400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Түстер әлемі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: "Түстер әлемі" Балаларға негізгі төрт түс туралы түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру дағдылары: Танымдық, коммуникативтік, шығармашылық.

Ұйымдастырылған ашық ойын іс-әрекеті: Сенсорика, жапсыру, құрастыру

Тақырыбы: «Түстер әлемі»

Мақсаты: Балаларға негізгі түстерді (қызыл, сары, жасыл, көк) ойын арқылы топтастыруға үйрету. Ауызша нұсқау мен үлгіге қарай сүйене отырып, тапсырмаларды орындау.

Әдіс-тәсілдері: 4к моделі, миға шабуыл, ойын, тапсырмалар орындау, жапсыру, сергіту сәті.

Қолданылған технологиялар: АКТ, М.Монтессори, 4 К элементтері

Көрнекіліктер: Фланелеграф тақта, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті таяқшалар, слайд, асықтар, түрлі түсті шарлар.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету. бақылау, ғажайып сәт, ойын,бағалау.



Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, құрметті апайлар! Бүгінгі кіші «Балапан» тобының «Түстер әлемі» ашық ойын іс-әрекетін бастауға рұқсат етіңіздер.

Олай болса балалар орымыздан тұрып амандасып алайық ия. Қонақтармен шаттық шеңберін айту арқылы сәлемдеседі.

Шаттық шеңбер: Қайырлы таң –көк аспан,

Қайырлы таң-жер ана

Қайырлы таң- достарым

Жылуыма жылу қос,

Міне менің қолым бос.

Сәлем, сәлем бәріңе, балақай! (сөйлеуді дамыту, музыка)

Тәрбиеші: Миға шабуыл: «Түрлі түсті шарлар» Ғажайып сәт: Тук-тук-тук Көңілді әуенмен топқа көңілді Сайқымазақ кіреді.

-Балалар, қараңдаршы бізге қонақ келе жатыр, шарлары қандай әдемі. Түстері қандай.....(қызыл, сары, жасыл, көк).

- Балалар кім екен бізге қонаққа келген?

-Сайқымазақ

-Ия дұрыс айтасыздар балалар сендерге керемет шарлар алып келіпті ия қараңыздаршы түстері қандай?

- Қызыл, сары, жасыл, көк

-дұрыс айтасындар

-Олай болса, балалар, біз бүгін түстер әлеміне саяхатқа шығатын боламыз.

Саяхатқа немен шығамыз? Экранға қарайықшы.....(автобус айдап келе жатқан жүргізуші, автобус дауысы естіледі).

Автобус залға кіреді,балалар автобусқа отырып, саяхатқа шығады. Сахнаның пердесі ашылып, түстер әлеміне келгендерін айтады. (сенсорика, сөйлеуді дамыту)

Тәрбиеші балаларға әр үстелдегі шарларды көрсетеді, балалардан шарладың түстерін, үстелдегі заттардың түстерін сұрайды.

Тәрбиеші: Балалар, сендер енді мына жердегі жұлдызшаларды суырып әрқайсысың өз түстеріңе қарай үстелдеріңді тауып отырыңдар (сенсорика)

Балалар қызыл, сары, жасыл, көк түстерді тауып орындарына отырады.

Тәрбиеші: Бүгінгі біздің тапсырмаларымыз Ұлттық құндылықтар негізінде болмақ. «Киіз үй», «Алтын сақа», «Қошқар мүйіз» және «Сынық мүйіз»

1 қызыл үстелдің тапсырмасы: «Киіз үй» жапсыру.

Шарты: Киіз үйді қызыл түске бояу керек (жапсыру)

2 сары үстелдің тапсырмасы: «Алтын сақа»

Шарты: «Алтын сақа»ны сары түсті мақтаны жапсыру арқылы әсемдеу (сенсорика, сөйлеуді дамыту, құрастыру)

3 жасыл үстелдің тапсырмасы: «Қошқар мүйіз» ойыны

Шарты: боялған күріштер арқылы әсемдеп жапсыру

4 көк үстелдің тапсырмасы:

Шарты: боялған күріштер арқылы әсемдеп жапсыру

«Текшемен биле» қимылды ойыны арқылы сергіту сәтін ұйымдастыру.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін сендерге түстер әлемі алғыс айтып, қуанып жатыр. Сендер тапсырмалардың барлығын дұрыс орындадыңдар. Жарайсыңдар, балалар!

Балаларды бағалау: Түрлі түсті шарлар беру.

Балалар автобусқа мініп топтарына қайтады.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 қазан
199
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі