суда балықтар тіршілік етеді, таза сумен ыдыстарды жуамыз.







Үстел үстіне стақандарды қойып, балалардың назарын аудару.

1.Суға тұз салып көрсету.

2.Суға қант салып тәтті екенін көрсету.

3.Судың температурасын өзгерту( жылы су, қайнаған су, мұз су)

Ғажайып сәт: Есік қағылады. Қонаққа сиқыршы келеді.

-Сәлеметсіздер ме балалар? Мен сендердің көңіл-күйлеріңді көтерейін деп, мөлдір суды сиқыр арқылы әр-түрлі түске айналдырамын. Сиқыршы банкідегі суды 1-2-3-деп араластырғанда

1-ші су қызыл түске енеді.

2-ші банкі дегі су сары.

3-ші банкі дегі су жасыл түске айналады.

Тәрбиеші: -Енді түрлі түсті судан түрлі түсті мұз сүңгілерін жасаймыз.

-Суды мұзға айналдыруға бізге аяз көмектеседі. Өйткені су аязда қатады. Мына қалыптарға суды құйып, сыртқа шығарып қоямыз. Ал серуенге шыққан кезде біздің суымызға не болғанын көреміз.

Билингвальды компонент: Су-вода, сүңгі-сасулька, қар ұшқындары-снежинки.

Сергіту сәті: Қар жауады оң жақтан.

Қар жауады сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ.

Су болады қолғаптар.

Тәжірибе алаңына барайық.

Мұзды ұстап көру,оның қасиеттері.

Мұзды жылы суға салу.

«Қауіпсіздік ережесі»

  1. Мұздан сақ болу керек

  2. Мұзды ауызға салып жеуге немесе соруға болмайды.

  3. Ол кір әрі суық

  4. Мұзды жермен ақырын жүру керек.

Үлестірмелі материалмен жұмыс.Түрлі-түсті мұздарды бояу.





Қорытындылау.

-Балалар бізге қонаққа кімдер келді?

-Сиқыршы және керік.

-Сусыз өмір сүре аламыз ба?

-Жоқ.

-Суды тәтті қылу үшін не салдық?

-Қант.

-Ал ащы қылу үшін ше?

-Тұз.

-Мұз қасиетімен таныстық.

-Керік бізбен серуенге шық. Судың түрлі -түсті мұзға айналғанын көресің.

Тәрбиеші серуенде судың мұзға айналғанын көрсетеді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 мамыр
1381
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі