400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

“Түстер әлемі”

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың ой – өрісін, зейінін, түстерді қабылдап және түс туралы түсініктерді жетілдіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақтау қаласы

«Гүл» балабақшасы



Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі:

Топ: кіші «Балапан» тобы

Тәрбиеші: Тузельбаева Динара



25.04.2025ж

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі жоспары:

Топ: кіші «Балапан» тобы

Тақырыбы: “Түстер әлемі”

Мақсаты:

А) Білімділік: Балаларға негізгі түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, көк, жасыл, сары.

Б) Дамытушылық: Балалардың ой – өрісін, зейінін, түстерді қабылдап және түс туралы түсініктерді жетілдіру. Көру арқылы есте сақтау және қиял, ойлау қабілетін, ойын арқылы саусақ қол моторикасын дамыту.

В) Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, ептілікке және жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қоршаған ортамен таныстыру “Көлік түрлері”, боялған асық , ою түстес қолшатырды желімнің көмегімен жапсыру.

Сабақ әдісі: Қызығушылығын ояту, ойын.

Сабақ барысы: Біз бүгін түстермен танысамыз, яғни қызыл, көк, жасыл, сары түстермен танысамыз. Бұл төрт түрлі түс күнделікті өмірде өте көп кездеседі. Бұл түстерді атап айыра білуіміз керек. Бұл түстер мысалға қызыл көйлек, көк алма, сары жапырақ деген сияқты атауларда кездеседі. Түрлі дидактикалық ойындар арқылы түстердің айырмашылығын, ерекшелігін ажырата білуге үйретеміз.

№1 ойын: Қоршаған ортамен таныстыру “Көлік түрлері”.

Балаларды қоршаған ортамен таныстырып. Көліктер туралы түсінік қалыптастыру көлік түрлерімен таныстыру. Берілген түрлі – түсті көліктердің орнына өз түстерімен толықтыру.

№2 ойын: Боялған асық.

Балалар енді екінші ойынымыз міне, боялған асықтар: қызыл, жасыл, сары, көк. Осы боялған асықтарды түсіне қарай ажырата тізуіміз керек. Араластырылған асықтарды түс – түсіне қарай тізіп қоямыз.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұралық ,

Алақанды ұралық.

Бір отырып, бір тұрып ,

Біз бір демалып алайық.



№3 ойын: Ою түстес қолшатырды желімнің көмегімен жапсыру..

Ал енді балалар үшінші ойынымыз ою түстес қолшатырды желімнің көмегімен әр түске қарай өз түстерін толықтырып жапсыру. Балаларға қазақтың ою – өрнек түрлерін жасалу, құрастыру жолдарын үйрету. Балалардың ұлттық дүниетанымдылық ұғымын кеңейту, сөздік қорларын молайту.

Қол икемділігін дамыта отырып, ою – өрнектің қайталанбас әдемілігін бағалай білуге, түсіне білуге үйрету.

Қорытынды:

Балалар бүгінгі төрт түсті ажыратуды үйрендік. Ойындар арқылы қай түс қай жерде кездесетінін білдік. Балалар бүгінгі танысқан төрт түсті қайталайықшы (қызыл, сары, көк, жасыл)







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
200
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі