400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Түрлі түсті қарандаштар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:20.12.2017 Жүргізген тәрбиеші: Оралбекова А.О

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру сала: Шығармашылық

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: Көбелек

Мақсатты:

Білімділік: Балаларға көбелек туралы түсінік бере отырып, жаңғақты мүсіндеуге үйрету.

Дамытушылық: Көбелек мүсіндеу арқылы қолдың , саусақтың бұлшықеттерін жетілдіру, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды әсемдікке,ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: көбелек

Көрнекіліктер: Көбелектің суреті, мүсіндеуге қажетті ермексаз,тақтайша,сүлгі.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату,түрткі болу

Балаларға қонаққа Маржан қуыршақ келетінін хабарлайды.


Балалар қарсы алуға дайындалады.

Ұйымдастыру жұмыстары, жүргізу

Маржан қуыршақ сендерді жәндіктің бір түрі-көбелекпен таныстыруға келіпті және сендерден көбелекті мүсіндеп беруді сұрайды.

Жылулық шеңбер:

Бір-біріне тілек тілеуді ұсынады.

Көбелек –әсем түсті екі қанаты бар ұшатын жәндік.

Көбелектің түрлері өте көп.

Көбелектің әр күндері ашық,жылы шуақты.Өйткені олар гүлдердің жанында жасыл алқаптарда ұшып жүреді.

Енді ермексаздан көбелекті мүсіндеп көрейік

Әдіс-тәсілі:

Түрлі –түсті ермексазды жұмсатып,домалақтау,жасалу тәсілін көрсету.

Сергіту сәті:

Көбелек –ау көбелек

Әдемісің керемет

Гүлге барып қона ғой

Өзің де гүл бола ғой.

Балалар Маржан қуыршақты қарсы алып , оның әкелген суретіне назар аударады.

Балалар жылулық шеңберге тұрып , бір-біріне тілек тілейді.

Балалар Маржан қуыршақтың әңгімесін тыңдайды.







Балалар мүсіндеу әрекеттімен танысып, ермексазбен жұмыс жасайды.




Қимыл –қозғалыс арқылы сергіту сәтін орындайды.



Рефлексия түзету жұмыстары ( коррекция)

Тәрбиешінің көбелектің түр-түсі, қанаты болмаса ұша алмайтыны жөнінде сұрақтар қояды.

Д/О: «Көбелекті тап»

Мақсаты:Ойлау қабілеттерін дамыту,қызығушылығын арттырып,ажырата білуге үйрету.

Маржан қуыршақпен қоштасады

Балалардың жасаған жұмыстарына риза болып, мақтау-мадақтау жұмыстарын жүргізеді.

Балалар сұрақтарға жауап береді.



Балалар ойынды қызыға ойнайды,ойын ережесін естеріне сақтайды. Балалар жұмыстарына тәрбиешіге ұсынады.


Маржан қуыршақпен қоштасады, жұмыстарын көрмеге қояды. Балалар мақтауға риза болды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Көбелектің жәндіктің екенін,оны ермексазбен мүсіндей біледі.

Түсінігі бар: Балалар көбелектің әсем түсті екі қанаты бар ұшатын жәндік екніні туралы түсініктері бар.

Орындай алады: Балалар бірнеше суреттердің ішінен көбелекті таба алады.

Ермексазды жұмсартып,илеу жұмыстарын орындай алады.













































Білім беру сала: Шығармашылық

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: Саңырауқұлақтар ( ермексазбен)

Мақсатты:

Білімділік: Балаларға саңырауқұлақ жайында түсінік бере отырып,жаңғақты мүсіндеу іскерліктерін меңгерту.

Дамытушылық: Саңырауқұлақты мүсіндеу арқылы қолдың, саусақтың бұлшықеттерін жетілдіру, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды әсемдікке,ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Саңырауқұлақтар

Көрнекіліктер: Саңырауқұлақтың суреті, мүсіндеуге қажетті ермексаз тақтайша, сүлгі.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату,түрткі болу.

Тәрбиеші балаларға қонаққа қоян келетінін хабарлайды.


Балалар қонақты қарсы алуға дайындалады.

Ұйымдастыру жұмыстары, жүргізу

Балалар шаттық шеңберін жасап .

Бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.

- Әрқашан әдемі болайық!

- Балабақшамыз жайнай берсін!

- Бәріміз дос болайық!

Тәрбиеші: Балалар қоян сендерге сурет ала келіпті, кане көрейікші, ненің суреті екен.

Балалар бұл саңырауқұлақ суреті екен. Саңырауқұлақтың басы домалақ,төменгі жағы сопақша болып келеді. Ол далада,бақшада өседі олардың түрлері көп.

Саңырауқұлақтың түстері әр түрлі болады.Өсіп тұрған саңырауқұлақтарды жұлуға болмайды.

Енді біз қоян әкелген саңырауқұлақтың суретін мүсіндеп көрейік.

Қауіпсіздік ережесі:

Әдіс-тәсілі:

-Ермексазды алып алақанға жұмсартамыз.

- Жұмсарған ермексазды домалақтау арқылы басын жасау. –Ермексазды созу арқылы астыңғы жағын жасау.

Сергіту сәті:

Ұзақ-ұзақ мүсіндеп ,

Саусақтарым шаршады.

Саусақтарым демалсын

Шапалақтап қуансын

Морфологиялық талдау:

Саңырауқұлақ- саңырауқұлатар

Балалар қоянмен амандасады.

Балалардың назары қоянның қолындағы суретте болады.







Балалар тәрбиешінің айтқан саңырауқұлақ жайындағы әңгімені мұқият тыңдайды.









Балалар қауіпсіздік ережесін естерінде сақтайды.

Балалар мүсіндеу әрекетімен танысып, ермексазбен жұмыс жасайды.




Қимыл-қозғалыс арқылы сергіту сәтін орындайды.




Балалар қайталайды.

Рефлексия түзету жұмыстары ( коррекция)

Балалар бүгін қонаққа не келді?

Қоян ненің суретін әкелді?

Сендерге не ұнады?

Қоянмен қоштасу.


Балаларды мақтау мадақтау

Қоян келді

Саңырауқұлақтың суретін әкелді.

Кімге не ұнағандарын айтады.

Балалар мақтауға риза болады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Саңырауқұлақтар жайлы біледі

Түсінігі бар: Саңырауқұлақ жайында түсініктері бар.

Орындай алады: Балалар ермексазбен жұмыс жасай біледі.

































Күні тобы жүргізген тәрбиеші:

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: Үлкен- кіші сәбіздер

Мақсаты:

1 білімділік: Көкеністер жайлы білім

2 дамытушылық: Сәбізді мүсіндеу арқылы қодың, саусақтың бұлшық еттерін жетілдіру

3 тәрбиелік:Бір- бірімен қарым- қатынас барысында ізгілікке, сыпайылыққа жағымды мінез- құлық дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелеу

Сөздік жұмыс: көкеніс, сәбіз

Қолданатын көрнекіліктер: Сәбіздің суреті, Мүсіндеуге қажетті заттар


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату, түрткі болу

Тәрбиеші балаларға қоян қонаққа келетінінхабарлайды.

Балалар өздеріне қоян қонаққа келе жатқанына қуанады.

Ұйымдастыру , ізденіс жүргізу
























Рефлексивті –түзетушілік жұмыстары (коррекция)



Жылулық шеңбері.

Бір- біріне жақсы, ізгі тілектер ұсынады. Балалр қоян сәбіз жегенді ұнатады екен. Сендерге сәбіздің суретін ала келіпті, соны мүсіндеуге көмектесулеріңді сұрайды


Сергіту сәті:

«Қарлығаштар»

Орнымыздан тұрамыз,

Екі қанатты жазамыз

Екі аяқтың ұшымен,

Бөлме ішінде ұшамыз.

Сөздік жұмыс: Көкеніс, сәбіз

Балалар біз не жасадық?

Оларға ұнады деп ойлайсыңдарма?

Неліктен?

Қоянға арнап «ән шырқайық»


Тәрбиеші балаларды мадақтап шарлар таратып береді.


Балалар тәрбиешінің айтқанын тыңдайды.










Балалар сұрақтарға толық жауап береді.


Тәрбиешінің көмегімен сәбіз мүсіндейді.


Қимыл-қозғалыс арқылы жасайды.







Йә,ұнады деп ойлаймыз.

Өйткені біз әдемі етіп жасадық.


Тәрбиешінің мақтап,мадақтағанына балалар қуанды.



Күтілетін нәтиже.


Біледі :

Балалар көкеністер жайлы біледі

Түсінігі бар:

Балалардың сәбіз жайында түсініктері бар.

Орындай алады:

Балалар ермексаздан сәбізді мүсіндей алады.
































Күні тобы жүргізген тәрбиеші

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: Бауырсақ (ермексаздан)

Мақсаты:

  1. Білімділік: Ұннан жасалатын тағамдар жайында қарапайым түсініктер беру.

  2. Дамытушылық: Бауырсақты мүсіндеу, іскерлік дағдыларын қалыптастыру.

  3. Тәрбиелік: Асты қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Бауырсақ

Қолданылатын көрнекіліктер: Ұннан жасалған тағамның суреттері, тақырыпқа сай суреттер, мүсіндеуге қажетті ермексаз, тақтайша, сүлгі.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату, түрткі болу

Балаларға Балаусаның үйіне қонаққа баратынын хабарлау. Балалармен амандасады.

Балалар Балаусаның үйіне баратындарын естіп қуанады.

Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу

Қане балалар бәріміз қөлікке отырып Балаусаның үйіне барайық.

Балалардың назары үлкен әдемі жайылған дастарқанға түседі. Дастарқанда әдемі пысқан қып-қызыл бауырсақ тұрады.

Сұрақ-жауап:

-Мынау не?

-Бауырсақтар қандай?

Бауырсақ – қазақтың ұлттық тағамы. Баурсақтарды әр түрлі үлгіде жасап, майға пісіреді. Ендеше осы бауырсақты мүсіндеп көрейік.

Мүсіндеу әдісі:

  1. Ермексазды алып алақанға жұмсартамыз.

  2. Домалақтау, сопақтау арқылы бауырсақты мүсіндейміз.

Сергіту сәті:

Дастарқанды жаямыз

Ыдыстарды қоямыз.

Бауырсақты әкеліп

Дастарқанға қоямыз.

Морфологилық талдау:

Бауырсақ-бауырсақтар



Балалар Балаусаның әжесінің үйіне қонаққа келеді. Балаусаның әжесімен амандасады.





-Баурсақ

-Домалақ, сопақ

Балалар тәрбиешінің әңгімесін мұқият тыңдайды.




Балалар мүсіндеу әрекетімен танысып, ермексазбен жұмыс жасайды.


Қимыл-қозғалыс арқылы сергіту сәтін орындайды.



Буынға бөлу арқылы айтқызу.








Рефлекция , түзету жұмыстары

-Балалар сендер кімнің үйіне қонаққа бардыңдар?

-Сендер қандай бауырсақтың түрлерін білесіңдер?

-Сендерге не ұнады?

Балаларды мақтау, мадақтау. Жасаған жұмыстарын тексеріп, түзету енгізеді.

Әже ризашылығын білдіріп, балалармен қоштасады.

Балаларды мақтау, мадақтау.


Балалар тәрбиешінің сұрақтарына толық жауап береді.



Балалар тәрбиешінің мақтауы мен жақсы тілектеріне қуанады.

Балалар әжемен қоштасады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар ермексазбен жұмыс жасай біледі.

Түсінігі бар: Бауырсақ ұннан жасалатын тағам түрі екені жайында түсініктері бар.

Орындай алады: Алақанның ортасында домалақтау, сопақтау арқылы бауырсақтарды мүсіндей алады.

























Күні тобы жүргізген тәрбиеші

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: Кірпі (ермексазбен)

Мақсаты:

  1. Білімділік: Балаларға кірпі туралы түсінік бере отырып, оны мүсіндеуге үйрету.

  2. Дамытушылық: Кірпіні мүсіндеу арқылы қолдың, саусақ тың бұлшық еттерін жетілдіру, қимыл қозғалыс үйлесімділігін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Кірпі

Қолданылатын көрнекіліктер: Кірпінің суреті. Мүсіндеуге қажетті ермексаз, тақтайша, сүлгі. Дайын болған кірпілерді салатын ыдыстар (әр балаға).

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату, түрткі болу

Қонаққа Айжан деген кішкентай қыз келетінін хабарлау.

Балалар қонақ келетініне қуанады.

Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу

«Жылулық шеңбері»

Бір-біріне жақсы, ізгі тілектерін ұсынады. Балалар Айжан қыздың үйінде бір кірпісі бар екен, сол кірпісіне көптеген достар іздеп жүр екен. Бізден көмек сұрай келіпті.

-Тәрбиеші балаларға кірпінің суретін көрсете отырып таныстырады. Кірпі орманда өмір сүреді. Кірпінің үстінде тікенектері болады.

Қазір бәріміз осы кірпіні ермексазбен мүсіндеп көрейік.

Қауіпсіздік ережесі:

Мүсіндеу әдісі:

Ермексазды әр балаға бөліп беріп, оны есу, домалақтау, жасалу, әдісін көрсету, тікеніне сіріңкенің үстңгі домалақ басын жапсыру.

Сергіту сәті:

Ал балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Оңға бір қарайық,

Солға бір қарайық,

Алақанды созайық.

Жұмбақ:

Көп-көп ине, көп ине,

Бір сабағы жоқ ине

Іс бітпейді әрине. (кірпі).

Балалар қонақпен амандасады.






Балалар Айжанға көмектесетіндерін айтады. Балалар тәрбиешінің әңгімесін мұқият тыңдайды.



Балалар қауіпсіздік ережесін естерінде сақтайды.





Қимыл-қозғалыс арқылы сергіту сәтін орындайды.




Жұмбақты тәрбиешімен бірнеше рет айтып жаттайды.





Рефлекция , түзету жұмыстары

-Балалар бізге қонаққа кім келді?

-Кірпі қайда өмір сүреді?

-Кірпінің үстінде несі болады?

-Сендерге не ұнады?


Тәрбиеші балалардың жасаған жұмысын тексеріп, түзету енгізеді. Мүсіндеген кірпілерін Айжан қызға ұсынады.

Әдемі жасалған жұмыстарды мадақтайды.



Балалар тәрбиешінің сұрақтарына толық жауап береді.




Балалар тәрбиешінің мақтауы мен жақсы тілектеріне қуанады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар кірпінің орманда өмір сүретінін біледі. Ермексазбен кірпіні мүсіндеуге болатынын біледі.

Түсінігі бар: Балалар кірпінің қайда тіршілік ететіні жөнінде түсінігі бар.

Орындай алады: Ермесазбен кірпіні мүсіндей алады.
























Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: Сақиналар.

Мақсаты:

Білімділік: Балалардың сақина туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Ой қиялын шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды ептілікке, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Сақина

Қолданылатын көрнекіліктер: Сақинаның суреті, әр түрлі сақиналардың өзі және ермексаздан мүсінделген сақиналар үлгісі.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату, түрткі болу

Балала біз сендермен Сауле қуыршақтың туған күніне барамыз.

Балалар жұмбақты мұқият тыңдап, шешуі шырша екенін табады.

Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу

Балалар Сәуле қуыршақтың туған күніне сыйлық апаруымыз керек. Сәуле қуыршақ әдемі әшекейлерді жақсы көреді екен. Сыйлығымыз «Сақина» болсын.
Қазір барлығымыз сақина жасаймыз, кімнің сақинаны әдемі болады, соны Сәуле қуыршаққа сыйлық ретінде береміз.
Тәрбиеші сақинаның үлгісін көрсете отырып, мүсіндеу әдіс- тәсілін түсіндіреді.
Қауіпсіздік ережесі:
Мүсіндеу әдісі:
Ермексаздың біраз бөлігін алып екі алақан ортасында домалақтаймыз. Енді сопақша домалақтаймыз, бір біріне жапсырамыз.

Д/О: «Қайдан сатып алуға болады»
Мақсаты:Балалардың ой- өрісін дамыту.
Сергіту сәті:
Қуыршағым, қуыршағым тұршы
бетіңді жушы
Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы
Сақинаны тақшы.

Балалар ұйымдаса үстел үстіне отырады.


Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.




Балалар қауіпсізідк ережесін естеріне түсіреді.

Балалар мүсіндеу әрекетімен танысып, ермексазбен жұмыс жасайды.
Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.


Қимыл-қозғалыс арқылы сергіту сәтін жасайды.

Рефлекция , түзету жұмыстары

-Балалар біз бүгін не мүсіндедік?
Сендерге ұнады ма?
Тәрбиеші әдемі жасалған жұмысты мақтап, мадақтайды.

Балалар сұрақтарға толық жауап береді.

Балалар жасаған жұмыстарын көрмеге қояды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ермексазбен мүсіндеуді біледі.

Түсінігі бар:: Әшекей бұйымдар жайлы түсініктері бар.

Орындай алады: Берілген тапсырмаларды орындай алады.


















































Күні тобы жүргізген тәрбиеші

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Жаңа жылдық ойыншықтар» (тұзды қамырмен)

Мақсаты:

  1. Білімділік: Балалардың өз ойларын мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.

  2. Дамытушылық: Ой қиялын шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Балаларды ептілікке, ұқыптылыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Жаңа жыл, ойыншық

Қолданылатын көрнекіліктер: Жаңа жыл ойыншықтары (үлгісі), тұзды қамыр, гуашь, қылқалам, сүлгі.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату, түрткі болу

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.

Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласаң,

Төріңдемін үйіңнің.

Балалар жұмбақты мұқият тыңдап, шешуі шырша екенін табады.

Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу

Балаларға ортадағы шыршаны көрсетіп: Шырша – қылқанжапырақты мәңгі жасыл ағаш.

Шыршаны жаңа жылда әр үйде, балабақшада да көресіңдер, шыршаның түсі жасыл болады.

Енді осы көрген шыршаларыңа шыршаның ойыншықтарын көрсетіп, осындай ойыншықтарды тұзды қамырдан жасайтындарын айтады.

Ендеше тұзды қамырдан ойыншықтарды мүсіндеп көрейік.


Қауіпсіздік ережесі:



Мүсіндеу әдісі:

  1. Тұзды қамырды алақан арасына салып домалақтау.

  2. Дайын болған домалақты әдемілеп бояуды көрсету.


Сергіту сәті:

Ұзақ-ұзақ мүсіндеп,

Саусақтарым шаршады.

Саусақтарым демалсын,

Шапалақтап қкансын.


Сөздік жұмыс: Ойыншық, ойыншықтар.

Балалардың назары ортадағы шыршада болады.


Балалар тәрбиешінің шырша жайлы айтқан әңгімесін мұқият тыңдайды.





Балалар ойыншықтарды мүсіндегілері келетіндерін айтады.


Балалар қауіпсізідк ережесін естеріне түсіреді.

Балалар мүсіндеу әрекетімен танысып, ермексазбен жұмыс жасайды.




Қимыл-қозғалыс арқылы сергіту сәтін жасайды.




Балалар қайталайды.


Рефлекция , түзету жұмыстары

-Балалар тұзды қамырдан нені мүсіндедік?

-Жаңа жыл ойыншықтарын қайда іледі?

-Не ұнады?


Тәрбиеші балалардың жасаған жұмыстарын тексеріп, түзету енгізіп, көрмеге қоюларын ұсынады.

Әдемі жасалған жұмыстарды мадақтайды.

Балалар сұрақтарға толық жауап береді.





Балалар жасаған жұмыстарын көрмеге қояды.


Балалар мақтауға риза болады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Жаңа жыл туралы өлең, тақпақтар біледі.

Түсінігі бар: Балалардың жаңа жылда шыршаны ойыншықтармен безендіруге болатыны туралы түсініктері бар.

Орындай алады: Тәрбиешінің көмегімен тұзды қамырдан ойыншықтар жасай алады.























Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Сурет салу.

Тақырыбы: Аққала (біріктіру)

Мақсаты:

  1. Білімділік: Балаларға аққала жайлы түсінік бере отырып, мүсіндеу іскерліктерін меңгерту.

  2. Тәрбиелік: Бір-біріне қарым-қатынастыруға, ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Аққала

Қолданылатын көрнекіліктер: Аққаланың суреті, ойыншығы.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату, түрткі болу

Балалар біз бүгін қыс әлеміне саяхатқа барамыз.

Балалар қыс әлеміне саяхат жасайтындарына қуанады.

Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу

Балалар тәрбиешінің қыс мезгілін әңгімелеп, табиғаттағы ерекшеліктеріне назар аударатын, қыс қызығы жайлы әңгімелеп береді. Мазмұнды суреттерді көрсете отырып, суретте балалардың ойындар ойнау арқылы жасаған іс-әрекетін толықтырып айтып береді. Балалар қыста сырғанақ сырғанап, шаңғы теуіп, аққала жасап ойнайды.


Осы аққаланы ермексазбен мүсіндеп көрейік пе?

Тақтаға ермексазбен мүсінделген аққаланың үлгісіне қарап отырып, балалар аққаланы мүсіндеуді бастайды.

Мүсіндеу әдісі:

Бірінші аққаланың басын, екінші денесін мүсіндейді.

Соңынан екі көзін,мұрнын,аузын жасайды.

Сергіту сәті:

Аққаламен аппақпын,

Қалай тыныш жатпақпын.

Менсіз қыстың сәні жоқ.

Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Сөздік жұмыс: аққала

Балалар тәрбиешінің қыс мезгілі жайында айтқан қызықты әңгімесін мұқият тыңдайды.


Балалар тақырыпты суреттерге, оның ішінде аққалаға назар аударады.




Балалар мүсіндегісі келетінін айтады.










Балалар сергіту сәтін қимыл-қозғалыс арқылы жасап сергіп алады.




Балалар мүсіндеуді жалғастырады.

Рефлекция , түзету жұмыстары

-Балалар бүгін біз жылдың қай мезгіліне саяхат жасадық?

-Балалар ермексазданненің бейнесін мүсіндедік?
-Сендерге не ұнады?


Тәрбиеші балалардың жасаған жұмысын тексеріп, түзету енгізеді. Әдемі жасалған жұмыстарды мадақтайды.

Жылдың қыс мезгіліне деп жауап береді.

Ермексаздан аққала бейнесін мүсіндедік.



Балалар тәрбиешінің мақтауы мен жақсы тілектеріне қуанады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар аққала туралы біледі.

Түсінігі бар: Балалар аққаланың жасау жолдарын, неден жасалатыны жайлы түсініктері бар.

Орындай алады: Аққаланың суретін сурет дәптерге салады. Берілген тапсырманы орындай алады.
































Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: Ақ қоян (біріктіру)

Мақсаты:

1.Білімділік: Жануарды тұтас ермеказдан жасауға,фигураға тән сипатына қарай сымбаттылықты бере білуге үйрету.

2.Дамытушылық: Қоянды мүсіндеу арқылы қолдың,саусақтың бұлшықеттерін жетілдіру,қимыл-қозғалыс үйлесімдігін дамыту.

3. Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Қоян

Қолданылатын көрнекіліктер: Қоянның суреті, мүсіндеуге қажетті ермексаз, тақтайша,сүлгі

Әрекет кезеңдер

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті,туындату, түрткі болу

Тәрбиеші балаларға қоянның қонаққа келетінің хабарлайды.Балалармен амандасады.

Балалар қонақты қарсы алуға дайындалады.Қонаққа назар аударды.

Ұйымдастыру,ізденіс жүргізу

-Балалар қоян біздің қалаға достарымен бірге келіпті бірақ олардан адасып қалыпты сендерден көмек сұрай келген екен.

Жортып келем,жортып келем.

Достарыма келе алмай.

Оларды мен таба алмадым,

Көмектесе ғой,балалар

Мүсіндеп менің достарымды

Мені оларға қосса ғой.

- Қоян достарына жетуіне көмектесеміз бе?

-Қоян туралы не айта аласыңдар ?

Балалармен ойыншық қоянның

Фигурасын сипатту.

Мүсіндеу әдісі:

1.Ермексазды жұмырлап алып жұмсарту,бір жағынан саусақпен соза отырып мойынын шығару.

2.Ұшын иіп бастың пішінің келтіреміз

3.Төрт бірдей ұзыншақ есіп, аяқтарын ,домалақтап құйрығын жапсыру.

4.Көздерін,құлақтарына жапсыру.

Сергіту сәті:

Қоян,қоян тұршы

Беті қолынды жушы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Балалар Маржан қуыршақты қарсы алып,оның әкелген суретіне назар аударады.

Балалар жылулық шеңбеге тұрып ,бір-біріне тілек тілейді.

Балалар Маржан қуыршақтың әңгімесін тыңдайды.











Балалар мүсіндеу әректімен танысып, ермексазбен жұмыс жасайды.









Қимыл-қозғалыс арқылы сергіту сәтін орындайды

Рефлексия түзету жұмыстары (коррексия)

Соңында тәрбиеші балалардың жасаған қояндарын ойыншық қоянның қасына орналастыруды ұсынады.


Достарын тапқан қоян балаларға рахметін айтады,қоштасады.

Балалар жұмыстарын ойыншық қоянның қасына орналастырады.




Балалар қоянның алғысына қуанып,қоштасады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар жануарларды ермексаздан жасауға болатынын біледі.

Түсінігі бар: Қоянның дала жануарлары екені жайлы түсінігі бар, оған мінездеме бере алады.

Орындай алады: Алақанның ортасына салып,ермексаздан қоянды мүсіндей алады.




















Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: Дастарханға қоятын кеселер

Мақсаты:

Білімділік: Балаларға кесе жайлы түсінік бере отырып, мүсіндеу іскерліктерін меңгерту

Дамытушылық: Кесені мүсіндеу арқылы оның, саусақтың бұлшық еттерін жетілдіру, саусақ маторикасын дамыту

Тәрбиелік: баланы зейінді епті болуға тәрбиелеу

Сөздік жұмы: кесе

Қолданатын көрнекіліктер: Кесе суреті, мүсіндеуге қажетті заттар


Тәсілдері, кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату, түрткі болу

Қонаққа қоян келеді .

Балалар қоянмен амандасады.

Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу

























Топқа қоян кіреді. Қолында суреті болады. Қоян балалармен амандасады.

Қоян: Балалар мен сендерге тостаған деген ыдыспен таныстырайын деп келдім.

-Тостаған- ағаштан жасалған шұңғыл ыдыс, сонымен қымыз, сүт, сорпа ішетін болған

Тәрбиеші: Балалар қоян қоянның суретіне қарап, енді біз ермексаздан тостағанды мүсіндеп көрейік пе?

Тәрбиеші балаларға үлгі ретінде тостағанды жасап көрсетеді

Мүсіндеу әдісі

  1. Ермексазды жұмсартып, оны илеу керек

  2. Домалатамыз, жалпыйтамыз

  3. Домалақтың шеттерін көтере отырып жінішкертеміз

Сергіту сәті:

Сары ала тон жамылған,

Күз атамыз секілді.

Қойны толы дәмді нан

Тәттісі көп не түрлі

Тәрбиеші балаларға жұмыстарын аяқтауды ұсынады.

Сөздік жұмыс: Тостаған- деген не?

Балалар қоянның қолындағы суретке қарайды.


Балалар сұраққа өз ойларымен жауап береді.








Балалар мұқият қарайды



Тәрбиешінің көмегімен мусіндейді








Сергіту сәтін қимыл-қозғалыс арқылы жасайды.



Балалар жұмыстарын аяқтайды.


тостаған- ағаштан жасалған шұңғыл ыдыс

Рефлексия – түзету жұмыстары коррекция

Балалар бүгін не мүсіндедік?

Сендергеұнадыма?

Балаларды жақсы жұмыстары үшін мақтап, мадақтау.

Жұмыстардыкөрмегеапару


Тостаған

Бізге ұнады.

Балалар мақтау алғандарына риза болады.

Жұмыстардыкөрмегеапарады




Күтілетін нәтиже:

Біледі:ермексазбен жұмыс жасай алады

Түсінігі бар: тостағанды ыдыс ретінде қолданғаны жайында түсінігі бар

Орындай алады: Ермексазды жұмсартып. Илеу жұмыстарын орындай алады.




























Ұйымдастырылған оқу іс әрекеттінің технологиялық картасы Күні тобы жүргізген тәрбиеші:

Білім беру салалары: Шығармашылық

Бөлімдері: Мүсіндеу Тақырыбы: Күн шуағы

Мақсаты:

1.білімділік: Күн жайлы түсінікткрін кенейту , күн мен түнін алмасуы туралы білім беру.

2.дамытушылық: Елестету арқылы қиялын, шығармашылығын дамыту, белсенділігі арттыру

3.тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сөздік жұмыс: Күн, ай Қолданылатын көрнекіліктер: ермексаз, үлгі

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату, түрткі болу

Тәрбиеші балалар шаттық шеңберіне шақырады.Балаларды жақсы тілек айтуға шақыру.

Біз қандаймыз,қандаймыз?

Шұғылалы тандаймыз.

Ренжуді білмейміз.

Қуанамыз біз бірге,

Арайлап атқан әр күнге!

Балалар шеңбер бойымен тұрып,жүректеріндегі жылы лебіздерін айтады.

Біз қандаймыз, қандамыз?

Шұғылалы таңдаймыз.

Ренжуді білмейміз

Қуанамыз біз бірге,

Арайлап атқан әр кунге!

Ұйымдастыру жұмыстары, ізденіс жүргізу


- Балалар,біз бүгін қоян бір өтінішпен келді. қоян мына бір қағазына күн өте қажет екен.Сондықтан,біз оған көмек бере аламыз ба?

- Күн бізге жылулықтан басқа не беріп тұр?

  • Қалай ойлайсындар ,неге біздің

Жерімізде түн мен күн алмасып тұрады?

- Балалар ,осы күн деген не? Күн жерге жақын болғандықтан ғана үлкен болып көрінеді.

Сол күнге қарай отырып адамдар оны қағаз бетіне түсірген.

Мүсіндеу тәсілі:

1. Ермексаздың біраз бөлігін алып жұмсарту.

2. Алақанарасындадомалатып, домалақжасау.

3. Домалақты жалпаөтау.

4. Домалақпішініңшеттеріншымшып, созуарқылыкүнгешуақтаржасау.

Сергіту сәті:

«Қарлығаштар»

Орнымыздан тұрамыз,

Екі қанатты жазамыз

Екі аяқтың ұшымен,

Бөлме ішінде ұшамыз.

Қ/о «Күн мен түн»

Мақсаты: Тәрбиешінін айтқанын орындауга үйрету.

Барысы: Балаларға «күн» дегенде қолдарын биікке созады,«түн» дегенде жерге отыра қалады.

  • Балалар тәрбиешіні тыңдап, ойларын айтады, достарымен ой бөліседі.

  • Әрине көмек бере аламыз.


  • Олар өте әдемі.

Тәрбиеші мұқият тыңдайды, күнге назар аударады, әрі ойларын ортаға салып, достарымен бөліседі, пікір алмасады




Тәрбиеші көрсеткенді жасайды.







Сергіту сәтін іс-қимылмен көрсетеді.






Қызыға ойнайды

Рефлексия-түзету

жұмыстары

(коррекция)

Қоян балалармен қоштасады

Балалар бүгін бізге топқа қонаққа кім келді?

Бүгін біз не жасадық?

Күн деген не?

Жақсы қатысқан балаларды мақтап,мадақтайды.

Балалар қоянмен қоштасады

Балалар сұрақтарға толық жауап береді.


Балалар мақтауға риза болады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар күн туралы біледі Түсінігі бар: Қалай мүсіндеу керек екенін түсінеді Орындай алады:Сұрақтарға жауап бере алады






















Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы

Күні тобы жүргізген тәрбиеші:

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: Ұш аюға арналған үстел, орындық

Мақсаты:

1 білімділік: балаларға жиһаздар жайлы білімдерін толықтыру, үстел, орындықты сурет қылып салуға үйрету.

2 дамытушылық: бірнеше бөліктен тұратын заттарды суреттеуге дағдыландыру.

3 тәрбиелік: Достыққа, ұйымшылдылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: орындық, үстел

Қолданатын

көрнекіліктер:. Дайын орындық, үстелдің үлгілері.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату, түрткі болу

Балалар бүгін біз «Үш аю» ертегісін оқыдық.

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Ұйымдастыру , ізденіс жүргізу






















Рефлекция –түзету жұмыстары (коррекция)

Тәрбиеші ертегі желісі бойынша сурақтар қояды.

Ертегі кейіпкерлері кім?

Олар қайда тұрады? Үйлерінде қандай жиһаздар бар екен?

Жиһаз деп біз үстел, орындық, шкаф, төсек,диванды айтамыз.

Балалар қазір бәріміз бірге қонжыққа орындық салып берейік :

Д/о «Не жоқ»

Мақсаты: тілдерін , зейіндерін дамыту.

Сергіту сәті:

Жұмыс істеп шаршапты,

Дем алтайық саусақты

Саусақтарым бес-бестен,

Бәрін қосса он шақты.

Балалар бүгін қонаққа не келді?

Біз бүгін не істедік?

Балаларды мақтау,мадақтау. Қонақпен қоштасу.

Сендерге үй ұнады ма?

Ендеше оны көрмеге қоямыз?

Йә,білгіміз келеді.

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.








Йә,көмектесеміз.



Сұрақтарға толық жуап береді.



Ойынды қызыға ойнайды.



Тәрбиешінің көмегімен бірге аюларға үй жасауға тырысады.

Сергіту сәтін қимыл-қозғалыс арқылы жасайды.



Әтешпен қоштасады.

Балалар мақтауға риза болады.





Күтілетін нәтиже.


Біледі :

Балалар үйдің жиһаздары жайлы біледі.

Түсінігі бар:

Үйде жиһаздар болатыны жайлы біледі. Үлкен, кіші, орташа деген ұғымдарды айырмашылықтары бар екені жайлы түсініктері бар.

Істей алады:

Балалар сұрақтарға жауап бере алады. Бірігіп жұмыс жасай алады.































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: тобы: жүргізген тәрбиеші:

Білім беру салалары: Шығармашылық

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: Қыспа құрт

Мақсаты:

1 білімділік: Белгілі бір ретпен қыспа құртты жасау әдіс тәсілдерін үйрету.

2дамытушылық: Көркемдік талғамдарын, шығармашылықтарын дамыту

3 тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу, ұлттық тағамдарға деген қызығушылықтарын идамыту.

Сөздік жұмыс: Қыспа құрт

Қолданатын

көрнекіліктер: А3 беттегі қыспа құрт үлгіс.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату, түрткі болу.

Тәрбиеші балаларға қонаққа әже келгенің хабарлайды.


Балалар жұмбақтың жауабын табуға асығады.


Әже балалармен амандасып, қыспа құрт ала келгенің айтады.

- Балалар мынау?

- Оны неден жасайды?

Оны біз сыйырдын сутінен жасаймыз. Алдымен сутті ашытады, 2-3 кунен кейін қазанға салып қайнатады, қайнағаннан кейін оны сузеді. Ол әбден сорғап болғанан кейін оған түз қосып осындай құртты жасаймыз.

Мен сендерге қыспа құртты қалай жасайтының көрсетейін, үйренгілерін келе ме?

Алдымен құртты алақанға алып домалақтаймыз. Содан кейін саусақтарымыздың ортасына салып ақырын ғана қысамыз.

Сергіту сәті:

«Бәліш пісірейік,

Нан илейік, жаяйық,

Ортасына кептірілген қақ салайық,

Тосап жағайық, гүлдермен сәндейік»

Сөздік жұмыс: қыспа құрт

Д/о «Жануарлар қалай дыбыстайды?»

Мақсаты: Үй жануарларын дыбысы бойынша табу.

Балалар әжемен амандасады.

Қыспа құрт.

Оны суттен жасайды.


Балалар әжені тыңдайды.






Үйренгіміз келеді.

Балалар әже берген тұзды қамырдан құрт жасайды

Балалар әженің артынан іс-қимылдарын қайталай отырып құртты жасайды.




Балалар қимылдарымен қайталап айтады.


Балалар сөзді бірнеше рет буындап айтады.

Балалар қызыға ойнайды.

Рефлексия-түзету жұмыстары (коррекция)

Балалар қонаққа кім келді?

Әже не жасап көрсетті? Құртты наден жасайды? Әже жұмыстардың ішінен жақсы жасалғандарын көрсетіп, мақтайды, қоштасып кетеді.

Тәрбиеші балаларға жасаған жұмыстарын көрмеге апарып қоюды ұсынады.

Балалар жасаған құрттырын бір-бірімен салыстырып, үлкен-кішілігін ажыратады.

Балалар риза болады.

Балалар құрттарын көрмеге апарып орналастырады


Күтілетін нәтиже.

Біледі: Белгілі бір ретпен қыспа құртты жасау әдіс тәсілдерін біледі.


Түсінігі бар: Қыспа құрт сүт өнімі екені түсінігі бар.


Орындай алады: Сурақтарға жауап беріп, қыспа құрт жасай алады.

































Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: Өз бетінше мүсіндеу

Мақсаты:

Білімділік: Өткен тақыраптар бойынша білімдерін тиянақтау, тексеру.

Дамытушылық: Шығармашылығын дамыту, сөздік қорын молайту, ой-өрістерін дамыту

Тәрбиелік: Мүсіндеуге , ермексазбен жұмыс істеуге деген қызығушылықты арттыру, әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:

Қолданылатын көрнекіліктер: Өткен тақырыптар бойынша мүсінделген заттар.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату

Тәрбиеші қонаққа Айжан қуыршақ келетінің хабарлайды.

Балалар Айжан қуыршақты қуана қарсы алады.

Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу

Айжан қуыршақ өзімен бірге сурет ала келепті.

Суретпен жұмыс

Қазір қандай жыл мезгілі?

Көктем айларын ата?

Көктемде күн жылынады. Қар ериді. Жылғаларда су ағады. Алғашқы гүлдер, шөптер шығады. Қане бәріміз көктемгі даланы мүсіндейік.

Мүсіндеу әдісі.

Балаларға біріне шөптер, біріне гүлдер, біріне ағашты мүсіндету. Аяғанда бәрін бір композиция құрастырып қою.

Сергіту сәті:

Жел соғады бетіме

Ағаштарды желпуде

Кіп-кішкентай ағаштар

Ұлкен болып өседі

Д/о “Түстерін ата”

Мақсаты: Балалардың тілдерін дамыту.

Барысы: Қардің түсі қандай? Күннің түсі қандай? Аспанның түсі қандай? Жапырақтың түсі қандай? Гүлдіңтүсіқандай?



Суреткеқарап, сурақтарғажауапбереді.





Балаларбірігіпмүсіндейбастайды.


Балаларберілгенжұмыстарынмүсіндейді.



Сергітусәтініс-қимылменорындайды.




Ойындықызығаойнайды

Рефлекция, түзету жұмыстары

Балалар қонаққа кім келді?

Біз не жасадық?

Сеңдерге ұнады ма?

Келген қонақпен қоштасу.

Жақсы қатысқан балаларды мақтау, мадақтау.

Допты қағып алған бала сұраққа жауап береді.

Балалар Айжан қуыршақпен қоштасады.

Балалар мақтауға риза болады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: көктем мезгілдегі табиғаттағы өзгерістер жайлы біледі

Түсінігі бар: көктем ерекшелігі жайлы түсініктері бар.

Орындай алады: көктем ерекшеліктерін атайды, сұрақтарға жауап береді.


















Білім беру салалары: Шығармашылық

Бөлімдері: Мүсіндеу Тақырыбы: Жұлдызша

Мақсаты:

1.білімділік: Ғарыш, жұлдыздар жайлы түсініктерін кенейту.

2.дамытушылық: Елестету арқылы қиялын, шығармашылығын дамыту, белсенділігі арттыру

3.тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Жаңа сөздер: жұлдыз, ғарыш

Қолданылатынкөрнекіліктер:ермексаз, үлгі

Әрекеткезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті

Әрекеттітуындату, түрткі болу

Тәрбиешібалаларшаттықшеңберінешақырады.Балалардыжақсытілекайтуғашақыру.

Бізқандаймыз,қандаймыз?

Шұғылалытандаймыз.

Ренжудібілмейміз.

Қуанамызбізбірге,

Арайлапатқанәркүнге!

Балаларшеңбербойыментұрып,жүректеріндегіжылылебіздерінайтады.


Ұйымдастыружұмыстары, ізденісжүргізу


Қоянкеледі. Қоянғарыштүралыештенебілмейдіекен. Оғанбізайтыпберейік. Сендераспандағыжұлдыздардыкөрдіңдерма? Оларқандай? Оларқандайкездекөрінеді?

- Мағанермексазданжұлдызшажасапберіндерші.

- Бізоғанкөмектесемізбе?

Қоянкелотырбалалардыңжасағаныңкөр.

Мүсіндеутәсілі:

1. Ермексаздыңбіразбөлігіналыпжұмсарту.

2. Алақанарасындадомалатып, домалақжасау.

3. Домалақтыжалпақпішінгекелтіру.

4. Домалақпішініңшеттеріншымшып, созуарқылыжұлдызшағашуақтаржасау.

Сергітусәті:

«Қарлығаштар»

Орнымыздантұрамыз,

Екіқанаттыжазамыз

Екіаяқтыңұшымен,

Бөлмеішіндеұшамыз.

Қ/о «Күн мен түн»

Мақсаты: Тәрбиешінінайтқанынорындаугаүйрету.

Барысы: Балаларға «күн» дегендеқолдарынбиіккесозады,«түн» дегендежергеотырақалады.

  • Балалар тәрбиешіні тыңдап, ойларын айтады, достарымен ой бөліседі.

  • Жұлдыздартүндеаспандажанады.

  • Олар өте әдемі.

  • Әрине көмектесеміз.


Тәрбиешімұқияттыңдайды, жұлдызғаназараударады, әріойларынортағасалып, достарыменбөліседі, пікіралмасады




Тәрбиешікөрсеткендіжасайды.


Сергітусәтініс-қимылменкөрсетеді.




Қызығаойнайды

Рефлексия-түзету

жұмыстары

(коррекция)

Қоянбалаларменқоштасады

Балаларбүгінбізгетопқақонаққакімкелді?

Бүгінбіз не жасадық?

Жұлдызқайкездекөрінеді?

Сендергеұнадыма?

Жақсықатысқанбалалардымақтап,мадақтайды.

Балаларқоянменқоштасады

Балаларсұрақтарғатолықжауапбереді.


Балалармақтауға риза болады.


Күтілетіннәтиже:

Біледі: Балаларжұлдыз, ғарыштуралыбіледіТүсінігі бар:ҚалаймүсіндеукерекекенінтүсінедіОрындайалады:Сұрақтарғажауапбереалады


























Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: Печенье (қалыппен кесу)

Мақсаты:

Білімділік: Тағам түрлері жайлы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: Ой-қиялын, шығармашылығын дамыту.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, үлкенге көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: печенье суреті, үлгісі.

Жаңа сөздер: печенье, ұн, тағам.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Балалар бізге қонақ келді.

Балалар таңырқап

қарайды, қонақты қарсы алады.

Іздену-ұйымдастырушылық















Тәрбиеші балаларға Жамила апаның қонаққа келгенін айтады.Апаны төрге үстел басына шақырады.Тәрбиеші балаларға тағам түрлерінің суретін көрсетіп, пішіні мен түстерін сұрайды. Мақал:

«Ас-адамның арқауы».

Әже: Ұннан жасалатың тағам түрлерін сұрайды.

Ұннан қандай тағамдар жасалады? Атап беріндерші. Өте жақсы. Тамаша. Сеңдер ұн тағамдарын жақсы біресіңдер екен.

Мен сендерге печенье жасапүйретейін. Печеньеніңпішіндеріәртүрліболады. Біз печеньені қалыппен кесіп үйренеміз.

Әже ермексаздан печенье жасау әдісін көрсетеді.

Сергіту сәті:

Нан қоқымын шашпаңдар!

Жерде жатса баспаңдар!

Теріп алып, қастерлеп!

Торғайларға тастаңдар!

Жаңа сөздер: печенье, ұн, тағам Д/о “Кім көп біледі”

Мақсаты: Тағам түрлерін атай білеге үйрету.

Балалар апаны қарсы алып,төрге шақырады.



Балалар суретке қарап тағам түрлерін,түстерін айтады.

Балалар мақалды қайталап айтады.




Әже айтқанын тыңдай отырып,ермексазды алып,тапсырманы орындауға кіріседі.






Сергіту сәтін іс-қимылмен көрсетеді.




Ойындықазағаойнайды.

Рефлексивті-түзеуші



Кім конаққа келді?

Біз не жасадық?

Сеңдерге ұнады ма?

Балалардың жасаған печеньесін көрмеге апарып қою. Әже балаларға ризашылығын білдіріп,мадақтады.

Балалар өз жасағандарын аяқтап,мүсіндеуге қандай түсті қолданғандығын айтты.


Күтілген нәтиже:

Білуі немесе хабардар болуы:


Қалыптасқан әдет:










Печенье тағамның бір түрі екенін білді.


Тәрбиешінің айтқанын тыңдайды,тапсырманы орындайды.Тазалық сақтайды.


Ермексазбен печеньені мүсіндей біледі.

































Білім беру салалары: Шығармашылық

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: Ара

Мақсаты

  1. Білімділік: Мүсіндеуде араның пішінін бейнелей білуге, біріктіре білуге үйрету.

  2. Дамытушылық: Шығармашылығын және қиялдау сезімдерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: ара-ұшатын жәндіктердің бір түрі

Көрнекіліктер: Араның суреті, мүсіні, түрлі-түсті ермексаз.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату, түрткі болу.

Тәрбиеші балаларға хат келгенін хабарлайды.

Балалар хатта не жазылғанын білгілері келеді.

Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу.

Тәрбиеші хатты ашып ішінен жұмбақ жасырылғанын айтып, жұмбақтын шешімін табуды ұсынады.

Гүлдерге қонады.

Шырынын сорады.

Араның денесі қандай?

Түсі қандай? Қанаты бар ма?

Ара ұша ма? Ол қандай кезді шағады?

Тәрбиеші балаларға бал араны мүсіндеуді ұсынады.

Тәрбиеші араны мүсіндеп көрсетеді.

Мүсіндеу жолдары:

  • Ермексазды алақанның ортасына салып жұмсарту, домалақтау, сопақша пішін жасау.

  • Қара түсті ермексазды алақанның ортасына салып есу. Оны сопақша пішінді ермексазға арасын алшақ қылып орау.

  • Басын алақанның ортасына салып домалату.

  • Екі алақанның ортасына салып сопақ пішін жасап, қысу арқылы жалпайту. (қанаты.)



Д/о “Нежоқ”

Мақсаты: Зейіндеріндамыту, жәндіктержайлыбілімдерінбекіту.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Екі қанатты жазамыз

Екі аяқтың ұшымен,

Бөлме ішінде ұшамыз.

Сөздік жұмыс:ара-аралар. Балды арадан аламыз

Балалар тірбиешінің жасырған жұмбағын мұқият тыңдайды.

Бұл жұмбақтың жауабы: «Ара»

-Араның денесі үш бөліктен тұрады.

-Араның қанаты бар.

-Ол ұшады.

-Оған тиіссе, ұясын бұзса шағады.


Балалартәрбиешіжасағанынамұқиятқарайды

Балалар бал араны мүсіндеуге кіріседі.

Ермексазды алақанның ортасына салып жұмсартады, домалақтайды, сопақша пішін жасайды.

  • Қара түсті ермексазды алақанның ортасына салып еседі. Оны сопақша пішінді ермексазға арасын алшақ қылып орайды.

  • Басын алақанның ортасына салып домалату арқылы мүсіндейді.

  • Екі алақанның ортасына салып сопақ пішін жасап, қысу арқылы жалпайтады. (қанаты.)

Балаларқызығаойнайды.



Сергіту сәтін қимылмен жасайды



Сөздерді қайталайды, көпше түрде айтады

Рефлексивті-түзеуші



Сұрақ-жауап:

-Бүгін біз не мүсіндедік?

-Неден мүсіндедік?

Жақсы мүсіндеген балаларды мақтау, мадақтау.

Енді араларымызды жасыл, гүлді алаңға орналастырайық.

-Бүгін бал арасын мүсіндедік

- Ермексаздан мүсіндедік.

Балалар тәрбиешінің мақтап мадақтауына риза болады.

Балалар өз жұмыстарын алаңға орналастырады.


Күтілетін нәтиже.

Біледі: Композиция құра біледі.

Түсінігі бар: Бал араның жәндік екені жайлы түсінігі бар.

Орындай алады: Ермексаздан бал арасының бейнесін мүсіндей алады.























Білім беру сала: Шығармашылық

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: Ауладағы әдемі гүлдер

Мақсатты:

Білімділік: Бақбақ,түймедақ гүлдерін сипаттап бір-біріне ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Балалардың ой –өрісін ,қиялын,іскелік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Гүлдермен өсімдіктерге деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Бақбақ, түймедақ

Көрнекіліктер: Бақша ауласындағы гүлдер және бақбақ, түймедақ гүлдерінің суреттері

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Әрекетті туындату,түрткі болу.

Тәрбиеші балаларға ғажайып гүлдер қалашығына саяхат жасайтынын хабарлайды.


Балалар саяхатқа баратынына қуанып дайындалады.

Ұйымдастыру жұмыстары, жүргізу

Тәрбиеші балаларға гүлдер қалашығына саяхатқа шығар алдында әдептілік ережесі жайында айтып ескертеді. Балаларға саяхат барысында гүлдерге назар аударуларын сұрайды.

Балалар гүлдердің жұпар исі,түсі құрлысына ( сабағы, күлтешелері ) назар аударады.

Жұмбақ:

1.Адамдар бәрі қызығады,

Ұстай берсең сәні бұзылады.

2.Өзіне шап-шақ,киген қалпағы аппақ, балалар тұр қаптап.

Гүлдер әлемі болғандықтан олар табиғаттағы барлық тірі жандар секілді адамнан өзіне деген ерекше көңіл бөлуді, қорғауды талап етеді.Сондықтан өсіп тұрған гүлді жұлмау керек, су құйып баптап өсіру керек.

Енді балалар түймедақ гүлін ермексаздан мүсіндеп көрейік.

Тәрбиеші мүсіндеп көрсетеді.

Мүсіндеу әдісі:

1.Ермексазды алып алақанға жұмсартамыз.

2.Домалақтау жалпақтаймыз, шеттерін сәл ғана бүгеміз.

Сергіту сәті:

Дастарханды жаямыз,

Ыдыстарды қоямыз,

Тамақтарды әкеліп,

Дастарханға қоямыз.

Сөздік жұмыс: гүл- гүлде, жапырақ-жапырақта

Д/ойын «Гүлдердің атын ата»

Мақсаты: Гүлдердің түрлерінің атын атай білу және ойлау есте сақтау қбілеттерін дамыту.

Балалардың назары гүлдер қалашығындағы көптеген гүлдергде болады.




Балалар тәрбиешінің көмегі арқылы жұмбақтардың шешуін табады.


  1. Жұмбақтың жауабы (гүл)

  2. Жұмбақтың жауабы ( бақбақ гүлі)



Тәрбиешінің әңгімесін мұқият тыңдайды.







Балалармұқиятқарайды.

Балалар мүсіндеу әрекетін көріп, ермексазбен жұмыс жасайды.




Қимыл-қозғалыс арқылы сергіту сәтін орындайды



Сөзге жалғау қосып айтады.


Балалар ойын желісіне қатысады.

Рефлексия түзету жұмыстары

(коррекция)

-Балалар біз қайда саяхатқа бардық?

-Біз ермексаздан не мүсіндедік?

-сендерге не ұнады?

Жақсы жұмыстарына қарап мадақтайды.Жасаған жұмыстарын жасыл алаңға қоюды ұсынды.

Міне, біздің ауламызға әдемі гүлдер пайда болды.

Балаларды мақта, мадақтау

Гүлдер қалашығына саяхатқа бардық.

Ермексаздан түймедақ гүлін мүсіндедік.

Балалар гүлдерін жасыл алаңға орналастырады.




Балалар мақтауға риза болады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар гүлдерді суарып, баптап күту керек екенін біледі.

Түсінігі бар: Гүлдер өсікдікке жататыны туралы түсініктері бар.

Орындай алады: Ермексаздан гүлді мүсіндей алады.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
930
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі