Тұрмыстық техника

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұрмыстық техника

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды тұрмыстық техникамен таныстыру ,олардың қалай жұмыс жасайтынын, күнделікті өмірде пайдасы туралы ұғымдарын кеңейту. Тұрмыстық техника,оның қолданылуы туралы білімдерін жетілдіру.Олардың атқаратын қызметімен таныстыру. Ойын арқылы балалардың қызығушығын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Тұрмыстық техника заттар

Мақсаты: Балаларды тұрмыстық техникамен таныстыру ,олардың қалай жұмыс жасайтынын, күнделікті өмірде пайдасы туралы ұғымдарын кеңейту. Тұрмыстық техника,оның қолданылуы туралы білімдерін жетілдіру.Олардың атқаратын қызметімен таныстыру. Ойын арқылы балалардың қызығушығын арттыру.

Міндеттер:

Білімділігі: Қауіпсіздік ережесін сақтауға дағдыландыру және алған білімдерін дамыту.

Дамытушылығы: Өткен сабақты бекіту,тапсырмалар беру арқылы балалардың білімін тексеру,балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыту.

Тәрбиелілік: тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Қолданылатын құрал- жабдықтар: Тұрмыстық техникалар бейнеленген суреттер, картоннан жасалынған техника үлгілері, карточкалар.

Әдіс тәсілдер: Сұрақ жауап, топпен жұмыс, тәжирбиелік, көрнекілік ойын.

Қонақтармен амандасу: Сәлеметсіздер ме?!

Шаттық шеңбері:

Күннің көзі ашылсын!

Көкке шуақ шашылсын!

Құтты қонақ келіпті.

Төрімізге еніпті.

Амандасу үленмен,

Тәрбиенің басы ғой

Ал, қанекей балалар

Сәлем дейік үлкенге!



Ұйымдастырушылық ізденістік

Тәрбиеші: Бүгінгі оқу қызметімізде тұрмыстық техникалармен танысамыз. Балалар мында бір зат тұрған сияқты. Бұл не болды екен ?

Балалар: Бұл робот.

Робот: Сәлем балалар . Менің атым Темірбек .Сендермен кездескеніме қуаныштымын. Мен мында тапсырмаларды орындай алмай шаршап , қуатым таусылып отырмын. Сендер маған көмектесесідер ме ?

Балалар: Иә әрине!

Тәрбиеші: Олай болса балалар роботты қуаттандыру үшін оның тапсырмаларын орындайық.

Робот:Олай болса тапсырмаларды орындауға кірісейік

1-тапсырма «Пазл құрастыру »

Үстелдің үстінде жатқан ,техникалар бейнеленген пазл бөлшектерін құрастыру.Бөлшектерден шыққын суретте қандай зат бейнеленген және не үшін қолданылады, қалай жұмыс жасайтынын түсіндіру.

2-тапсырма «Кеңістікті бағдарлау».

Бос бөлме бейнеленген карточкаға, кеңістікті бағдарлай отырып (оң ,сол, жоғарғы,төмен) тұрмыстық техникалардың суреттін орналастыра отырып бөлмені безендіру.

Сергіту жаттығу

Ал балалар тұрайық!

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп

Бір отырып ,бір тұрып

Бойымызды созайық.

Белімізді жазайық.

Оңға, оңға түзу тұр

Солға ,солға түзу тұр

Жоғары төмен қарайық .

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап

Біз шынығып алайық.





3-тапсырма «Жаңылтпаш айтып жарысайық»

Қайрат қайрақ қайрап отыр,

Дайрақпен балта қайрап отыр.

Түрің түрленіп кідірмей оқы,

Тілің күрмеліп мүдірмей оқы.



Есім есі кетіп есінеп отыр екен,

Ол несіне?

Есі кетіп есінеп отыр екен.



4 тапсырма «Түтікшемен жинау»

Түтікшемен үстел үстінде жатқан әр түрлі суреттер арасыннан тұрмыстық техникалық заттардың суреттерін жинап алу.

5-тапсырма «Роботпен балалар тұрмыстық техника әлеміне саяхатқа барады»

Балалар әр тұрмыстық техниканың атауын атап,оларды қалай қолданылады,қалай жұмыс жасайды сол туралы түсініктерін айтады.



Мадақтау.

Қорытындылау.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.04.2023
354
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі