|
Пәннің аты: Бейнелеу өнері |
Уақыты: |
Кабинет: |
Мұғалім: Машимова Салтанат |
||||
|
Сабақтың атауы |
Кіріспе. Бейнелеу өнерінің түрлері,жанрлары |
||||||
|
Мақсаты Күтілетін нәтиже |
Бейнелеу өнерінің түрлерімен және жанрларымен таныстыру. Бейнелеу өнері жанрларына арнап сурет салған суретшілердің шығармаларын талдап үйрену. Сурет салуға, түстерді ажырата алуға, берілген тапсырмаларды дұрыс орындай алуға үйренеді |
||||||
|
Психологиялық ахуал |
Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне жақындатады) Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің тұсына қояды) Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады, саусақтары күн сияқты) Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады). |
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
|||||
|
Топқа бөлу |
|
Гүлдер арқылы топтарға бөлу. |
|||||
|
Қызығушылықты ояту |
Өзің қандай мәліметтер қосар едің?
Өткен сабақта саған не әсер етті? |
||||||
|
Сергіту сәті |
«Қаражорға» биі |
||||||
|
Жаңа сабақ |
Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Бейнелеу өнері дегеніміз – айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта әрі кеңістікте бейнелеу арқылы суреттейтін өнер түрі. Бейнелеу өнері сан ғасырлық даму тарихына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Олар: живопись, графика, мүсін, сәулет өнері және сәндік-қолданбалы өнер. Живопись – қағаз, тақтай, картон, кенеп бетіне әртүрлі бояулармен орындалатын шығарма. Графика – қағаз, картон бетіне қарындаш, қаламұш, көмір, тушь арқылы орындалатын сурет. Мүсін — әртүрлі материалдармен (тас, ағаш, металл, сазбалшық, ермексаз) дөңгелек көлемді кеңістікке сомдалған көркем шығарма. Сәулет өнері – үйлер, ғимараттар, көшелерді жобалау және оны жасау өнері. Сәндік-қолданбалы өнер – халық тұрмысында кеңінен қолданылатын көп салалы өнер. Әрбір халықтың шығармашылығымен байланысты өнер. Бұл өнер түріне қазақтың ұлттық қолөнері жатады. Осы өнер түрлері ішінде айналамыздағы қоршаған дүниені шынайы, жанды етіп түрлі-түсті бояулармен суреттейтін өнер – живопись (кескіндеме) өнері. Живопись жайлы мынадай аңыз бар: «Бірде грек суретшісі Зевксис жүзім суретін салыпты да, бояуы кепсін деп терезе алдына қойыпты. Сөйтсе құстар суретті шын жүзім екен деп шұқи бастапты». Бұл аңыз живопись өнері бізді қоршаған табиғаттағы нәрселерді сол қалпында айнытпай жеткізе алатынынан хабар бергендей. Живопись орындалу ерекшелігіне қарай бірнеше жанрға бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет, маринистік жанр, анималистік жанр, тарихи жанр, батальдық жанр. Живопись жанрларымен танысу үшін галереяға саяхат жасайық. Сөзжұмбақ шешу «Галерея». Галерея – көркем шығармалар қоры жинақталған орын. Қазақстандық суретшілердің шығармалары, жалпы Қазақстан бейнелеу өнері туындылары жинақталған орын ең алғаш рет 1935 жылы Алматыда ашылды. Ол Қазақ Мемлекеттік көркемсурет галереясы деп аталды. 1976 жылы Қазақ қолөнер мұражайымен бірігіп, 1984 жылы оған Әбілхан Қастеев есімі берілді. Қазір Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік Бейнелеу өнері мұражайы деп аталды. Балалар, біздің галереямызда живописьтің түрлі жанрындағы шығармалар жинақталыпты. Алдын-ала берілген тапсырма бойынша оқушылар әр жанрға түсініктеме беріп, мұғалім толықтырады. Натюрморт – жансыз заттар мен бұйымдарды үйлесімді етіп бейнеленген шығарма. «Натюрморт» — француз сөзі, аудармасы «өлі табиғат» дегенді білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғасырда Голландияда пайда болды. Пейзаж – табиғат көріністері бейнеленген шығармалар. Пейзаж жанры әр алуан. Кейбір пейзаж шығармалары өмірде бар нақты көріністерді бейнелесе, кейбіреулері суретшінің ой-қиялынан туады. Портрет – адамның бет пішіні бейнеленген көркем шығарма. Портрет жазушы суретшінің басты мақсаты – адамның сырт ажары ғана емес, ішкі жан дүниесін, рухани келбетін көрсете білу. Тарихи жанр – белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығармалар. Батальдық жанр – соғыс оқиғалары, Отан қорғау, жер қорғау көріністері бейнеленген көркем шығарма. Маринистік жанр – теңіз, көл, мұхит сияқты табиғат көріністері бейнеленген шығармалар. Анималистік жанр – жан-жануарларды бейнелеген көркем шығарма. Ол латынның «animal» (хайуанат) деген сөзінен шыққан.
1 топ 1. Жылы түстерді ата. а) көк ә) сары б) күлгін 2. Иллюстрация дегеніміз — а) ертегі мазмұнына арнап салынған сурет ә) ойдан салынған сурет б) түрлі нобай суреттер 3. Ә. Ысмайыловтың «Хантәңірі» шығармасы қай жанрға жатады? а) натюрморт ә) портрет б) пейзаж 4. Маринистік жанр дегеніміз — а) соғыс тақырыбындағы шығармалар ә) теңіз, көл тақырыбындағы шығармалар б) жансыз заттар бейнеленген шығармалар 5. Акварель бояуын немен езеді? а) сумен ә) тек ыстық сумен б) арнайы ерітіндімен 2 топ 1. Суық түстерді ата. а) қызыл ә) қоңыр б) көк 2. Түс шеңбері неше түстен тұрады? а) 8 ә) 6 б) 4 3. Оқулықтағы Ж. Қайранбаевтың «Қыз келбеті» шығармасы қай жанрға жатады? а) пейзаж ә) портрет б) тарихи жанр 4. Түрлі-түсті бояулармен салынған көркем шығарма қалай аталады? а) графика ә) сәулет өнері б) живопись 5. Живопись сабағына қажетті басты бояу құралын ата? а) гуашь ә) акварель б) тушь 3 топ 1. Негізгі түстерді ажырат. а) күлгін, сары, жасыл ә) қызыл, көк, сары б) жасыл, қызыл, көк 2. «Композиция» сөзі нені білдіреді? а) бейнелеу ә) құрастыру б) суретті бояу 3. Пейзаж қандай шығарма? а) жануарлар бейнеленген сурет ә) табиғат көрінісі бейнеленген сурет б) адам келбеті бейнеленген шығарма 4. Саз балшық, тас, ағашпен жұмыс жасайтын шебер. а) мүсінші ә) суретші б) сәулетші 5. «Амангелді сарбаздары» туындысының авторы кім? а) Қ. Телжанов ә) Ә. Қастеев б) М. Кенбаев |
||||||
|
Рефлексия |
Екі жақты күнделік стратегиясы
|
||||||
|
Үйге тапсырма |
Жұмысты аяқтау |
Күнделіктеріне жазып беремін |
|||||
|
Бағалау |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
Бағалау парақшасын толтырады. |
|||||
|
Кері байланыс |
Бағалау парақшаларын толтыру. Смайликтер арқылы кері байланыс орнату
|
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |
|||||
|
Пәннің аты: Бейнелеу өнері |
Уақыты: |
Кабинет: |
Мұғалім: Машимова Салтанат |
|
Сабақтың атауы |
Түс гаммасының қанықтығы. Қанық түстер |
||
|
Мақсаты Күтілетін нәтиже |
Сурет салуға, түстерді ажырата алуға, берілген тапсырмаларды дұрыс орындай алуға үйренеді. Оқушыларға маталарда не киімдерде кездесетін түстер, олардың бір- бірімен үйлесуі және түстердің қасиеттері туралы түсінік беру |
||
|
Психологиялық ахуал |
– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік. Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі- көңіл ажары ! Күліп өмір сүрейік! |

Шарлар арқылы топтарға бөлу. |
|
|
Қызығушылықты ояту |
Өзің қандай мәліметтер қосар едің?
Өткен сабақта саған не әсер етті? |
||
|
Сергіту сәті |
«Қаражорға» биі |
||
|
Жаңа сабақ |
Тақырыпқа сай дайындалған ресурстармен постер жасау Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Хроматикалық немесе хромос — грек тілінен енген сөз, түсті, боялған деген мағынаны білдіреді. Бұл топқа барлық спектрлі түстер қызыл көк жасыл және солардың аралас түстері кіреді. Ахроматикалық түске ақ , қара, және сұр түстің барлық реңктері жатады. Әрбір хроматикалық түстің өзіне тән үш қасиеті немесе ерекшелігі бар:
Қанық бояу деп — түстегі ашықтық дәрежесін түс қуатын, үдемелі қарқындылықты түсінуге болады. Түс реңкі бір түсте екінші түс қоспаларының араласуымен сипатталады. Мысалы : қызыл күрең түсте көк түс, қызғылт сары түсте сары түс қатысады. Ахроматикалық түстер бір бірінен тек қана жарықтығымен ғана ерекшеленеді. Ақ пигмент көп қосылған түстер пастельді деп аталады. Осы ақсұр түстердің үйлесімділігі барлық түсті тегістейтін ақ түстің болуына байланысты Пастельді түстің түстік үйлесімділігі — түстік тепе — теңдік , мұнда бірде- бір түс ерекшеленбейді. Ақ түстердің үндестігі — бұл жарықтық гаммасы, ал әр түрлі қара — қара-күңгірт гамма болып табылады. Хроматикалық түстер қабылдануына қарай жылы түстер суық түстер Адамды жылы денелерге жақындатқандай әсер береді, мысалы ,жылы немесе ыстық денелерге судың, мұздың,аспанның түсін, ымырт уақытын бейнелейтін күн, от, жарық , сәуле сияқты ұғымдарды санауға болады. Көп түстердің арасынан басты төрт түсті бөліп алуға болады сары қызыл көк жасыл Тек осы түстер ғана ешбір қоспасыз таза түс – бояулар болып есепеледі. Гамма жалпы сыртқы түс ерекшелігін білдіретін түстердің қатары.Мысалы: жасыл гамма өзіне барлық жасыл түстің реңкін қабылдайды: көк жасыл,алма түстес,шабынды шөп түстес, теңіз толқыны түстес(көгілдір жасыл),көгілдір,т.б. Адамның көзі түсті қабылдау кезінде оның түрлі қасиеті мен ассоциациясын сезінеді. Мысалы, «ауыр» және «жеңіл» түс деген де ұғымбар. Түс «ауырлығы» оның жарықтық реңкіне байланысты болады. Түс қою, қара болған сайын оның ауырлығы арта түседі және керісінше, жарық түстер «жеңіл» болып қабылданады. Бұл ереже барлық хроматикалық және ахроматикалық түстерге қатысты. Ашық түстің қасиеті адам көңілін өзіне аудартады. Күнделікті өмірде біз аса мән бере бермейтін «түстердің» адам психологиясына айтарлықтай ықпалы бар екендігін бүгінде дүниежүзілік ғалымдар дәлелдеп шықты. Сіздің таңдаған түсіңіз айналаңыздағыларға сіз туралы көп мәліметті беріп тұрады. Мәселен, жасыңызды, мәдениет деңгейіңізді, біліміңізді, ерекшеліктеріңізді, мінезіңізді сіз жиі қолданатын түске қарап–ақ байқауға болады. |
||
|
Рефлексия |
Сөзжұмбақ 1.Грек тілінен енген сөз,боялған деген мағынаны білдіретін сөз (хроматикалық) 2.Ақ пигмент көп қосылған түстер(пастельді) 3.Ахроматикалық түстер бір бірінен қандай қасиетімен ерекшеленді(жарықтық) 4.Адамды жылы денелерге жақындатқандай әсер беретін түстер (жылы түстер ) Эссе жазу |
||
|
Үйге тапсырма |
Жұмысты аяқтау |
Күнделіктеріне жазып беремін |
|
|
Бағалау |
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау |

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Түс гаммасының қанықтығы. Қанық түстер

шағым қалдыра аласыз