400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Түстер әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға негізгі төрт түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл. Балалардың коммуникативтік- ақпараттық құзіреттілігін молайтып, ой- түйсігін, қиялын дамыту. Ұсақ қол моторикасын дамыту. Түстерді ажырата білуге үйрету. Және оларды атап, жаттатқызу.
Материалдың қысқаша нұсқасы















БӘДИЕВА НАЗЕРКЕ НҰРЖАНҚЫЗЫ

Абай облысы білім басқармасы Семей қаласы бойынша білім бөлімінің

12 «Ажар» бөбекжайы ҚМҚК-нің тәрбиешісі


Тақырыбы: «Түстер әлемі»

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Сенсорика, Сөйлеу дамыту, Дене шынықтыру

Мақсаты: Балаларға негізгі төрт түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл. Балалардың коммуникативтік- ақпараттық құзіреттілігін молайтып, ой- түйсігін, қиялын дамыту. Ұсақ қол моторикасын дамыту. Түстерді ажырата білуге үйрету. Және оларды атап, жаттатқызу.

Сөздік жұмыс: Қызыл, жасыл, көк, сары.

Дидактикалық құралдар: шарлар, түрлі- түсті гараждар, машиналар, пішіндер, гүлдер.

Ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекетінің барысы:

Тәрбиеші: Сәлеметсіңдер ме балалар! -Көңіл күйлерің қалай?

- Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің оқу іс – әрекетімізге қатысу үшін көптеген қонақтар келіп отыр. Қанекей қонақтармен сәлемдесейік.

Балалар шаттық шеңберін құрып, қонақтармен сәлемдеседі.

Шаттық шеңбері:

Табиғат –біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Shape1 Біз әдепті баламыз

Тамаша балалар! (балалар бір – бірімен жылы құшақтарымен амандасып, орындықтарына отырады)

- Олай болса, көзімізді жұмып, сиқырлы сөздерімізді айтайық:

Бір, екі, үш,

Түстер әлеміне түс!

-Балалар, көзімізді жұмайықшы. Қазір біздер «Түстер әлеміне» енеміз.


Ғажайып сәт: Топқа әсем әуеннің ырғағымен түстер әлемінің еркесі Еркетай кіреді.

Shape2

Shape3 -Сәлеметсіздер ме, балақайлар! Менің түстер әлеміме қош келдіңдер! Мен осы түстер әлемінің еркесімін. Менің атым -Еркетай. Балалар қараңдар, бізге бүгін Күн күлімдеп тұр, күннің түсі - сары. Сендер бүгін түстер әлеміндегі көптеген түстердің тапсырмаларын орындауларың керек. Менімен бірге ойнауға дайынсыңдар ма?

Балалар: -Сәлеметсіз бе! Иә.

Еркетай: олай болса балалар, маған түстерді ажыратып үйретесіңдер ма?

Дидактикалық ойын: «Гараждағы көліктер»

Мақсаты: Балалар түстерді атай отырып, есте сақтауға үйрету. Балалардың түстер және пішіндер туралы білімдерін бекіту. Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

Шарты: Түстеріне байланысты әр көлікті өз гараждарына орналастыру. Екі баладан шығып, көліктерді түстеріне сәйкес гараждарына орналастырады. Әр бала түстерді атай отырып, қызығушылықпен кіріседі.

Тәрбиеші: Балалар қазір көктем мезгілі. Құстар бізге жылы жақтан ұшып келеді. Ал біз оларға қамқор болуымыз керек. Ортаға екі баладан шығып, жемсауытқа түстеріне байланысты жем салады ( қол моторикасын дамыту )
















Еркетай: Балалар сендер зерігіп кеткен шығарсыңдар. Қане ортаға шығып, бір сергіп алайық.

Сергіту сәті.

Қызыл, жасыл, сары, көк гүлдер

Бұл не деген көп гүлдер

Теріп – теріп алайық

Қонақтарға сыйлайық


Тәрбиеші: Тамаша балалар!

Қимыл – қозғалыс ойыны:Ендігі кезекте алдарыңда жарты шеңбер тұр. Сол шеңбердің астынан шарларды аяқтарына қысып, бір беттен екінші бетке тасымалдау керек( ұлдарға ойнатылатын ойын)

Дидактикалық ойын: Түстер еркесінің көйлегін сәндеп беру ( қыздар ойыны )

Түстер Еркесі қолшатырға ілінген гүлдердің көмегімен көйлегін әшекейлеуді өтінеді. Балалар қуана – қуана көмектеседі.

Shape5 Shape4

Тәрбиеші:- Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі оқу қызметімізге жақсы қатыстыңдар.

Қол ұстасып тұрайық

Шеңбер жасап тұрайық

Көріскенше күн жақсы,

Сау саламат болайық!

Shape6 Тәрбиеші: Балалар,біз «Түстер әлемінің» тапсырмаларын орындадық. Енді көзімізді жұмып,өз әлемімізге,яғни орындықтарымызға отырайық (балалар орындыққа отырады)

Қорытынды:

Балалар қызметінің нәтижелерін талдау: Қане, балалар шеңберге тұрайықшы. Балалар бүгін біз сары, жасыл, көк, қызыл түстерімен таныстық. Балалар біздер менің түстер әлемімнің тапсырмаларында орындап бітірдік. Тапсырмаларымыз да аяқталды. Сендерге бүгінгі тапсырмаларымыз ұнады ма?Сендерге түстер әлемінің сыйлығы бар. (Тәрбиеші мен Еркетай балаларға түрлі- түсті шарлар сыйлау).

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
20 ұстаз жүктеп алған
03.11.2023
381
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі