400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Түстер әлемі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұсақ қол маторикасын дамыта отырып , ойын арқылы тапсырмаларды орындайды . Ойын барысында сәйкестендіру , түстерді ажырату , дағдыларын танытады . Бірлесе жұмыс жасай алады. Әдіс тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ қою, көрсету,түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы


МКҚК «Бүлдіршін» бөбекжай бақшасы















Ұйымдастырылған іс-әрекет : Сенсорика Тақырыбы : «Түстер әлемі»

Ортанғы «Жұлдыздар» тобы























2024-2025ж

Тәрбиеші:Қаныбекова.Ф

Танымдық және зияткерлік дағдылары дамыту. Шығармашылық дағдыларын зерттеру іс‑әрекетін дамыту. Ұйымдастырылған іс-әрекет : Сенсорика Тақырыбы : «Түстер әлемі»

Мақсаты : Ұсақ қол маторикасын дамыта отырып , ойын арқылы тапсырмаларды орындайды . Ойын барысында сәйкестендіру , түстерді ажырату , дағдыларын танытады . Бірлесе жұмыс жасай алады.

Әдіс тәсілдер: Әңгімелеу, сұрақ қою, көрсету,түсіндіру.

Қолданылған көрнекіліктер: Түрлі-түсті пішіндер,үш түсті шарлар,құрсау,пішіндер,ермексаз,таяқшалар,ойыншықтар. Сабақтың барысы: Балалар бүгінгі көңіл күйлерің қалай?

Балалар: жақсы Жақсы көңіл күймен бір-біріміздің қолымыздан ұстап ,шаттық шеңберін айтып келген қонақ апайлармен амандасып алайық! Біздер тату боламыз

Гүлдей жайнап өсеміз

Шаттық құрып шеңберден

Бір қуанып қаламыз. (қимыл-қозғалыстар жасау).

Сәлеметсіздерме қонақтар!

Балалар мен сендермен бір қызықты ойын ойнағым келіп тұр.

Дидактикалық ойын « Өз түсіңді тап».(музыкамен орындау)

Мақсаты : Тәрбиешінің нұсқауы бойынша, балалар қолдарыңдағы шарларды түсіне сай шеңберлерге сәйкестендіріп , орналастырады.

Жарайсыңдар, балалар.

Ойын сендерге ұнады ма?

Балалар: Ия. Қызықты сәт : Желдің дыбысы естіледі.Аудио қосылады. Ойыншықтар : Балалар көмектесіңдерші... Тәрбиеші: Ой балалар, кімдер сөйлеп жатқан ? Қайдан дауыс шығып жатыр ? ( Тәрбиеші ыдысқа салынған ойыншықтарды алып келеді) -Балалар бұлар қайдан жүрген ойыншықтар ? Ойыншықтар : Сәлеметсіздерме , балалар ! Біздер түстер елінде тұратын ойыншықтармыз , қатты жел соғып , өз үйлерімізден адасып қалдық. Енді үйімізге барғымыз келіп тұр, көмектесіңдерші балалар.

(Тәрбиеші балалардың назарын ойыншықтарға назар аударады)

-Балалар қараңдаршы , қандай әдемі ойыншықтар ?

Түстері қандай екен ?

Ойыншықтар : Балалар біздер жай ойыншықтар емеспіз, біздер бұзылмайтын , сынбайтын ойыншықтармыз.Алақандарының арасына салып қысып, саусақтарымен тартып ойнап көріңдерші. Ойыншықтарды ұстап көріп , қысып , саусақтарымен тартып көреді . -Балалар біз ойыншықтармен де ойнап көрдік, енді оларды үйлеріне апаруымыз керек. Ол үшін біздер түстер әлеміне баруымыз керек. Біздер сиқырлы әуеннің күшімен түстер еліне бара аламыз. Қане көзімізді жұмып, әуенді тыңдайық.

Балалар көзімізді ашып,жан-жағымызға назар аударайықшы. Нелерді көріп тұрсыңдар?

Балалар осы түрлі-түсті үйлерде осы ойыншықтар тұрады екен , ойыншықтарды түстеріне сәйкес үйлеріне апаруымыз қажет. Балалар тапсырманы көңілдене ойнайды.

Сергіту сәті :

Бір , екі , үш алайық,

Саусақтарды жазайық .

Жалқау бала болмайық,

Қолды қысып ойнайық.(қимыл-қозғалыстар жасайды). Дидактикалық ойын: «Өз үйіңді тап».

Мақсаты : Түстерді ажыратып , ойыншықтың түстеріне сәйкес жолмен , және домалату арқылы , өз үйлеріне апарады.

Аудио ойыншықтар :Рахмет балалар !

Сендер бізге көмектестіңдер, өте ақылды екенсіңдер !

Тәрбиеші : Жарайсыңдар балалар !

Балалар қатты жел соғып кетпес бұрын , өз балабақшамызға жетіп алайық .

Балаларды орталықтарға бөлу.

1.тап Таяқшалармен пішіндер құрастыру. (түрлі-түсті таяқшалармен)

2.тап Пішіндерден үй құрастыру.

3.тап Көліктегі пішіндерге түстеріне қарай орналастыру.

4.тап Ермексаздан пішіндер құрастыру. Қорытынды: Бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетте сендерге не ұнады ? Жарайсыңдар балалар бүгін тапсырмаларды жақсы орындап ,жасап шықтыңдар.балаларды мақтап,мадақтау.


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
150
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі