Сыныбы: 6 Сабақтың тақырыбы: Түстер. Сабақтың мақсаты: а) Білімділік: Бояу түстері жайлы терең мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін қалыптастыру. Бояу түрлерімен таныстыру. ә) Дамытушылық: Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Сурет салғанда бояуды дұрыс пайдалануға үйрету. б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету. Өнердің қыр-сырын білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту. Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, топтық жұмыс. Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Интерактивті тақта, түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар, шарлар, түрлі-түсті маталар, жеміс-жидектер. Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, математика Сабақтың өту барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, құрал-жабдықтарын тексеру, назарын сабаққа аудару.
II Үй тапсырмасы: «Кімшапшаң, кім тапқыр?» ойыны.
1. Бейнелеу өнерінің неше түрі бар? 6
2. Табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма? Пейзаж
3. «Дастархан» атты натюрморт кімнің туындысы? А. Ғалымбаева
4. Бояумен жұмыс істейтін суретші ? Кескіндемеші
5. Кескіндеменің әсерлі құралы? Түс
6. Суға езілетін қою бояу? Гуашь
7. Қазақстанның тұңғыш халық суретшісі? Ә. Қастеев
8. Итальяндық кескіндемеші, мүсінші? Леонардо да Винчи
Жаңа тақырыпқа кіріспе. Сабағымызды бастамас бұрын түстерді таңдау арқылы топқа бөлініп алайық.
Қызыл түс – адамның өмірге деген талпынысын күшейтеді, адам ағзасындағы қан айналым жүйесін жақсартады. Әдетте, бұл түс ашық мінезіді адамдарға тән.
Сары түс – адамның ойлау, тез қабылдау қабілетін жақсартады. Адамға күлкі, қуаныш әкеледі. Әдетте, бұл түс қуаты мол, көп сөйлейтін, әртістік өнерге, шығармашылыққа жақын адамдарға тән.
Жасыл түс – адамның нерв жүйесін тыныштандырады. Бұл түс берудің қуаныш, ренішіне ортақтаса білетін, достары көп адамдарға тән. Бұл түсті ұнататын адамдар тұрақты, сенімді болып келеді.
ІІІ Жаңа сабақ:
Табиғат бізге өзінің ерекше әсемдігімен, көркем сәнімен, бояу нақышымен қымбат. Оның сұлулығы, көз тартар көркі ең алдымен түрлі-түсті реңкіне байланысты. Түрлі-түсті гүлдер, жасыл ағаштар, көгілдір аспан, ақша бұлттар. Осындай сан алуан түстердің негізін үш түрлі түс құрайды: қызыл, көк, сары. Жарық жоқ жерде біз ешқандай түсті көре алмаймыз, ал күн сәулесінде түстердің барлық толқынының құрамы бар. Жалпы спектр шеңберіндегі жеті түстің үшеуі – негізгі түс, төртеуі – солардың қоспасынан алынған түс, яғни қосымша түстер. Негізгі түстерге – қызыл, көк, сары түстер, қосымша түстерге – қызылсары, жасыл, күлгін, көгілдір түстер жатады.
![]()
![]()

Ахроматты бояулар дегеніміз – түссіз бояулар: ақ, қара, сұр түстер.
Хроматты бояулар дегеніміз – түсті бояулар: қызыл,сары,көк түстер.
![]()

Ал енді шеңберде керісінше қарама-қарсы орналасқан түстер қарама-қарсы түстер жұбы деп аталады. Қызыл жасылға, қызғылт сары көкке, сары күлгінге қарама-қарсы түстер.
Жылы және суық түстердің құпия - сырлары көп. Мына екі дөңгелекке зер салып қара.
|
|
|
|
Дөңгелектің қайсысы саған үлкендеу болып көрінеді? Әрине, сарғыш түсті дөңгелек. Ал негізінде бұлар бірдей өлшемдегі дөңгелектер. Қай жағдайда жылы түсті дөңгелек суық түсті дөңгелектен үлкен болып көрінеді. Жылы түстер заттарды үлкейтіп, ал суық түстер заттарды кішірейтіп көрсетеді.
ІV. «Жұмбақ хат». (Берілген қағаз қиындыларынан коллаж жасау)
V. Көз байлап сурет салу. (Суретті көріп алып тақтаға салғызу)
VІ. «Сиқырлы бояу» (Мына бояулардың ішінен 1 бояу жасырылған. Қандай бояу екенін тапсаңдар бейнеролик қарауға мүмкіндіктерің бар)
VІІ. Практикалық жұмыс (Негізгі сары, қызыл, көк түстері арқылы қосымша түс реңктерін жасау.)
VІІІ. «Бақытты сәт» (Оқушылар менің қолымда түрлі – түсті шарлар бар. Шарларды қарама-қарсы түстер реті бойынша жинаймыз)
ІХ. Машықтық кезең (Түрлі түсті жемістерден құралған натюрморт салу)
Х. Бекіту. (Берілген адам тұлғасын сұраққа жауап беру арқылы киіндіру)
ХІ. Постер құрастыру. (Жылы және суық түстер)
ХІІ. Рефлексия (Оқушылар менің қолымдағы не? Әрине, күн! Күн әрқашанда бізге күлімдеп жылуын береді. Дәл қазір күннің бетін бұлттар басып тұр. Оны ашу үшін біз бұлттарды жіберіп, әр бұлтты алып бұлттың ішіндегі сұраққа жауап берсек күн бізде ояна кетеді. )
XIІ Бағалау
XIІІ. Үйге тапсырма: Қ. Мырзалиевтің «Күміс қоңырау» кітабынан «Бояулар сыры» өлеңін оқып келу.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Түстер" 6 сынып

шағым қалдыра аласыз