Материалдар / Түсіністікке үйренеміз

Түсіністікке үйренеміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзара вербальді (сөйлесу, тілдесу) әрекеттесуге дағдыландыру, әлеуметтік бақылағыштықты дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
376
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тренинг: «Түсіністікке үйренеміз»

Мақсаты: өзара вербальді (сөйлесу, тілдесу) әрекеттесуге дағдыландыру, әлеуметтік бақылағыштықты дамыту.Тренинг барысы:
  • «Қимылдарды көшіру» сергіту жаттығуы.
  • «Бип» жатттығу.
  • «Ғажайып қолданыс» жаттығу.
  • «Жүректен жүрекке» ойын—жұмбақ.


  • «Қимылдарды көшіру» сергіту жаттығуы. Қатысушылар шеңбер жасап тұрады.
Жүргізуші белгі берген кезде әр қатысушы қиынға соқпайтын қимыл-қозғалыстар жасауы тиіс. 5-10 секундтан соң жүргізуші келесі белгі бергенде, әр қатысушы өзінің сол жағында тұрған қатысушының қимылын жасауы тиіс. Ойын әр қимыл өз авторларына қайтқанша жалғасады. Ойынның психологиялық мәні: қатысушылардың белсенділігін арттыру, байқағыштық қабілеттерін дамыту, топ жұмысына қызығушылықтарын арттыру.Талқылау:
  • Жаттығуды орындағанда қандай әсерде болдыңыздар?
  • Жаттығу қиынға соқпады ма?
2. «Бип» жатттығу.Қатысушылар бір-біріне өте жақын аралықта шеңбер құрып отырады. Бір қатысушының көзін байлап ортаға жібереді. Ол 2-3 рет айналып, шеңбердегі бір қатысушының аяғына отыруы тиіс. Аяқтың иесі «БИП» деген дауыс шығарады. Ал көзі жұмулы қатысушы дауыс кімдікі екенін табуы тиіс. Дұрыс тапқан жағдайда екеуі орындарын ауыстырады, ал дұрыс таппаса, ойын ары қарай жалғасады. Жаттығуды ойынға қатысушылардың қызығушылығы бәсеңдегенше жүргізуге болады. Талқылау:
  • Дауыс иесін табу оңай болды ма? Неліктен?
  • Қатысушылардың аяқтарынан кім екеніне сенуге бола ма?


4. «Ғажайып қолданыс» жаттығу.Қатысушыларды бірнеше топқа бөліп, оларға қолдарында бар заттарды басқа мақсаттарда қалай қолдануға болатынын анықтау туралы тапсырма беріледі. Әр топқа 10 минут уақыт беріледі. Бір-бірінің айтқандарын қайталауға болмайтынын ескерткен жөн. Талқылау:
  • Топта ролдер қалай бөлінді?
  • Идеяны ұсынуда кім басымдық танытты?
  • Бір-бірлеріңізге қолдау көрсете алдыңыздар ма?


5.«Жүректен жүрекке» ойын—жұмбақ. Қатысушылар шеңбер жасап тұрып, бір-біріне ым-ишара (пантомима) арқылы сыйлықтар сыйлайды, ал сыйлықты қабылдаушы оның не екенін табуы тиіс. Қорытынды: Тренингке қатысушылар тренингтен алған әсерлерін жүрекшелерге жазып қалдырды.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ