«Тұрмыстық техника»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тұрмыстық техника»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұрмыстық техниканың түрлері туралы, тұрмыстық техниканың мақсаты туралы білімді бекіту, Артикуляциялық аппаратын, сөйлеуін, қазақ тіліндегі сөздерді есту арқылы қабылдау қабілетін және есту зейінін дамыту,
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған іс-әрекет : « Коммунатиттік дағды» Қазақ тілі

Күні 21 қараша 2024ж

Тақырыбы: «Тұрмыстық техника» қауіпсіздік сақтау

Мақсаты; Тұрмыстық техниканың түрлері туралы, тұрмыстық техниканың мақсаты туралы білімді бекіту, Артикуляциялық аппаратын, сөйлеуін, қазақ тіліндегі сөздерді есту арқылы қабылдау қабілетін және есту зейінін дамыту,

Міндетті : Балаларға тұрмыстық техниканың мақсатына қарай ажыратуды үйрету: үтікпен киім үтіктейді, шаңсорғыш шаң жинайды, кір жуу машинасымен кір жуылады және тағы басқа. Электр құрылғылары және қауіпсіздік ережелерін бекіту.  монологтық сөйлеу негіздерін, ойлау қабілетін дамыту; жағымды көңіл күйін білдіре алуы. Тұрмыстық техниканы қолдану кезінде ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс

Сөздік қорға: шаңсорғыш, кір жуу машинасы, үтік, тоңазытқыш, теледидар. Белсенді сөздік қорға: үтіктеу, теледидар көру, тоңазытқышта сақтау сөздерін бекіту.

Әдіс-тәсілдер

Ғажайып сәт, көркемсөз, дидактикалық ойын, сергіту сәті, артикуляциялық жаттығу, кейіпкермен қоштасу, рефлексия.

Құрал-жабдықтар

  1. Көрнекілік материалдар.
    Үйге қажетті тұрмыстық техниканың суреттері: үтік, шаңсорғыш, кір жуу машинасы, тоңазытқыш, теледидар.

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы

1. КІРІСПЕ БӨЛІМ

1.1. «Кел, сәлемдесейік!» жаттығуы.

1.2. Ғажайып сәт.
Тәрбиеші:
– 
Балалар, бізге қонаққа Дана қуыршақ келді. Дана маған таңғажайып затты көргенін айтты. Оның ұзын резеңке мұрны бар. Ол жолында кездескен күл-қоқысты жұтып, жеп қояды екен. Данаға көрген заты туралы білуге ​​көмектесейік. Ол не деп ойлайсыңдар? (Балалардың жауаптары.)

1.3.  Мынау шаңсорғыш. Ол шаң мен қоқысты тазартуға көмектеседі.
Шаңды жұта береді,
Тап-таза қылып тереді.
Резеңкеден мұрыны бар,
Жіптей ұзын құйрығы бар.
Балалар шаңсорғышты қарастырады. 
Шаңсорғыштың бөліктерін атайық: шланг, ажыратқыш, шаң дорбасы.
(Шаңсорғыштың қалай жұмыс істейтінін көрсетеді.)
Дана, сені қорқытқан зат - адамдардың көмекшісі. Шаңсорғыш уақытты үнемдеуге көмектесетін техника.

Жұмбақ жасыру.
Жаз кезінде әкеміз,
Бір ақ жәшік әкелді.
Ол жәшікте аяз бар, 
Қысы-жазы бітпейді.
Балық, жеміс, көгөніс,
Май, ірімшік, сақтайды.
Қысы-жазы тағамдар,
Балғындығын сақтайды.
Ол не?
(Автор : Тусипжанова - Шагирова А. Т.)
 Тоңазытқыш. Дұрыс айтасыңдар!
Тоңазытқыштың бөліктерін атайық: есік, сөре, ажыратқыш.
Аналарымыз тоңазытқышқа азық-түлікті сақтайды. Оның іші салқын, тоңазытқыштағы тағамдар балғындығын жоғалтпайды, бұзылмайды.

Жұмбақ жасыру.
Мұз үстінде сырғыған,
Шанаға ол ұқсайды.
Ал, мыжылған матадан,
Ештеңе де қалмайды. 
Жазып, жайып, үтіктеп,
Ыстығымен басады.
Суды жұтып аз-аздан,
Бұрқылдатып шашады.
Ол не? 
(Автор : Тусипжанова - Шагирова А. Т.)
 Үтік. Дұрыс айтасыңдар!
Үтіктің бөліктерін атайық: табаны, ұстағышы, ажыратқышы бар.
Үтік адамдардың барлық киімдерін, төсек-орындарын үтіктеп, ұқыпты ұстауға көмектеседі.
Жұмбақ жасыру.
Үлкен, қара жәшіктен,
Жаңалық, кино көрсеткен.
Ол не?
(Автор : Тусипжанова - Шагирова А. Т.)
 Теледидар. Дұрыс айтасыңдар!
Теледидардың бөліктерін атайық: экраны, қорабы, ажыратқышы бар. 
Адамдар теледидардан жаңалықтар естиді, кино, мультфильм мен бағдарламаларды көреді.

Жұмбақ жасыру.
Кірлеп қалса киімің,
Мәшинеге саласың.
Өзі жуып береді,
Баса салсаң түймесін.
Ол не?
(Автор: Тусипжанова - Шагирова А. Т.)
Кір жуу машинасы. Дұрыс айтасыңдар!

Кір жуу машинасының бөліктерін атайық: қорабы, тетіктері, ажыратқышы бар. 
Адамдар кірлеген киімдерді кір жуу машинасына жуып алады.
Балалар, бұл құрылғылардың барлығын бір сөзбен - тұрмыстық техника деп атаймыз.

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. «Үшіншісі артық» дидактикалық ойыны.
 (артық затты табу, неге екенін түсіндіру)






Тоңазытқыш, таба, үтік.
Үтік, шаңсорғыш, тәрелке.
Кір жуу машинасы, теледидар, диван.
Теледидар, қасық, шаңсорғыш.
Үтік, теледидар, шұжық.
Шаңсорғыш, көзілдірік, кір жуу машинасы.
Балалар артық затты табады. Зат не үшін артық болғанын түсіндіреді.

2.2. Сергіту сәті. «Сым бойымен ток жүгіріп».
Сым бойымен ток жүгіріп,
(бір орында жүгіру)
Жарық шашар үйлерге.
(екі қолдарын жоғары көтеріп, саусақтарының арасын ашады)
Ток жүгір, жүгір, жүгір,
(бір орында жүгіру)
Ешқайда қашып кетпе.
(тоқтап тұру, саусақтарын оңға және солға қозғалту)
Ток қуатын әкеліп,
(алақандарын соғады)
Теледидар көрсетті.
(ауада теледидардың суретін саусақтарымен салу)
Шайнек қайнап, кір жуылып,
(екі қолды белге қойып, иықтарын кезек-кезек көтереді, шайнектің қайнағанын көрсету)
Киімдер үтіктелді.
(екі қолды кеуде тұсына көтеру, қайшылау)
Жаттығуды балалармен бірге екі-үш рет орындау.

2.3. «Үйдегі көмекшілеріміз» дидактикалық ойыны.
Балалар «сиқырлы таяқшаны» шеңбер бойымен өткізіп, өз үйлерінде қандай тұрмыстық техника бар екенін айтады. Таяқша кімнің қолына түседі, сол бала бір тұрмыстық техниканың атын атап, оның қандай қызмет атқаратынын айтып беруі керек (бұрын айтылғанды ​​қайталамау).
Балалар жауап беруге қиналса, педагог бағыттау сұрақтарын қою арқылы көмектеседі.
Біз киімдерді қалай үтіктейміз? Дұрыс, үтікпен үтіктейміз.
Үтік туралы кім айтады?

2.4. Артикуляциялық жаттығуы.
Дар-дар-дар-дар,
Үлкен, қара те- ле-ди-дар!
Ік-ік-ік-ік,
Абай бол! Ыстық үтік!
Ғыш-ғыш-ғыш-ғыш,
Көмекші шаң-сор-ғыш!
Балалармен бірге бірнеше рет қайталайды. Р, Ғ, І дыбыстарының дұрыс дыбысталуына мән беру.

3. ҚОРЫТЫНДЫ
Педагог:
– 
Балалар, бүгін не туралы сөйлестік? Бүгін үтік, шаңсорғыш, теледидар, кір жуу машинасы, тоңазытқыш туралы сөйлестік. Жарайсыңдар!

Кейіпкермен қоштасу.
Балалар, Дана барлығын біліп алды. Енді ол тұрмыстық техникадан қорықпайды.
Дана:
– Балалар, рақмет! Сау болыңдар!
Балалар:
– Сау бол, Дана!
Ойын рефлексиясы.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі