400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Түстер

Материал туралы қысқаша түсінік
5 негізгі түсті таниды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы

Адами әлеуметті дамыту бөлімінің

МКҚК №2 «Ертөстік» бөбекжай балабақшасы









Тақырыбы:«Ғажайып түстер әлемі »







Тәрбиеші:Балғабаева Г









2024-2025ж

Білім беру саласы:Таным
Бөлімі:Сенсорика,.
Тақырыбы: «Ғажайып түстер әлемі »
Міндеті:
5 негізгі түс бойынша білімдерін жетілген. Балалардың коммуникативтік-ақпараттық құзіреттілігін молайтып,балалардың ой-түйсігі,қиялы дамыған.Балалардың танымдық қабілеттерін ,зейінін ,сенсорлық ойлау қабілеттері дамыған. Балаларға негізгі бес түстерді топтастыра  білуге үйренген, қара,ақ,қызыл,сары,көк,                                                                                       
2.Берілген тапсырманы түсі бойынша салыстырады және іріктей біледі.
3.Қағаз бетіне бояулармен дәстүрден тыс сурет сала отырып , тек қағаз бетіне сурет салу,қағазды жыртпау,жұмысты ұқыпты орындау дағдыларына қалыптасқан
.
Әдіс-тәсілдері:
Ойындар,сұрақ-жауап . Бояулар туралы мәліметті экрандағы слайдтан көрсету,түсіндіру,дәстүрден тыс сурет салу.
Керекті құрал-жабдықтар: түрлі-түсті шарлар,доптар,геометриялық пішіндер,түрлі-түсті асықтар,балмұздақ таяқшалары,баулар.

Тәрбиеші:Балалар көңіл-күйлерін қалай?Балалар тобымызға келген қонақпен амандасып алайық?

Кіріспе бөлім:

Сәлемдесу Біз әдепті баламыз, Айтқан тілді аламыз. Алғаш келген қонақпен Амандасып аламыз. – Балалар,мұнда бір қорапша тұр екен,оның ішінде не бар екен,қанекей ашып көрейікші.(қорапшаны ашу,ішінен күн кқңілсіз)

-Ой балалар,мұнда күн бар екен бірақ ол көңілсіз жылап тұр екен. Күннің көңілін көтеріп бізге нұрын шашу үшін жылы сөздерімізді айтып шуақтарын жапыстырайық.

Жылулық шеңбері.

Жарайсыңдар,балалар бізді күніміз күліп жылуын шашты қараңдаршы.


Сұрақ жауап: Қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінде неше ай бар?

Қыста не жауады?

Қардың түсі қандай?

Негізгі бөлім:
-Балалар біз бүгін түстермен танысамыз
Балалар мұнда қараңдаршы
экранға назар аударайық.
Бұл қызыл түс.Қызыл түсті машина,ойыншық,қызыл алма,қызанақ тағы да басқа өте көп заттардың түсі қызыл екен балалар.
Ал мынау сары түс,Сары түсті алма,банан,балапан және жарқыраған күнімізде сары түсті екен.
Бұл жасыл түс : ағаштардың жапырақтары,көктем мезгілінде жайқалған жайлауымыз кілемдей болып жатқан шөптің түсі жасыл екен.

Ал бұл көк түс.Аспанымыз,бұлтымыз көк түсті екен
-Балалар мен сендерге ертегі айтып берейін.
Ерте,ерте,ертеде түстер патшалығында Сары түс,Қызыл түс ,Көк түс атты ханшайымдар өмір сүріпті.Олар өте әдемі,ақылды болыпты.Бір күні олардың патшалығына жасыл түс атты ханшайым қонаққа келіпті.Ханшайымдар өздерін ерекше мақтап жасыл түсті ханшайымға таныстырыпты.
-Мен сары түс атты ханшайыммын.Менің түсім сары күнге ұқсайды.
-Ал мен көк түсті ханшайыммын.Мен аспан сияқты,көк туымыз сияқты көкпін.
Ал мен ерекше қызыл түспін.Қызыл түсті доптар,ойыншықтар,гүлдер мен киімдерде менің түсім көптеп кездеседі.Біз Сары түс,Көк түс Қызыл түс үшеуіміз негізгі түстерміз.Бізді бір бірімізге қосқанда басқа түстер пайда болады.
-Ал сен қандай түссің?
Мен Жасыл түспін.Мен көзге ерекше әдемі көрінемін.Менің түсіммен табиғат одан сайын құлпыра түседі.Себебі,ағаштардың жапырағының түсі, гүлдермен шөптердің түсі жасыл түс.Жасыл түске қарағанда көздерің дем алып,бір серігіп қаласыңдар.Менің де негізгі түстердің қатарына қосылғым келеді.
- Ал ендеше сенің ақылды,білімді екеніңді тексеру үшін саған тапсырмалар берейік, егерде тапсырмаларды орындай алсаң сені өзіміздің негізгі түстердің қатарына дос болуға шақырамыз.Ендеше мына қобдишада біздің тапсырмаларымыз бар алағой деп тапсырмалары бар қобдишаны қолына ұстатады.
«Ғажайып сәт»
(Осы сәтте жасыл түсті ханшайым топқа кіріп келеді.Қолында түрлі тапсырмалар салынған қобдишасы бар.)
-Сәлеметсіңдерме балалар!Мен сендерге ертегілер елінен қонаққа келдім. Балалар маған берілген тапсырмалар өте көп екен мен жалғыз өзім орындай алмаймын.Маған көмектесесіңдерма?
Жаппай Ойын

«Түсіне қарай қой» ойын.Сиқырлы қорапшаны әр бала кезекпен лақтырады,қорабшаның қай түс түссе сол түсті шарды алып сол түсті жолмен жүріп, түсіне қарай қою .

Топтық Ойын

Қызыл орталықтағы тапсырма «Түстеріне қарай орналастыр» Түрлі-түсті шарларды түстеріне қарай орналастыру.

тәрелкемізде өздерінің түсі тұр дәл сондай түстерге арналған доптарды,тәрелкеміздегі түске қарай доптарды салады.

Көк орталықтағы тапсырманы орындау. «Балмұздақ таяқшасындағы түстерді сәйкестендір»

Сары орталықтағы тапсырма «Түстерді ретімен тізбектеу» Үлгі бойынша түстерді ажыратып, түстерді бауларға ретімен тізбектеу. Балалар үлгі бойынша түстерді бауларға ретімен тізбектейді.

Жасыл орталықтағы тапсырма «Түсіне қарай сал» Үлгі бойынша түстерді ажыратып, түстерді стаканға ретімен түсіне қарай салады.

Қане,балалар шеңберге тұрайықшы.

Тыныс алу жаттығуы:

Сыйқыр ойыны

-Балалар өте тамаша маған көп көмектестіңдер.Сендерге көп рахмет.Тапсырмалардың барлығын орындадыңдар.Мен енді 4 негізгі түстердің қатарына кіретін болдым.Сендерден негізгі түстерді атап беріңдерші дегенде Қызыл,Сары,Жасыл,Көк деп айтыңдар жарайдыма балалар.Ал ендеше сау болыңдар балалар.
Қорытынды бөлім:
-Балалар бүгін біз қандай түстермен таныстық?
Балалар біз бүгін ненің суретін боядық?
-Бізге қонаққа кім келді.
Өте тамаша балалар бүгінгі оқу қызметімізге өте жақсы қатыстыңдар.Білімдерің көп болсын,алғыр болыңдар,сендерге зор денсаулық тілеймін.Денсаулықтарың мықты болу үшін дәрумендер жеуіміз керек.Сол үшін сендерге балалар Қызыл,Жасыл,Сары түсті алманы беремін.Себебі алмада өте көп дәрумендер бар.
Ал ендеше балалар осымен оқу қызметіміз аяқталды.Сау болыңдар.


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 наурыз
254
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі