400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Түспен жұмыс жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғашқы сабақтарда оқушылармен жұмыс жасауда көптеген қиыншылықтар кездеседі. Сабақ барысында музыкалық материалдарды яғни, мектеп әндерін орындау, нотаны бірден оқу талаптары туындайды. Сонымен қатар музыка сабағында теориялық және практикалық білімдерді, музыкалық материалдарды терең игеруі қажет (аспаптың шығу тарихы мен дамуын).Баян аспабының шығу тарихы мен дамуы.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Бейнеу ауданының әкімдігінің «Құлшар Бақтыбайұлы атындағы

Бейнеу өнер мектебі»МКҚК








Ашық сабақ


Тақырыбы: Түстер әлемі.

3 сынып




Мұғалім:Н.Тыныштықова








2018 оқу жылы



Пәні: Кескіндеме

Күні: 20.04.2018ж

Уақыты: 8:50-11:15

Сағат саны: 3

Сыныбы: 3

Оқушы саны: 10

Сабақтың тақырыбы: Түстер әлемі.

Машықтық жұмыс: Әртүрлі реңде , түрлі әдіспен түстерінің

молдылығы бар 2-3 заттың этюды.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды түстің мол қамтылған

жақтарымен таныстыру, әртүрлі

әдіспен ,түстермен жұмыс жасап үйрету.

1.Білімділігі: Оқушылардың кескіндеме пәнінен

білімдерін жетілдіру, түспен

жұмыс жасауға үйрету

2.Тәрбиелігі: Оқушыларды тазалыққа, шыдамдылыққа

инабаттылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілеттерін,

ой-өрістерін дамыту, арттыру.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Сабақ әдісі: а) теориялық

б) машықтық

Сабаққа қажетті құралдар

мен көрнекіліктер: Шыны құмыра,муляждар,А3 формат ,карандаш,

өшіргіш,кнопка,акварель, көрнекі плакаттар,т.б.

Сабақтың жоспары: I Ұйымдастыру

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

а)теориялық

б)машықтық

IV Қорытындылау

V Үйге тапсырма

VI Бағалау

VII Сыныпты жинақтау









Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру

Сыныпты жабдықтау, оқушылармен амандасу,құралдарын тексеру , оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыны журналға белгілеу.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

2-3 заттан құралған натюрморт

Үйге берілген тапсырманы тексеріп , кемшілігін айтып, бағалаймын.

Үй тапсырмасна қосымша біз қандай ережелермен, заңдылықтармен таныстық, осыны «Суретші құралдары » тақтасы арқылы еске түсіріп, сұрақтарға жауап берейік?

Picture 2

  1. Бейнелеу өнерінің түрлерін ата ?(кескіндеме,графика,мүсін, сәулет,сәнді қолданбалы өнер, дизайн.)

  2. Бейнелеу өнерінің жанрларын ата?(Натюрморт,пейзаж,портрет.т.б)

  3. Натюрморт дегеніміз не?( жансыз заттарды бейнелеу)

  4. Натюрмортты салу үшін ең алдымен неден бастау керек?(Компоновака)

  5. Сурет салудың негізгі құралы?(Карандаш)

  6. Компоновка құрғанда қандай сызықтар пайдаланамыз?(көмекші сызықтар)

  7. Бір затты дәл ортасынан теңдей етіп бөлетін сызық?(Ось сызық)

  8. Көлеңке дегеніміз не?(бір затқа жарықтың түпей тұрған бөлігі)

  9. Карандаштың қандай түрлері бар?(Т,ТМ,М,2М,2Т)

  10. Жылт дегеніміз не?(жарықтың заттың үстіне түскен ең ашық жері)



III.Жаңа сабақ

а)теориялық . Кескіндеме - өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін, сиқырлы аймақ. Кескіндемеде негізгі түстер үшеу. Олар сары, көк,қызыл. Ал қалған түстер солардың қоспасынан шыққан түстер.

Түстану – түс туралы ғылым.Ағылшынның физик ғалымы И.Ньютон жаратылыстану ғылымына түстердің жіктелу негізін спекторды енгізді .Ақ түстер көп қырлы шыны призма арқылы өтіп, құрамды бөліктерге жіктеледі.Бұл «спектор » деп аталады. Спектор белгілі бір жүйелікпен орналасады.Жалпы спектор щеңберінде түс екіге бөлінеді:Негізгі түстер және қосымша түстер.Негзгі түстер :қызыл,сары,көк,ал қосымша түстер:қызылсары,жасыл,күлгін.көгілдір. түстер жатады.

Бояулармен істес болатын суретші таныс болуға тиісті көптеген мәселелерді 2-ге бөледі.

Ахроматикалық- түссіз бояулар: ақ, сұр, қара түстер жатады. Қалған түстерді-сары,көк,қызыл хроматикалық түстерге жатқызуға болады.

Хроматикалық түсті бояулар: қызыл,сары,жасыл,көк. Осы түстер жылы және суық түстер деп 2-ге бөледі.

Жылы түстер: ашық сары, сары, ашық қоңыр, сарғыш қоңыр, қызыл, ал қызыл, күлгін қызыл, қызыл қоңыр түстерді жатқызып, суық түстерге: көк ,

қою көк, көгілдір, жасыл, жасыл көк, қыңыр түстерін жатқызуға болады.

Түстер шеңберінде бір – біріне қарсы тұрған түстерді қарма – қарсы түстер дейді. Олар қызыл – жасыл, сары – күлгін, көк – қоңыр, тағы басқалар.

Түстерді бір- бірімен қосып езген кезде түс шеңберінде тұрған реттерін ескере отырып қосса, келесі бір түстің таза түрі шығады.

Түсті меңгерудің ең алғашқы қадамы – негізгі түстерді дұрыс таңдау , қылқаламмен жүйелі жұмыс жасау.

Суретшілер пайдаланатын бояу түрлерінің өзі бірнеше түрге бөлінеді:акварель,гуашь,майлы бояу,пастель,т.б«Этюд» (французша etude сөзінен шыққан ) сөзі «зерттеу» мағынасында аударылады. Заттың өзіне қарап салған этюді – қолға қылқалам ұстаған суретшінің белсенді пайымдауы мен ой толғауы деп айтуға болады. Заттың өзіне қарап этюд салу бақылап – байқағандарын жинақтайды әрі сонымен бірге живописьтік материалдарды зерттейді, техникалық дағдыларға ие болады.

Акварель- суға тез еритін түссіз желімдергі жұғыстырылған сулы бояу. Акварель» сөзі латының афиа «су» деген сөзінен шыққан. Акварель бояулардың негізгі ерекшелігі – аса мөлдірлігі. Бұл ақ бояу мүлде қолданылмайтын бірден – бір живопистік техника.

Акварель бояулар қолдануға ыңғайлы да қарапайым, қағазға оңай жағылады және шапшақ кебеді. Алайда, бұған қарамастан, акварель живописінің техникасы – мейлінше күрделі техникасының өзіндік ерекшелігі – оның барынша дымқылдығында.

Рефлекс дегеніміз – шағылыс жарығы заттың көлеңке жағынан басқа жарықтың әсер етуінен пайда болған әлсіз жарықты айтады.

б)машықтық. Суретті түспен жазар алдында нәрсенің жарық түсіп тұрған бөлігіндегі ең жарық жерді, көлеңке түсіп тұрған бөлігіндегі ең күңгірт жерді әрдайым тауып алу қажет.

Бояумен жұмыс істегенде түстерді бір – бірімен үйлестіре отырып сурет салу керек түстердің бір – бірімен дұрыс үйлестірілген түрін түстік рең деп атаймыз. Түстік рең жылылау, суықтау, қызғылттау, көгілдір – сарылау, тағы басқа түрге бөлінеді. Енді сол түстердің түс шеңберіне орналасу реті, аттары, қоюлық ерекшеліктеріне қысқаша тоқталамыз.

Рең – ақ түс пен қара түс арасындағы қатынас яғни жарық пен көлеңке арасындағы айқын қарама – қарсылықты рең деп айтамыз. Заттар бақылаушыға неғұрлым жақын тұрса, жарық түсіп тұрған беті мен көлеңке арасындағы рең (контраст) соғұрылым кұңгірттеу болады. Сондықтан алдыңғы планда реңдер мейілінше ашық боладыда, екінші, үшінші, одан арғы планда рең азая береді.Сонымен бақылаушыдан алыстаған сайын нәрсенің жарық түсіп тұрған жерлері біртіндеп күңгірттене береді. Ол күңгірт жерлері бұлдырлана түседі. Сурет салғанда нәрсенің көлемін барынша айқын барынша етіп көрсетуге талаптану керек.

Сергіту сәті.

Мына өлең жолдарыннан шығатын түстерді табайықшы:

1.Сарыны қоссаң , басым көк

Соңында шығар қандай боп . (жасыл)

2.Дос болып қызыл,сары түс

Бірігіп бірге іс тікті

Аралас боп ед,,құралас

Сонда қандай түс шықты.(қызғылт-сары)

3.Қызыл түс жасап шыдамды

Үйіне көктің сұранды

Жазып ед қос түс құшағын

Қандай түс содан құралады.(күлгін)

Түспен жаза отырып, жарық, көлеңке беріп, заттардың көлемін көрсету.

Түспен жазу арқылы заттың жарық, көлеңкесін, көлемін, пішінін, материалын т.б. көрсетіп, жұмысты тиянақты аяқтаймыз.

Орындалған суретіміз таза жарасымды болып шығуына көңіл бөлуіміз керек.

IV.Қорытындылау

Бүгінгі тақырып бәрімізге түсінікті болды ма?

Ендеше сабақты қорытындылап «Сыйқырлы түстапқыш» ойынын ойнап, сұрақтарға жауап берейік

  1. Жылы түстер мен суық түстерді ата?

  2. Ахроматикалық түстерді ата?(ақ,қара,сұр)

  3. Хроматикалық түстерді ата?( қызыл,жасыл,сары,т.б )

  4. Сөзі латының аgиа «су» деген сөзінен шыққан,молдір бояу?(Акварель)

  5. Желім араласқан, қою бояу ?(Гуашь)

  6. Негізгі және қосымша түстерді ата?

  7. Түс щеңбері спекторын кім енгізді? (И.Нютон)

V.Үйге тапсырма.

Үйден шыны ыдыстан этюд салу..

VI.Бағалау

VII.Сыныпты жинақтау












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
1260
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі