15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Түсіну абыройы
![]()

ТҮСІНУ АБЫРОЙЫ - ұлы педагогымыз К.Бови айтқандай
«Мейірімділік кереңдер ести алатын мылқаулар сөйлей алатын
тіл » . Бұның адамзатқа берері ұшан –теңіз . Б.Момышұлы атамыз
«Әлди білмеген келіннен қорқам ,Ертегі білмеген әжеден қорқам » - деп тектен – текке ескертпесе керек –ті. Келіннің әлдиінде , әженің ертегісінде жанға жайлы шуақ пен мейірім бары сөзсіз. Бұны дәрігерлер сөзімен айтатын болсақ жылы сөзден соң эндрафин гармондары оянып адамда ерекше бір көңіл – күй пайда болады екен. Бұны атам қазақ әу бастан – ақ сөз құдіретін түсініп , «Жақсы сөз – жан семіртер» , «Жылы – жылы сөйлесең жылан іннен шығады » деп дәріптеген.
Осы әлдилер мен ертегілерде ата-ананың ең басты арманы –
елін қорғар ержүрек жігіт пен арын аяққа таптатпас ару қыз
тәрбиелеу болған , және солай тәрбиелеген де.
Ал , бұл күнгі әскерден қашатын ынжық ұлдарымыз бен
жартылай жалаңаш қыздарымыз қайдан шықты ?
Бәріміз аузымыздан тастамайтын мектептегі «қиын бала »
қайдан шықты ? Неге , неге деген сұрақтардың жауабын кім
берер екен ? Кім кінәлі ? – деп жанымыз шарқ ұрады .
Әрине , жауабы да біреу , кінәлі өзіміз . Егер , біз халық педагогика-
сынан қол үзбеген болсақ , ұлттық үрдісте тәрбиеленген болсақ
бізден ондай балалар шықпаған болар еді. М.Әуезовтың «Абай
жолы » эпопеясын оқыған болсаңыз , Абайдың оқудан қайтқан
кезін бейнелейтін бір көрініс бар. Абай алдындағы анасына
қарай сәлемдескелі ұмсына бергенде анасы көзімен әкесі тұрған
жақты меңзейді , барып бірінші әкесіне сәлемдеседі , әкесі де
елжірей кетпейді , көп ішінде тұрған әке «Қалайсың , балам ?» деген
сөзден аспайды. Одан соң әжесіне қарай жүреді , әжесінде «бірінші
әкесіне кетті – ау» деген қызғаныш сезімі қылаң берсе де онысын
сағынышы жеңіп «Қоңыр қозым , қоңыр қозым » деп маңдайынан
сүйеді , осыдан соң анасына сәлемдеседі. Осы бір көрініс , осы бір
сезім жанымды қатты тебірентеді. Біздің заманымыздың осы
Құнанбай сияқты әкесі , Зере сияқты әжесі , Ұлжандай анасы жоқ-ау
деп , бар болса да аз- ау деп өзегім өртенеді. Көгінде қыран
қалықтаған , даласында құлан жортқан қазақ даласында бір ауыз
сөзбен дүйім елді тоқтатқан , қара қылды қақ жарып билік айтқан ,
қайран бабаларым –ай...
Қалың елдің қамын ойлаған , «елде болса ерніңе тиер»деп шүкір-
шілік жасаған , «абысын тату болса – ас көп » деп ауызбірлікті
сақтаған, «отыз тістен шыққан сөз – отыз рулы елге тарайды »деп
сақтандырып отырған , қайран аналарым – ай ...
Кісінің алдын көлденең кеспеген , үлкен үйге ентелеп келмеген,
үлкеннің сөзін бөлмеген, қасқырды «ұлыма» атап , қойды
«маңырама» атап , пышақты «жаныма» атап , жанамалап ат қойған
қайран қазақ келіндері – ай ...
Егер , солар болғанда «қиын бала » болар ма еді ?
Қазір кейбір әкелер бар , олар бірінші « әжеңе сәлемдес» демейді,
«мамаңа сәлемдес » дейді.
Кейбір аналар бар , «әкең білмейді , мен білем » дейді.
Кейбір әжелер бар « келін бүгін кетсе , балам ертең қыз әкеледі »
деп кергиді.
Оған тағы да «Отырған қыз орнын табар » деп мақтайтындар
мен «Әйел қырық шырақты ,бірінен жанбаған шырақ бірінен жанар»
деп қостайтындарды қосыңыз.
Міне , содан келіп біздің педагогикаға «қиын бала»деген сөз еніп
отыр.
Мен де анамын , 2 ұл , 6 қыздың анасымын , жиырмадан астам
немеренің әжесімін . Бір ұлым үйленген , бес қызым тұрмыста ,
немеренің алды Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының
колледжінде оқиды . Әр түні ұйықтар алдында
бір Аллаға мінәжат етіп , барлық аналар сияқты менде елдің
амандығын , жұрттың тыныштығын , отбасының бүтіндігін ,
ұл – қызымның денсаулығын сұраймын. Отағысымен бірге
өсірген ұрпағым үшін ешкімнің алдында ұялмасам екен ,
инабатты да ұятты ел жүгін көтерер ұл болса екен деп,
ибалы да көркем ат атандырмас қыз болса екен деп ,
келісті де ізетті ұрпағымды жалғар келін болса екен деп тілеймін !
Құрметті ата – аналар ,әлеуметтік педагогтар ,психологтар ,сынып жетекшілері !
Сіздер мен біздердің алдымызда үлкен міндет – ұрпақ тәрбиесі тұр.
Мен бұл еңбегімді көп жылдық ұстаздық тәжірибеге сүйене
отырып , ұлы педагог А.С.Макаренконың ата – ана беделін
жіктеуіне байланысты өзімнің ойымды сіздермен бөліскенді
жөн көрдім . Мен «Қиын бала қайдан шықты ата – ана ?»
деп аталатын бұл әңгімені ата – аналармен әрі жиналыс,әрі сабақ
ретінде мектепте өткенмін . «Әлеумет» сөзі арабтың көпшілік ,
бұқара деген сөзінен шыққан екен . Ал,әлеуметтік педагогтарға
жүктелген міндет – тұлға дайындау .Оның « өндіріс орны»
Мектеп – отбасы – бала . Осы үштікті нәзік жымдастыру, ол
біреулер ойлағандай тек «тұл жетім» және «жартылай жетім»
балалар үшін емес . Жетімдікті екіге бөлеміз , біріншісі – ата-анасы
жоқ , биологиялық жетімдік . Ал , екіншісі , ата – анасы бар бола
тұра жадау күй кешкен , жаны жабырқау , ұрынарға қара таппай ,
сырласарға жан таппай жүрген , «рухани жетімдік ». Бұл көзге
көрінбес қатерлі дерт, бұл баланы ауруханаға ғана емес ,өлімге де
апаратын дерт дер едім. Өлмегенде ше , тәрбиедегі жіберген
қателіктері үшін «темір тордың »арғы жағынан шығып жатса ,
есірткіге елтіп жатса , психикалық ауруларға ұшырап жатса , ғасыр
дерті СПИД ке ұрынып жатса ?
Ал, біздерге осындай балаларға , осындай отбасыларға көмек қолын
созуымыз қажет. Мүмкін , менің де сіздерге осы жұмыста көмегім
тиіп қалар деген ниетпен осы еңбегімді ұсынып отырмын.
Әр сыныпта түрлі тақырыпта әңгіме өрбітіп отырмын. Көп балалы ана болғандықтан ба, жоқ әлде барлық ұстаздарға тән сезімталдық па , бала жанындағы кірбіңді тез аңғарамын. Бірақ ,балаға барып «Саған не болған , қабағың ашылмай жүр ғой ...» деген сияқты сөздермен ешқашан жанын ауыртқан емеспін. Өз бетімше жол тапқым келеді ,
баланы сол тығырықтан жетелеп алып шыққым келеді .
Баламды не істесем екен деп басы қатып , жүрегі ауырып жүрген
ата- анамен де тілдесуге асықпын. «Бәрі мектептен , мұғалімдер
сондай , балама солай – солай депті » - деп аямай қара күйе жаға
салатын ата – ана ше ? Сынып жетекшісі үйлеріне барып ,балаңыз
бүйткен екен деп енді әңгіме бастай берсе , «Ай , атаңа нәлет,
сен-ақ күйдірдің ғой осы » - деп , баласын қуып ұра жөнелетін
ата- аналарды қайтерсіз? Баласына шынымен өкпелеген түрі ме ,
жетекшісіне көрсеткен қыры ма , әлде , шынымен мүлт кеткен
тәрбиесіне ызаланғаны ма ? Кейде , сынып жетекшілері келіп
осылай болды деп мұң шағып жатады емес пе ? Сол кезде,
әрине , «жедел жәрдем » тобы ретінде психологтар мен социологтар
іске қосылады. Ал , менің жұмыстағы ұстанымым :
«Ауырып ем іздеме , ауырмайтын жол ізде !»
Сіздерге үлкен құрметпен : № 90.М.Мәметова атындағы
жалпы орта мектебінің әлеуметтік педагогы Жолдасова Сәлия

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген