Түрлі-түсті шарларды домалату

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Түрлі-түсті шарларды домалату

Материал туралы қысқаша түсінік
Түрлі түстер туралы мәлімет беру.Балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сенсорика

Тақырыбы: «Түрлі түсті шарларды домалату»
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты
Балалардың сенсорлық тәжірибесін байыту. 1. Балаларға бір ойыншықпен ойнауды үйрету, іс-әрекеттерді орындау, педагогтің көрсеткен қимылдарын: шарларды домалату, шардың домалап бара жатқанын түсіну. 2 . Қолдың ұсақ моторикасын; сөйлеуді, зейінін, логикалық ойлауын, есте сақтауын, қиялын дамыту. 3. Эмоционалдықты тәрбиелеу және ойнауға қызығушылықты арттыру.
Сөздік жұмыс
Шар, домалат, орнына қой, себет.
Әдіс-тәсілдер
Таңғажайып сәт, ойын жаттығуы, көрсету және түсініктеме, көрсетілім, көркемсөз, мақтау, зерттеу, айтылу, жеке жұмыс, шабыт беру, қайталау, рефлексия, кейіпкермен қоштасу.
Құрал-жабдықтар
КӨРНЕКІЛІК МАТЕРИАЛДАР
Түрлі түсті шарлары бар себет, үстел, шарларды домалатуға арналған науа, қолғап қуыршағы.
ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛДАР
Қызыл, көк, жасыл түсті 6-8 шар.
Күтілетін нәтиже
Балалардың сенсорлық тәжірибесін байытады. Балаларға бір ойыншықпен ойнауды үйретіп, іс-әрекеттерді орындау, педагогтің көрсеткен қимылдарын: шарларды домалату, шардың домалап бара жатқанын түсінеді. Қолдың ұсақ моторикасын; сөйлеуді, зейінін, логикалық ойлауын, есте сақтауын, қиялын дамытады.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы
КІРІСПЕ БӨЛІМ
 Педагог түстері әртүрлі шарлар салынған себетті топқа алып кіреді.
- Қараңдаршы, балалар, мен сендерге себет алып келдім!
Балалардың назарын себеттің ішіндегі заттарға аударады.
Балаларға шарлармен емін-еркін ойнауға мүмкіндік береді.
Таңғажайып сәт.
Интербелсенді тақтада Алдар Көсе қолғап қуыршағы пайда болады.

Қолғап қуыршағы педагогтің қолына киюлі.
Педагог:
- Бізге біреу келді!
Қолмен Алдар Көсе қуыршағын көрсетеді:
- Сәлеметсіз бе! Мен көңілді ойыншықпын.
- Мен сендермен ойнап, көңіл көтергім келеді.
- Ал, сендер ойнағанды жақсы көресіңдер ме? Онда менің артымнан қайталаңдар ...
Балалар еркін тұрып, Алдар Көсенің соңынан қимылдарды қайталайды.
Ойын жаттығуы.
(Аюдың әрекеттерін көрсетеді)
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
(Қолдарын екі жаққа жаяды)
Теріп, теріп аламыз,
(Төмен еңкейеді)
Қалтамызға саламыз.
(Әрекетті көрсету)
Алдар Көсе:
- Жарайсыңдар, балалар! 
- Балалар, тағы ойнағыларың келе ме?
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
 Педагог:
- Қандай әдемі себет!
- Себеттің ішінде не жатыр екен?
Егер топта емін-еркін сөйлей алатын балалар болса, еш қиналмастан айта алады:
- Шарлар.
Себеттегі шарларды көру және зерттеу.
 Алдар Көсе:
- Шарлар домалақ.
Педагог шарларды қолда домалатады.
- Қызыл шар (балаларға көрсетеді).
- Көк шар, ол да домалақ.
Балаларға "домалақ" сөзін қайталауға шақырады.

Педагог балалардың назарын науаға аударады. Науа үстелде немесе жерге орнатылады.
Қолғап қуыршағының атынан қимыл көрсетіледі.
Себеттен шар алып шығайын.
- Қандай түсті?
- Көк.
- Шарды биіктен домалатамын. Шар домалады.
- Міне, шар осылай домалайды!
Педагог шарды науаның ішінде домалатады.
Іс-әрекетті балаларға орындату.
Педагог балаларға шарды домалатуды ұсынады.
- Маржан, шарды домалат!
- Маржан, шарды тағы да домалат! Міне, шар осылай домалайды.
2-3 бала шарды науаның ішінде домалатуды бастайды.
Педагог балаларға шарларды домалатуға көмектесіп, басқа балаларды да шарды домалатуға қызықтырады. Ойын барысында шарлардың түсін айтады:
- Қызыл шар домалады!
- Қандай шар домалайды?
Балаларды шардың түсін және әрекетін қайталауға шақырады. (Қызыл шар домалады.)
Педагог балалардың әрекеттерін егжей-тегжейлі бірнеше рет айтып жеткізеді, балаларды сөздерді қайталауға, берілген түсті шарды таңдауға шақырады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытынды жасау, рефлексия.
Педагог балаларды Алдар Көсенің атынан мақтайды. Ойынды көңілді ойнағандары үшін алғыс айтады.
Алдар Көсе балаларға қызыл, көк, жасыл шарларды себетке жинауды ұсынады. Оларға бөлме ішінен орын табуды ұсынады. Балабақшада ойыншық көп болғанымен, барлық ойыншықтар өз орындарында, шарлар орналасқан себет сөреде тұрады.
Кейіпкермен қоштасу.
Педагог:
- Балалар, Алдар Көсенің үйіне қайтатын уақыты болды. Қонағымызбен қоштасайық.
- Сау болыңыз!
- Сау болыңдар, балалар!


















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.10.2025
51
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі