Түсіндіре отырып – оза оқыту
технологиясы.
Берік білім-ол
қажырлы,күнделікті еңбектің жемісі. Бәрімізге айқын шындық-балалар
оқығанды, үйренгенді жақсы көреді. Еңбексүйгіштікті тәрбиелейтін
тегеурінде тетіктердің бірі,ол-балаға оқу процесінде қолайлы жағдай
туғызып, табысқа әкелетін дұрыс жолды көрсете білу. Осының
арқасында оқушы білместіктен білімге, әрекетсіздіктен әрекет ете
аларлық жағдайға жетіп, өз әрекетінің, талпынысының көрсеткішіне ой
елегінен өткізе отырып қолы жетер еді .
Егер бала өз талпынысының
нәтижелігін көрмесе,ол өзіне деген сенімділігін жоғалта бастайды.
Күнделікті сәтсіздіктер баланың оқуға деген ынтасын,жігерін
төмендетіп, білім алуын шектейді:неге?қайтем? Бәрібір де түк
шықпайды деген ойға жетелейді.
Тәжірибелі ұстаздар бұны жақсы
біледі. Олар көп жағдайда екілік баға және ескертпелерді асыра
қолданбауға тырысады. Керісінші, сәтсіздікке ұшыраған оқушыны
сергітіп, сол сәтті шыққан қадамдарын қолдап
отырады.
Егер барлық оқушылар алға
қойған міндеттерін орындап,жұмысты шабытпен және қызығушылықпен
істесе, бір-біріне қол ұшын беріп, сабақтан соң үйлеріне өткізген
мектептегі күндеріне риза болып қайтып, ертеңгі күнді қуанышпен
асыға күтсе, онда баланың оқуға деген құштарлығы күннен – күнге
беки түседі. Бізге, мұғалімдерге В.А.Сухомлинскийдің сөздерін
ұмытуға, естен шығаруға болмайды. «Табыс бар жерде – оқуға деген
ынта бар. Әсіресе бұл алғашқы оқу сатысында – бастауыш мектепте
маңызды. Өйткені бұл кезеңде бүлдіршін қиындықты жеңе алмай
сәтсіздікке ұшырайды, ал бұл сәтсіздік үлкен қайғыға, қатерге
айналады.» Оқудағы табыс үшін күрес дегеніміз – балаларды оқуға,
өзінің мүмкіндігіне сенуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеуге, өздігінен
әрекет етуге, жауапкершілікке, еңбек тәртібіне үйрету болып
табылады.
Сабақта оқу белсенділігін
төмендетпеу үшін, өз оқушыларыңды жақсы тани біліп, оларды бақылап
отырып, уақытында шаршағанын аңғарып, назарларын басқа нәрсеге
аудару арқылы жұмыс белсенділігін сақтау қажет. Қиын, күрделі
тақырыптарды бағдарлама бойынша жоспардан алдын – ала оқу, бұл-
жоспардан қалып қою білім алудағы ағаттықтар мен қателіктерден
асығыстықтын, үстіртіктен сақтандыратын жолдардың
бірі.
Бұндай алдын –алу тыныш,
асықпай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Тірек сызба-нұсқалар біздің
сабағымызда оқушылардың күнделікті көмекшілеріне
айналды.
Тапсырмаларды орындау үшін
керекті ережелерді балаларға қайта- қайта еске түсіріп уақыт кетіру
керек емес, оларды сызба- нұсқалардан оқып- білуге
болады.
Бүгін де, ертең де , бір
аптадан соң да оқып – білуге болады. Ал екі аптадан кейін сызба-
нұсқа алынады.
Сөз болып отырған тұжырымдар
үш әрекетті (айтылым, оқылым, жазылым) біріктіре отырып оқу
процесін ой елегінен өткізген, сарабдал етіп, қайта байланысқа жол
ашады.
Оқылым, жазылым, айтылым
бастауыш сыныптардағы барлық пәндер үшін маңызды болып табылатын
қарым-қатынас жасау дағдылары. Сондықтан оқушыларға осы үш дағдыны
барынша жетілдіруге мүмкіндік берудің маңызы зор. Нақты белгілі бір
дағдыны жақсарту тәсілдерінің бірі –осы дағдыға ерекше назар аудара
отырып, содан кейін бірнеше тілдік дағдыны қамтитын жаттығуларды
біртіндеп енгізу болып табылады. Яғни мұғалімге оқушылардың білім
деңгейін бақылауға, қалып қоюды уақытыңда аңғаруға мүмкіндік
береді. Осының арқасында бәрі де іске
қамтылады.
Мысалы, алғыр оқушы ой
қорытуда – барлық оқушылар соңынан үлгеру үшін барлық күш-
жігерлерін іске қосады. Ал егер әлсіз оқушы ой қорытса, онда ол бар
күшін салып тырысып бағады, өйткені ол барлық сыныпты бастап,
жолдастарын соңынан ертуде. Жолдастарының, сыныптың алдындағы
жауапкершілікті сезінеді.
Осылай, сөз болып отырған
тұжырымдар, тірек- сызбанұсқа бойынша жұмыстар балаларға сабақтағы
іс-әрекеттерді ой елегінен өткізуге, танып- білуге, түсіндіруге,
дәлелдеуге, айқындауға үйретеді.
Еңбектегі табыс- мұғалім мен
оқушының және ата- ана мен балалардың , мұғалім мен ата – аналардың
арасындағы түсіністіктің негізі, кілті
Павлодар
облысы
Екібастұз
қаласы
№
11 жалпы орта білім беретін
мектеп
Бастауыш сынып
мұғалімі
Садуова Мансия
Темиргалиевна