Тақырыбы: «Тұсау кесер» тойы.
Мақсаты:
1.Ұлттық салт-дәстүрдің, ата дәстүрдің ұрпаққа мұра
ретінде берілуінің маңызын балаларға түсіндіру.
2.
Балаларды
ұлттық салт-дәстүрге адал
болуға, оны қастерлеп ұдайы сақтауға, жасампаздықпен дамытуға үйрету.
3.
Ұлтжандылыққа, ата салтына беріктікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған
тірлікте,
Қастерледік, қадіріңді білдік
те.
Құтты болсын, Ұлыс күн
жұмылдырған,
Бәрімізді ынтымақ пен
бірлікке.
Біз қазақ халқы әулет дәстүрін
қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген
халықпыз.
Дәстүрдің озығы бар, жазығы
бар,
Өткеннен бізге жеткен асылы
бар.
Сәбидің кейбір кезін
қызықтайтын,
Қазақта «Тұсау кесер» рәсімі
бар.
«Тұсау
кесу» дегеніміз 1 жасқа толып,
еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі
жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін
салт.
Әлбетте, баланың тұсауы ала
жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі:
Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы шек байлыққа, тоқтыққа
жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге
шақырады.
Бүгінгі күні Майра апай өзінің
немересі Аружанның «Тұсау кесер» тойын Ұлыстың ұлы күні наурыз
мерекесімен тұтастырып, қалың жұрттан бата алу мақсатында осы жерде
«Тұсау кесер» тойын
өткізбекші.
Майра
әже:
Алғашқы немерем Аружан
жер-Анаға алғаш аяқ басып, үлкен өмір көшіне ермек, із тастамақ.
Сол құлынымның тұсауын кесуге рұқсат
етіңіздер.
Ал, келін балам, кішкентай
Аружанды ортаға әкеліп .
Күлгенің де той
сенің,
Жүргенің де той
сенің.
Қызықтасын
халайық,
Тұсау кескен бұл
күнің
Есте қалсын,
жарқыным
(Осы кезде ақ жайма жайылып, тұсау кесуге қажетті
заттар ортаға қойылады.)
Келін
бала:
(баланы көтеріп келе жатып айтатын
өлеңі:)
Тәй-тәй балам, тәй
балам,
Шақырып тұр
айналаң,
Жүруге алғаш
талпындық
Құтақандай жан
балам,
Қаз-қаз тұрып
талпындың,
Қуантасың,
күлесің.
Аман болсаң аз-ақ
күнде
Алшаң басып
жүресің.
Майра
апай:
Беліңе қалта
байладым
Дәулетіңді
асырсын
Ішіне тәтті
сайладым
Қиындықты
қашырсын!
Майра
апай: Айналайын балам, өзің
қандай сүйкімді едің.
Тіл көзім
тасқа.
Бөпеміз қаз
тұрыпты,
Алға қадам
басуға,
Тәй-тәй болып
жүріпті,
Асулардан
асуға.
Маған тұсау
кестіріп,
Жатқандардан бұйрық
сол;
Мені жүйрік депті
жұрт
Менен асқан жүйрік
бол.
(Майра әже қолына ала жіпті
алып жатып)
Ала жіппен
тұсайын
Аружанның
аяғын
Тұсау жібін
кесейін
Жасап баба
ырымын.
Сағат сайын
есейіп,
Шапқыласын
құлыным
Аяқтары
талмасын
Айналайын,
алтыным.
(аяғын байлайды. Қолына
қайшысын алып, тұсауын
кеседі.)
Қаз-қаз бала, қаз
балам.
Қадам бассаң мәз
болам.
Қаз баса ғой,
қарағым,
Құтты болсын
қадамың.
Алға қарай баса
бер,
Асулардан аса
бер.
(Аружанды жетектеп
жүргізеді.)
Майра
әже:
Ал, келіншектер,
тәй-тәй-лап
Әлдиді алға
бастаңдар.
Шошытпаңдар,
айқайлап,
Жалғыз тастап
қашпаңдар.
Немеремнің жолына мол ғып шашу
шашыңдар
Із қалдырсын
соңына,
Алдын кең ғып
ашындар!
( Ақ жайманың алдын кең ғып
ашып баласына жол ашады, шашу шашылады, құттықтаулар
айтылады.)
Майра әженің немересінің
«Тұсау кесер» тойының құрметіне«Күншуақ» тобының бүлдіршіндерінің
тақпақ билерін қарсы
алыңыздар.
Тәрбиеші:
-Келтіріп сахнаның енді
сәнін,
Бүгін біз аямаймыз қолда
барын.
Қалайша таңдай қағып,
таңданбасқа,
Шабондоз жігіттеріміз
алдарыңызда.
- Бүгінгі ұлыс құрметіне арнап
Шабондоз жігіттеріміз бір өнер көрсетіп
жіберсін.
Ұлдар
биі.
Балалармен ұлттық ойын
ойнау: Көкпар ойыны.
Қыз қуу
ойыны.
Қол күрестіру
ойыны.
Бүлдіршіндер
тақпақтары:
Әнге салып
би-билеп,
Жалғатырсын ойды-ой
.
Қара жорға
биі
Майра
әже:
Рахмет, айналайындар, өркенің
өссін
Бата
берілуі:
Құлыным үлкен жігіт
болсын!
Ата-анасына қызық
болсын
Жақсылармен қатар
болсын,
Жамандармен қатал
болсын,
Ата-дәстүр байлығын
жалғастырар,
Берік бұтақ
болсын.
Наурыздарың құтты
болсын!
Ұлыс береке
әкелсін
Ақ мол
болсын,
Қайда барсаң жол
болсын
Осы тойды
қызықтаған
Баршаңызда той
болсын!
Қорыту:Ал енді осымен тұсау
кесу тойымыз аяқталды назар салып тыңдағандарыңызға
рахмет.
Алматы
облысы
Еңбекшіқазақауданы
Қазтай Ұлтарақов ауылы
«Қызғалдақ» бөбекжай
балабақшасы
Бекітемін:
Балабақша меңгерушісі:
________Қ.А.Қартайғанова
Тақырыбы: «Тұсау кесу»
рәсімі

«Күншуақ»
тобы
Тәрбиеші: Камердинова
М.У.
2019-2020оқу
жылы