Түскиізді әшекейлеу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Түскиізді әшекейлеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары мектепке дейінгі тәрбиешілерге қажет болады деп ойлаймын. Тәрбиеленушілерді ұлттық ою түрлерімен таныстырып, осы ою түрлерін қағаз бетіне түсіруге үйретеді.Әсемдікке тәрбиелейді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы

Күршім ауданы

Күршім ауылының балалар бақшасы

Тәрбиеші:Тукушова Ляйля Кумаргазыновна


Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу- әрекет түрлері: Бейнелеу өнері

Тақырыбы: Түскиізді әшекейлеу

Мақсаты: Қазақ оюларының элементтерімен таныстыру және оны қағаз бетіне түсіруге үйрету. Қарындашты қағаз бетінен үзбей сызық салуға үйретуді жалғастыру. Әсемділікке және ұқыпты жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Билингвалды компонент: ою - орнамент

Қажетті құралдар: ою - өрнектердің суреттері, түскиіз, сандық, құрақ, ою өрнектердің суреті бар диск, күйдің үнтаспасы

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Мотивациялық -қозғаушы



















Ізденіс ұйымдастыру





































































Рефлексивті -коррекциялаушы

Ойын : «Автобус» Тәрбиеші балаларға ауылдағы апамызға қонаққа баранын айтады. Автобусқа отырғызады.

Автобус ішінде сұрақтар қою:

­­-Қазір жылдың қай мезгілі?

- Дұрыс айтасыңдар! Бүгін балалар, көктемнің алғашқы күні. Көктем мезгілінде күн жылынып, қар ериді. Құстар жылы жақтан ұшып келеді. Жерге шөп, гүлдер шығады.

-Балалар, осы көктем мезгілінің ең алғашқы мерекесі кімдердің мерекесі?

-Дұрыс айтасыңдар! Міне, балалар, апамыздың үйіне де келіп қалдық. Автобустан түсіп апамыздың үйіне барайық.

Апа:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Маған қонаққа келіп қалыпсыңдар ғой! Қош келдіңдер!

Тәрбиеші:

-Сәлеметсізбе, апа! Біз сізге қонаққа келдік. Сізге өз білімдерімізді көсетейік деп келдік. –Балалар, қараңдаршы, апамыздың үйінде көптеген үй жабдықтары бар екен. Кәне балалар, айтыңдаршы. Мынау не?

-Дұрыс! Ал мына зат қалай аталады?

-Өте дұрыс!Ал мына заттың атын білесіңдерме?

-Дұрыс айтасыңдар! Ал бұл заттардың барлығында ненің суреттері салынған?

-Балалар, апамыздың үйінде теледидар бар екен. Теледидарда не көрсетіп жатқанын көрейік пе?

Теледидардан оюлардың суреттері көрсетіледі.

-Енді осы оюлармен танысайық. Ол үшін «Неге ұқсайды?» деген ойын ойнайық.

-Мына ою неге ұқсайды деп ойлайсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар! Бұл ою қошқар мүйіз оюы. Ал мына ою неге ұқсайды деп ойлайсыңдар?

-Дұрыс! Сондықтан бұл ою құс қанаты деп аталады.Ал мына ою ше?

-Дұрыс айтасыңдар!Бұл ою жұлдыз деп аталады екен. Ал мына оюды неге ұқсайды деп ойлайсыңдар?

-Өте дұрыс айтасыңдар! Бұл ою тышқан ізі деп аталады.

Апа:

-Балалар, маған қонаққа келіп қалыпсыңдар екен. Маған сендердің көмектерін қажет болып тұр. 8- наурыз мерекесіне байланысты апалардың сайысы болады екен. Соған менің мына түскиіздерді әшекейлеуім керек. Түскиіздің шетіне тышқан ізі оюын салу керек.Сендер маған көмектесесіңдерме?

Түскиізді балаларға тарату.

Қарындашпен жұмыс істеу ережелерін естеріне түсіру.

Қарындашпен ауада тышқан ізі оюын салуды ұсынады.

Билингвалды компонентті бекіту. «ою - орнамент»

Көмекті қажет етіп отырған балаға көмектесіп, жақсы жасап отырған баланы мадақтау.

Апамен бірге көрме ұйымдастырады.

Апа:

-Жарайсыңдар, балалар! Сендерге көп көп рахмет! Сендердің арқаларында менің барлық түскиіздерім әшекейленді. Енді мен апалар сайысында жүлделі орын алатын болдым.Менің сендерге әзірлеген сыйлығым бар. Бұл, балалар, жай гүлдер емес, олар «бақ тамшылары» деп аталады. Бұндай гүлдер кімдерде көп болады, солар бақытты, ақылды, тәртіпті балалар болады.

Тәрбиеші:

-Балалар, біздің топқа қайтатын уақытымыз болды. Кәне, апамызбен қоштасып, автобусқа отырайық.

Автобусқа отырады.

-Балалар, біз кімге қонаққа бардық?

-Апамыздың үйінде қандай заттар бар екен?

-Сендерге сабақ ұнады ма?

Автобустан түсіп топқа оралады.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: үй жабдықтарының түрлерін.

Нені игерді:ою түрлерімен танысты. Ою сөзінің орысша атауын меңгерді.

Не істей алады: қарындашты үш саусақпен дұрыс ұстап, қағаз бетінен үзбей «тышқан ізі» оюын сала алады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.11.2018
527
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі