Білім беру дағдылары: Танымдық, коммуникативтік,шығармашылық.
Ұйымдастырылған ашық ойын іс-әрекеті: Сенсорика, жапсыру, құрастыру
Тақырыбы: «Түстер әлемі»
Мақсаты: Балаларға негізгі үш түстерді (қызыл, сары, жасыл) ойын арқылы топтастыруға үйрету. Ауызша нұсқау мен үлгіге қарай сүйене отырып, тапсырмаларды орындау.
Әдіс-тәсілдері: 4к моделі, миға шабуыл, ойын, тапсырмалар орындау, жапсыру, сергіту сәті.
Қолданылған технологиялар: АКТ, М.Монтессори, 4 К элементтері
Көрнекіліктер: Фланелеграф тақта, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті таяқшалар, слайд, асықтар, түрлі түсті шарлар.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, құрметті апайлар! Бүгінгі кіші «Ботақан» тобының «Түстер әлемі» ашық ойын іс-әрекетін бастауға рұқсат етіңіздер.
Музыка әуенімен балалар әуен залына кіреді. Қонақтармен шаттық шеңберін айту арқылы сәлемдеседі.
Сәлем, сәлем саусақтар,
Сәлем, сәлем аяқтар
Сәлем, сәлем қарақат көздерім,
Кірпігіме қарашы сен менің
Сәлем, сәлем ерінім,
Сәлем, сәлем мұрным
Сәлем, томпақ беттерім алақай!
Сәлем, сәлем бәріңе, балақай! (сөйлеуді дамыту, музыка)
Тәрбиеші: Миға шабуыл: «Түрлі түсті шарлар»
-Балалар, қараңдаршы, шарлар қандай әдемі. Түстері қандай.....(қызыл, сары, жасыл).
-Олай болса, балалар, біз бүгін түстер әлеміне саяхатқа шығатын боламыз.
Саяхатқа немен шығамыз? Экранға қарайықшы.....(автобус айдап келе жатқан жүргізуші, автобус дауысы естіледі).
Автобус залға кіреді,балалар автобусқа отырып, саяхатқа шығады. Сахнаның пердесі ашылып, түстер әлеміне келгендерін айтады. (сенсорика, сөйлеуді дамыту)
Тәрбиеші балаларға әр үстелдегі шамдарды жағып көрсетеді, балалардан шамдардың түстерін, үстелдегі заттардың түстерін сұрайды.
Тәрбиеші: Балалар, сендер енді өз киімдеріннің түстеріне қарай үстелдеріңді тауып отырыңдар (сенсорика)
Балалар қызыл, сары, жасыл түстерді тауып орындарына отырады.
1 қызыл үстелдің тапсырмасы: «Үй жапсыру» фланелеграф тақтамен жұмыс.
Шарты: Үйдің шатырының түсімен бірдей түстес есікті тауып орналастыру керек (жапсыру)
2 сары үстелдің тапсырмасы: «Күн құрастыру» ойыны
Шарты: Күн шуақтарының түстерін айта отырып орналастыру және күн құрастыру (сенсорика, сөйлеуді дамыту, құрастыру)
3 жасыл үстелдің тапсырмасы: «Асықтарды жіпке тізу» ойыны
Шарты: Шашылған асықтарды жіпке өткізіп тізіп, жинап шығу керек.
«Күн мен түн» қимылды ойыны арқылы сергіту сәтін ұйымдастыру.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін сендерге түстер әлемі алғыс айтып, қуанып жатыр. Сендер тапсырмалардың барлығын дұрыс орындадыңдар. Жарайсыңдар, балалар!
Балаларды бағалау: Түрлі түсті шарлар беру.
Балалар автобусқа мініп топтарына қайтады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Түстер әлемі
Түстер әлемі
Білім беру дағдылары: Танымдық, коммуникативтік,шығармашылық.
Ұйымдастырылған ашық ойын іс-әрекеті: Сенсорика, жапсыру, құрастыру
Тақырыбы: «Түстер әлемі»
Мақсаты: Балаларға негізгі үш түстерді (қызыл, сары, жасыл) ойын арқылы топтастыруға үйрету. Ауызша нұсқау мен үлгіге қарай сүйене отырып, тапсырмаларды орындау.
Әдіс-тәсілдері: 4к моделі, миға шабуыл, ойын, тапсырмалар орындау, жапсыру, сергіту сәті.
Қолданылған технологиялар: АКТ, М.Монтессори, 4 К элементтері
Көрнекіліктер: Фланелеграф тақта, үлестірмелі материалдар, түрлі түсті таяқшалар, слайд, асықтар, түрлі түсті шарлар.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, құрметті апайлар! Бүгінгі кіші «Ботақан» тобының «Түстер әлемі» ашық ойын іс-әрекетін бастауға рұқсат етіңіздер.
Музыка әуенімен балалар әуен залына кіреді. Қонақтармен шаттық шеңберін айту арқылы сәлемдеседі.
Сәлем, сәлем саусақтар,
Сәлем, сәлем аяқтар
Сәлем, сәлем қарақат көздерім,
Кірпігіме қарашы сен менің
Сәлем, сәлем ерінім,
Сәлем, сәлем мұрным
Сәлем, томпақ беттерім алақай!
Сәлем, сәлем бәріңе, балақай! (сөйлеуді дамыту, музыка)
Тәрбиеші: Миға шабуыл: «Түрлі түсті шарлар»
-Балалар, қараңдаршы, шарлар қандай әдемі. Түстері қандай.....(қызыл, сары, жасыл).
-Олай болса, балалар, біз бүгін түстер әлеміне саяхатқа шығатын боламыз.
Саяхатқа немен шығамыз? Экранға қарайықшы.....(автобус айдап келе жатқан жүргізуші, автобус дауысы естіледі).
Автобус залға кіреді,балалар автобусқа отырып, саяхатқа шығады. Сахнаның пердесі ашылып, түстер әлеміне келгендерін айтады. (сенсорика, сөйлеуді дамыту)
Тәрбиеші балаларға әр үстелдегі шамдарды жағып көрсетеді, балалардан шамдардың түстерін, үстелдегі заттардың түстерін сұрайды.
Тәрбиеші: Балалар, сендер енді өз киімдеріннің түстеріне қарай үстелдеріңді тауып отырыңдар (сенсорика)
Балалар қызыл, сары, жасыл түстерді тауып орындарына отырады.
1 қызыл үстелдің тапсырмасы: «Үй жапсыру» фланелеграф тақтамен жұмыс.
Шарты: Үйдің шатырының түсімен бірдей түстес есікті тауып орналастыру керек (жапсыру)
2 сары үстелдің тапсырмасы: «Күн құрастыру» ойыны
Шарты: Күн шуақтарының түстерін айта отырып орналастыру және күн құрастыру (сенсорика, сөйлеуді дамыту, құрастыру)
3 жасыл үстелдің тапсырмасы: «Асықтарды жіпке тізу» ойыны
Шарты: Шашылған асықтарды жіпке өткізіп тізіп, жинап шығу керек.
«Күн мен түн» қимылды ойыны арқылы сергіту сәтін ұйымдастыру.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін сендерге түстер әлемі алғыс айтып, қуанып жатыр. Сендер тапсырмалардың барлығын дұрыс орындадыңдар. Жарайсыңдар, балалар!
Балаларды бағалау: Түрлі түсті шарлар беру.
Балалар автобусқа мініп топтарына қайтады.
шағым қалдыра аласыз













